Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет12/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
 
                  
 
 


 
45 
Есқараұлы Сегізбай (1712-1792) 
 
Батыр - елдің  сәулеті 
Балқұрақ –көлдің  сәулеті. 
 
Халық мақалы 
 
Сегізбай  Есқараұлы  байтана  руының  айтулы  батырларының  бірі. 
Сегізбайдың  әкесі  Есқара  батыр,  әрі  би  болған  кісі.  Ол  1720  жылы  жетпіс 
жасында  дүниеден  өткенге  ұқсайды.  Сүйегі  Тараз  қаласындағы  Қарахан 
қорымына жерленген. 
Сегізбай  батыр  соғысқа  жастайынан  араласады.  Әкесі  оны  соғыс  өнеріне 
жастайынан  баулыған.  17  жасында  Аңырақай  шайқасына  қатынасады. 
Сегізбай  батыр  Қойгелді,  Шоқан  батырлардың  тұстасы  болған.  Шоқан 
батырмен  бірге  Күркіреусу  және  Қошқарата  аймағындағы  бірқатар  соғыстарға 
араласады.  Сегізбай  батыр  1758  жылғы  атамекенді  толық  жоңғарлардан  азат 
еткенге дейін, яғни ақтық шайқасқа дейін қатынасып 46 жыл өмірін ат үстінде 
жаугершілікте өткізген. 
Есқараұлы  Сегізбай  батыр  жауды  қуып,  Жоңғар  қақпасындағы  жеңіске 
дейін  Абылай  ханмен  бірге  барады.  Абылай  ханның  өзінен  қалмақ  ханының 
қызын олжаға алғанға дейін яғни 46 жасқа дейін үйленбеген екен. 
Байтана  руының  шежіресі  бойынша,  Есқараның  бірінші  әйелінен: 
Есенаман,  Сегізбай  батыр,  Әзберді  би  туылады.  Сегізбайдан  екі  бала  -  Қаржау 
және Қожақ би, батыр тарайды. 
Есқараұлы  Сегізбай  батыр  туралы  дерек  ешқандай  тарихи  кітаптарда 
кездеспейді, ол туралы мәлімет жоқтың қасы. 
Сегізбай  батыр  сексен  жасында  дүниеден  қайтқан  делінеді.Оның  сүйегі 
Қарахан - Әулиеата қорымына жерленген. 
Сегізбай  батыр  туралы  жазғанда  біз  Садыбай  Байтана  кітабын, 
Жорабек  Мәмбеталыұлының  естеліктерін,  Байтана  руының  шежіресін 
пайдаландық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет