Қойылым. Қайсысы жақын? Кішкентай Самат пен Марат әңгімелесіп отырып:
Қалай ойлайсың, аспан жақын ба, әлде Мәскеу жақын ба?
Әрине, аспан
Неге?
Өйткені, біз аспанды көреміз, ал Мәскеуді көре алмаймыз.
2-жүргізушіОйланайық, толғанайық
Есеп, мысал шешейік. Математикалық жұмбақтар Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (2)
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның қабын және алдым.
2 дәптер, 1 қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары? (6)
Алмаға кеп күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? (10)
Табақта 5 өрік
Қолында 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (9)
2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.
Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)
4 жұмыртқа 4 минутта піседі,
1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)
Хор. «Әрқашан күн сөнбесін» ата –ана, ұстаздар, балалардың орындауында. Жүргізушілер: - Мен саған сұрақ қояйыншы?
Қандай сұрақ?
Аспанға ұшар ма едің қанат бітсе?
Жоқ, үйге тез қайтар едім сабақ бітсе. Біз әңгімелесіп тұрғанда тәрбие сағатымыздың соңына да келіп қалыппыз.
Олай болса, көрермен қонақтармен, ұстаздармен, оқушылармен қоштасайық.
Міне, құрметті көрермен қауым! Осымен біздің сіздерге дайындаған шағын тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман-есен жетейік
Келер оқу жылына!
Мұғалім: Міне, құрметті ата – аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.
Қонақтар, ата-аналар сөз алады.