88
жылдардың шамасында болған. (Сондықтан біз Боран батырдың туған және
қайтыс болған жылдарын осы мәліметтерге сүйеніп шамамен алып отырмыз).
Бізге бұл мәліметтерге жеткізуші аудаымыздың шежіре, құймақұлақ абыз
қарияларымыздың бірі марқұм Әшен Айманбетұлы болатын. Ақын Бауыржан
Үсенов осы кісінің әңгімесі бойынша «Шаңлақты аңызы» аталатын жыр баян
жазған. Бізге негізгі дерек көзі болып отырған да осы жыр болған.
Еркінбек Тұрысов өзінің «Бәйдібек» аталатын кітабында «Арада алты
жыл төрт ай өткенде, жанкешті ұрыс жүргізіп, ел жұртын біржола құрып
кетуден сақтап, арыстанша айқасқан қазақ қосындары 1729-шы тауық
жылының жазында ата жаумен алыста жүріп бүгінде жау табанында қалған
Қошқарата жеріндегі ата мекенге де жеткен еді» деп жазады. Демек, атақты
Шаңлақты шайқасы осы 1729 жылдың жазында Шаңлақты жазығында болған,
- деп сеніммен айта аламыз.
Ақынның жыр баянында қалмақтың он мың қолын қоңтайшы Хан - Сана
бастап келгендігі көрсетілген. Осы он мың найзалы қалмақ жасағына Боран
батырдың бір мың жасағы Шаңлақты жазығында қарсы тұрады. Ол жырда
былай баяндалады:
Қайғы өтінде тағы да тоңар ма қыр,
Мәйіт кетсе амал не болар «бақұл».
Мың найзамен қалмақты Шаңлақтыда
Күтіп алды қаңлы Боран батыр...
(Шындыққа жүгінсек әрине он мың шерікке бір мың жасақтың қарсы
тұрып қырғын салуы мүмкін емес. Біз оны поэзия жанрындағы боямалау,
әсірелеу деп қабылдаймыз).
Жекпе-жекпен басталған осы шайқастың бірінші күні сұр атты, құрыш
тұлғалы жас Боран батыр қалмақтың үш бірдей бетке ұстар батырларын жер
жастандырады. Келесі күні жекпе-жекте Боран батырдың қылышынан және
екі мыңбасы бастарынан айырылады. Сонда қаһарына мінген Хан – Сана:
-Боран батырды қалайда тірідей ұстап алдыма әкеліңдер, - деп бұйрық
береді. Қалмақтар Боран батырды тірідей қолға түсіру мүмкін болмаған соң
оның астындағы сұр тұлпарын атып құлатады.
Ақын бұл көріністі былай жырлайды:
Жан жолатпай қасына сұр ат, батыр,
Қолға тірі түсіру жырақта тұр.
Ебін тауып қалмақтар сұр жебемен,
Сұр тұлпарды шыңғыртып құлатты ақыр.
Жан-жағынан лақтырып бұғалықты,
Байлап алды көп адам бір алыпты...
Бес бірдей батырынан және көптеген шеріктері осы Боран батырдан ажал
тапқандықтан қатты ашуланған Хан – Сана:
-Маған бұның кеудесін жарып, жүрегін алып көрсетіңдер! – деп әмір
89
береді. Қалмақтар көкірегін талқандап сөгіп жатқанда да қайсар батырдан үн
шықпайды, қайта Хан – Сананың бетіне түкіріп жібереді. Жырға кезек берсек:
Езулерде жымысқы күлкі тұрды,
Естіп тұрып үн емес, құр күтірді
Көкірегін талқандап жатса-дағы,
Хан – Сананың бетіне бір түкірді.
Туған ел, бай да болма, жарлы болма,
Бас имеген дәстүрді, заңды қорға
Боран тұрды құламай тас боп қатып,
Жүрек тұрды бүлкілдеп қанды қолда.
Осы тарихи шайқас болған Шаңлақты жазығы қырық қатпарлы Боралдай
тауының шығыс беткейінде, Ақтасты ауылының батыс тұсында жатыр.
Шайқастың соншалықты қатты болғандығын «Шаңлақты» - деген атауының
өзі айғақтап тұр. Мың сан ат тұяғы жасыл алқапты жүндей түтіп бүкіл аймақ
қою шаңға бөккен, сол себептен жер атауы «Шаңлақты» болып тарихта
қалған.
Жуалының қаламгер Мырзахан Ахметов «Жуалы» атты тарихи танымдық
кітабында Шаңлақты шайқасына төмендегідей баға береді.
«Қошқарата маңында қалмақтармен көп күндерге созылған шайқаста
қазақ жауынгерлерінің жеңісімен аяқталғаны белгілі. Оған Шаңлақты
ауылының өткені туралы халықтың аузындағы әңгімелер куә. Осы ұрыстың
әйгілі Куликово шайқасынан бірде-бір кем болмағаны сонша, ат тұяғымен
тапталған сол аймақта көп жылға дейін шөп шықпай қалған...» (154 бет)
Өткен тарихи оқиғаның куәсіндей сол Шаңлақтыдан қару-жарақтың тот
басқан қалдықтары әлі де табылып жатады. Ондай көненің көзіндей болған
жәдігерлер мектеп мұражайында сақтаулы.
Біздің Боран батыр туралы бар білетініміз осы. Қазақ халқының басына
күн туғанда еліне қорған бола білген Боран батырдың ерлігі ел есінде мәңгі
сақталып қалуға тиіс.