Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет28/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
Baidalieva batir eldin sauleti.pdf

 
 
 


 
86 
Дәненұлы Сәмен батыр (т.ө.ж белгісіз) 
 
Тексіз неме! дегізбе 
Елге барар жол ізде 
Арғымаққа мінсең де, 
 Алды-артыңнан қол үзбе! 
 
Төле би 
 
Сәмен батыр Дәненұлы  жоңғар  шапқыншылығы кезінде  Төле биден  бата 
алған,  әсіресе  Аңырақай  шайқасында  ерекше  батырлығымен  көзге  түскен 
айтулы батырлардың бірі. Сәмен батыр 1757  - 1758 жылдары Қойгелді батыр 
әскерлерінің  құрамында  болып  атамекенді  азат  етуге,  сол  сияқты  Жуалыдағы 
Қошқарата  өңіріндегі  шайқастарға  қатысқан.  Ол  ру,  тайпа  емес  бүкіл  қазақ 
халқының  ортақ  жерін,  елдігін  хандығын  сақтап  қалуда  жан  аямай  қорғаған 
батыр. 
Сәмен батыр туралы 1992 жылдың 21 қарашасындағы «ЕгеменҚазақстан» 
газетінде  К.Рысбайұлы:  «Қазіргі  Көпекті,  Алакөл,  Мақаншы,  Тарбағатай 
тауындағы  Шілік  деген  жерде  Қойгелді,  Бөгенбай,  Шапырашты  Наурызбай 
басқарған  әскер  ішінде  мыңдықтарды  басқарған  Өтеген,  Қосы,  Мәмбет, 
Шойбек,  Сәмен,  Сеңкібай  қаңлы  Тілеуке,  қарақалпақ  Қылышбек...  сияқты 
батырлар болды» деп жазады. 
Тарихшы  Мұхамеджан  Тынышбаев  «Қырғыз  қазақ  халқының  тарихына 
байланысты  материалдар»  және  соған  қосымша  ретінде  жарияланған 
«Қырғыз  -  қазақтар  XVII  -  XVIII  ғасырларда»  атты  зерттеулерінде  Сәмен 
батыр  Дәненұлы  есімін  құрметпен  атап,  оның  Ботбай  руының  ұраны 
болғанын айтады. 
Сәмен  батыр  Аңырақай  шайқасында  жоңғарлардың  шөктіріп  қойған 
түйелерден  соғылған  жанды  қорғанын  бұзып,  ішіндегі  ту  ұстаушы  жоңғар 
батырын  құлатқан.  Ол  өзінің  шұбар  айғырымен  қатарлай  шөгерілген 
түйелердің  үстінен  қарғытып  өтіп,  қорған  ішінде  қырғын  соғыс  салып,  қазақ 
қолдарының  жеңіске  жетуіне  үлес  қосады.  (Бұл  мәлімет  Сиқым  Рысбек  батыр 
кітабынан  алынды  Алматы,  Мерей  1994)  Сол  Аңырақай  шайқасында  Сәмен  батыр 
Ботбай руының екі мыңнан астам батыр жігіттерін бастап келген. 
Арқадағы  Абылайға  ат  шаптырып,  біріккен  қазақ  қолы  қазақ  жерін 
босатқанда Ботбай Сәмен, Рысбек батырлар ерекше ерлігімен көзге түскен.  Ол 
кезде жасы қартайып қалған Сәмен батыр Садыр манапты жепе  - жекте жеңеді. 
Көп  қырғыздар,  соның  ішінде  Жайыл  манап  алты    ұлымен  тұтқынға  түседі. 
Абылай  олардың  бәрінің  де  басын  алдырып,  тек  кенжесін  ғана  Жауғаш 
батырдың  сауға  сұрауымен  аман  алып  қалады.  Бұл  оқиға  1769  жылы  Садыр 
манап Меркіні, Талас бойын басып алып Шу қырғыздары Сарыарқаға еніп Қоқи 
деп аталатын жерді басып алған кезде болған еді. 
Сәмен батыр 1757 - 1758 жылдары қазақтардың жоңғар қақпасында екі жыл 
бойы шекараның күзет қызметінде болған. 
Бұхар  жыраудың  «Қабанбай  батыр»  атты  дастанында  мыңдықтан  жасақ 


 
87 
құрған  барлығы  жиырма  тоғыз  батырдың  рулары  мен  қоса  есімдері  аталады. 
Соның  бел  ортасында  есімі  аталатын  Ботбай  Сәменнің  батрылығы  рулық, 
жүздік межеден биік, ұлттық деңгейде болғанын кереміз. 
Сәмен  батырдың  қай  жылы  дүниеге  келіп,  қай  кезде  өмірден  өткендігі 
туралы  дерек  жоқ.  Тараздық  тарихшылардың  ізденістері  нәтижесінде  Сәмен 
батырдың  зиратының  Талдықорған  облысының  «Жоламан»  елдімекенінің 
жанындағы Сәмен ауылында екендігі анықтады. 
Жоңғар қақпасының жанындағы тау «Сәмен тауы» мен «Сәмен  құдығы» 
аталатын  жерлер  осы  Сәмен  батырға  байланысты  қойылған  жер  атаулары. 
Ботбай шежіресінде Сәменнің ұлы Қаспалаң да батыр болған деп көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет