Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту



Дата07.01.2022
өлшемі89,62 Kb.
#19778
Байланысты:
4 сынып синтаксис


Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту

Скачать


  • Жоспар

  • Кіріспе

  • Қолданылған әдебиеттер

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .6.8

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуды зерттеу барысы ... ... ... ... ... 9.15
1.2 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен сөйлем мүшесінің негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... .15.21

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ 4 . СЫНЫПТАРЫНДА СИНТАКСИСТІК МАТЕРИАЛДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


2.1 Сөз тіркесі мен сөйлемді оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.33
2.2 Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34.51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .52.53


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... 54.55
ҚОСЫМША
Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 1900 теңге
Кепілдік барма?

Қалай сатып алуға болады?




бот арқылы тегін алу, ауыстыру

 Жұмысты толықтай көру


қате таптым

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ


ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Шаймахан Улбосын

Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды
оқыту

Дипломдық жұмыс

5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Түркістан 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ


ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді


Білім технологиялары
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., доцент
Б.Т.Ортаев
2016ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды
оқыту

5В010200- Мамандығы - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған:
ППМ-211тобының студенті Шаймахан Улбосын

Ғылыми жетекші


п.ғ.к., доцент ма.: Г.Т.Тоққұлова

Түркістан 2016

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


1.1 Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуды зерттеу
барысы ... ... ... ... ... 9-15
1.2 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен сөйлем мүшесінің негізгі
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-21

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ 4 - СЫНЫПТАРЫНДА СИНТАКСИСТІК МАТЕРИАЛДАРДЫ


ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Сөз тіркесі мен сөйлемді оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-33
2.2 Тұрлаулы мүшелерді оқытудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34-51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


... ... ... ... ... ... ... ... 52- 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 54-55
ҚОСЫМША

A Н Н O Т A Ц И Я


Казахский язык занимает одно из важнейших мест в системе школьных
предметов, поскольку он является не только объектом изучения, но и
средством обучения. На уроках казахского языка учащиеся приобретают умения
и навыки, необходимые для овладения знаниями по другим предметам. Данная
работа представлена в двух главах и четырех параграфах. Синтаксис является
одним из важнейших разделов школьного курса казахского языка. От успешности
усвоения этого раздела во многом зависит достижение обозначенных выше
целей.Актуальность данной работы определяется необходимостью поиска
условий, при которых изучение синтаксиса в начальных классах будет
максимально эффективным и обеспечит готовность выпускников начальной школы
к успешному обучению на следующей ступени образования.Цель данной работы
заключается во всестороннем анализе особенностей изучения синтаксиса в
начальной школе, выявление проблем при изучении и их причин, поиска
возможных решений этих проблем.

Ö Z Е T
Kazakça dil dersleri, öğrencilerin öğrenme diğer konular için gerekli


becerileri elde etmek. Bu iş iki bölüm ve dört paragraf içinde sunulur.
Sözdizimi'okul ders kazak dili en önemli bölümlerinden biri. Bu bölümde
büyük ölçüde mastering başarıdan yukarıda belirtilen hedefleri. koşullar
altında İlköğretim Okulu sözdiziminde incelenmesi mümkün olduğu kadar etkin
ve ilköğretim okulu mezunları hazırlık, sonraki düzey. başarılı öğrenme Bu
eser amacı sağlamak olduğunu İlköğretim Okulu, onların nedenleri ve bu
sorunların olası çözümleri eğitim sorunları tanımlaması sözdiziminde
çalışma özellikleri kapsamlı bir çözümleme için gerek bu eser alaka
belirlenir ulaşılmasına bağlıdır. Kazak Dili derslerde aynı zamanda bir
öğrenme aracı sistemindeki en önemli yerlerden biri , çünkü sadece
çalışmanın nesnesidir.

A N N O T A T І O N


Kazakh occupies one of the major places in system of school objects as
it is not only object of studying, but also a tutorial. At Kazakh lessons
pupils get the skills necessary for mastering knowledge of other objects.
This work is presented in two chapters and four paragraphs. Syntax is one
of the most important sections of a school course of Kazakh. Achievement of
the purposes designated above in many respects depends on success of
assimilation of this section. Relevance of this work is defined by need of
search of conditions under which studying of syntax in initial classes will
be the most effective and will provide readiness of graduates of elementary
school for successful training at the following step of education. The
purpose of this work consists in the comprehensive analysis of features of
studying of syntax at elementary school, identification of problems when
studying and their reasons, search of possible solutions of these problems.

НOРМAТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Диплoмдық жұмыстa келесі нoрмaтивтік құжaттaрғa сілтемелер көрсетілген:

Нaзaрбaев Н.Ә. ҚР Президентінің Қaзaқстaн-2050 стрaтегиясы -


қaлыптaсқaн мемлекеттің жaңa сaяси бaғыты aтты Қaзaқстaн xaлқынa Жoлдaуы.
- Aстaнa, 2012. httр:www.akoгda.kzkzрagерagе_k azakstan-геsрublіkasуnуn-
ргеzіdеntі-n-a-nazaгbaеvtуn-kazakst an-khalkуna-zholdauу-2012-zhуlhу-14 -
zhеltoks_1357813742.
Қaзaқстaн Республикaсының Президенті – Елбaсы Н.Ә.Нaзaрбaевтың
Қaзaқстaн – 2050: Бір мaқсaт, бір мүдде, бір бoлaшaқ aтты Қaзaқстaн
Xaлқынa Жoлдaуы. Егемен Қaзaқстaн, №11 (28235), 18 қaңтaр, сенбі, 2014. -
34 б.
Білім беруде бaлaлaр мен жaсөспірімдерге aрнaлғaн қoсымшa дaмыту
бaғдaрлaмaлaры. Білім беру Зaңы. 2006. -19-бaп

AНЫҚТAМAЛAР

Синтаксис-сөз тіркесі, сөйлем туралы ғылым.
Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы
мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін,
сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі.  Сөздер негізінен бір-
біріне бағыныңқылық және тең дәрежеде қатынас жасау арқылы синтаксистік
байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:
Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқ ылы бір-біріне бағына
байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. 
Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.
Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі,  интонация 
арқылы тең дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш күрек, осы ауыл. 
Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
Синтаксистік емес категориялар — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа
формаларға тәуелді емес, яғнисөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныш-
тылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар.
Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде
бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым
атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚAРТУЛAР

ҚР – Қaзaқстaн Республикaсы
БOПӘ – бaстaуыш oқытудың педaгoгикaсы мен әдістемесі
Лaт.- лaтын тілінен aудaрғaн

Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі жаңашыл
өзгерістер, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне қарыштап еніп жатқан
заманда шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және
өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру
қажеттілігі талап етілуде. Өмірінің өн бойында таусылмас азық болатын, әр
адамның алтын діңгегіне айналатын білім мен тәрбиені жас жеткіншектердің
бойына сіңіру ата-анамен қатар, ұстаздың да асыл борышы. Әсіресе, адамның
адам болып қалыптасуында шешуші кезең болып табылатын бастауыш сыныптарда
оқыту мен тәрбиелеудің ұтымды, тиімді жолдарын таба білу – ұстаздардың
міндеті. Олай болса, бастауыш мектеп мамандарына артылар жүктің салмағы тай
батпандай десек, қате айтпағанымыз. Бастауышта қаланған мықты білім адамның
өмірінің ақырына дейін арқау болады. Бұл қағиданы бастауышта сөйлем
мүшелерін, оның ішінде, синтаксисті оқытуда естен шығармағанымыз абзал.
Мектепте ана тілін оқытудағы басты мақсат - білімді азаматтар
тәрбиелеу. Олардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды
шығармашылықпен ойлай білуге үйрету, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін
дамыту. Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыруда сөз тіркесі мен сөйлем
мүшелерін меңгертудің маңызы зор. Сөз тіркесі және сөйлем мүшелері
синтаксисін жақсы меңгерту баланың логикалық ойлау қабілетін, тілін
дамытады.
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған зерттеуші ғалым А.Байтұрсынов
болып табылады. Оның 1924 жылғы Орынборда басылып шыққан Тіл танытқыш,
үшінші оқулығы осы синтаксис мәселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелерін
бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп бөліп, топтастырған
А.Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерін топтастырғанда тек мағыналық жағына баса
назар аударып қателесті деуіне қосыла алмаймыз. А.Байтұрсыновтың сөйлем
мүшелерінің атауын анықтап, топтағаны ғылыми тұрғыдан өте маңызды, қазақ
тіл білімінде қазіргі күнге дейін осы атаулар мен анықтамаларға сүйеніп
келеміз [1, 9 б.].
Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесінің кейінірек барып зерттелуі, оның
ішінде сөз тіркесі жөнінде арнайы әдістемелік еңбектің болмауы - мұғалімнің
жұмысын қиындатады. Оқушыларға сөз тіркесін меңгертуге ңұқсан келтіреді.
Сонымен бірге сөз тіркесі синтаксисінің теориялық жағында бір ізге түспеген
даулы мәселелердің болуы оң практикалық жақтан оқытуға кесірін тигізбей
қоймайтыны туралы профессор Х.Арғынов [2] дәлелдеген.
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің зерттелуі туралы айтқанда, оны
зерттеушілердің қатарында Ш.Сарыбаев [3], Ә.Хасенов [4], , И.Қ.Ұйықбаев
[5], Ы.Маманов [6], К.Жолымбетов [7], К.Аханов [8], С.Жиенбаев [9],
Ш.Әуелбаев [10], Б.Құлмағамбетова [11], А.Асқарбаева [12], С.Қазыбаев [13],
А.Ысқақов [14], Рахметова С [15], Б.Кәтенбаева [16], Ә.Исабаев [17],
З.Бейсембаева [18] т.б. ғалымдарды атаған болар едік.
Сондықтан сөз тіркесінің бір ізге түспей жүрген және ашылмай жатқан
қырлары мен сырларын зерттеу - бүгінгі күннің талабынан туып отырған
мәселе.
Бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімнің саласы – сөйлем
синтаксисі. Сөйлемнің құрылымдық түрлерін таныту, оның ішінде жалаң,
жайылма сөйлемдер туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламаға сәйкес өтіледі.
Сөйлемнің құрылымдық түрлерін меңгерту сөйлем мүшелерін, олардың сөйлемдегі
орнын танытумен қоса жүргізіледі. Сөйлем құрауда оқушылардың логикалық
ойлау қабілетін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады.
Жаңа сөздер, орфоэпиялық норманы сақтап, сауатты сөйлеу сөйлемді толық айту
үйретіледі. Мұның бәрі жаңа материалды игерту кезінде, сабақ барысында
жүзеге асуы тиіс.
Грамматиканың тең құқықты әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саланы
қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері
болады: морфология – сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын сөз
таптарының грамматикалық құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім
ретінде мынандай екі салаға бөлінеді.
1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі,
тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-
түрі қарастырылады.
2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің
құралы олардың түр-түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді
сөздердің грамматикалық құрылысы жөнінде ілімнен бөліп алып олардан
оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланысты қарастырады.
Балалар сөйлем материалдары арқылы дұрыс сөйлеу, сөз формаларын
өзгерту, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу жолдарын үйренеді,
сонымен бірге грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық және орфоэпиялық
дағдыларды меңгереді. Сөйлем тіліміздегі синтаксистік кұрылымның, негізгі
айтылатын ойдың ұйтқысы болу қызметін атқарады. Жеке сөздер мен сөздердің
өзара байланысты тіркестері ойды білдіретін сөйлемнің құрылыс материалы
ретінде жұмсалады. Өзінің ойын айтып немесе жазып білдіру үшін оқушылардың
сөйлемді саналы түрде пайдалана аларлықтай білікпен қарулануының ерекше
маңызы бар.
Синтаксисті оқыту кезінде тақырыпты өз дәрежесінде, тек қана оқулық
материалымен шектеліп қалмай, түрлендіріп, өткізудің маңызы зор. Мектеп
оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде мұғалімдердің
ескеретін жұмыстары көп-ақ. Сондықтан да синтаксисті зерттеу тақырыбы етуді
жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытудың тиімді
әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында қолдану арқылы, оқушылардың
синтаксистік материалдарды толық және жан-жақты меңгеруіне жағдай жасау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардың 4-сыныптарында синтаксистік
материалдарды оқытудың әдістемесі.
Зерттеу пәні: Синтаксисті оқытуда сөздердің мағынасын түсініп, сөз
тіркесі мен сөйлемдерді талдай білу барысы.
Зерттеу болжамы: Синтаксисті оқытуға байланысты таңдалған
материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беру әдістерінің ең құнды,
ең тиімді түрлерін қолдану арқылы білім берудің тиімділігі артады.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерге
талдау жасау.
2. Синтаксисті оқытудың теориялық негіздерін жасау.
3. Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытудағы сөз тіркесі мен
сөйлем мүшелерінің алатын орны мен маңызын анықтау.
4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін оқытудың ерекшеліктері мен
жолдарына тоқталу.
Зерттеу әдістері: әңгімелесу, бақылау, оқушылар құжаттарын пайдалану,
тест, анкета, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бастауыш сыныпта синтаксисті
оқытудың оқытуға қойылатын талаптар мен олардың психологиялық-педагогикалық
негіздерін ашып көрсету. Бастауыш сыныптарда синтаксисті: бастауыш пен
баяндауышты және сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік
кешенін даярлау.
Зерттеу орны: Көксарай шағын жинақталған бастауыш мектеп.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде
зерттелу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер
мен материалдарды жинақтап, оларға шолу, талдау жүргізілді. Екінші бастауыш
сыныптарда синтаксисті оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылып, сөйлемнің
тұрлаулы мүшелерін оқытудың теориясы мен технологиясы көрсетілді.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытуды зерттеу барысы

Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда кейінірек барып


зерттеле бастаған сөз тіркесі синтаксисінің кейбір қырлары осы күнге дейін
пікірталас тудырып жүр. Бұл аталған саланың өзіне ұқсас басқа тілдік
тұлғаларының бір ізге түспеуінен де болар. Себебі, сөз тіркесіне ұқсас
күрделі сөздер, сөздердің салалас қатарлары, атаулық тіркестер жайындағы
мәселелер әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Тілдің дамуы
барысында толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі тек сөз
тіркесінің бір сыңарының ғана қызметін атқара алатыны айқын көріне бастады.
Осы тәрізді тіл дамуы барысында атаулық тіркестер мен сөз тіркестерінің ара
жігі анық көрінері сөзсіз. Сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларды мектеп
грамматикасында терең, жан-жақты оқытуды бүгінгі өмір заңдылығы талап етіп
отыр. Себебі соңғы жылдары жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлерді
тест жүйесі арқылы қабылдау қанат жайды. Ал бұл еңбектерде берілген
тапсырмаларда сөз тіркесіне ұқсас тұлғалар көптеп қамтылған. Мектеп
грамматикасында бұл мәліметтер толық қамтылмағандықтан талапкерлерге
қиындық туғызып жүр. Мұның өзі сөз тіркесі синтаксисінің толық курсын
жүйелі де терең оқытудың қажеттілігін тудырып отыр.
Сонымен сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз -оқушылардың жас
ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін
оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары,
мағыналық зандылықтары, бір-біріне бағына байланысу зандылығы т.б.) арқылы
олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді
амал-тәсілдердің жиынтығы.
Сөз тіркесін зерттеген және зерттеп жүрген ғалымдар пікірлеріне,
сондай-ақ тіл фактілеріне сүйене отырып, мынадай тұжырым жасап, әрі оқыту
процесінде басшылыққа алуға болады:
Кез келген сөздер бірімен-бірі ретсіз тіркесе бермейді, олар өзара тіркесу
үшін белгілі заңдылыққа негізделеді. Ол, біріншіден, мағына жақындықтарына
қарай тіркесу заңдылығы болса, екіншіден, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің
белгілі-бір тәсілдер арқылы байланысу заңдылығы;
Сөз тіркесі деп танылу үшін, кемінде, толық лексикалық мағынасы бар екі
сөздің тіркесуі қажет, демек, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен
көмекші сөздердің, шылаулардың, көмекші етістіктердің тіркесі (ауыл маңы,
үй іші, орманға шейін, таңға жуық, келе жатыр, таныс еді, жолдас болатын)
сөз тіркесінің қатарына жатпайды, бұлар осы тобымен сөз тіркесінің белгілі
бір сыңары ретінде ғана жұмсалады;
Сөз тіркесі құрамындағы сөздер бір-бірімен тең дәрежеде байланыспай, бірі
екіншісіне иек арта, бағына байланысады. Бағына байланысу қасиеті, сөз
тіркесіне тән ең басты қасиеттердің бірі, осы тұрғыдан әже мен бала,
сабырлы да байсалды тәрізді салаласа байланысқан тіркестер сөз тіркесінің
қатарына енбейді;
4. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысынан басқа-бір лексикалық
мағына пайда болмайды, жаңа бір грамматикалық мағына туындайды, демек,
өзара тіркесіп келіп, өзге бір лексикалық мағынаны білдіретін
фразеологиялық тіркестер (қас қаққанша - тез, лезде; қаны қайнау - ызалану;
ержүрек - батыл т.б) сөз тіркесі бола алмайды;
5. Өзіне тән бастапқы мағыналары солғындап, лексикаланып, синтаксистік
қатынасы бұзылып, бір заттың атауына айналып бара жатқан немесе толық
айналған, проф. С.М.Исаевтың [19] термині бойынша, "атаулық тіркестер",
проф. М.Балақаевтың термині бойынша "номинативті тіркестер" (ашық хат,
еңбек кітапшасы, мал қора, бас бармақ, балалар бақшасы) сөз тіркесі бола
алмайды;
6. Қиыса байланысқан тіркестер (Мен келдім. Ол барды.) Сөз тіркесіне
тән қатынасты емес, предикативтік қатынасты, яғни бастауыш пен баяндауыштың
байланысынан тұратын қатынасты білдіретіндіктен, сөз тіркесінің емес,
сөйлемнің нысанасында қаралады.
Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде
алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрылысын,
ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формаларын
қарастыру керек. Сөз тіркесі саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-
бірі туындап, бірінен-бірі өрбіп жатуы қажет. Әр тақырып өзара тығыз
байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис саласын толық меңгеру, дұрыс
түсіну, ұғыну оңайға соғады. Біздің пікірімізше, сөз тіркесін оқыту мынадай
бағытта жүргізілсе дұрыс болар еді:
Сөз тіркесі туралы түсінік
Сөз тіркесінің құрылысы
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері
Сөз тіркесінің байланысу формалары
Сөз тіркесін топтастыру туралы
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы
Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар.
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қарастырған жөн.
Сөйлем мүшелері туралы 1936-1940 жылдар шамасында жазылған
А.Байтұрсыновтың, Қ.Жұмановтың, І.Бәйтеновтың, Х.Басымовтың, С.Аманжоловтың
М.Балақаевтың [20] еңбектеріне баса назар аудара аламыз. Бұл кездегі сөйлем
мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз болып қойған жоқ, жалпы сөйлем
мүшелерінің қалыптасу, тұрақтану мәселесіне көбірек назар аударылады. Бұл
еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы түоліше көзқарастар болды. Әсіресе, бұл
кездегі сөйлем мүшелері туралы айта келіп Х.Басымов [21] былай деді: Осы
күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мәселенің бірі
осы сөйлем мүшелері болып келеді - дейді.
Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған зерттеуші ғалым А.Байтұрсынов
болып табылады. Оның 1924 жылғы Орынборда басылып шыққан Тіл танытқыш,
үшінші оқулығы осы синтаксис мәселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелерін
бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп бөліп, топтастырған
Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтар өз мақалаларында А.Байтұрсыновтың сөйлем
мүшелерін топтастырғанда тек мағыналық жағына баса назар аударып қателесті
деуіне қосыла алмаймыз. А.Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерінің атауын анықтап,
топтағаны ғылыми тұрғыдан өте маңызды, қазақ тіл білімінде қазіргі күнге
дейін осы атаулар мен анықтамаларға сүйеніп келеміз. Осынау сөйлем
мүшелеріне ғылыми талдау жасаған ғалымдардың ішінен А.Байтұрсынов,
Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтардың көбінесе сөйлем мүшелерінің ғылыми
жүйеленуіне, олардың жасалу жолына баса назар аударған. Сөйлем мүшелері
туралы арнайы тоқталған ғалым – Қ.Жұбанов. Ол сөйлем мүшелерін екі жақты
қарастырады. Сөйлем мүшесінің көбіне орын тәртібі, кейде, олардың жасалуы
сияқты мәселелер бойынша Из истории порядка слов в казахском языке және
Қазақ тілі грамматикасы сияқты мақалалары мен кітаптарында тоқталып
өтеді. Бұл аталған еңбектерінде автор сөйлем мүшелері туралы ғылыми талас
пікірлерге тоқталмайды, тек олардың жасалуы, олардың негізгі анықтамалары
сияқты мәселелерді сөз еткен.
Ал оның сөйлем мүшелері туралы ғылыми көзқарасын Жаңа грамматикалық
жаңалықтар жайынан атты көлемді мақаласынан айқын көруге болады. Автор
сөйлем мүшелерінің саны, оның атаулары туралы жоғарыда аталған еңбегінде
тұрлаушы және айқындауыш деп бөле келіп, әсіресес сөйлемнің тұрлаусыз
сөйлем мүшелері туралы өзіндік жаңа ұсыныстар жасауды мақсат еткен. Сөйлем
мүшелерін топтастыруда А.Байтұрсынов жүйеленуіне өзіндік сын айтады.
Олардың Сөйлем мүшелерін жасаулағы көзқарастарына бүтіндей қарсы екенін
дәлелдейді. Авторда және өзінен бұрынғы зерттеушілер де синтаксистіе
келгенде пікірлес екенін көруге болады. Ал, олардың арасындағы негізгі
айырмашылық тұрлаусыз сөйлем мүшелерін топтастыру туоалы болып отыр.
Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзінен авторларды сынай кеіп,
олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық ерекшелікке тоқталғандығын дұрыс
емес деп тауып, сөйлем мүшелерін топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа
алады. Яғни, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген терминнің орнына орыс тіл
білімі мамандарының топтауының негізінде оларды тек айқындауыш деп айтқанды
жөн көреді. Сөйтіп сөйлемнің тұрлаусыз сөйлем мүшелері деген терминді үш
сөйлем мүшесінің негізінде айқындауыш дейді. Бұдан әрі автор сөйлем
мүшелерін топтауда мағыналық жағынан гөрі тұлғалық жағынан қарастыра келіп,
септік жалғаулы сөздердің барлығын тіпті, ілік жалғаулы сөздерді де
толықтауышқа қосып жібергенін байқауға болады.
Жалпы автор пысықтауыш болатын бүгін, кеше сияқты сөздерді
пысықтауышқа қосуының негізгі себебі олардың мағыналық жағынан еске алып
емес, тек тұлғалық яғни, ондай тұлғалы сөздердің анықтауыштық тұлғалы
сөздермен бір тұлғалас екендігін негізге алғандықтан болып отыр. Оған қоса
септік жалғаулы сөздерді толықтауышқа қосуымен бірге, кейде ілік, кейде
басқа септік жалғаулы сөздердің түсіріліп айтуына да (хат жаздым, дала
мектебі) толықтауыш деп біледі. Сонымен, Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелері
туралы топтауларында біраз үйлесімсіз жайттардың барлығы айқын. Автордың
сөйлем мүшелерін тек тұлғалық жағынан ғана топтауы сөйлем мүшелерінің
табиғатын ашып бере алмаса керек.
Қазақ тілінің сөйлем мүшелерін топтастыру туралы, С.Аманжоловта арнайы
тоқталғаны белгілі. Автор мақаласында сөйлем мүшелерін ескі жіктеу және
жаңаша жіктеу деп бөле келіп, А.Байтұрсыновтың тұрлаулы және тұрлаусыз
сөйлем мүшелері деген жіктеуін қатты сынға алады. Жалпы алғанда,
Қ.Жұбановтың жіктеуін қолдай келіп, С.Аманжолов а) тұрлаусыз сөйлем
мүшелерінің атының көптігіне, ә) анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыштың
сұраулары мен анықтамаларының арасына келуіне, б)оларды бір-бірімен айыруда
ғылыми негіздердің жоқ екендігіне байланысты дәйек айтып автор сөйлем
мүшелерін бастауыш, баяндауыш және анықтауыш деп үшке бөліп берумен ғана
шектеледі.
Қ.Жұбанов пен С.Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жіктеуі ғылыми
жағынан алғанда бірізді. Екеуі де бастауыш, баяндауышты негізгі сөйлем
мүшелері дейді де,ал тұрлаулы сөйлем мүшелері деген терминді қолданудан
шығарып тастаған. Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп
екеуі екі түрлі терминді пайдаланғандығын көруге болады. Ал, одан әрі
олардың айқындауыш деу мәселесінде тек аттары бөлек-бөлек болғанымен оларға
қатысты ішкі ерекшеліктері бірдей деуге болады. Екеуіде тұрлаусыз сөйлем
мүшелерін толықтауыш және анықтауыш деп топтастыра келіп, оларды тек
тұлғалық жағынан қарастыруымен шектеледі. Сондықтанда Қ.Жұбановтың сөйлем
мүшелерін топтастыру туралы пікірін осы уақытқа дейін нақ сол күйінде оқып
жүрміз.
С.Аманжолов Сөйлем мүшелерін топтастыру мәселелері деген мақаласынан
кейін 1939 жылы арнап жазған Қазақ тілі грамматикасының синтаксис бөлімі,
1940 жылы, Ғылыми синтаксис (оның кейінгі басылымы 1950 жылы жарық көрді)
пен алғашқы мектеп грамматикалары осы күнге дейін қайта басылып келе
жатқаны белгілі. Сонда автордың Сөйлем мүшелерін топтастыру мәселелері
мақаласындағы сөйлемның тұрлаусыз мүшелері туралы ойлары оған дейінгі
жоғарыда аталған еңбектерінде басқаша берілген. Кейінгі еңбектерінде автор
сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері одан әрі анықтауыш, толықтауыш және
пысықтауыш деп бөліп көрсетеді. Сөйтіп бір автордың сөйлемнің мүшелерін
топтастыруда екі түрлі көзқарасын байқауға болады. С.Аманжолов [22] алғашқы
топтауын өзі қаншалықты батып айтқанымен (оны біз бұрынғы авторлардың
сөйлем мүшесін талдауларын сынға алу барысынан байқап отырмыз), бәрібір
соңында сөйлем мүшелерін талдауда көзқарасын өзгерткен. Яғни, талас болып
жүрген сөйлемнің тұрлаусыз сөйлем мүшелерін одан әрі толықтауыш, анықтауыш
және пысықтауыш деп бөліп, көбінде енді тек тұлғалық жағына ғана назар
аудармай, мағыналық жағына да баса назар аударғанын көреміз. Өзге
ғалымдарда сөйлем мүшелері туралы бірнеше мақала, оқулықтар жазғаны
белгілі. Бірақ, бұл ғалымдар сөйлем мүшелерінің жіктелуіне онша назар
аудармайды. Олар көбіне сөйлем мүшелерін топтастыруда Б.Құлмағанбетованың
[23] бірнеше мақаласы жарық көрді. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін қазіргіше
толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш деп бөле келіп, оларды сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелері деп дұрыс бере білген.
І.Бәйтенов те өз еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы арнайы
тоқталғанымен, автор оның жіктелуіне назар назар аудармайды, көбіне сөйлем
мүшесіне тән еместігі туралы айтады.
Сөйлем мүшелері туралы біраз мағлұматты М.Балақаев [24] еңбектерінен
ала аламыз. Автор сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне қарай топ-
топқа бөле келіп, әрқайсысына жеке-жеке мақалалар жазып, оны жоғары оқу
орындарына арналған оқулық дәрежесіне дейін дамыта білді. Автордың сөйлем
мүшелеріне қатысты ойлары қазақ тіл білімінде өзіндік орны бар. Дегенмен,
сөйлем мүшелері қазақ тіл білімінде белгілі дәрежеде зерттеледі дегенмен,
басқа түркі тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда кенже қалған сала. Өйткені
сол күнге дейін қазақ тіл білімінде басқа түркі тектес тілдердегідей бұрын
соңды еңбектерді айта келіп, осы күнгі дамыған тілдер жөнінде оның әр
тобына немесе жеке салаларына сай бірде-бір салихалы еңбек болған жоқ.
Сөйлем мүшелері, олардың саны т.б. мәселелері жөнінде де мына жайттарды
аңғаруға болады.
Кейбір тілші ғалымдар осы күнгі сөйлем мүшелерін сақтау принципін айта
келіп, оларды жаңа атаулармен толықтырғысы келеді.
1. Ғалымдардың екінші бір тобы жалпы қазіргі қолданып келген
сөйлем мүшелерінің аттарын жалпы алып тастап, орнына жаңаша
атаулар енгізуді көздейді.
2. Ғалымдардың үшінші бір тобы синтаксисті ғана сақтап,
тұрлаусыз мүшелерді жалпы алып тастауды ұсынды. Осылардың
ішіндегі жалпы сөйлем мүшелерін алып тастау немесе тұрлаусыз
мүшелерді жою керек, дейтін пікірлердің барлығында қазіргі
сөйлем мүшелерін топтау грамматикалық бөлуге емес, логикалық
бөлуге қояды. Екіншіден, сөйлем мүшелерін топтаған кезде
көбіне сөздердің мағыналық жағына баса назар аудару басым.
Үшіншіден, сөйлем мүшелерінің өзара жігі толық ашылмайды
деген қағидаларға әкеп соғады. Міне, сөйлем мүшелерін
топтастырудағы осы сияқты көзқарастар қазақ тіл білімінде
1936-1937 жылдары орын алған алған еді.
Жалпы тіл мектебінде сөйлем мүшелерін айқындауда мына пригциптер
басшылыққа алынады: біріншіден, сөйлем мүшесін жалпы мағыналық жағынан
қарастырады. Екіншіден, сөйлем мүшелерін грамматикалық жағынан, яғни, әрбір
сөйлем мүшесі белгілі бір сөз таптарынан жасалуын негізге алады. Мысалы:
зат есім атау, тәуелдік, көптік жалғауларда бастауыш болады. Үшіншіден,
синтаксистік жағынан, яғни, қай сөйлем мүшесімен толықтауыштық,
анықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста екендігі негізге алынады.
Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен
қатар, олар да синтаксистен байланысты үзбейді. Сөз тіркесі — сөйлем
құраудың материалды негізі де, сөйлем кісінің ойын негізгі формасы.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін сөйлем мүшелерін басқа
синтаксис формаларды ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде
жалғауды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиылыстырып тұратын морфологиялық,
синтаксистік категория тексереді. Сөз тіркесінің сөйлемнің грамматикалық
құрылысын зерттейтін ілімді синтаксис десек, тілдің синтаксистік құрылысын
да термин арқылы айтамыз. Грамматика тілге сымбатты, мағыналы сипат береді.
Сондықтан да грамматика тілдің айқындайтын шешуші факторлардың бірі адам
ойлауының ұзақ абстракциялаушы жұмысының нәтижесі, ойлаудың зор
табыстарының көрсеткіші.
Міне осындай мәні зор грамматиканың күрделі де көлемді саласының бірі
— синтаксис. Қазақ тілі синтаксисі – қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан,
өрбіп өскен ойын танытатын тілі ғылымының басты саласы. Қазіргі қазақ тілі
саласы синтаксисі озық экономикасы техникасы мәдениеті ғылыми әлемге
танылған қазақ тілі ойының зор табысы. Адамның басында қандай ой туса да,
ол тек тілдік материал ретінде өмір сүре алатын, жалаң ой дегеннен аулақ
қазақ халқының ойы қазақ тіліндегі сөйлемдер арқылы танылып отыратыны аян.
Грамматиканың осындай күрделі де қиын, әрі жауапты саласы синтаксисті
оқушыларға оқыту мынандай мақсаттарды көздейді:
1. Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін, дүние танымын дамыту.
2. Қазақ тілі ғылымы табысының негізде оқушыларға синтаксистен тиянақты
да терең, салалы ьілім беру.
3. Қазақ тілі нормасына сай ойын, өз түсінігін дұрыс айту, дұрыс жаза
білітіндей оқушыларға дағдылар беру.
4. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын пайдалана білуге және
құрметеуге тәрбиелеу.
5. Дене еңбегінде, ақыл-ой еңбегінде атқаруға ғылым мен мәдениет
саласында белсенді қызмет етуге қабілетті, сана-сезімді және білімді
адамдарды тәрбиелеп даярлап шығуға үлес қосты. Қазақ тілі
синтаксисінің әдістемесі жас буынға тіл ғылымының озық табыстарының
сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден қазақ тілі
пунктуациясынан тереңде жүйелі; берікте саналы білім беру жолында
қолданылатын ең тиімді әдістер жиынтығы. Оның зертеу объектісі мен
әдістері, негізі мен мазмұны және әдістемесі бар.
Қазақ тілі синтаксисінен оқушыларға білім берудің байқау әдісі,
тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, жеке
әңгімелесу әдісі эксперимент дәлелдеді – синтаксисте білім беруде қандай
әдіс-тәсілдердің қай кезде тиімді екенін айқындау арқылы көрінеді.
Қазақ тілі синтаксисінің әдістемесі қазақ тілі ғылымының жай сөйлем
синтаксисі жөніндегі зерттелуі мен педагогика-психология, логика
ғылымдарына негізделеді. Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі
зерттеулері – қазақ тілі синтаксисі әдістемесінің оқушыларға меңгерту үшін
ұсынатын материалдары. Дидактиканың негізгі принциптері қазақ тілі
синтаксисі әдістемесінің де негізгі принциптері болып есептеледі. Ал
психологияның зерттейтін объектілері әрдайым басшылыққа алынып отырады.
Қазақ тілі синтаксисі әдістемесінің мазмұны мыналарды қамтиды:
1. Синтаксистен берілетін білімнің танымалдық және тәрбиелік мәнін ашу.
2. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
3. Синтаксисті оқушыларға меңгертуге байланысты мұғалімдердің өзіндік
ерекшеліктерін зерттеу.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстары түрлерін
белгілеу.
5. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін айқындау.
6. Қазақ тілі синтаксисі әдістемесінің ұғымдары мен терминдерін жасау.
7. Қазақ тілі синтаксисі әдістемесінің құрылысы мен зерттеу әдістерін
айқындап, оның басқа пәндермен байланысын ашу.
Осыған орай қазақ тілі синтаксисі әдістемесіне мынандай анықтама
беруге болады. Қазақ тілі синтаксисінің әдістемесі дегеніміз дидактика мен
психологияға сүйене отырып, қазақ тілі синтаксисінен мұғалімнің білім мен
дағдылар беру беру, оқушылардың білім мен дағдылар алуы, жас буындардың ой-
өрісін өсіріп, көзқарасын және оларды өмірге дайындау.

1.2 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен сөйлем мүшесінің негізгі


белгілері

Алдымен әңгіме ететініміз бастауыш сыныптарда сөз тіркесін оқытудың


әдіс-тәсілдері. Мұнда айрықша назар аударатынымыз сөздердің байланысу
түрлері мен формалары. Мұғалім сөздердің байланысу формаларының ішінде
қайсысын бірінші өтерін алдын-ала жоспарлап алады да, сол жоспары бойынша
мысалдар келтіре бастайды. Әдетте сөздердің байланысу формаларын өткенде
мектепте болсын, жоғары оқу орындарының оқулықтарында болсын алдымен,
қиысуды өтеді. Одан кейін меңгеру, матасу, қабысу, ең соңында жанасуды
өтеді. Сабақты сөз тіркесі қүрылысының негізінде өрбітер болса, алдымен
матасуды, одан кейін меңгеру, қабысу, жанасу ең соңында қиысуды өту дұрыс
деп ойлаймыз. Сөздердің байланысу формаларын өткенде, екі мүшесі де қосымша
арқылы жасалған сөз тіркесін алдымен өтіп алсақ, ал бірінші мүшесі
қосымшасыз я болмаса бірінші мүшесі септеулік шылаулар арқылы жасалатын,
екінші мүшесі қосымшасыз да, қосымша арқылы да жасалатын сөз тіркесін
келесі кезекте өтсек, ол сол сабақты оқушының тез әрі дұрыс меңгерулеріне
оңай тиер еді деген ой. Ал қиысуды ең соңынан түсіндірсек, себебі, тіл
ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында қарау керек пе, не сөйлем ретінде
қарастыру керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар
оны сөйлем аясында қарастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі
аясында қарастыру керек деген тұжырымдар айтуда. Мәселен, профессор
С.М.Исаев [25] - "қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай
сөз тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп
анықталады, қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы
жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан да,
салаласа (бір-біріне бағынбай тең дәрежеде, бірыңғай) байланысудан да
өзгеше. Сондықтан қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем
құрайды, байланысқа түскен сыңарлары грамматикалық меншіктілік, қатынастық,
объектілік, мекендік, мезгілдік, себеп-мақсаттық т.б. сияқты синтаксистік
қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің шеңберіне енбейтін субъектілік-
предикаттық (бастауыштық-баяндауыштық) қатынасты білдіреді. Сөйтіп,
коммуникативті қызмет атқарады"- дейді.
Сөздердің байланысу формаларының ішінде алдымен матасуды өту керек
дейтін себебіміз, біріншіден, екі мүшесі де қосымша арқылы жасалатындықтан,
екіншіден, сөз тіркесінің бірінші мүшесі ілік септігінде тұрғандықтан.
Мұғалім оқушыларға матасуды өтпес бұрын өткен сабақты пысықтап алғаны
жөн. Ол үшін тақтаға бір-екі сөз тіркесін жазады. Мысалы, Жарастың досы,
ауыл жастары. Содан кейін сұрақ қойса: бірінші мысалды талдаған кезде, сөз
қанша мүшеден тұрады? Жай тіркес пе, күрделі тіркес пе? Сөз тіркесінің әр
мүшесінде қосымша бар ма, жоқ па? т.с.с.
Оқушылар бірден жай тіркес екенін айырады, онын себебін айтады (тек
екі мүшеден тұрғандықтан), сонан кейін мұғалім әрбір мүшенің түбірін, оған
жалғанған қосымшаны сұрайды. Септік жалғауларын білетін оқушылар бірінші
мүшенің ілік септігі арқылы екінші мүшемен байланысып тұрғандығын айтады,
екінші мүшенің де түбірін, оған жалғанған қосымшасын көрсетеді. Екінші
мысалды талдаған кезде де мұғалім осы тәртіппен сұрақ қою керек. Сөз
тіркесінің бірінші мүшесі екінші мүшемен қосымшасыз байланысып тұрғандығына
оқушылардың назарын аударады. Неліктен бірінші мүше қосымшасыз тұр, ал
екінші мүше қосымша арқылы жасалған? Оны оқушылардың есіне салып
түсіндіреді, яғни, кей жағдайда сөз тіркестерінде бірінші мүшенің ілік
септігі жасырын түрде де келетіндігін, ал екінші мүшеге тәуелдік жалғауының
Ш-жағы міндетті түрде жалғанып келетіндігін ескертеді. Кейбір жағдайда
керісінше, бірінші мүшеге, ілік септігіне жалғанып, екінші мүше еш
қосымшасыз байланысатын сөз тіркестерінің де кездесетіндігін мысал келтіру
арқылы көрсетеді.
Матаса байланысқан сөз тіркесінің басқа байланысу формаларынан бір
ерекшелігі - мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз-бірі өмір сүре
алмайтындығы, екеуі де септік жалғауында тұрғандығы, анықтауыштың қатынаста
жұмсалатындығы, екі жақты байланыста болатындығы. Екінші бір ерекшелігі -
оның екі мүшесі де жақ жағынан түрленіп байланысатындығында. Міне, осы
ерекшеліктерге оқушы назарын аудару қажет.
Матасудан кейінгі байланыс түрі - меңгеру. Меңгеріле байланысқан сөз
тіркесінің бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғанатындықтан, алдымен,
септік жалғауларын қайталап, оқушылардың естеріне түсіріп, содан кейін
іліктен кейінгі барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының
сөз бен сөзді байланыстыратын қызметін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу
керек. Оқушы назарын сөз тіркесінің әр мүшесіне, яғни, бағыныңқы, басыңқы
сыңарына қандай қосымшалардың жалғанатынына назар аудару көзделеді. Мұғалім
меңгеріле байланысқан сөз тіркесіне алдын ала дайындалған сызбаларын
тақтаға іліп қойып, сабақты сол бойынша түсіндіруіне болады. Сөз тіркесінің
бағыныңқы сыңарының соңындағы септік жалғаулары қызыл сиямен жазылса, бұл
оқушының назарын тез аударады, ал мысалдардың қай септікте тұрғанын
оқушылардың көмегімен түсіндірген дұрыс, сонда сабаққа оқушылар түгел
қатысады, әрі олардың қызығушылықтарын туғызады.
Сөз тіркесінің басыңқы сыңары үнемі етістіктен бола ма, жоқ әлде басқа
да сөз таптарынан жасала ма деген сұрақтарға жауап беріледі. Ол үшін
мынадай мысалдарды ала отырып түсіндірген жөн. Мысалы, оқуға ынталы зат
есім мен сын есімнің тіркесі қаладан қашық зат есім мен сын есімнің
тіркесі.
Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі - қабыса байланысқан
сөз тіркесі. Біз жоғарыда сөз тіркесінің байланысу формаларын шартты түрде
екі топқа бөлгенбіз, яғни бағыныңқы сыңары қосымша арқылы жасалғандарьн бір
топқа, бағыныңқы сыңары қосымшасыз тұрғандарын екінші топқа жатқызғанбыз.
Қабысу - сол екінші топқа жататын байланысу түрі, яғни, оның бірінші
мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз, қатар тұру арқылы жасалады.
Оқушыға қабысудан түсінік бермес бұрын, сөз таптарын, олардың ішінде сын
есім, сан есім, есімдіктердің зат есіммен байланысын қайталап алған жөн. Ол
үшін тақтаға бірнеше мысал жазьш, бірінші, екінші сыңарлардың қай сөз
табынан екеніне назар аудартамыз. Қай сөз табынан жасалып тұрғанын
оқушылардан сұрап, сұрақтарға дұрыс жауап алынғаннан кейін мұндай байланысу
формасы қабысу деп аталатындығы түсіндіріледі.
Мысалы, 1. Күшті кісі - құт көзі (Ж.Баласағұни). 2. Екі жігіт суыт
жүріп отырып, уәделескен жерге айдың жарығымен келіп жетті (М.Жолдасбек).
Күшті кісі, екі жігіт, уәделескен жерге сөз тіркестеріндегі әр сөзге сұрақ
қойып, алдымен қай сөз табына жататынын анықтап алады да, содан кейін сөз
тіркесін құрап тұрған сыңарларда қосымша бар ма, жоқ па соған назар
аударады. Егер екі сөз еш қосымшасыз, орын тәртібі арқылы байланысса,
мұндай тіркестің қабысу болатынына түрлі-түрлі мысалдар келтіру арқылы
оқушы түйсігіне жеткізу керек. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші
сыңары сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін
атқаратындығын көрсету қажет. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші - Құрманғазының
сүйегі жатқанымен де жүрекке өте-мөте ыстық (Р.Жұлдызбек).
Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланысқан тіркес, ұлы сөзі сөйлемде
анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі -жанасу. Мектеп
оқулығында: "Сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ
тұрып байланысқан түрі" деп берілген.
Тіл ғылымында жанаса байланыскан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір
бар. Тілшілердің бір тобы жанасуды сөз тіркесінің байланысу формасының бірі
деп жеке қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды қабысудың
бір түрі деп қана қарастырады, яғни арасына сөз салуға келсе жанасу,
келмесе қабысу деп қарастырады. Біз де осы соңғы пікірге қосыламыз. Ал
мектепте жанасу мен қабысуды бір-бірінен ажырата түсіндіру үшін, олардың
бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалып тұрғанына
көңіл аударту қажет. Қабысу байланысындағы сөздердің бірінші мүшесі сын
есім, сан есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат есімнен
тұрады және арасына сөз салуға болмайды. Ал жанасу байланысындағы сөз
тіркесінің бірінші сыңары көбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар арқылы
жасалады. Мысалы: Қасақана айтты, шапшаң қимылдады, сабақтан соң келді,
үйге дейін барды т.с.с.
Сондай-ақ қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде
анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болатындығын жоғарыда айтқанбыз. Ал
жанасуда бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады,
сондықтан, сыртқы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін қай сөз
табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою арқылы қай сөйлем мүшесі екенін
анықтап немесе екі мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына сөз айтып
көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез айыруға болады.
Сөздердің байланысу формасының ең соңғысы - қиысу. Қиысу тақырыбын
өткенде морфологияны түгел қайталап шығуға болады. Бір жағынан жіктеу,
өздік, жалпылау есімдіктерін, жинақтау сан есімінің тәуелді түрін,
етістіктің ашық, бұйрық, қалау, шартты рай түрлерінің жіктелуін оқушылардың
есіне салып, өздеріне жекеше, көпше түрде жіктетеміз. Оқушы мұның ішінде
негізгісі - жіктеу есімдіктері мен жіктік жалғаулы сөздердің байланысын
жақсы меңгеруі қажет, оны жақсы түсінген оқушы өздік, жалпылау
есімдіктерінің, жинақтау сан есімінің жіктік жалғаулы сөздермен немесе
жақтық сипаты бар сөздермен байланысуын тез меңгеретін болады.
Оқулықта жіктеу есімдігі мен жіктік жалғаулы сөздің байланысы ғана
көрсетілген. Ал өздік, жалпылау есімдіктері мен жинақтау сан есімнің жіктік
жалғаулы сөздермен не жақтық сипаты бар сөздермен байланысуын үлестірме
қағаздар арқылы беруге болады.
Қазақ тілі оқулығында қарастырылатын келесі тақырып сөздердің
байланысу түрлерінің алдында берілген. Мұндай жүйені біз де толығынан
құптаймыз, өйткені сөздердің байланысу тәсілдерінің негізінде сөз
тіркесінің түрлері (типтері) жасалады, оның байланысу тәсілі алғы шарт та,
түрі (типі) соның нәтижесі деген қағида да дәлелдейді. Сөз тіркесінің
байланысу тәсілдерін анықтау үшін сөз тіркестері өзара қалай байланысады,
соны біліп алуымыз қажет. Біз жоғарыда сөз тіркесінің байланысу формаларына
жеке-жеке тоқталып талдадық. Енді осы топтар қандай тәсілмен байланысады
екен соған келейік.
Сөз тіркесі түріндегі байланыс та, сөйлем түріндегі байланыс та төрт
түрлі тәсіл арқылы жүзеге асады. Оқулықта бұл тәсілдердің әр түріне мысал
келтірілген, тақырыптан соң екі жаттығу жұмысы берілген.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері деген ұғым өте кең ұғым. Енді осы
тәсілдердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:
1. Қосымшалар арқылы байланысу тәсілі.
Бұл тақырыпты өткенде алдын-ала дайындалған сызбаны тақтаға іліп
қоямыз. Сызбада бірнеше сөйлем жазылып, әрбір сөздің қосымшасының астын
сызып қойған дұрыс немесе басқа түсті қаламмен жазған жөн. Осы қосымшаларға
қарап оқушылар оның қандай байланысу формасына жататынын айтады. Мысалы
сызбада мынадай сөйлемдер бар делік:
Райымбек батырдың жоңғарлармен соғысқан жері Ойран төбе аталған.
Жаманға жақсы сөз өтпес. (С.Сарайи).
Осы сөйлемдерден оқушыларға сөз тіркестерін тапқызып, оның қай
байланысу формасына жататынын айтқызу керек. Меңгеру, матасуды жақсы
игерген оқушылар бірден жауап береді. Мұғалім меңгеру, матасу
байланысындағы сөз тіркесінің қосымша тәсіл арқылы байланысқанын осы
келтірілген мысалдар арқылы түсіндіргені жөн. Оқушылардың түсінген-
түсінбеген білу үшін мұғалім оқушыларға қосымша дайындалған үлестірме
қағаздар үлестіруі қажет, сонда әр оқушының осы тақырып бойынша алған
білімін анық көруге болады.
2. Септеулік шылаулар арқылы байланысу.
Бұл тәсілде сөз бен сөз септеулік шылаулар арқылы байланысады.
Бағыныңқы сөз түбір тұлғада тұрса, оны басыңқы сөзбен арқылы, үшін,
жөнінде, туралы, жайында, сияқты т.б. шылаулары байланыстырады да, барыс
септігінен кейін дейін, шейін шылаулары, шығыс септігінен кейін соң, кейін
көмектес септіктен кейін, бірге шылаулары байланыстырады. Мысалы: Көлге
қарай кетті. Үйге дейін барды. Мен туралы сөйлесті. Жұмыстан кейін барды.
Осындай бірнеше мысалдарды мұғалім тақтаға жазып, содан кейін
оқушылардың көмегімен бұл мысалдардың сөз тіркесінің байланысу формасының
қайсысына жататындығын анықтап алуы керек. Жанасу байланысын дұрыс
меңгерген кез-келген оқушы оны бірден, кідірместен айтулары мүмкін. Бұдан
кейін мұғалім септеулік шылаулар арқылы жасалған сөз тіркесінің жанасу
байланысында тұрғанын және септеулік шылаулар арқылы байланысатын тәсілге
жататындығын түсіндіреді.
3. Орын тәртібі арқылы байланысатын тәсіл.
Мұғалім бұл тәсілді түсіндірмес бұрын, тақтаға бірнеше сөйлем жазып,
оның ішінен қабысу, жанасу байланысындағы сөз тіркесін тапқызады. Мысалы:
Ол әлсін-әлсін машинаның ақаусыз, таза даусына құлақ түреді деген сөйлемді
талдауға болады: алдымен, оқушылардың көмегімен сөз тіркестерін таптырады,
бұл сөйлем мынадай сөздердің тіркесінен тұрады: Ол құлақ түреді (қиысу),
әлсін-әлсін құлақ түреді (жанасу); машинаның даусына (матасу); ақаусыз
даусына (қабысу); таза даусына (қабысу); даусына құлақ түреді (меңгеру).
Мұғалім әр сөз тіркесінің қандай байланысу формасына жататынын
сұрайды. Сұрақтарға дұрыс жауап алғаннан кейін қосымшасыз, орын тәртібі
арқылы байланысқан сөз тіркестерін орын тәртібі арқылы байланысқан тәсілге
жататынын айтады. Мұғалім сөйлемдегі әлсін-әлсін құлақ түреді, ақаусыз
даусына, ... жалғасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет