Бастауыш сыныптарға арналған «Қоршаған орта экологиясы»



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#7907
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қосымша сұрақтар: 
1.  Құрлықта  кездесетін  өсімдіктер  мен  таулардың  айырмашылығы 
неде?
2. Құс та, самолет те ұшады, олардың айырмашылығы қандай?
3. Қозғалуға қабілетті автомобиль неліктен табиғаттың жансыз және 
қоршаған ортаның жасанды құрамдастарына жатқызылады
Өз бетімен жұмыс: В кестесін толтыру
Сабақты қорытындылау: Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызды 
түйінделік!
1. «Қоршаған орта» дегеніміз нелер және кімдер?
2. Жасанды және табиғи ортаның айырмашылығы неде? (мысалдар 
келтірелік). 
3. Тірі (жанды) және өлі (жансыз, заттық) табиғат құрамдастарының 
ерекшелігі қандай? (Мысал келтірелік).
4. Үй тапсырмасы:
1. Тапсырманы аяқтау 3-ші слайд бойынша;
2. Ата-аналарыңмен бірлесіп «Тірі және өлі табиғат» сөзжұмбағын 
шешу.
№2 ТАҚЫРЫП. АУА
Сабақтың мақсаты: ұғымдарды, ғылыми нақты деректерді ғылыми 
тұрғыдан меңгертуді ұйымдастыру, «Ауа және оның құрамы» ұғымын 
түсіндіру, ауа туралы толық мағлұмат беру, ауаның құрамдастары (от-
тегі, көмірқышқыл газ) және жанды тіршілік (жануарлар мен өсімдік-
тер) арасындағы өзара байланысты анықтау т.с.с. 
Құрал-жабдықтар:  проекциялық  аппарат  кешені  не/немесе  жұм-
бақсөз мәтіндері жазылған карточкалар, сөзжұмбақ тор кестесі, «Қор-
шаған орта» тақырыбындағы кілттік сөздерді жинақтау суретті кестесі, 

13
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
слайдтар, парта санына сай қағаз зырылдауық дайындамалары (15 дан 
10 х 10 см қағаз төртбұрыш, 15 – 3 см қалпақты шеге), 2 минуттық құм-
сағат  немесе экрандық таймер. 
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру сәті.
Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын, сынып бөлмесінің 
сабаққа дайындығын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылар, өз қалауымен, адамның қоршаған ортаға әсер етуі тура-
лы айтады. 
Бағыттау сұрақтары:Адамның топыраққа, суға, ауаға, өсімдіктер 
мен жануарларға қалай әсер ететіндігіне мысал келтіре аламыз ба?
Енді  біз  бәріміз  бірге,  сөзжұмбақ  жауаптарын  қаншалықты  дұрыс 
шешкенімізді тексерелік(слайд 10- Тақырып№2).
Мұғалімнің мәтіні: Балалар! Біздің сөз жұмбағымыздың тақырыбы 
қандай? (Жауап болмаса немесе қате жауап айтылса, мұғалім: көлденең 
жолды бояйды.). Сонымен сөзжұмбақ тақырыбы қандай? – 
ТАБИҒАТ)
Білімді жүйелеу тапсырмасы: жұмбақ жауаптарындағы нысандар 
табиғаттың қандай құрамдасына жататындығын және олар қандай қор-
шаған ортаның өкілдері екенін анықтайды.(жинақтаушы кестеге жауап-
тары толтырылады)
3. Жаңа тақырыпты зерделеу (слайд 1).
Мұғалімнің мәтіні
балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ке-
лесі жұмбақта жасырылған. Қане, мұқият, назар салып , тыңдаңыздар 
(слайд 2). Жауап қандай? Ендеше бүгін «Ауа» туралы ғылыми деректер-
мен танысамыз.
Тақырыпқа кіріспе – тыныс гимнастикасы
Мұғалімнің мәтіні:
 Қазір біз тыныс алуға байланысты бір жаттығу 
жасаймыз. Барлығың өз парталарыңның жанына шығып, маған қарай 
бұрылып тік тұрыңдар (Балалар парта жанында бір-біріне бөгет жаса-
мас үшін 45 градусқа бұрылып тұрады). Енді алақандарыңды жоғары 
қаратып қолдарыңды екі жаққа тіке созыңдар (Мұғалім бұл қимылды 
өзі жасап көрсетеді, қол иық деңгейінде толық жазылады). Енді менімен 
бірге қолдарыңды шынтақтан бүгіп, алақандарыңмен ауаны ауызға қа-
рай желпіп, мен 1, 2, 3, 4 деп санағанша «Аааа у» деп ауызбен ауа сора-
мыз да, 5, 6 дегенде қолды жазып ауаны сыртқа шығарамыз. Осылайша 
4 рет қайталаймыз. Рахмет, балалар, орындарыңа отырыңыздар. 
Балалар, осы жаттығу кезінде бәріміз бір сөз айтқан сияқтымыз?! ... 
балалар жауабы тыңдалады. Партадағы оқушылар бір-біріне қарап оты-
рып, кезекпен жаттығуды қайталайды және кезекпен бір-бірінің дыбы-
сын тыңдайды. (АУ –А) 
 Сонымен “
Ауа” сөзі «демін ішіне тарту» және «шығару», яғни «де-
малу» қимылының дыбысталуы екен. Ауа – өлі табиғаттың бір бөлігі. 
Біз ауамен тыныс аламыз. 

14
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Ауа құрамы
4-ші  слайдқа  қарайық,  шардың  ішіндегі  ауа  құрамына  назар  сала-
лық.
 Боялған бөліктер оның құрамдастарының үлестік мөлшерін көрсе-
теді. Қандай түстер бар, қайсысы көп, қайсысы аз мөлшерді белгілейді? 
Сонда ауа құрамындағы негізгі газдар саны қанша болғаны? Қазір «Ауа 
құрамы» мәтінін оқып, осы газдардың аттары және ерекше қасиеттері-
мен танысалық (слайд 4) 
4. Қорытындылау: 
Ауа  –  негізінен  азот,  оттегі  және  көмірқышқыл  газдарынан  тұра-
тын қоспа. Олардың арасындағы тіршілік үшін аса маңыздысы, жасыл 
өсімдіктер бөлетін  – ОТТЕГІ. 
Суретті  зерттейік  (слайд  5).  Тасбақа  және  жасыл  шалғын-ағаштар 
нені білдіреді? Олар қандай ірі тіршілік дүниелерінің өкілдері? (жануар-
лар), ағаштар ше? (өсімдіктер)...пікір алысу..
Мұғалім бағыттауы: Сонымен бұл сурет бізге екі газдың (қандай?), 
екі  тіршілік  дүниесінің  (қандай?)  арасындағы  үздіксіз  газ  айналысын 
түсіндіру міндетін атқарғалы тұр. Енді бағыттаушы көрсеткішпен ауа-
дан (оттегі) бастап, суреттермен жүріп шығалық. 
Сұрақ. Бұл айналым нені білдіреді? Суретті оқу-танымдық зерттеу-
ден қандай қорытынды шығарамыз. Ауаның (оттегі мен көмірқышқыл 
газы) жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі рөлі қандай?!
Аралық қорытынды
: Жер бетіндегі тіршілік тынысы үшін оттегі аса 
маңызды, Оны жасыл өсімдіктер жасап шығарады. Оттегімен адамдар 
және барлық жануарларлар тыныс алып, орнына көмір қышқыл газын 
шығарады.  Көмірқышқыл  газын  өсімдіктер  сіңіріп  қайтадан  оттегін 
шығарады.  Сөйтіп  газдардың  осы  айналысы  Жер  бетіндегі  тіршілікті 
қамтамасыз етеді. 
Сергіту сәті: «Тыныс алу және мойын еттерін шынықтыру»
БК (бастапқы күй) – оқушылар партада қалай дұрыс отырады? Сол 
ержеге сай түзеліп, тіке маған қарап отырыңдар.
Жаттығуды орындау: мен 1 дегенде денені қозғамай басты шалт оңға 
бұра тыныс аламыз, 2, 3, 4 санағанда баяу тыныс шығара бастапқы күй-
ге келеміз. 5 дегенде тыныс ала басты шалт солға бұрып, 6, 7, 8 сана-
ғанда баяу тыныс шығара бастапқы күйге келеміз. 9 дегенде тыныс ала 
басты шалт артқа шалқайтып, 10, 11, 12 санағанда баяу тыныс шығара 
бастапқы қалыпқа келеміз. Осы жаттығуды 4 рет қайталаймыз
Шағын  зерттеу:  Оқушылар  сыныптағы 
экран (компьютер), гүлдер және терезе саны-
на  қарай  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Тапсырма: 
терезе, терезе алды, гүл жапырақтары, экран 
беті, шкаф сөрелерінің тазалығын тексеріңіз-
дер.  Бұлттардың  қозғалысын  бақылаңыздар! 
Терезеден  түскен  күн  сәулесі  шоғырын  мұ-
қият зерттеңіздер. (3 мин). 

15
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Нәтижесін топтың бір мүшесі хабарлайды (шаң-тозаң) 
Қорытындылау сұрағы: 
1. Бөлмеге шаң-тозаң қайдан келеді? ....Пікір алмасу(себебін анық-
тау).
2. Ауа құрамында газдардан басқа тағы не болады? 
Бүкіл сынып оқушыларының дауыс беру арқылы жауаптары анық-
талады (Кім жауапқа қосылады – «Иә +», кім жауапты дұрыс емес деп 
санайды – «жоқ – ).
Мұғалімнің мәтіні: ТҮЙІН: Ауа құрамында азот, оттегі, көмірқыш-
қыл газ және шаң-тозаң, сонымен қатар су буы мен сіздер 8 сыныпта 
химия пәнінен танысатын «асыл (инертті) газдар» болады.  
Жаңа  тақырып  бойынша  өз  бетімен  жұмыс
  (слайд  6).  Оқушылар 
шартты үш топқа («Диірмен», «Ауа шары», «Желкенді кеме») бөлінеді. 
Тапсырма:оларға өз суреттері бойынша жауап дайындау тапсырылады. 
Топтар  жауаптарын  өзара  талқылап,  капитан  сайысына  2  минут  бері-
леді. Капитан есеп береді. Сынып жауаптың дұрыстығына және толық-
тығына дауыс береді. 
Ауаның ластануы(слайд 7).
 Балалар есте сақтаңыздар- адам сусыз 
2-3 күн өмір сүре алады, тамақсыз – одан да көп, ал ауасыз – тек 5-7 
минут  қана  өмір  сүреді.  Адамдарға,  жануарлар  мен  өсімдіктерге  таза 
ауа қажет.
8-ші слайд бойынша өз бетімен жұмыс.Түрлі
 ластаушылардың адам-
дар мен табиғатқа зиянды әсері қандай?
Ауаны ластанудан қалай қорғаймыз? (слайд 9). Төрт топқа бөлінеді, 
топ басшысын сайлайды.
І топ –Ауа таза болу үшін, кәсіпорындарда шаң-тозаңды, күйені, улы 
газдарды ұстайтын қондырғы орнатылады;
ІІ топ – Ағаштар мен бұталарды, гүлдерді көп отырғызу керек. Мұ-
ның барлығы – біздің планетаның «өкпесі»;
ІІІ топ – Болашақта ауаны ластамайтын жаңа автомобильдер пайда 
болады.
ІV топ – Көп жаяу жүру және велосипедтерді пайдалану керек. Ве-
лосипед ауаны ластамайды және қозғалыс адам денсаулығы үшін пай-
далы;
Білімді бекіту сұрақтары
1. Адам мен жан-жануарлар ауасыз өмір сүре ала ма?
2. Ауа қандай заттармен және газдармен ластанады?
3. Маңғыстау облысында ауаның ластануы неге байланысты?
4.  От  жағу  кезінде,  автомобильдер  жетегі  жұмыс  жасап  тұрғанда 
қандай газдар бөлінеді?
5.Ауа құрамындағы шаң-тозаң, зиянды заттар адамдар мен жануар-
ларға қалай әсер етеді?
6.Ауаны негізгі ластаушыларға нелер жатады?
7. Ауаны қалайша ластанудан сақтауға болады?

16
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
5. Үй тапсырмасы және бағалау:
Таза ауа болмаған жағдайда, Жер бетіндегі өмірдің қандай болатын-
дығын үйден бейнелеп келу 
№3 ТАҚЫРЫП. СУ
Сабақтың  мақсаты:  Адам  өміріндегі,  жануарлар  мен  өсімдіктер 
әлеміндегі  судың  рөлі  туралы  оқушылардың  өз  біліміне  сүйене  оты-
рып, су туралы мағлұматтар беру. Танымдық қызығушылықты дамыту, 
қиялдау (елестету), ойлау, есте сақтау, сөйлеу мүмкіндігін байыту; білім, 
білік және дағдыларын  (ББД) емес ақыл-ой әрекеті тәсілдерін (АОӘ) 
қалыптастыру 
Құрал-жабдықтар: проектор және экран (интерактивті тақта), оқу-
лық (жұмыс дәптері), слайд (тақырыпқа сай суреттер, кестелер), 2 ми-
нуттық құмсағат немесе электрондық таймер. 
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру сәті.
Сәлемдесу, сынып кезекшісінің хабарламасы. 
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Бүгінгі сабағымызды суретшілеріміздің үй тапсырмасына салған су-
реттерімен танысудан бастаймыз, суретшілер жұмыстарыңды тапсыры-
ңыздар! 
Мұғалім, жұмыстардың бірін таңдап, сканерлеп экраннан сыныпқа 
көрсетеді  немесе  ксеро  көшірмелерін  шығарып  әр  топқа  таратуға  ке-
зекшіге береді. 
Мұғалімнің мәтіні: Балалар, суретті мұқият зерттеп, тек қана бір не 
екі сөзден тұратын атау ойлап табыңдар (пікірлесуге, атау тауып, оны 
қысқаша таныстыруға 1 мин. уақыт беріледі). Осылайша барлық үй жұ-
мыстары сыныппен зерттеледі. (10 мин.) 
Қанатты сөзді тыңдап, есте сақтаңыздар – «Таза АУА – денсаулыққа 
дауа»
Қайталау: «Ауа» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер 
1. Ауа таза болу үшін Сіз және Біз не істай аламыз? 
2. Табиғаттағы ауа айналысы қалай жүретіндігін еске түсірелік? 
3. Ауа тазартатын ең қуатты ауа тазартқыш қалай аталады? 
Сергіту сәті: 
Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым, Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы – СУ дегенің осы
(Оқушылар толқын мен жуынудың қимылдарын жасайды)
3.  Жаңа  тақырып:  Бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:  «СУ» 
(слайд 1)

17
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Мұғалімнің мәтіні
: «Су! Оның дәмі, иісі, түсі де жоқ, оны сипаттай 
алмайсын, оны ішкенде адам рахаттанады. Ол өмірдің нәрі, тіршіліктің 
көзі... Ол әлемнің ұлы байлығы...» (слайд 2).
Балалар,  сынып  журналы  тізіміндегі  бірінші  оқушыдан  бастап, 
барлығың  бір  не  екі  сөзбен,  суды  қайда  кездестіргеніңіз  туралы  ай-
туыңыз қажет. Ескерту! Бұрын айтылған сөзді қайталауға болмайды, 
егер кімде-кім айтылған сөзді қайталаса бастарыңызды шайқаңыздар. 
Қателескен оқушы ойыннан шығады. Сондықтан жауаптарды мұқият 
тыңдаңыздар!
Бірінші оқушы өз жауабын айтады, мұғалім: оны нөмірімен тақтаға 
жазады. Осылай барлық оқушылар өз пікірлерін білдіреді. (Егер, тақта-
ға жазу мүмкіндігі болса 4 оқушы қатар жазып, ол жерде сынып оларға 
сараптама жасайды).
Ал, енді 3-ші слайқа назар аударайық. Суреттерді мұқият қараңыз-
дар. 
Тапсырма: өзіңіздің айтқан жауабыңыз қай суретке сәйкес келетінін 
анықтап, айтыңыздар (Дайын болған оқушы орнынан тұрып  айта бе-
реді).
Слайдтағы суреттерге қосымша кім тағы қандай сурет қосқысы ке-
леді?  (мұғалім пікірлерді тіркеп отырады)
Адамның, өсімдіктер мен жануарлардың өміріндегі судың рөлі тура-
лы 4-ші слайдтағы материалдарымен танысалық (мәтінді тілек білдір-
ген оқушылар оқиды, қалған оқушылар кітап бойынша, олардың дұрыс 
оқуы мен айту ырғағын қадағалап отырады)
 
Мұғалімнің мәтіні:
 Өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың барлы-
ғына су қажет. Сусыз тіршілік болмайды (слайд 5).
Олай болса келесі мәтелді жаттап алалық: 
«Күн, ауаға суды қос – 
үшеуі бізге адал дос» 
Судың ластануы (слайд 6). Тыңдаңыздар, біздің досымыз СУДЫҢ 
жағдайына не болмақ:  Жер бетінде су көп, бірақ таза су күннен-күнге 
азайып барады. Суға ластану қаупі төніп тұр.
7 және 8 слайдтағы кестенің жолдарын толтыру.
1. Суды не үшін және қалай пайдаланасың?
2.  Пайдаланғаннан кейін су қайда кетеді?  (ойланып, жаз).
Сурет пен мәтін бойынша зерттеу (слайд 9). «Суды ең көп ластай-
тындар кімдер?».(Оқушылар төрт топқа бөлініп, сурет пен мәтінді өз 
сөздерімен айтып береді, әр топқа 2 минуттан,  8 – минут).
Нәтижесінде су ластанғанда не болады? (слайд 10). Оқушылармен 
ауызша түрде талқылау.
4. Қорытындылау: 
Мұғалімнің мәтіні: Суды қорғауымыз қажет! Суымыз таза болса,-
табиғи ортамыз сұлу, денсаулығымыз сау болады. Біздің елімізде суды 
қорғауға бағыттылған бірқатар заңдар қабылданды. Олардың орында-
луын мемлекеттік органдар мен экологтар қадағалайды (слайд 11).

18
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
5. Үй тапсырмасы (слайд 12): 
Суды дұрыс пайдаланудың ережелерін оқып, әрбір ережелерге  сәй-
кес ескерту таңбалардын суретін салыңдар. Өздерің ойлап табыңдар. 
Ата-аналарыңмен бірлесіп жұмбақ шешу (жұмбақтарды жаттап ал) 
және сөзжұмбақ шешу (слайд 13).
№4 ТАҚЫРЫП. КҮН ЭНЕРГИЯСЫ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдері және өмірлік 
тәжірибесін  пайдалана  отырып,  Күннің  Жер  бетіндегі  энергияның 
негізгі  көзі  екендігі  туралы,  оның  тірі  организмдердің:  өсімдіктер, 
жануарлар және адам тіршілігіндегі маңызы туралы түсінігін қалып-
тастыру;  Энергия  айналысы  ұғымын  түсіндіру  және  күн  энергия-
сын пайдалану мысалдарын зерттеу, оқушылардың белсенді ізденіс 
әрекетін  ұйымдастыру,  тапсырманы  бірлесіп  орындау  дағдыларын 
жетілдіру.
Құрал-жабдықтар:  көрнекі  +  бейнелі  +  практикалық  +  электрон-
дық құралдар: проектор мен экран (интерактивті тақта), «табиғат қорғау 
белгілері» кестесі, үй тапсырмасын тексеру үшін сөзжұмбақ тор кестесі, 
«Теллурий  (Күн-Жер-Ай)  моделі»  демонстрациялық  моделі,  оқулық 
мәтіндерінің карточкалары, смайликтер суреті 
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру сәті
Сәлемдесу, сынып кезекшісінің хабарламасы.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге тапсырма қандай тақырып бойынша беріліп еді? Барлығың да 
үй тапсырмасын орындадыңдар ма?
Жұмбақтарды  кімдер  жаттап  алды?  (слайд  13  тақырып№3).  Олай 
болса,  жұмбақтарды  мәнерлеп  айту  шеберліктеріңді  тыңдап  көрелік. 
Жұмбақтың  жауабын  кім  біледі?  (Шешімін  тапқан  сөзжұмбақтың 
төртбұрышпен  қоршалған  бөлігін  толтырады).  Соныңда  сары  түспен 
белгіленген – БҰЛАҚ сөзін оқимыз. Балалар, сөзжұмбақтың әрбір ұя-
шықтарын толтырып, кілтті сөздерді табайық! (бұлт, бұршақ, көл, там-
шы, толқын – БҰЛАҚ).
Шағын көрме өткізу. Суретшілер өз жұмыстарымен сынып алдына 
шығады,  оқушылар  үй  тапсрымасын  орындауға  бөлінген  топтарымен 
шығып суреттермен танысады, авторларға сұрақтар береді, өзара пікір-
леседі. Суретшілер дайындаған белгілерге жазбаша атау беру (талқы-
лауға, жауап беретін көшбасшыны таңдауға 2 минут). 
Қысқаша мазмұны: Суды, әсіресе ауыз суды, су пайдаланудың бар-
ша ережелерін қатаң орындай отырып, көздің қарашығындай сақтау қа-
жет!!! 

19
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
3. Жаңа тақырыпты зерделеу (слайд 1-3): 
Тақырыппен таныстыру үшін кіріспе сұрақтар:
1. Сіздер, таңертең сағат нешеде оянасыңдар? Балалар жауаптары...
2. Бүгінгі күннің ауа-райын қалай байқадыңдар, қандай киім таңда-
дыңдар, неліктен?
3. Өсімдіктер, жануарлар және адам өміріндегі күн сәулесінің рөлі 
қандай?
4. Қазір қандай жыл маусымы, одан кейін қандай жыл маусымы келеді?
5. Күн мен түннің ұзақтығының өзгерісі, жылылық пен салқындық 
алмасуының себебі неде?  
6. Маусымдық өзгерістер сипаты туралы не айтасыз?
7. Жыл мезгілінің қайсысы саған ұнайды және қандай ерекшелігімен 
ұнайды? 
8. Көктемде және қыста үй қасынан қандай құстарды байқағаныңыз-
ды айтып беріңдер?
9. Өсімдіктер үшін күн сәулесінің рөлі неде?
Оқушылады 4 топқа бөлеміз. Әрбір топ 2-ші слайд бойынша мәтінді 
оқып шығады. Әрбір топтан, мұғалімнің таңдауы бойынша бір өкілдің 
оқылған мәтін мазмұнын өз сөзімен қайталап, айтып береді. 
4-ші слайд бойынша тапсырманы орындау. 
Түйін (слайд 5): Адам өмірінде жарық басты рөл атқарады. Аспан 
ашық  күндері  адамдардың  басым  көпшілігінің  көңіл-күйі  жаңбырлы, 
бұлтты күнге қарағанда жоғары болады.
Сергіту сәті: «Күн көзі» ойыны (слайд 6).
Маша мен Адиляның диалогын оқыңдар (слайд 7). Сіздер таңертең 
не тағам жедіңдер, өсімдіктер мен жануарлар энергияны Күннен ала ма? 
Мұғалімнің  мәтіні:  Ішіңді  сипала,  ол  жұмсақ.  Бұл  дегенің  сенің 
теріңнің астында май қабаты орналасқан. Сен аш болған кезде өмір сү-
руіңе мүмкіндік беретін энергия осы майда  жинақталған. Адам тамақ-
сыз белгілі уақытқа дейін өмір сүре алады. Ол өзіне басқа тірі ағзалар 
секілді энергияны жинақтайды. 
Табиғаттың көптеген процестері бәсеңдесе де, жиналған энергия тірі 
организмдердің өмір сүруінің жалғасуына әсер етеді. Жер бетіне түнде 
күн энергиясы түспейді. Су аз буланады, ауа салқындайды. Бірақ тірі 
организмдерде зат алмасу процесі тоқтап қалмайды.
Мұғалімнің мәтіні: тірі ағзалар Күн энергиясының қорын жинайды.
Талқылау: Біз күн энергиясын қалай қолданамыз?
Сурет бойынша өз бетімен жұмыс (слайд 8-9).
Мұғалімнің мәтіні: Ауылда душты қалай жасайды? (үстінде бөшке-
ге су толтырылған кабина).
Маңғыстау облысында жылына 320 –ға жуық шуақты күндер бар. 
Сол себепті Маңғыстау облысы мен басқа Қазақстанның облыстарын 
электр энергиясымен қамтамасыз ететін күн батареясын орнатуға бола-
ды (слайд 10).

20
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
4. Қорытындылау: 
Сұрақтарға  жедел  жауап  беріңдер  (Сыныппен  жедел  сұрақ 
жауап):
1. Күн Жер бетіндегі барлық тірі заттарға  не береді? (жарық, жылу)
2. Маусымдық өзгерістерді  не анықтайды? (Күннің жерден қашық-
тығы өзгеруі)
3. Өсімдіктер тіршілік үшін қандай рөл атқарады?  (энергияны қорын 
жинақтайды, оттегін бөледі)
4. Күн Жерге не береді? (энергия)
5. Қанша жыл мезгілі бар? (4)
6. Күн энергиясын ғимараттарды жылыту көзі ретінде пайдалануға 
бола ма? (иә, күн батареяларымен)?
7. Автомобиль күн энергиясымен жүре ала ма (иә, күн аккумулятор-
лары арқылы)
8. Күн энергиясымен суды қыздыруға бола ма? (иә)
Ойын «Күннің көзі» (слайд 11).
Сабақты талдау: Күн энергиясы таза, яғни пайдаланған кезде қор-
шаған ортаны ластайтын қосымша өнімдер (улы газдар, күл, түтін) бөл-
мейді!
5. Үй тапсырмасы 
Әңгіме жазу (слайд 12).
Сурет салу (слайд 13).
№5 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ
Сабақтың мақсаты: Ең игі құндылық – табиғат пен адамның үй-
лесімді  дамуы  екендігін,  табиғаттың  дүние  жаралғаннан  бері  теңдесі 
жоқ құнды құбылыс екендігін түсіндіру. Оқушыларда адам мен таби-
ғаттың өзара әсерін бағалау, қоршаған ортаны жеке тұлғаның тұрақты 
қамқорлық нысанына айналдыру ниетін ояту
Құрал-жабдықтар: вербальдық + көрнекі + практикалық: проектор 
және экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері), слайд (тақы-
рыпқа сай суреттер, кестелер), бейне клиптер,  фломастер, түрлі-түсті 
қарындаштар.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайынды-
ғын тексеру. Сынып кезекшісіне не басшысына оқушылардың үй тап-
сырмасын орындауын тексеруге тапсырма беру, үйден дайындаған су-
реттерін жинату
2. Үй тапсырмасын тексеру: 
«Менің Күн келбетім» 1-ші тақырыбына салынған үй тапсырмасын 
талқылау.

21
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Мұғалімнің мәтіні
Балалар, қазір барлығың «Тексеруші мұғалім» 
рөліне тағайындаласыңдар және көршіңіздің «келбеті (қасиеті)» толты-
рылған суретін алып, қызыл қарындашпен досыңыздың өзін- өзі баға-
лауына келіспейтін Күн сәулелеріне «қарғаша – 
» белгісін қоясың-
дар. Тапсырманы аяқтаған бойда маған сурет авторының тегі, аты, ол 
салған барлық сәулелер саны және сіз келіспеген қасиеттері саны ту-
ралы мәліметті хабарлайсыңдар. Содан соң суретті өзіне қайырып, өз 
суретіңізді алып, тексеру нәтижесімен танысасыз да, өзара пікірлесесіз 
(келісемін, келіспеймін). Пікірлесуге 3 минут уақыт беріледі.
Мұғалімнің мәтіні
: Енді мұқият тыңдаңыздар! Мен сіздердің құр-
быларыңыздың жиі қолданатын басты Күн қасиеттерін бір-бірлеп оқи-
мын. Ал, Сіздер олар суреттеріңде бар болса, оны сары түспен дөңгеле-
те қоршайсыздар. 
Кесте. 6 – «Күн сәулелі қасиеттер»
Байыптылық Айбындылық Мейірімділік Көшбасшылық Ақылдылық
Сыйластық
Табандылық Парасаттылық Шыншылдық
Әділдік
Ақжүректілік  Өзін-өзі ұстай 
білушілік
Шыдамдылық
Жомарттық
Өзін-өзі 
дұрыс 
бағалау
Партадағы көршіңізбен суреттеріңізді алмасып, тағы да тексеру жа-
сап, өз досыңыздың қанша пікірі мұғалім тізбесімен сәйкес келгенін ма-
ған хабарлайсыздар!
Мұғалім нағыз «Күн сәулелі қасиетті» оқушылар туралы жариялай-
ды. 
Мұғалімнің мәтіні: Естеріңде болсын! Күнмен жақсы қарым-қаты-
настағы адам, күн сәулесі тәрізді шуақты қасиеттерге ие  болады!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет