«Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі»


Математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдары және оны оқыту ұйымдастыру



бет3/10
Дата14.10.2022
өлшемі39,46 Kb.
#43028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
«Бастауыш сыныптарда математиканы о ыту дістемесі»

3. Математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдары және оны оқыту ұйымдастыру.
Пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді:
Мұғалімдер тараулар мен бөлімдерді тараудың және тиісті тоқсанның аясында оқу ретін өз бетімен анықтауға құқылы. Бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыруға құқылы. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына құқылы. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінде қабылданады. Жоспарлағанда мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескеруге тиісті.
1-сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:
«Сандар мен цифрлар»

  • Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. Тура, кері және реттік санау. Сандарды оқу, жазу және салыстыру.

  • Сандар құрамы. Разрядтік құрамы, разрядтік қосылғыштар.Ондықтар. Сандық топпен санау. Заттар санының жартысы.

  • Сандармен амалдарды орындау. Сандарды қосу және азайту. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.1 мен 0 қасиеті. Сандардың қосу кестесі.

  • Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ұзындық, масса, көлем, уақыт шамалары. Өлшем бірліктерін өлшеу, салыстыру, түрлендіру. Циферблат бойынша уақытты анықтау. Монеталармен әрекеттер.

«Алгебра элементтері»

  • Санды және әріпті өрнектер. Санды және әріпті өрнектерді құрастыру, жазу және оқу. Әріпті өрнектің мәні. Теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде қолдану. Өрнектерді салыстыру. Теңдік және теңсіздік. Теңдеу. Тура және тура емес теңдік пен теңсіздік. Теңдеулерді шешу.

«Геометрия элементтері»

  • Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Нүкте, кесінді, сәуле, бұрыш. Жазық және кеңістік фигуралар. Геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру.



  • Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу. Түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар. Кесінді. Геометриялық фигуралардан композициялар. Нысандардың орналасуы және бағыты.

  • Нүктелердің координаталары және қозғалыстың бағыты. Нүктелердің сандық түзуде орналасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет