1.1. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау пәні тәрбиеші педагогтарды болашақта іс –жүзінде өзінің кәсіби қызметінде басшылыққа алатын оқыту мен тәрбие үдерісінің іргелі идеяларымен, заңдарымен, заңдылықтарымен, оқу тәрбие үдерісінің әдісналық негіздерімен, ұстанымдарымен, жетекші педагогикалық теорияларымен таныстыру, игеруді көздейді. Пәнді оқыту қажеттілігі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және оларды жүргізу әдістерін, ерекшеліктерін білу болып табылады.
1.2 Пәннің мақсаты: - Педагогикалық зерттеулердің деңгейін жоспарлау;
- Оқыту, тәрбиелеу және дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашу;
- Ғылыми әдебиеттермен, ақпарат құралдармен жұмыс орындау;
- Ғылыми мақсаттарға талдау жасауды меңгеру;
- Ғылыми зерттеу жұмыстарына назар аудару, саралау;
- Эмперикалық әдістерді қолдана білу, оның нәтижесінде алынған мәліметтерді таңдай білу (сапалық және сандық жағынан).
1.3. Пәннің міндеттері: - Ғылыми зерттеулерді жоспарау, білім беру және тәрбие жұмыстырын жүргізуде зерттеу әдістерін қолдана білу;
- Эмперикалық және теориялық зерттеулер жөнінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістерін жасау, теория құру;
- Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
- Жеткіншектердің психологиясын терең жан-жақты білу;
- Жастармен жұмыс істеудің ерекшеліктері, тәлімгер жұмысының сан- алуан ерекшеліктері мен онтайлы нұсқауларын игеру;
- Еліміздегі ББМ және шетелдердегі жоғары білім беру жүйесінің стратегиясымен дамуын білу;
- Қазақстан Республикасының жоғары білім беру стратегиясы жайлы;
- Мемлекеттік білім беру, тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы құжаттары мен тұжырымдамаларын зерттеу және т.б.;
- Ғылыми – педагогикалық зерттеу жұмыстарының мәнін, мазмұнын зерттеудің әдістерін білу;
Студент білуі қажет:
- Ғылыми – педагогикалық әдіснама негізін, оқыту, тәрбиелеу, дамыту прецесінің іргелі идеяларын, тұжырымдамаларын, зағдары мен заңдылықтарын;
- Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру;
- Оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективтік заңдылықтарын ашуды;
- Ашылмаған деректерді қамтамвсыз ету және олардың болашақ дамуын анықтауды;
- Пәнге қатысты жаңа педагогикалық инновациялық технологияларының мәнін меңгеруі тиісті.