Бастауыш сыныптарға арналған «Қоршаған орта экологиясы»



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата06.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#7907
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

1
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Бастауыш сыныптарға арналған
«Қоршаған орта экологиясы» 
оқу-әдістемелік құралы
Ақтау 2016

2
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
УДК 373.167.1:502.1 (075.2)
ББК 20.1я72
«Қоршаған орта экологиясы» оқу-әдістемелік құралы. Бастауыш сынып-
тарға  арналған.  /Автор  -  құрастырушы:  М.М.  Ақмырзаев,  М.Н.  Ақмырзаева, 
«Тұрақты  дамуға  көмектесу»  Орталығы»  Қоғамдық  қорымен  безендірілген. 
Ақтау, 2016.
ISBN 978-601-239-448-1
Төменгі сыныптар үшін «Қоршаған ортаның экологиясы» оқу-әдістемелік 
құрал 2010-2015 жылдардағы Маңғыстау облысының қоршаған ортаны қорғау 
және  тұрақты  даму  саласындағы  үздіксіз  білім  беру  бағдарламасын  негізінде 
дайындалды.
Педагогикалық  кеңесші,  көмекші  құрал    ретінде  оқу-әдістемелік  құрал  – 
барша бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналар үшін де пайдалы бола ала-
ды. Құрал оқушыларды экологиялық ой әрекеттері амалдарына бейімдеу плат-
формасы арқылы экологиялық білім, білік және дағды кешенін қалыптастыруды 
жоспарлаудағы ұстаздың сабаққа дайындық алгоритмі мен түрлі педагогикалық 
амалдар үлгісі болып табылады. 
Оқу-әдістемелік құралдың мәліметтері бастауыш сыныптың жас ерекшелік-
теріне қарай берілген, бұл кезеңде балалардың өзіндік тұлға ретінде қалыпта-
суы, қоршаған ортада, қоғаммда өз орнын айқындауы болады. Дәл осы шақта 
балаларға адам баласы үшін экологялық таза қоршаған ортаның маңыздылығын 
түсіндіру  керек,  сол  үшінде  табиғатты  аялап,  қорғауымыз  керектігін  айтып 
түсіндіру қажет. 
Бастауыш  сыныптарға  арналған  «Қоршаған  ортан  экологиясы»  оқу-әді-
стемелік құралы Маңғыстау облысының ММ «Табиғи ресурстар және табиғат 
пайдалануды реттеу басқармасының» тапсырысы бойынша  «Тұрақты дамуға 
көмектесу» Орталығы» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен дайындалды.
УДК 373.167.1:502.1 (075.2)
Автор –құрастырушылар: Ақмырзаев М.М., Ақмырзаева М.Н. 
Безендірген: «Тұрақты дамуға көмектесу» Орталығы» Қоғамдық қоры
ISBN 978-601-239-448-1
© ҚҚ «Тұрақты дамуға көмектесу» Орталығы», 2016
© Акмырзаев М.М., Акмырзаева М.Н., 2016
Подписано в печать 30.10.2016. 
Формат 60х84
1
/
16
. Бумага офсетная. Гарнитура «Times».
Объем 6,75 печ. л. Тираж 150. Заказ № 3851.
Отпечатано в ТОО «Издательство LEM»
050008, г. Алматы, ул. Ауэзова, 82, уг. ул. Мынбаева,
тел./факс 375-51-33, 390-21-75.

3
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
КІРІСПЕ
Маңғыстау  облысының  ММ  «Табиғи  ресурстар  және  табиғат  пай-
далануды  реттеу  басқармасының»  тапсырысы  бойынша    «Тұрақты 
дамуға көмектесу» Орталығы» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен да-
йындалған бастауыш сыныптарға арналған «Қоршаған орта экология-
сы» оқу-әдістемелік құралы ұстаздар қауымынан өз бағасын алды және 
экологиялық бағдар беру жұмысына қосымша материалдар көзі ретінде 
пайдаланылып жүр.
Бастауыш мектеп – мұғалімнің алуан түрлі технологиялық тәсілде-
меге оқушылардың икемделуінің, бұрын-соңды болмаған жылдамдық-
пен  дамып,  қарқынды  енгізіліп  жүрген  ақпараттық-коммуникациялық 
ұйымдастыру техникасының мүмкіндіктерін қолдана отырып, экология-
лық функционалдық сауаттылыққа жетуге қызмет ететін қазіргі заман-
ғы инновациялық педагогикалық технологиялардың түрлі қалыптарына 
бейімделуінің дәні себілетін алаң.
Білім беру үдерісін толық жобалау, жоспарлау және құрастыру ірге-
тасы ретінде, педагогикалық технологияны мұғалім оқушылардың жал-
пы дайындығы мен  ОӘА (ой әрекеттері амалдары, яғни ойлауды іске 
асыру амалдары) және ББД (білім, білік, дағды) қалыптасуы деңгейіне 
қарай, өзінің іс-тәжірибесі мен педагогикалық ұстанымдарды меңгеру 
дәрежесіне сай таңдайды. Өте маңызды мәселе мұғалімнің жаңғыртыл-
ған білім беру стандарттары мен бағдарламалары шеңберінде сабақты 
түрлендіре алу мүмкіндігі, яғни жалпы білім беру пәндері оқулықтары-
ның мәтіндеріне енбеген, экологиялық білімді қалыптастыру кепілі бо-
латын ерекше тәсілдемесін, әсіресе бастауыш мектептегі білім берудің 
басты дидактикалық ұстанымы: қарапайымнан күрделіге, жақындығы 
көзге  таныс  нәрседен,  алыстағы  абстрактылық  ұғымға  дамып-жетілу 
әрекетін  іске  асыра  алу  шеберлігімен  шешіледі.  Бұл,  балалардың  ға-
ламдық экологиялық күрделі мәселелерді ұғынуды, оны ой-санасынан 
өткізуді  –  жергілікті  түйінді  мәселелерді  меңгеруінен  және  жергілікті 
деңгейде мониторинг жүргізу амалдарына төселуден бастайтындығын 
ескеру іргетасы. 
Оқулық пен мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал мазмұны-
ның  негізіне  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғаудың  басты  ұстанымдары 
алынған:
Адам денсаулығы және тіршілігін қорғау ұстанымы;
Экологиялық заңнаманың талаптарын сақтау;
Қоғамның  экологиялық  және  экономикалық  мүддесінің  үй-
лесімділігі;
Табиғат қорғау міндеттерін шешудегі жариялылық;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
Ортаны қорғаудағы халықаралық ынтымақтастық.

4
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Бастауыш сыныптарына арналған 
«Қоршаған орта экологиясы» оқу-әдістемелік құралының 
бағдарламасы
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырып атауы
Апталар
1
Қоршаған орта
1-2
2
Ауа
3-4
3
Су 
5-6
4
Күн энергиясы
7-8
5
Жер және топырақ 
9-10
6
Өсімдіктер
11-12
7
Жануарлар 
13-14
8
Қорытынды сабақ
15
9
Табиғи зоналар
16-17
10
Экожүйелер
18
11
Қоректік тізбек 
19
12
Табиғаттағы зат айналымы
20
13
Табиғаттың өзгеруі
21
14
Табиғаттағы маусымдық өзгеріс 
22-23
15
Қорытынды сабақ
24
16
Өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуі
25
17
Ертедегі жануарлар
26
18
Менің Қызыл Кітабым
27-28
19
Жануарлар әлемінің қызыл кітабы
29-30
20
Қорытынды сабақ
31
21
Болашақта бізді не күтіп тұр?
32
КУРС МАЗМҰНЫ 
1. Қоршаған орта
Қоршаған  орта  бөліктері  (компоненттері).  Қоршаған  орта  компо-
ненттерінің өзара байланысы. Қоршаған орта тірі ағзаларға,  ал ағза-
лар қоршаған ортаға қалай әсер етеді? Тірі және өлі табиғат. Тірі және 
өлі табиғаттың өзара байланысы. 
Практикалық жұмыс: «Табиғатқа адамның ықпалы», «Тірі және өлі 
табиғат»  атты  бейнелі  суреттерге  қарап,  кестені  толтыру  және  әңгіме 
құрастыру. Кестесін толтыру. Сөзжұмбақты шешу. 

5
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
2. Ауа
Ауа дегеніміз не? Ауа неден тұрады? Ауаның маңызы. Ауаның лас-
тануы. Ауаны ластанудан қалай қорғауға болады? 
Практикалық  жұмыс.  Жұмбақты  шешу.  Ауаның  маңызы  туралы 
талқылау және кестеге сипаттама беру. «Адам ауаны пайдалануды қа-
лай үйренді, ауаның күші» тақырыбын талқылау. «Ауа таза болса, Жер 
бетіндегі өмірді қалай бейнелейсің» тақырыбында сурет салу. 
3. Су.
Қоршаған  ортадағы  су.  Судың  адам,  жануарлар  мен  өсімдіктер 
өміріндегі рөлі. Судың ластануы. Суды кімдер көп ластайды? Қандай 
жағдайда суды сақтауға болады? 
Практикалық жұмыс. Жұмбақты шешу. Сөзжұмбақты шешу. Қор-
шаған  ортада  су  қайда  кездеседі?  Судың  ластану  себептерін  анықтау. 
«Суды қорғау» белгісін салу. 
4. Күн энергиясы
Күн  сәулесінің    адам,  жануарлар  және  өсімдіктер  әлеміндегі  рөлі. 
Күн энергиясын қалай пайдалануға болады? 
Практикалық жұмыс: Жыл маусымдарын анықтау. «Дене энергия-
ны қайдан алады?» тақырыбын талқылау. «Менің күн бейнем» суретін 
бейнелеу. «Күн көзі» ойынын жүргізу. Күнмен қалай сөйлескенің тура-
лы әңгімені жазу.
5. Жер және топырақ 
Топырақ  дегеніміз  не?  Топырақтың  адам  өмірі,  жануарлар  және 
өсімдіктер әлеміндегі рөлі. Топырақтың ластануы. 
Практикалық  жұмыс:  Топырақтың  құнарлылығын  анықтау.  Адам 
топырақты қалай пайдаланады? Видео жазба «Сергіту сәті». Топырақ-
тың ластану себептерін анықтау.
6. Өсімдіктер
Адам  және  жануарлар  әлеміндегі  өсімдіктердің  маңызы.  Маңғыс-
тау  облысының  өсімдіктері.  Адам  өсімдіктерді  қалай  пайдаланады? 
Өсімдіктермен жұмыс жасау ережелері.  
Практикалық жұмыс: Маңғыстау облысының өсімдіктерін анық-
тау.  «Адам  өсімдіктерді  қалай  пайдаланады?»,  «Адам  өсімдіктерге 
қандай  зиян  келтіреді?»  кестелерін  толтыру.  Видео  жазба  «Сергіту 
сәті».  Өсімдіктермен  жұмыс  жасау  ережелерінің  суретін  сал.  Егер 
өсімдіктер  болмаса,  онда  Жер  бетінде,  адамдар  мен  жануарлар 
әлемінде қандай өзгеріс болатыны туралы әңгіме жазу.
7. Жануарлар
Жануарлар дегеніміз не? Маңғыстау облысының жануарлары. Жа-
нуарлардың табиғат пен адам өміріндегі маңызы. Жануарлардың жойы-
луы және оларды қорғау шаралары. Жануарларды қорғау үшін қандай 
жұмыстарды жүргізуге болады? 
Практикалық жұмыс: Маңғыстау облысының жануарларының ат-
тарын жазу. «Жануарлардың адам өміріндегі атқаратын рөлі» тақыры-

6
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
бындағы кестені толтыру. Видео жазба «Сергіту сәті». Сурет бойынша 
аң аулау құралдарының аттарын табу. «Жануарларды қорғау ережелері» 
белгісін салу.
8. Қорытынды сабақ
Қоршаған орта компоненттерін тізбектеп айту. Келесі сұрақтарға 
жауап беру: Ауа құрамына қандай заттар кіреді? Тірі ағзалардың ты-
ныс алуы үшін қандай газ қажет? Ауаны ластанудан қалай қорғауға 
болады? Суды қорғау ережелерін жазу. Күннің Жер, жануарлар мен 
өсімдіктер әлеміндегі рөлі. Күн энергиясын қалай пайдалануға бола-
ды? Өлі теңіз жайындағы әңгімені талқылау. 
9. Табиғи зоналар. 
Табиғи зоналар дегеніміз не? Қазақстанның табиғи зоналары: орманды 
дала, дала, жартылай шөлді, шөлейтті. Маңғыстау облысының табиғи зона-
ларын сипаттау.
Практикалық  жұмыс:  Әрбір  табиғи  зонадағы  жануарлар  мен 
өсімдіктер әлемін сипаттау. Шөл даланың жануарларын анықтау. «Маң-
ғыстау облысының климаты» әңгімесіндегі қалып кеткен сөздерді тауып 
орнына қою. Туған өлкенің табиғатын бейнелеу. 
10. Экожүйе
Экологиялық жүйе дегеніміз не? Экожүйе неден тұрады? Экожүйе 
бөліктерінің өзара байланыстары. Экожүйенің бұзылуы.
Практикалық  жұмыс:  Экожүйенің  суретін  салу.  .  Видео  жазба 
«Сергіту сәті». Арал теңізі экожүйесінің бұзылу себептерін анықтау. Бұ-
зылған экожүйе туралы әңгіме жазу. 
11. Қоректік тізбек
Қоректік тізбек дегеніміз не?  Тұйықталған  қоректік тізбектер. Қо-
ректік тізбектің бұзылуы. 
Практикалық  жұмыс:  Қоректік  тізбек  пен  тұйықталған  қоректік 
тізбекті құрастыру. Берілген суреттер бойынша қоректік тізбектің жеке 
бөліктерінің  атауларын  табу.  «Қоректік  тізбектің  бір  бөлігі  жойылған 
жағдайда не болады» тақырыбында әңгіме жазу. Қоректік тізбекті мы-
сал түрінде  суреттеу. 
12. Табиғаттағы зат айналымы.
Зат айналымы түсінігі. Судың үш күйі. «Судың саяхаты» Капитошка 
туралы ертегі. 
Практикалық жұмыс: Табиғаттағы су айналымының өзара байла-
нысын анықтау. «Су саяхаты» әңгімесі бойынша сұрақтарға жауап беру. 
Видео жазба көмегімен «Капитошка саяхатын» қайта әңгімелеп беру. 
13. Табиғаттағы өзгеріс
Табиғаттың табиғи өзгерісі. Адамның іс-әрекетінен табиғаттың өз-
геруі. 
Практикалық жұмыс: Материктерді санау. . Видео жазба «Сергіту 
сәті». Сурет бойынша ертедегі жануарлардың аттарын анықтау. Таби-
ғатқа  адамның  ықпалын  білдіретін  белгіні  сипаттау.  Адам  қызметінің  

7
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
табиғатқа  қалай  ықпал  ететіндігі  туралы  кестені  толтыру.  Адамның 
әсерінен өзгерген табиғат пен жабайы табиғаттың суреттерін бейнелеу.
14. Табиғаттың маусымдық өзгерісі
Жыл мезгілдерінің ауысу себептері. 
Практикалық жұмыс:  Жыл мезгілдерін анықтау. «Жыл маусымы» 
суретін бояу. «Шытырман» ойыны. Жаздың иллюстрациясын салу. Күн 
жүйесі туралы видеожазба көру. 
15. Қорытынды сабақ.
Маңғыстау  облысының  табиғи  зоналары.  Келтірілген  тізімдегі  ар-
тық табиғи зонаны анықтау. Маңғыстау облысы туралы әңгімедегі дұ-
рыс сөздерді табу. Қоректік тізбекті құрастыру. Адамның іс-әрекетінен 
туындайтын қолайсыз теріс  ықпалдарды суреттеу. Адам табиғатта өзін-
өзі қалай ұстауы керек? Жұмбақтардың шешу.
16. Жануарлар мен өсімдіктердің бейімделуі.
Жануарлар  мен  өсімдіктер  әлемінің  бір  түрлері  жойылып,  екінші 
түрлерінің пайда болу себептері. Бейімделу түрлері. 
Практикалық жұмыс: Әңгіменің не жайында айтылып жатқанды-
ғын табу. Әңгіме мен сурет бойынша теңіз атауын анықтау. Өсімдіктер 
мен  жануарлар  әлемінің  аттарын  кестеге  жазу.  Қоршаған  ортаға  адам 
қалай бейімделетіндігі туралы әңгіме жазу. 
17. Ертедегі жануарлар
Ертедегі жануарларды сипаттау: птерозаврлар, мамонт, үлкен мүйізді 
елік, хиротерий мүйізтұмсығы, динотерий, қылыш тісті жолбарыс.
Практикалық жұмыс:  «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы» ви-
део  жазбасын  көрі.Суреттерді  қарап,  талқылау.  Видео  жазба  «Сергіту 
сәті».  
18. Менің Қызыл Кітабым
Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жойылу себептері. Қызыл Кітап-
тың пайда болуы. Қызыл Кітап деген не? Қазақстанның Қызыл Кітабы. 
Өсімдіктердің Қызыл кітабы. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін мемле-
кет  қалай  қорғайды?  «Қорық»,  «қаумал»,  ботаникалық  бақ»  дегеніміз 
не? Маңғыстау облысының сирек кездесетін өсімдіктері.
Практикалық жұмыс: «Жер бетін өсімдіктерсіз қалай елестетуге бо-
лады?» иллюстрациясын салу. Маңғыстау облысының сирек кездесетін 
өсімдіктерімен танысу. Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктердің сурет-
терін салу. Жоғалу қаупі төнген өсімдік  түрлері туралы ертегі жазу.
(Қосымшалар ішінде «Қара кітап» туралы мәлімет бар). 
19. Жануарлардың Қызыл Кітабы
Маңғыстау  облысының  Қызыл  Кітапқа  енгізілген  жануарларымен 
танысу:  үстірт  тау  қошқары,    қарақұйрық,  ителгі,  сабаншы,  қабылан, 
төрт жолақты шұбар жылан, каспий миноласы.  
Практикалық жұмыс: Өтілген тақырыпты қайталау: «Менің Қызыл 
Кітабым». Қызыл Кітапқа енгізілген Маңғыстау облысының жануарла-
рын сипаттау. Қызыл Кітапқа енгізілген жануарлардың суреттерін салу. 

8
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
20. Қорытынды сабақ
Маңғыстау  облысының  Қазақстанның  Қызыл  Кітабына  енгізілген 
жануарларын тізбектеу. Маңғыстау облысындағы қорғалатын өсімдік-
тердің аттарын жазу. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жойылу себеп-
терін анықтау. Маңғыстау облысында қандай қорықтар мен қаумалдар 
бар?  Жер  бетінен  жойылып  кеткен  жануарларды  атап  шығу.  Бірнеше 
жылдар бұрын жойылып кеткен екі жануардың суретін салу. Қорғала-
тын жерлерді суреттеу және аттарын біріктіру. Есепті шығару.  
21. Болашақта бізді не күтіп тұр? 
Әңгімелерді оқи отырып, қоршаған ортаның компоненттерін анықта:
• Су
• Ауа
• Топырақ (Жер)
• Өсімдіктер
• Жануарлар
«Болашақтан келген қонақтар» жайлы әңгімелерді оқи отырып, ат-
тарын тап:
• Қышқыл жауын
Парниктік эффект
• Жердің озон қабаты

9
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
№1 ТАҚЫРЫП. ҚОРШАҒАН ОРТА
Сабақтың  мақсаты:  Адамның  мекен  ету  және іс-әрекеттерін жү-
зеге асыратын, табиғи және адам қолымен жасалған материалдық әлем 
ортасы  қоршаған  орта  туралы  ғылыми  негізделген  мағлұматтар  беру, 
қоршаған ортаны қадірлеу сезімін ояту, оқушылардың дүниетанымдық 
көзқарасы мен оқу дағдысын жетілдіру т.б. 
Құрал-жабдықтар: проектор және экран (интерактивті тақта), оқу-
лық (жұмыс дәптері), слайд (тақырыпқа сай суреттер, кестелер), парта 
санына сай фишкалар –  , 
, ақ қағаздар, фломастер, түрлі-түсті қа-
рандаштар.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру сәті 
Сәлемдесу, оқушыларды есімі бойынша түгендеу, оқушылардың са-
баққа дайындығын, құрал –жабдықтарын тексеру.
2. Жаңа тақырыпты зерделеу: 
Тақырыппен таныстыру үшін кіріспе сұрақтар:
1. Қазір, айналаңызға көз салыңдаршы, қандай заттар бар? Олардың 
аттарын атаңыздаршы?
2. Егер қазір көшеге шықсақ, сіздердің айналаңызда қандай қорша-
ған орта құрамдастары болар еді?
3. Сіздерді қоршап тұрған, көзге көрінбейтін  ауа бар екендігін қалай 
байқауға болады?
Мұғалімнің мәтіні: Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған орта»(слайд 1)
Қоршаған орта – біздің айналамызды қоршаған, біз сезетін, көретін, 
пайдаланатын барлық заттар мен табиғат. Қоршаған орта табиғи неме-
се  адам қолымен жасалған жасанды материалдық әлем ортасы болуы 
мүмкін(слайд 2). Қоршаған ортаның барлық құрамдастары бір-бірімен 
өзара  тығыз  байланысты.  Бұл  құрамдастардың  баршасының  маңызы 
бірдей. 
Адамның, өсімдіктер мен жануарлардың өміріне ауа, су, тағам, жылу, 
күн сәулесі қажет. Жылу және жарықсыз, ауа және сусыз тірі заттардың 
тіршілік етуі мүмкін емес.
Адам тіршілік етуіне қолайлы баспана, түрлі бұйымдар, техникалық 
құрал-жабдықтар  жасау  үшін  қоршаған  ортаның  барлық  құрамдаста-
рын (компоненттерін) бей-берекет, есепсіз пайдалану табиғатқа зиянды 
әсерін тигізеді.   
Сурет бойынша әңгімелесу(слайд 3).
• Cуреттен не көріп тұрмыз?
• Жануарларға нелер жатады?
• Орманда нелер болады?
• Ауа мен су туралы не білеміз?
• Топырақ деген не?

10
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
• Қандай өсімдіктерді білеміз?
• Адам қоршаған ортаға қалай әсер етеді?
• Қоршаған орта деген не? 
• Қоршаған ортаның құрамдастарына  нелер жатады?
• Жылу және жарықсыз, ауа және сусыз заттар тіршілік ете алмайды?
• Адамға өсімдіктер мен жануарлар, ауа, су, тағам, жылу мен жарық 
не үшін қажет?
3. Қорытындылау:
Балалар,  сіздер  бүгінгі  сабаққа  қандай  көлікпен  келдіңіздер  және 
қандай оқу құралдарын әкелдіңіздер?
Оқушылар күнделікті өзі қолданып жүрген (кітап, дәптер, теледи-
дар, велосипед, доп т.с.с.) тізімін жасайды, адам жасаған құралдарды 
топтап, «жасанды» ұғымын нақтылайды.
Кестемен  жұмыс  (слайд  4).  Ең  алдымен  оқушылар  бірінші  ба-
ғанадағы  құрамдастар  тізбесімен  таныстырылады.  Олардың  ішінен 
бірінші табиғат құрамдастарының жасанды ортасын (адам қолымен 
жасалған) таңдап алады, содан кейін табиғи ортаны белгілейді. Пар-
тадағы екі оқушының өзара ақылдасып ортақ шешім алуына рұқсат 
етіледі. Ортақ жауап бойынша келісімге келген парта бір фишканы 
көтереді.
(Табиғи орта –  , жасанды орта – 
 ). 
Кесте 1. Жауаптарды тексеру матрицасы
Су
Ауа
Тоңазытқыш
Күн
Жер
Ұялы телефон
Өсімдік
Жануар
Техникалық құралдар
Пластикалық бөтелке
Мұғалімнің мәтіні: Қоршаған ортаның барлық құрамдастары бір-
бірімен  өзара  тығыз  байланысты.  Бұл  құрамдастардың  баршасының 
маңызы  бірдей.  Адам  тіршілік  етуіне  өсімдіктер  мен  жануарлар,  ауа, 
су,  тамақ,  күн,  жылу,  жарық  қажет.  Адам  қоршаған    ортаның  барлық 
құрамдастарын (компоненттерін) техникалық құрал-жабдықтар жасау 
үшін қолданады (слайд 5).

11
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Сергіту сәті: «Алғашқы танысу». Оқушылар орындарынан тұрғы-
зылып,  ортадан  екіге  бөлініп,  ортадағы  парта  қатарының  екі  жағына 
тізіліп тұрғызылады. 
Тапсырма:  Сіздер  қазір  қарама-қарсы  жүріп,  әрбір  қарсы  келген 
оқушыға  қолдарыңызды  жүректеріңе  қойып,  «Сәлемәтсіз  бе!  Менің 
есімім – ... » деп өз атыңызды айтып амандасып, келесі оқушыға өтесіз, 
сөйтіп екі топ бір-бірімен танысады. (Топтауды партада отыру нұақа-
ларымен жасаған ыңғайлы). 
Білімді бекіту
 – тапсырманы таныстыру жұмысы (слайд 3). Суретке 
қарап, адамның жануарларға қамқорлығы және кейбір жануарлар түр-
лері жойылып кетуі туралы әңгіме құрастыр.
«Ойлан, төмендегі жауаптың қайсысы дұрыс» (слайд 6) тапсырманы 
ауызша орындау және «Табиғат» ұғымы туралы мұғалім қорытындысы.
Табиғат. Тірі (жанды) және өлі (жансыз) табиғат. 
Суретпен жұмыс (слайд 7). 
1. Оң жақтағы суреттен не көріп отырсыңыз? (күн, тау, бұлт, от, су, 
жер).
2.  Сол жақтағы суреттен ше? (өсіп тұрған ағаш, аю, құс, көбелек, 
гүл, бала, қоңыз).
3. Бірінші суреттегі күн, тау, бұлт, от, су, жер жүре ала ма, тыныс 
алады ма, қоректене ме?
4. Екінші суреттегі өсіп тұрған ағаш, аю, құс, көбелек, гүл, бала, қо-
ңыз жүре ала ма, тыныс ала ма, қоректене ме?
5. Демек, бұлардың қайсысы өлі, ал қайсысы тірі табиғатқа жатады 
екен?
Кестесін толтырыңдар (слайд 8).
Қайталау – Тапсырманы орында (слайд 9).  Бірінші В 
кестесімен жұмыс жасалып, содан соң қорытындылау үшін 
Б кестесін толтыру тапсырылады. 
1. Оқушылар, қазір мен табиғаттағы жанды (тірі) және 
жансыз  (өлі)  құрамдастардың  қасиеттері  туралы  (слайд 
9.Кесте В) бір-бірлеп 12 ерекшелікті айтамын, сіздер мұқият 
тыңдап, ойланып, мен қол соққанда ғана, айтылған қасиет 
жансыз құрамдасқа қатысты болса партада айқасқан қолдарыңа баста-
рыңды қойып «ұйқыға» кетесіздер. Ал егер сөйлем жанды құрамдасқа 
қатысты болса, түрегеліп, қолдарыңды шапалақтайсыздар. 
2. Өз бетімен, өзін өзі тексеру сатысы (экранға шығарылып, сол бо-
йынша, оқушылар өз жауаптарын партадағы жұптар болып өзара тексе-
реді де, сәйкессіздіктер бойынша талқылау жасап, ортақ шешімге келу-
ге үйретіледі).

12
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Сурет. 1. Тапсырма жауаптарының үлгілік нұсқасы(слайд 9)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет