Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау.
Жоба – мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі.
Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді.
Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу қажет. Сапалы білім беруде жобалау технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру керек. Ал, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Бастауыш сынып оқушылардың ізденушіліктерін, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі міндеттері: ü Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу.
ü Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
ü Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.
ü Оқытудың жобалау технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
ü Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
ü Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
ü Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
ü Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.
ü Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
ü Оқушының бойындағы қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.
ü Оқушылардың өз жұмыстарын жаңашылдықпен ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау, жеке тұлға тәрбиелеу.
ü Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау, бағдар беру. Оқушыларды өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыруымыз қажет.
Жобалап оқыту технологиясы — жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Бұл технология оқушылардың берілген тапсырманы жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп нәрсеге өзі көз жеткізеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еңбектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып табылады. Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді.
Бастауыш сыныпта жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап етеді. Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:
Жобалар әдісінің кезеңдері
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды.