«Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі»



бет7/10
Дата14.10.2022
өлшемі39,46 Kb.
#43028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
«Бастауыш сыныптарда математиканы о ыту дістемесі»

«Алгебра элементтері»

  • Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді құрастыру, жазу және оқу. Бірнеше айнымалысы бар өрнектер. Бөлшектің негізгі қасиеті.

  • Бөлшектері бар өрнектерді салыстыру. Жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі. Теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде қолдану. Қуып жету қозғалысы мен бір бағыттағы қалып қою қозғалысына байланысты формулалар. Микрокалькулятор көмегімен есептеу. Сандарға қалдықпен бөлу. Өрнектерді салыстыру. Теңдік. Қос теңсіздік. Теңдеу. Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу.

  • «Геометрия элементтері»

  • Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Тікбұрышты үшбұрыш, куб, тікбұрышты параллелепипед және оның элементтері.. Үшбұрыштардың классификациясы. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі. Фигуралардың аудандары.



  • Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Перпендикуляр түзулер. Симметрия осі. Симметриялы және симметриялы емес фигуралар. Бұрыштың градустық өлшемі. Пирамида, цилиндр, конустың жазбасы.

  • Нүктелердің координаталары және қозғалыстың бағыты. Геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.

«Жиындар. Логика элементтері»

  • Жиындар және олармен орындалатын амалдар. Жиындар арасындағы қатынас. Қиылысуы мен бірігу аймақтары. Жиындардың ауыстырымдылық , терімділік қасиеттері.

  • Тұжырымдар. Математикалық мазмұны бар тұжырымдар.

  • Тізбектер. Сандар тізбектеріндегі заңдылық. Тізбектерді құрастыру. Заттар комбинациялары. Комбинаторика есептері.

«Математикалық моделдеу»

  • Есептер. Математикалық модель. Есептердің шартын моделдеу. Есептерді талдау және шығару. Есептердің алгебралық және арифметикалық тәсілдері.

Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет