Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


  Өтеғұлұлы Өтеген (1699



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
 


 
26 
Өтеғұлұлы Өтеген (1699-1773) 
 
Керегеге ілінген 
Шабылмаған семсер тұр. 
Жаудан алмай кегімді, 
Есіл де өмір өткен құр 
 
Жиенбет жырау 
 
Өтеген Өтеғұлұлы, (мүйізді Өтеген) - қазақ батыры әрі қолбасшысы. Ол 1699 
жылы Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданының Хантау аталатын жотасының 
баурайындағы  Үзенді  алқабында  дүниеге  келген.  1733  жылы  Іле  өзенінің 
бойындағы Шеңгелді деген жерде қайтыс болады. 
Өтеген батыр Өтегұлұлы - Ұлы жүздің Дулат тайпасынан тарайтын Жаныс 
руынан шыққан. Ол он бес жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан. XVIII 
ғасырда  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  қазақ  елінің  тұтастығы,  Жетісу  жерін, 
Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуде үлкен еңбек сіңірген. 
Өтегеннің  ата  -  бабалары  да  есімдері  елге  танылған  батырлар  мен  атақты 
кісілер болған. Оның бабасы Сырымбет - қазақ ханы Салқам Жәңгірдің Самарқан 
әмірі  Жалаңтөспен  бірігіп,  жоңғардың  50  мың  әскерін  талқандайтын  әйгілі 
Орбұлақ  шайқасына  қатысқан  батыр.  Өтегеннің  өз  әкесі  Өтеғұл  да  талай  қанды 
жорықтарда атағы шыққан батыр адам болған, ал шешесі Нұрбала атақты Қордай 
батырдың немересі екен. 
Өтеген  батыр  Өтеғұлұлына  деректі  материалдар,  естеліктер  мен  толғаулар, 
кітаптар жеткілікті. Өтеген батыр, Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының Түп - 
тұқияннан  өзіме  шейін  атты  кітаптарында,  Елтұтқа,  Қазақ  хандығы  атты 
энциклопедиясында  т.б  көптеген  кітаптарда  Өтеген  батыр  туралы  материалдар 
жеткілікті  жазылған.(Біз  сол  кітаптарда  жазылғандардың  ізін  қуып  қайталаудан 
аулақпыз). 
Қазыбек бек Тауасарұлы екі жылдай оқытқан Өтегеннің, өзінен бір жас үлкен 
екендігін айтады, кейін Өтеген Өтеғұлұлымен қатты дос болып, өмірінің ең мәнді, 
маңызды  шағының  бәрін  сонымен  өткізген.  Қазыбек  пен  Өтеген  батыр  екеуі 
жарты  дүниені  аралаған.  Ол  екеуі  дүниенің  көп  жерін  аралап,  көпті  көріп,  көп 
оқығандықтан  елінің  болашағын,  елімізді  бір  -  біріне  айдап  салып,  арамызға 
алаторғай болып отырғандарды көре білген. 
Өтеген  батыр  алғаш  Бұхарадағы  діни  мектепте  білім  алады.  Халимолда 
медресесінде Өтеген көп жайдан уағыз алып хат таниды. Содан кейін Тауасарұлы 
Қазыбек екеуі  Самарқандқа барады. Ол кезде  Самарқанттағы «Ұлықбек қирасы» 
-  деп  аталатын  жалғыз  білім  ордасы  болған.  Екеуі  Ұлықбектің  білім  ордасынан 
аспан  әлемінің  жаратылысын,  ауа  райын  болжаудың  қарапайым  үлгілерін 
үйренеді. Олар бір жарым жылдың ішінде шаруашылыққа са қажет малдың өріс-
қонысына бағыт-бағдар бере алатындай білім алып шығады. Ұлықбек қирасын дін 
өкілдері  талқандағаннан  соң  екеуіне  бұл  жерден  кетуге  тура  келеді.  Содан  екеуі 
Асфаһанға жол тартады, жолшыбай Кабул шаһарында болады. 
Асфаһан шаһары сол кездің өзінде парсы жұртының астанасы, сауда-саттығы 


 
27 
өрістеген  қала  болатын.  Ол  Қазыбек  екеуі  Лотфолла  шайқы  мешітінде  дәріс 
алады,  тарих  ғылымының  негізін,  парсы  жырларының  жазылу  ерекшеліктерін 
үйренеді. Содан екеуі жаяулатып Теһранға, Бағдат пен Стамбұлға өтеді. 
Бағдат  кітапханасы  өте  бай  болатын.  Бұл  жерде  Өтегендер  Әбунасыр  Әл-
Фараби  бабаларының  еңбектерін  құныға  оқиды.  Одан  әрі  қарай  олар  көп  елді 
шарлап  Басыра,  Шам,  Анкараға  жаяу  барады.  Одан  Стамбұлға  өтеді.  Мұнда 
Стамбұлдың  мұсылман  мәртебелі  мектебінен  дәріс  алады,  ол  сол  замандағы 
жоғары  мектеп  болатын.  Олар  Махмут  Қашқаридің  «Диуани  лұғат-ат  Түрік», 
Қожа Ахметтің «Диуани хикмет» атты құнды кітаптарын осы жерде оқыды. 
Мұнан  соң  Өтегендер  Стамбұлдан  Рим  қаласына  өтеді,  олар  мұнда  ән-әуез 
өнеріне, сурет, сәулет өнеріне қанығады. Қазыбек осы жерде атақты Мән баласы 
Майқы бидің «О дариға-ай!» деген әнін нотаға түсіреді. 
Содан  Қазыбек  пен  Өтеген  бүкіл  Европаны  аралап  білім  алып,  одан  орыс 
жері арқылы 1709 жылдың аяғында елге оралады. Туған елі екеуін ат шаптырып 
той жасап қарсы алады. (Өтеген мен Қазыбектің осы жиһангерлік сапары туралы 
оқырман    «Түп-тұқиянымнан  өзіме  дейін»  деген  кітаптың  бірінші  бөлімінен 
таныса алады). 
Өтегеннің  туылғаннан  шекесінде  мүйіз  сияқты  нышан  белгісі  болған.  Ол 
нышан белгі ауырып кейде Өтеген жатып қалатын болған. Ол Қазыбек екеуі білім 
іздеп жиһангерлік сапармен жүргенде Шам шаһарында басы қатты ауырып жатып 
қалады.  Сол  күні  олар  тұратын  Ғалиакбар  байдың  ауласына  киімі  алба-жұлба, 
мойнына  дорба  асынған  диуана  келеді.  Ол:  «сенің  жаныңда  жолдасын  бар,  ол 
қатты  науқас,  егер  оны  қазір  емдемесем  ол  ертең  осы  уақытта  өледі»  -  дейді. 
Содан ол түсініксіз бірдеңеге от қойып, онымен Өтегеннің басын күйдіріп, оның 
үстіне жасыл дәріні жағып: 
-Ал бір ажалдан қалдың, қош бол! – деп асығыс кетіп қалады. 
«Басын  көтере  алмай  жатқан  Өтеген  ертесіне-ақ  тұрып  кетті.  Кейін  шашын 
алғанда, өзім оны талай ұстап көрдім, кәдімгі мүйіз» - деп жазады оның жанында 
бірге болған Қазыбек бек. Содан кейін ол «мүйізді Өтеген» атанып кетеді. 
 Өтеген мен Қазыбектің өмір сүрген кезеңі қазақ халқының басына ауырлық 
түскен «ақтабан шұбыранды, алқакөл сұлама», жан алысып, жан беріскен,  аштық 
- жалаңаштық, қорлық -зорлық дәуірде  оның бел  ортасында болған адамдар. Бұл 
жөнінде  «Өтеген  батыр»  жырында:  (Қазақ  тарихы  жырларының  мәселелері 
Алматы, Ғалым, 1979. 156 б) 
 
                                   Артында дулат қалың ел, 
                                   Халық үшін ат мініп, 
                                   Найза ұстап, буды бел, 
                                   Екі жүздің баласы 
                                   Төмен қарай бір ықты. 
                                   Елін қорғап өлімнен, 
                                   Жауға қарап қол шықты 
                                   Қолды бастап, найза ұстап  
                                  Өтеген батыр ол шықты - дейді. 
 


 
28 
Өтеген  батыр  жөнінде  ел  аузында  көптеген  деректер  сақталған.  Солардың 
біразы  Сүйінбай,  Майкөт,  Жамбыл  секілді  жыр  алыптарының  да  дастандарына 
арқау  болған.  Ел  оның  есімін  әулие  тұтып,  қос  мүйізі  бар  киелі  деп  біледі. 
Жамбыл Жабаев: «Қасқара біткен маңдайдан, жан еді қос мүйізді» - деп жырласа, 
оның батырлығын Майкөт Сандыбайүлы: 
 
                                   Дулаттың кім білмейді Төле биін?! 
                                   Кейінгі Тойшыбек пен Сыпатайын! 
                                   Ерлігі ел аузында ертек болған 
                                   Қойгелді, Өтеген мен Малдыбайын?! 
                                   Үшеуі бұл кейінгі ертеде өткен, 
                                   Кімдер бар заманында оған жеткен?! 
                                   Жоңғарды, торғауытты қабат қырған 
                                    Баласы Өтеғұлдың ер Өтеген!... - деп жырлайды. 
 
Жыр  жолбарысы  Жамбыл  Жабаев  Өтеген  батыр  туралы  жырды    Мұхтар 
Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбілда Тәжібаевтың көзінше бір сағаттан астам тынбай 
жырлаған.  Мұны  көрген  Мұхтар  Әуезов  таңданып:  «Бұл  –  жүз  жылдарда  бір-ақ 
көрінетін  құбылыс.  Гомер  деуімізге  осы  Жәкең  ғана  сиятын  болуы  керек»  -  деп 
баға берген.  
Қара  танымаған,  кітап  оқымаған  ұлы  жырауға  Өтеген  батырдың  өмір 
жорығы, өмірінің күрделі кезеңдері ұлы түйсік арқылы беріледі. Мұны ақынның 
өзі де айтады. (Жамбыл Өтеген батыр жырын өзгеше етіп жырлаған). 
 
Ақ көбікке оранып, 
Толқыны тоқсан бұралып, 
Арықтай аққан арналы, 
Жамбыл бір жыр жырласын. 
Жұрт хикая тыңдасын, 
Өтеген батыр туралы. 
Хикая емес бұл өзі, 
Өз жанымнан шығарған, 
Есімде жоқ осы жыр –  
Қайдан, қалай алынған. 
Мұны ызыңдап даладан, 
Жырлаған, ескен жел маған. 
Бұл жырды мен естігем – 
Тағы құлжа үнінен. 
Бұл жырды мен естігем –  
Бұлбұлдың тәтті күйінен... 
 
«Бұл жырды ұлы ақынға саңқылдаған шыңның қыраны, тулаған толқынның 
дөңі,  дала  гүлі,  жұлдыздың  аққан  көгі,  сай-саланың  шегі  айтты.  Құдайдың 
құдіретімен  осындай  алып  дастан  дүниеге  келді»  -  деп  жазады  Хамит  Есенаман 


 
29 
Арай газетінде. (18 ақпан 2016жыл). 
«Өтеген батыр» жырында Орта жүз бен Ұлы жүздегі дулат, жалайыр, албан, 
найман руларынан сарбаздар жасақталғаны туралы айтылады. Дулаттардың біраз 
бөлігі  Сарысуға  қоныс  аударған  кезде  Өтеген  батыр  солармен  бірге  кетпекші 
болады. Сол кезде ақын Өтеген батырға арнап: 
                                Ақтабан болған алыс жол, 
                                Бұл сапардан сескенем. 
                                Атыңның басын кейін бұр, 
                                Күтеді  көмек  ел  сенен,  -  деген  халық  сөзінен  аса  алмай 
Өтеген сөзге тоқтайды. Сөйтіп қол жинап ол жауға аттанады. Орта жүз, Ұлы жүз  - 
үйсіндерге көмекке барады. 
Тарихи әдебиеттерде жазылған деректерге сүйенсек, Ұлы жүз тайпаларының 
басым көпшілігі 1723 жылы Шілік, Шарын, Текс, Талдысу жерлеріне шегінгенін 
жазады. Сол секілді Орта  жүз рулары Сарысу, Есіл, Нұра, Ұлытау, Көкшетауға 
қарай  шегінген,  алайда  жоңғарлармен    соғысты  тоқтатпаған,  тылдан  үздіксіз 
шабуылдап  отырған.  Алға  жылжып  кеткен  жаудың  көшін  бөліп  тастап  үлкен 
шығынға  ұшыратқан.  Мысалы:  Дулат  балаларының  әрқайсысы  мыңдықтан  қол 
жасақтап жоңғарларға қарсы соғысқан: Сиқым қолын – Хангелді, Ботпай қолын – 
Сәмен  батыр,  Жаныс  қолын  –  Өтеген  батыр,  Шымыр  қолын  –  Қойгелді  батыр 
басқарып, ұрыс жүргізген. «Өтеген батыр» жырындағы: 
 
                                     Артында Дулат қалың ел, 
                                     Халық үшін ат мініп, 
                                     Найза ұстап, буды бел, - деген жолдары осының айғағы 
деп білеміз. 
Өтеген  батырдың  өмір  жолын  үш  кезеңге  бөліп  қарауға  болатын  секілді. 
Оның бірі  -  Бұхара медресесін бітірген ғұлама ретінде  ел ішінде хазірет атанған 
кезі.  Екіншісі  -  батырдың  елді  «ақтабан  шұбырандыға»  ұшыратқан  жоңғар 
басқыншылығына  қарсы  күресі.  Ол  күресте  батырлығымен  көзге  түсіп,  ерлік 
жасаған. Үшіншісі - жоңғарлардың 1734 жылғы екінші қайтара соққысынан кейін 
Оңтүстік қазақтары қатты күйзеліске ұшырағанда, Төле бидің жау өтінен шалғай 
жерден  қоныс  іздеуге  жіберіп,  елге  жайлы,  малға  қолайлы  жер  іздейтін  кезі. 
(Елтұтқа М.Жолдасбекұлы,Қ.Салғараұлы, т.б Астана - 2001 1476) 
Өтеген тек қана батырлығымен емес, айлакерлігімен қазақ халқының басына 
қиын  қыстау  күн  туғанда  да  жол  таба  білген  ірі  тұлға.  Аңырақай  шайқасының 
шешуші  кезеңі  Итішпес  көлі  маңында  болғаны  тарихтан  белгілі.  Төле  би, 
Қойгелді, Өтеген батыр бастаған әскер Іле өзенінен өтіп, жоңғарлардың оңтүстік 
бүйірінен  шабуылдайды.  Ал  Қабанбай  батыр  бастаған  тобы  солтүстігінен 
шабуылдап жоңғарларды қатты састырады. (Қазақстанның әскери тарихы) 
Батыр жөнінде Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің еңбегінде көптеген мәліметтер 
береді.  Соның  бірі  мынадай:  «Өтеген  Өтеғұлұлы  алып  қара  күштің  иесі,  жүрек 
жұтқан  батыр.  Оған  салсаң,  тіке  шабуылға  шығып,  найзаласып,  қылыштасқысы 
келеді.  Ол  жау  жағының  бізден  күші  басымдау  екенін  ескермейді.»  -  деп 
сипаттайды. 
Қаратау  бөктерінде  болған  ұрыстар  халық  есінде  жақсы  сақталып  қалғаны 


 
30 
мәлім. Осы Жуалы аймағындағы  жердегі Ұзынбұлақ деген жерде Өтеген батыр 
қалмақтың батыры Ботхишар мен жекпе - жекке шығып, өлтіреді. Қазыбек бек ол 
жөнінде кітап та жазған. Өкінішке орай ол кітапты соғыс жағдайында жоғалтқан. 
Алайда  «Түп  -  тұқияннан  өзіме  шейін»  кітабында  екеуінің  жекпе  жегі  туралы 
біраз  мәліметтер  береді.  Енді  осыған  тоқталайық:  «Қалмақтармен  ұрыс 
Қаратаудағы  Ұзынбұлақтың  Бөгенге  құяр  жеріндегі  өзеннің  сол  жағында 
жүргізілетін еді. Бұл 1107 - тауық жылы еді (1723). Біз Қаратаудағы Екітұраның 
батыс  жағындағы  алқапқа  орналастық.  Бұдан  әрі  Ақтас  төңірегінде  қалмақтар 
жатыр.  Үш  күн  жекпе  -  жек  жасамақпыз.  Жолбарыс  ханнан  шабарман  келді, 
Қазыбек батыр жекпе - жекке шықпасын депті. Алғашқы күні ұрыс Бөгеннің сол 
қанатындағы жота үстінде еді. Қалмақтың басшысы Донық майданға шықса, мен 
де шығуым керек. Бірақ ол жекпе - жекке шықпады. Оның бас батыры Ботхишар 
шықты.  Біз  жақтан  Өтеген  шықты.  Оның  астына  мінгені  Төле  бидің  Төле  құла 
деген  жорғасы  болатын.  Ортаға  екеуі  жеткенде,  найзалардың  шақ  -  шақ  еткен 
дыбысы  шықты.  Арада  бие  сауым  уақыт  өткенше  екі  батыр  бірін  -  бірі  алыса 
алмады. Енді сәлден соң Төлеқұланы Өтеген тура Ботхишар құласының жанынан 
салды.  Қалмақ  құласы  шыдамай,  әрі  бұрыла  бергенде,  Өтеген  Ботхишарды 
бүйірден сойып жіберді. Ботхишар аттан аунады. Дарымады деп тұрдық біз. Бірақ 
Өтегеннің  кіріп  кеткен  найзасы  шықпай,  ол  әлі  ат  үстінде  еді.  Өтеген  қалмаққа 
енген найзасын қос қолдап қайта тартқанда, шамасы, суырылды білем, Ботхишар 
аттан құлап бара жатты. Қалмақтар жағы шулап кетті.  «Құлады, құрыды,»  - деп 
қазақтар тұрды. Батырдың жеңгеніне қуанған қазақтар жылап жібергендері де көп 
еді.»  -  деп  көрсетеді.  Осы  жерде  айтылатын  Ақтас,  Екітұра,  Ұзынбұлақтың 
Бөгенге құяр жері Жуалы ауданының солтүстігінде жатыр. 
Өтеген 1773 жылы 74 жасында дүниеден қайтыпты. Батырдың денесі тиелген 
ақ  нар  Шолақ  тауының  бергі  жағындағы  Іле  бойындағы  Шеңгелді  деген  жерге 
таяп барып шөккен екен. Өтегеннің сүйегі сол араға қойылыпты. 
Жетпісінші жылдары Қапшағай теңізінің суы жайылып, батырдың бейіті су 
астында  калатын  болғандықтан  Өтеген  ұрпақтары  Қазақ  КСР  Мәдениет 
Министрлігінің рұқсатымен 1973 жылдың шілде айында сүйегін Жамбыл облысы, 
Қордай ауданының қазіргі Өтеген ауылына әкеліп, қайтаарулап жерлеген.(Ақ жол 
1999. 22қыркүйек. Ұрпаққа ұран болған ұлы баба. Айзада Бәйтек ) 
Бірде Қабанбай, Райымбек батырлар Өтегенді ортаға алып: 
- Осы  жұрт  сені  әулие,  көріпкел  дейді.  Әулие  болсаң  айтшы,  біздің 
сүйегіміз қайда қалады? деп сұрапты. Сонда Өтеген: 
- Қабанбай,  атың  да  қабан,  өзің  де  аңшысың,  сенің  сүйегің  бір  нудың 
ішінде қалады - ау. Ал Райымбек, ақкөңіл көпшіл жансың, сүйегің шудың астында 
жатады, - депті. 
- Ал өз сүйегің қайда қалады? - дегенде. Өтеген: 
- Менің  сүйегімнің  қайда  қалатынын  ақ  нар  біледі,  бірақ  сүйегім 
судыңастында  қалады  -  ау  деген  екен.  Өтеген  батырлығымен  қоса  сәуегейде, 
көрікпел  де  болса  керек.  Батырдың  кезінде  өзі  тұтынған  біразмүлкісақталған. 
Солардын  бірі  -  Абылай  ханның  жез  тегенесі.  Оны  Абылай  ханӨтегенге  өзі 
сыйлағаған  екен.  (Ақ  жол.  1999,  22  қыркүйек.  Батырдың  шұбартегенесі.  Жақан 
Сатаев) 


 
31 
Өтеген  батырдың  артында  оның  батырлық,  қаһармандық  атағы  ғана  емес 
өнегесі,  өсіп-өнген  ұрпағы  да  қалды.  Бүгінде  батырдың:  Тарпан,  Қосаған, 
Қосдәулет,  Асау,  Ылау,  Бердіс,  Тарнақ,  Базарбай,  Аюса,  Жанқұлы,  Төке, 
Тоқтарбай  есімді  ұлдарынан  тараған  үрім-бұтағы  бар.  Атақты  Байсерке  күйші, 
Тілеміс шешен осы Өтеген батырдың ұрпақтары. 
1999  жылы  Өтеген  батырдың  300  жылдығы  Республика  көлемінде  кеңінен 
атап  өтілді.  Соған  орай  оның  қабірінің  басына  еңселі  етіп  кесене  тұрғызылды, 
сондай-ақ  Қордай  ауданының  орталығына  Өтеген  батырға  арнап  ескерткіш 
орнатылды.  Қазақ  Ұлттық  университетінде  Өтеген  батырға  арналған  ғылыми 
конференция  өткізілді.  Өтеген  батыр  туралы  екі  телефильм  түсірілді.  Алматы 
қаласының  үлкен  бір  көшесіне,  іле  ауданының  орталығы  «Энергетитческий» 
кеніне Өтеген батыр есемі берілді. 
XXVIII  ғасырдағы  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  қазақ  елінің  түстігін, 
Жетісу  өлкесін,  Шығыс  Қазақстан  өңірін  жаудан  азат  ету  жолында 
қаһармандығымен  аты  шыққан,  Түркістан,  Ташкент  маңындағы  кескілескен 
ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан, қалмақтың Ботхишар, Сабан Тайшық 
сияқты  атышулы  батырларын  жекпе-жекте  жер  жастандырып  батыр  атағы 
шығып, Ұлы жүз қолының қолбасшысына айналған Өтеғұлұлы Өтеген батырдың 
есімін мәңгі  ұрпақ ұмытпауы тиіс! 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет