Бастауыш сыныптарға арналған «Қоршаған орта экологиясы»



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата06.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#7907
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.Жаңа тақырыпты зерделеу(слайд 1): 
Мұғалімнің мәтіні: Келесі мақалдарды тыңдаңыздар, оларды қалай 
түсінесіздер(слайд 2):
 «Байлықтың атасы – еңбек, анасы – Жер»,
«Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды»
Бұл мақалдардағы басты ұғым қандай? (Жер)
Тақырыппен таныстыру үшін кіріспе сұрақтар:
1. Жердің беткі құнарлы қабаты не деп аталады? (топырақ)
2. Топырақ қанша жылда түзіледі? (жүздеген мыңдаған жылдарда)
3. Топырақ қабатының қалыңдығы қандай болады? (бірнеше санти-
метрден бірнеше метрге дейін)
4. Шөл дала мен Антарктидада топырақ бар ма? (топырағы жоқ)
5. Топырақтың ең маңызды басты қасиеті қандай? (құнарлылық)
  Енді  жауаптарымыздың  дұрыс-бұрыстығын  3-ші  слайд  бойынша 
нақтылалық. Мәтінді кім оқығысы келеді?
– Топырақ дегеніміз не?

22
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Қазір суреттерді 4-ші слайттан мұқият қарап шығыңдар. Назар ау-
дарыңдар! Әр суреттің жанында үш жауап нұсқасы берілген. Солардың 
«дұрыс» деп, біреуін ғана таңдау қажет. (Жауап таңдауға – 1 минут бері-
леді). Кім жауап береді? Жауап беруші, өз таңдауын түсіндіруі қажет. 
Осылайша суреттермен де талдау жүргізіледі (топырақ аз, топырақ 
қабаты қалың, топырақ жоқ).
Мұғалімнің мәтіні: Топырақ біздің планетада маңызды рөл атқара-
ды. Ол жансыз табиғаттан жанды табиғатқа алмасу буыны (слайд 5).
Партадағы жұптар бойынша
 суретпен  және 5-ші слайдтағы мәтін-
дермен танысып, сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Топырақты неге жануарлар үйі деп атайды?
2. Топырақтың арасынан не көруге болады?
3. Барлық жануарлар топырақта өмір сүре ме?
4. Қандай бунақденелілер топырақта өмір сүреді?
Сергіту сәті(слайд 6).
4. Қорытындылау: 
Мұғалімнің  мәтіні:  Топырақ  адам  өмірінде  үлкен  рөл  атқарады 
(слайд  7).  Адам  өмірінде  топырақтың  қандай  рөл  атқаратынын  оқы! 
(яғни, адам өсімдік текті тағам алу үшін топырақты қалай пайдаланады, 
пайдалы қазбалар топырақтан қалай алынады, жануар текті тағам 
алу үшін не істеледі) және оны суретті бейне етіп сал, сурет сұлбасын 
салуға 3 -5 минут уақыт беріледі.
Үздік  суреттерді  сыныпқа  көрсету,  оны  оқушылардың  талдауы  (3 
мин)
Топырақтың ластануы (слайд 8). Біздің топырақ қатты аурып қал-
ды. Бұның бәріне кінәлі – адам баласы.
Оқушылар парта қатарлары бойынша үш топқа бөлінеді (үш қатарлы 
партаға). 3 топқа ластану себебі көрсетілген 3 шар беріледі.
Мұғалімнің  мәтіні:
  Сіздер  тұратын  жерде  (үйде,  шағын  ауданда, 
ауылда) осы сияқты ластанулар бар ма? 
Оқушылар өздері мекендейтін аймақта осы сияқты ластанулардың 
таралуы  туралы  пікір  алмасып  (құрылыс  алаңдары,  карьерлер  мен 
электр желісі, құбыр жүргізу үшін қазылған орлар, қоқысжинағыштар), 
әркімнің өз үйі маңында топырақтың ластануын болдырмау әрекеті мен 
шаралары бойынша ұсыныстарын талдауы ұйымдастырылады.
Мұғалімнің  мәтіні:
  Балалар  сіздердің  Күн  сәулелі  бейнелеріңізге 
Сізді қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау қасиеттері қан-
дай әдемілік пен көрік қосар еді, солай ма? Ендеше сол қасиеттерді қа-
лай атар едіңдер:
 Жеке басы тазалығы (үсті-басын таза ұстау),  қамқор-
шылық, үнемділік балалардың ұсыныстары
5.Үй тапсырмасы (слайд 9):
  Егер  отбасынызда  саяжай  болса,  отбасынмен  бірге
  саяжайды  (үй 
маңындағы үлескіні) ластану мен азып кетуден қалай қорғайтындарын-
ды ата-анаңнан сұрап,өз жолдастарына айт.

23
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
№6 ТАҚЫРЫП. ӨСІМДІКТЕР
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдері мен тәжірибесін пай-
далана отырып, өсімдіктердің табиғат пен адам өміріндегі рөлі туралы 
білімдер негізін түсіндіру. 
Құрал-жабдықтар: проектор және экран (интерактивті тақта), оқу-
лық (жұмыс дәптері), дербес өзбетімен жұмыс бойынша жауап кестесі 
нұсқасы, 6 – тақырыпқа жасалған слайд.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру сәті
 Сәлемдесу, сынып кезекшісінің ақпарламасы, кезекшіге «Менің Күн 
бейнем», «Бағбан құрал-саймандары» суреттерін жинау туралы тапсыр-
ма беру
2. Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалімнің мәтіні:
 Кімнің отбасында саяжай үлескісі бар, қолда-
рыңды  көтеріңдер!  Ал  кімдердің  отбасында  үй  іргесіндегі  жер  телімі 
бар?  (мұғалім,  жауап  берген  оқушыларды  кейін  өсімдіктерді  зерт-
теумен айналысатын практикалық жұмыстарды дайындауға тарту, 
ғылыми жобаларға қатыстыру мүмкіндігін есепке алу үшін – оларды 
оқушыларды зерттеу тізімінде белгілеп алады) 
Енді маған «Үлескілерді ластану мен азудан қалай қорғау керек» де-
ген мәселе бойынша не түйгендеріңді айтып беріңдерші (тілек білдір-
гендер өз жауаптарын оқып, оның түйінін а, ә, б, в, г, д, е, әріптерімен 
белгілеп 1-2 сөзбен тақтаға жазады). 
3. Жаңа тақырыпты зерделеу(слайд 1):
Төмендегі мақалдар мен тұжырымды қалай түсінесіңдер:
Ағашты кесуге – бір  минут, ал өсіруге  жыл керек. Ағашты көп кес-
пе,  аз ағашқа тиіспе, ағаш болмаса – отырғыз (слайд 2).
Мұғалімнің  мәтіні:  Өсімдіктер  –тірі  табиғаттың  бір  бөлігі  болып 
табылатын, тірі ағзалар.
«Адам  мен  жануарлар  үшін  өсімдіктердің  маңызы»  мәтіндерін  өз 
беттеріңмен оқып, сұрақтарға жауап беріңдер (слайд 3).
1.Жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті жағдай-
ларды жасайтын не?
2. Олар дем алуға қажетті қандай затты бөледі?
3. Жануарлар тіршілігі қалайша өсімдіктерге тәуелді болады?
4. Өсімдік тамыры қандай рөл атқарады?
5. Өсімдіктер қалайша топырақты (Жер бетін) қорғайды және сақ-
тайды?
6. Өсімдіктің адам үшін маңызы неде?
7. Адамдар өсімдіктерден не алады?
Мұғалімнің мәтіні:  4-ші слайдта көрсетілген өсімдіктерді мұқият 
қарап,  есте  сақта!  Олар  табиғатта  аз  қалды?!  Маңғыстау  облысында 

24
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
көктем мезгілінің табиғаты ерекше және сан қырлы. Қызғалдақтар мен 
бәйшешектер және т.б.гүлдер гүлдейді.
Таулы  Маңғыстаудың  далалық  аймақтарында  долана,  қаражи-
дек,  итмұрын,  қожақат,  жостер  сияқты  ерекше  өсімдіктер  кездеседі. 
Үстірттің дөңді шатқалдарында тораңғы ағашы өседі.
Маңғыстау  облысының  төрттен  бір  бөлігі  сор  жерлер,  ал  қалған 
бөлігінде жусан, жыңғылдар, сораң өседі (слайд 5).
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Көктемде Маңғыстау облысының табиғаты қандай болады? 
2. Таулы Маңғыстаудың далалық аймағында өсетін қандай ерекше 
өсімдіктер бар?
3. Үстірт дөңі шатқалдарында қандай табиғи тоғайлар бар? 
4.  Маңғыстау  облысының  төрттен  бір  бөлігінің  топырақ  жабыны  
қандай?
5. Маңғыстау облысының қалған аймақтарында қандай өсімдіктер өседі?
Түйін: Маңғыстау облысының өсімдіктері, оның тұщы сулы өзендері 
жоқ, айқын құрылықтық және ауа-райы өте құрғақ қоршаған ортасына, 
яғни шөл аймағы жағдайына толықтай бейімделген.
Сергіту сәті (слайд 6).
«Адамдар өсімдіктерді қалай пайдаланады?» 7-ші слайд бойынша өз 
бетімен жұмыс.
Мұғалімнің  мәтіні:  Адамдардың  шаруашылық  қызметі  өсімдік-
тердің өсуіне әсер етеді. Мысалы, адамдар орман шаруашылығынмен 
айналысудың орнына зауыттар салады немесе орлар қазады. Шалғын-
дардың орнына фермалар құрады. Осылай жабайы түрде өсетін өсімдік-
тер жойылады. Сол үшін өсімдіктерді қорғауымыз керек (слайд 8).
 «Адамдар өсімдіктерге қалай зиян салады?» 8-ші слайдтағы кесте  
бойынша өз бетімен жұмыс. Адамның өсімдіктерге қалай зиян салатын-
дығы туралы мәтінді оқы, неліктен олай істейтіндігін айт!
 «Жылдам жауап»  9-шы слайд бойынша. Сурет-белгілерге нені жа-
сауға болмайтыны туралы қысқа-нұсқа жазу ойлап тап! (А, Б тапсыр-
маны отырған орындарына қарай екі топқа бөліп беруге, жұмысты 
аяқтағаннан кейін жауаптарды өзара тексеру, талдау түрінде ұйым-
дастыруға да болады).
4. Қорытындылау: 
Сұраққа жауап беріңдер
1. Жасыл өсімдіктер Жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың өмір сү-
руіне қажетті қандай жағдай жасайды?
2. Өсімдіктер тамыры қандай қызмет атқарады?
3. Өсімдіктерден адам не алады? 
4. Көктемде Маңғыстау облысындағы табиғат қандай болады?
5.  Таулы  Маңғыстаудың  таулы  өңірлерінің  шөл  аймағында  өсетін 
қандай ерекше өсімдіктер болады?
6. Шөл аймағы мен оның өсімдіктерінің қандай ерекшеліктері бар? 

25
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
7. Маңғыстау облысының төрттен бір бөлігіндегі топырақ жабыны 
қандай?
5. Үй тапсырмасы:
1. Үйде, егер өсімдіктер болмаса, Жерде, адам өмірі, жануарлар әлемі 
қалай болатындығы жайында қысқаша әңгіме жаз (слайд 10).
2. Ата-аналарыңмен бірге, адамның өсімдіктермен қарым-қатынасы-
ның әрбір Ережесіне белгі ойлап тап (слайд 11).
№7 ТАҚЫРЫП. ЖАНУАРЛАР
Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың  өз  білімдері  мен  тәжірибесі, 
олардың күнделікті табиғатты бақылау нәтижесі және ақпараттық ар-
налардан алған деректері негізінде табиғат пен адам тіршілігіндегі жа-
нуарлардың маңызы мен рөлі туралы білім негіздерін беру. 
Құрал-жабдықтар: проектор және экран (интерактивті тақта), оқу-
лық (жұмыс дәптері), слайд (тақырыпқа сай суреттер, кестелер), сергіту 
сәті бейнебаяны...
 
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру сәті: 
Сәлемдесу.  Оқушылардың  үй  тапсырмасын  орындауын  ауызша 
(орындадым  /  орындамадым)  тексеру  және  «Адамның  өсімдіктермен 
қарым-қатынас  ережелері  бойынша  белгілер»  тақырыбына  салған  су-
реттерін және «Егер өсімдіктер болмаса, онда Жер, адамдар, жануарлар-
дың жайы не болар еді» тақырыбына жазған әңгіме мәтіндері жазылған 
дәптерлерін жинату.  
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Суреттерді сыныпқа көрсету және талдау: мына суретте қандай ере-
жеге қатысты белгі салынған? (балалардың жауаптары және автор-
дың қорытындысы – барлық суреттер бойынша жасалады).
Мұғалімнің мәтіні
: Қазір үйден орындалған өздік әңгімелерді тың-
далық. (Авторлар өз жұмысын оқиды, үй тапсырмасын толық орында-
мағандар оның мазмұнын өз сөздерімен қайталап айтады)
3. Жаңа сабақты зерделеу (слайд 1):
Мұғалімнің мәтіні: Балалар, сіздердің үйлеріңізде, өздерің тұрақты 
күтім жасайтын қандай үй жануарлары бар? (оқушылардың жауапта-
ры).Ал,  қандай  аңдарды  білесіздер?
  (жауаптар).  «Жануарлар»  деген 
не, ол ұғымға қандай анықтама берер едіңдер?    (жауаптар)
Мұғалімнің мәтіні: Жануар – ол азықтану үшін басқа тірі ағзалар-
мен қоректенетін ағзалар. (слайд 2).
3-ші слайд бойынша, кім келесі мәтінді мәнерлеп оқығысы келеді 
(Егер оқуға талап білдіргендер көп болса, мәтінді оқушыларға алдын-
ала  азат жолдар бойынша бөліп беріп –  үш оқушыға оқытуға да болады)

26
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Қайталау: 
1. Жануарлар – қандай организмдер, олар немен қоректенеді?
2. Маңғыстау түбегінде сүтқоректілердің қанша түрі бар?
3. Оның қаншасы Қызыл кітапқа енгізілген?
4. Маңғыстау облысында киіктер (ақ бөкендер) кездесе ме?
5. Маңғыстау түбегінде қандай кемірушілер кездеседі?
6. Маңғыстау аймағында жылан мен кесірткенің неше түрі кездеседі?
7. Маңғыстау түбегінде құстың қанша түрі кездеседі?
8. Каспий теңізі несімен бай?
Маңғыстау  облысында  кездесетін  жануарлардың  атын  тауып,  жа-
зыңдар(слайд 4).
Мұғалімнің  мәтіні:  Оқушылар  бұл  суреттердегі  жануарларды  өз 
көздеріңмен көргендерің бар ма? Олардың арасында зиянды немесе қа-
терлілері бар ма, олар несімен қауіпті? (балалар суреттегі жануарлар-
мен қандай жағдайда кездескенін, олардың қандай қатері бар екендігін 
айтып береді).
4. Қорытындылау: 
Табиғат  пен  адам  үшін  жануарлардың  маңызы  туралы  (слайд  5) 
мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер
:
1. Аралар тозаңды бір өсімдіктен екіншісіне қалай тасымалдайды?
2. Жануарлардың санитарлық маңызы қандай?
3. Көптеген су жануарлары суды қалай тазартады?
4. Жануарлар топырақ түзуге қалай қатысады?
5. Өсімдіктер өміріне қажет су мен ауа тамырға қалай өтеді?
Кестені толтырыңдар(слайд 6) (10мин).
 Жауаптарды талқылауға – (3 
мин).
Сергіту сәті: шөнжіктер (тигрята) (слайд 7). 
Мұғалімнің мәтіні
: Жануарлар әлемінің маңызы біз үшін өте зор. 
Оның етін ерте кезден бастап-ақ тағам ретінде пайдаланылған, өлі жа-
нуарлардың терісінен киім жасау үшін қолданған, сүйегінен – пышақ, 
ине, қырғыштар жасаған (слайд 8)
Жануарлардың  жойылу  себептері  туралы  оқып,  жойылу  себеп-
терінің қайсысы адам қолымен жасалғанын қоршап белгілеңдер(с-
лайд  8).  Осындай  мысалдар  сіздің  тұрғылықты  жеріңізде  кездесе 
ме?
Аң аулау құралдарының атын жаз (слайд 9).
Мұғалімнің мәтіні
: Адамдар ерте кезден-ақ көптеген жануарларды 
аулаған. Сондықтан Жер бетінен жойылып немесе олардың сандары ай-
тарлықтай азайып бара жатыр(слайд 10).
Жануарлардың  жойылу  себептері  туралы    оқып,  жойылу  себеп-
терінің қайсысы адам қолымен жасалғанын қоршап белгілеңдер(слайд 
10).
Мұғалімнің мәтіні: (слайд 11)
• Адам тіршілікке қажетті жануарларды көп көлемде өлтіре бастады.

27
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
• Жануарлардың бір түрін аулай берсе, олар жойылып кетуі мүмкін. 
Осылайша  біз  көптеген  жануарлардың  түрлерін  көре  алмаймыз,  олар 
жойылып кеткен.
•  Адам  орманды  жерлерді  кесіп,  жазық  далалы  жерлерді  жыртып 
және  т.б.  жаңа  жерлерді  игеріп,  адам  аяғы  баспаған  жерлерді  аз  қал-
дыруда. Осының салдарынан жануарлар тұрақты мекен ету ортасымен 
жеткілікті азықтарын жоғалтып,  зардап шегеді.
Жануарларды қорғау туралы ережені оқыңдар(слайд 12).
Қорытындылау:  сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Жануарлар әлемінің біздер үшін маңызы қандай?
2. Ауланған аңдардың етін қалай пайдаланады? 
3. Ауланған аңдардың терісінен не жасайды?
4. Ауланған аңдардың сүйегінен не жасайды?
5. Аңдардың сіңірін неге пайдаланады?
6. Қазіргі кезде көптеген жануарлар Жер бетінен неліктен жойылып 
немесе олардың саны айтарлықтай неге азайып барады?
5. Үй тапсырмасы және бағалау
1. Келесі сабағымыз қорытынды сабақ.Үйде ата-аналарыңмен бірге 
осы уақытқа дейін өткен сабақтардың кілтті сөздерін қайталап келіңіз-
дер. 
2.  Қорытынды  сабаққа  оқу  құрал-жабдықтарыңды  алып  келуді 
ұмытпаңыздар: ұшталған қара және түрлі түсті қарандаштар, ұштағыш, 
өшіргіш және қаралама қағаз.
3. Жануарларды қорғау туралы ережені оқып, әрбір ережеге белгі са-
лып келіңіздер (слайд 13):
a. Шулама, жануарларды қорқытпа
b. Су қоймасын ластама 
c. Даладағы  ағаштарды сындырма, өсімдіктерді жұлма 
№8 ТАҚЫРЫП. ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Сабақтың  мақсаты:  оқулықтың  бірінші  тақырыптық  топтамасы 
бойынша оқушыларда ОӘА (ой әрекеттері амалдары, яғни ойлауды іске 
асыру амалдары) және ББД (білім, білік, дағды) қалыптасуын тексеру.
Құрал-жабдықтар: проектор және экран (интерактивті тақта), қо-
рытынды сабақтың электрондық нұсқасы, жұмыс дәптері және жауап 
парағы, өткен тақырыптардың көрнекіліктері мен кестелері, түрлі-түсті 
қарындаштар, өшіргіш, қаралама қағаз.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру сәті
Сынып  кезекшісінің  ақпаратын  тыңдау,  қорытынды  сабаққа  қажет 
құрал-жабдықтардың
 толықтығын тексеру. 

28
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
2. Өткен тақырыпты қайталай(слайд 1).
Мұғалімнің мәтіні
: Балалар, қорытындылау сабағы сіздердің бар-
лық өткен сабақтарда жүргізген ОӘА (ой әрекеттері амалдары, яғни ой-
лауды іске асыру амалдары) және қалыптасқан ББД (білім, білік, дағды) 
нәтижелерін ұзақ мерзімді (ұмытпай) есте сақтау қабілеттеріңізді анық-
тауға бағдарланған. 
Қорытынды  бақылау  жұмысын  орындау  бойынша  НҰСҚАУЛЫҚ: 
Қолдарыңызға берілген жауап парағымен мұқият танысыңыздар!
Естеріңде болсын! Жауап парағындағы түзетілген жауаптар есепке 
алынбайды. Сондықтан жауаптарыңызды әуелі қаралама қағазға немесе 
оқулық ксерокөшірмесіне белгілеп, түзетіп, содан кейін жауап парағына 
асықпай көшіргеніңіз дұрыс болады. 
Қоршаған орта компоненттерін тізіп жаз (слайд 2).
Дұрыс жауабын тап (слайд 3).
Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауабын айт (слайд 4).
Дұрыс жауабын таңда: Ауа құрамына қандай зат кіреді?(слайд 5).
Тірі ағзалардың тыныс алуы үшін ауада қандай газ қажет?(слайд 6).
Ауаны  ластанудан  қалай  қорғауға  болады? Дұрыс  жауабын  тауып, 
өзіңнің жауап парағына көшіріп жаз (слайд 7).
Суды қорғау ережелерін жаз(слайд 8).
Жер бетінде Күннің рөлі қандай екенін жаз(слайд 9).
• Өсімдіктер үшін
• Жануарлар үшін
• Адам баласы үшін
Күн энергиясын қалай пайдалануға болатынын жаз (слайд 10)
Дұрыс жауабын тап. Өзіңнің жауап парағына көшіріп жаз (слайд 11).
12-ші слайдта көрсетілген жануарларды көшіріп жаз. Маңғыстау об-
лысын мекендемейтін қандай аңдарды білесің, оларды тап және астын 
сыз.
Мұғалімнің мәтіні: Балалар, жұмыстарыңды аяқтап, соңғы оқушы-
дан бастап, алдыңғы партада өзіңіздің алдыңызда отырған оқушыға бе-
ресіз. Ол өз жұмысын қосып, келесі оқушыға береді.
Бірінші партадағы оқушы жиналған жұмыстарды мұғалімге тапсы-
рады.
Мұғалімнің мәтіні: Өлі өзен әңгімесін оқып,. достарыңмен мәсе-
лені талқылап көріңдер (слайд 13).
3.
Үй тапсырмасы және бағалау 
1. Қорытынды тапсырма бойынша қайталау және кілтті сөздерді қай-
талау.
2.  Қызыл кітапқа енгізілген, өзің не ата-аналарың білетін бір жануар 
туралы қысқа әңгіме жазыңдар.

29
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
№9 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒИ ЗОНАЛАР
Сабақтың мақсаты:  Ғылыми  тұрғыдан «Табиғи зоналар  (аймақ-
тар)» ұғымына түсінік беру, сабақта жаңа түсініктер мен ғылыми факті-
лерді меңгерту арқылы  Қазақстанның табиғи зоналары туралы толық 
мағлұмат беру.
Құрал-жабдықтар: проекциялау аппараттары кешені және оқулық 
мәтіндері  жазылған  карточкалар,  қорытынды  тапсырмалар  бойынша 
өзін – өзі  тексеру,  саралау және қателерді түзеу матрицасы, глобус және  
«Табиғи зоналар» тақырыбына слайдтар. 
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті
Оқушыларды қортынды сабақ нәтижелерімен таныстыру.Жауап па-
рағын таратып беру. 
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қорытынды сабақ жауабының матрицасы бойынша өз бетінше жұ-
мыс (10 мин). Парталас оқушылар бірін бірі тексеру мақсатында жауап 
бетшесін өзара алмастырып алады. Матрицаның сол жақ бағанындағы 
сұраққа  сәйкес келетін жауаптың тұсына белгі қойылады. Орындалған 
жауап парағы орындаушыға қайтарылады. Партадағы көршімен өзара 
құптау/ құптамау талданады.Дұрыс жауаптардың нақты саны және нә-
тижесі мұғалімге хабарланады.
Кесте 10, Өзін-өзі тексеру, талдау және түзету бетшесі

Тапсырма сұрақтары
Жауаптар
1
Қоршаған орта (ҚО) компоненттерін 
тізіп жаз
Табиғи ҚО: ауа, су, топырақ, тау, адам, 
өсімдік, жануар...
Жасанды ҚО: ғимараттар, бұйымдар, 
автокөліктер...
2
Дұрыс жауабын тап:
Барлық компоненттер бірдей
3
Келесі сұрақтар бойынша ойланып, 
дұрыс жауаптарды боя
3.1.
3.2.
3.3.
Жансыз (өлі) табиғатқа жатады?
Тұман, ай, мұз
Жанды (тірі) табиғатқа үш мысал
Жанды: 1.Өсімдіктер . 2.  Жануарлар .
3. Адамдар  .
Жансыз табиғатқа үш мысал
Жансыз: 1. Ауа . 2. Су. 3. Таулар.
Суретте қандай бұйым тірі табиғат 
құрамдасы болған
Зығырдан жасалған сүлгі
4
Ауа құрамына қандай зат кіреді? 
Дұрыс жауаптың астын сыз
2) Оттегі, көмірқышқыл газ, шаң-
тозаң, асыл газдар    
5
Тірі ағзалардың тыныс алуы үшін 
ауадағы қандай газ қажет?
2) Оттегі 

30
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
6
Ауаны ластанудан қалай қорғауға 
болады?
Фабрикалар мен зауыттарда зиянды 
заттарды және шаңды тұтқыш 
қондырғылар болуы керек керек. 
Транспортты экологиялық қауіпсіз 
етіп жасау керек. Қала мен оның  
айналасына бақтар, саябақтар, орман 
белдеулерін жасау қажет.
7
Суды қорғау ережелерін жаз.
*Шыны, шөлмек, басқа да 
қалдықтарды тастама
*“Су ысырап болмас үшін, су 
құбырының шүмегін қатты бұра”
*“Суды үнемдеп құй, суды ақылмен 
жұмса”
*Өзің ойлан – Суды ластама
8
Жер бетінде Күннің рөлі қандай екенін жаз:
Өсімдіктер үшін
Энергия көзі, жарық, жылу
Жануарлар үшін
Өсімдік, жарық, жылу
Адам баласы үшін
Тағам, жарық, жылу
9
Күн энергиясын қалай пайдалануға 
болады
Күн батареялары, күн жылуымен 
ысытылатын ыдыстар
10
Дұрыс жауабын тауып астын сыз
*Өсімдіктер топырақтан су мен 
минералдық тұздарды алады
*Топырақта топырақтың 
құнарлылығына көмектесетін 
көптеген жануарлар мекендейді
*Адам топырақты егін өсіру үшін 
пайдаланады
*Адам топырақты көптеген салаларға 
пайдаланады
11
Маңғыстау облысын мекендемейтін 
қандай аңдарды білесің
Піл, жираф, акула, горилла, 
мамонттар
Бағалау  өлшемдері  :  отыз  бестен  жоғары  дұрыс  жауап  –  5(өте 
жақсы), 28 – 35 – 4(жақсы),  20 – 27 – 3(қанағаттанарлық), жиырма-
дан кем – 2 (қанағаттанғысыз). 
Өте жақсы және қанағаттанғысыз баға алғандарды мұғалім хабар-
лайды.  Оқушылар  орындауда  ерекше  қиналып,  көпшілігі  қателескен 
тапсырмалар  бойынша қателерге талдау жасайды.
2. Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы  орындалған үй тапсырма-
сын тексеру үшін оқушылардың дәптерлері жиналады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет