Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


Тақырыбы: ТУҒАН ЖЕР: ҚАЗАҚСТАН КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ



бет41/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Тақырыбы: ТУҒАН ЖЕР: ҚАЗАҚСТАН КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ.
Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.


Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірлесу, тренинг.
Көрнекілігі: ноутбук, үнтаспа, презентация «Қазақстан кеше, бүгін, ертең».


Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Әнұран орындалады.
Оқушыларды түгендеу. Тренинг өткізу.
Тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІІ. Жоспармен танысу.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз –
бейбітшілік пен тыныштық. Күш қолдану
мен жанжал атаулыны болдырмауға бар
ерік-жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат
жолында Қазақстандағы барлық ұлттар
өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір
қолдың саласындай күш біріктіруіне
мүдделіміз.


Н.Ә.Назарбаев


І бөлім: Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,


Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
ІІ бөлім: Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,


О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..


ІІІ бөлім: Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,


Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет