«Кім жылдам?» Парақшада буындар шашылып жатыр. Осы буындардан сөз құраңдар:
ма, та, па, на, қа, ла, са, ба, ақ, па, қа, уа, ша , ал.
Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан
Ғарышкерден – Батырдан
Өнері асқан актерден,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден,
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен,
Ұстаздарға мың сәлем!
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.
Бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сағаты «Бақытты балалық шақ»
Мақсаты:
1. Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру.
2. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту
3.Ата-ананы құрметтеу, сыйлауға баулу.
Технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі дамыту стратегиялары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, ойын, сурет салу, жарыс.
Формасы: Ұжымдық, жеке.
Көрнекіліктері: «Бақытты балалық шақ», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.
Достарыңызбен бөлісу: |