Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


  Есіркеп батыр (т. ж. 1696 – белгісіз)



Pdf көрінісі
бет31/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
 


 
94 
Есіркеп батыр (т. ж. 1696 – белгісіз) 
 
Намысшыл асыл ерлерім, 
Бермеген жауға жерлерін. 
Халқың үшін жан қиып, 
Арыңды қолдан бермедің. 
 
Ү.Байбекұлы 
 
Есіркеп  –  жоңғар  шапқыншылығы  тұсында  қазақтың  елі  мен  жерінің 
тұтастығын,  халықтың  бірлігін,  ұрпағының  келешегін  ойлаған,  тарихта  аты 
қалған айтулы батырлардың бірі. 
Есіркептің  шыққан  тегі  –Ұлы  жүздің  Сіргелі  руының  Байжігіт 
тармағынан  тарайтын  атақты  Тоғанас  батырдың  ағайыны.  Ол  Қаратау 
өлкесінің  кәусар  бұлағы  мол  Майбұлақ  аталатын  өңірінде  дүниеге  келген. 
Жазушы Еркінбек Тұрысов: «Есіркеп 1714-ші жылқы жылғы Шығыс Қаратау 
торабындағы  Берікқара  –  Билікөл  шайқасында  он  сегізге  жаңа  толған  бозым 
жігіт болатын» деген дерегіне сүйеніп Есіркептің туылған жылы 1696 жыл,  - 
деп сеніммен айта аламыз. Есіркеп балалықтың базарлы шағын сол Майбұлақ 
аймағында  тай  мініп,  жел  жарыстың  желігінде,  ауыл  арасының  той-жиын, 
бәйге, көкпар қызықтарының ортасында өткізеді.  
Әз  Тәуке  исі  қазақтың  барша  ұлыс  бектерін,  беделді  би,  ел  қорғаған 
баһадүр батырларын Қарақұм атты төбедегі ұлы дүбірлі құрылтайға шақырған 
кезде Есіркеп он төрт жасқа жаңа толған жеткіншек болатын. Ол бұл жиынға 
Сіргелінің  атақты  батыры  Тоғанас  батырдың  тобында,  сол  елдің  бетке  ұстар 
қариясы Жаманқараға ілесіп барады.  
Ол сол жиында Әз Тәукенің: 
-«Ей,  қалың  қазағым!  Құс  қанатын  талдырып,  құлан  тұяғын  тоздырған 
қасиетті  жерің  бар.  Жерге  лайық  жаралған  кең-пейіл  елің  бар.  Күнгейің  мен 
шығысыңда  құс  өтпес  –  құзар  тауың  бар,  басыңнан  бағыңды  тайдыратын 
дауың  бар,  қанжарды  қанға  қайраған,  аңдыған  ата  жауың  бар,  атадан  қалған 
асылға  иелік  етер  ерің  бар!...  Кәне,  қазақтың  қайсар,  ержүрек  ұлдары  сөз 
сендерде»  -  деген  қазақ  елін  бірлікке,  жеңіске  бастаған  тілек  сөзі  оның 
құлағында мәңгіге қалып қойды. 
Қазақ  тарихында  XVIII  ғасырдың  басында  жоңғарлар  қазақ  жеріне  жеті 
рет басып кірген. Ол: 1698, 1711, 1712, 1714, 1718, 1723, 1725 жылдар жоңғар 
билеушісі Цевен Раптанға  билік басында тұрған жылдар болатын. Ол мұны: 
«соғысқа  қазақтардың  өздері  себепші  болды.  Аюке  ханның  Цевен  Раптағы 
ұзатылып  бара  жатқан  қызының  көш-керуеніне  шабуыл  жасады»  -  деген 
сылтаумен түсіндіреді (Қазақтың көне тарихы 272 бет). 
Жуалы аймағындағы тарихта аты қалған соғыс 1714- ші жылқы жылында 
болған  Кіші  Қаратау  тарабында  Билікөл  маңындағы  Берік  Қара  шайқасы 
болды.  Бұл  шайқасқа  бірінші  рет  Есіркеп  он  сегіз  жасында  атақты  Тоғанас 
батыр бастаған Сіргелінің төрт жүздігінің құрамында қатынасады.  
Берікқараның  тау  бөктерінде  бекінген  Қойгелді  батыр  бастаған  Сиқым, 


 
95 
Шымыр, Құттықтардың алты жүздік жасағы қалмақтың Ботхишар деген батыр 
нояны  бастаған  екі  мыңдай  шеріктерге  қарсы  тұрады.  Бұл  шайқаста 
зеңбіректермен  қаруланған  құба  қалмақтар  жеңіске  жетеді.  Осы  Берікқара 
шайқасы туралы Е. Тұрысов өз хикаяттарында былай жазады: 
«Берікқара тау бөктеріне бекінген қазақ қолы қалмақтың Ботхишар дейтін 
нояны  бастап  келген  екі  мыңдай  шерігіне  Билікөлдің  ашық  майдамды 
жазығынан маңдай тұстан лап қойды. 
Қалмақ қосынын батыс, шығыс, теріскей үш тараптан қоршап, қыспаққа 
қысып  жойып  жібермек болып, жүз-жүздікпен  атой  салып,  андыздай шапқан 
жасақтар,  шудалары  жер  сызған  атандар  арқасына  танып,  тау  биігіне  арқа 
тірей  орнығып  алған  Қалмақ  зеңбіректерінің  бас  көтертпей  үсті-үстіне  төпеп 
атқан от шашар жойқын оғына тап болды. 
Бұрын-соңды  мұндай  сұрапыл-сұмдықты  көрмеген  сарбаздар  мен  аттар 
көкала түтін  қызыл  от,  қарша борап  ысқырған  шойын  оқтың астында баудай 
түсіп, ажал құшты. 
Бұндай сәтсіз шабуылда қазақ жасақтары алты жүздей ат, бес жүзге жуық 
сарбазынан  айырылды.  Марының  майдам  сазында  қуа  ұрыс  салған  Қойгелді 
соққысынан  екі  жүздей  шерігінен  айрылған  құба  қалмақтар,  жолындағы 
ауылдарын шауып, Бөкей тауын айналып Шақпақ асуы арқылы Сайрамға өтіп 
кетті...» (154 бет). 
Осы  аламан  шайқас  кезінде  Есіркептің  естыңдағы  арғымағы  Сандалкөк 
оққа  ұшып,  өзі  сол  аяғынан  жараланады.  Зеңбірек  оғының  жарықшақтары 
оның балтыр етін боршалап кетеді. Аяғын тал қайысымен тастай етіп таңып, 
ат ауыстырып мініп, кек қайнаған жас жолбарыс ел-жұртына оралады. 
Арада үш-төрт жылды артқа салған Есіркеп жиырма екіге толғанда үйлі-
баранды болады. Ол Ошақты  руының  Тасжүрек әулетінен  тарайтын Оралбай 
деген биінің Кеңбике атты қызына үйленеді. Сөйтіп дүниеге Шырынбек және 
Жәутік  атты  ұл  балалар  дүниеге  келеді.  Бұл  кезде  Есіркептің  бауырлары 
Мүсіркеп  және  Жарқынбай  да  ат  жалын  тартып  мінер  жігіт  санатына  ілігіп 
қалған болатын. 
Бұл  шақта  Түркістан  маңындағы  Хантағында  науқастанып  жптқан  Әз-
Тәукеден суыт хабар жетеді. Жетісу жеріне Хорен хан бастаған жау Балқашты 
айналып,  Саяқ  даласы  арқылы  Шу  мен  Таласқа  бір  түмен  қалмақ  шеріктері 
төніп келе жатқан. Осы жауды Қаратаудың тау-жоталарында тоқтатып, жолын 
бөгеу  Теріскей  мен  Күнгейді  мекендеген  Сіргелі,  Дулат,  Ойық,  Ошақтының 
жасақтарына  жүктеледі.  Бұл  хабарға  құлақтанған  Есіркеп  бабалар  әруағына 
сыйынып,  Қарабатыр  мен  Бәйжігіттің  үш  жүздіктен  жасақталған  жасағын 
бастап  шығады.  Олар  аз  уақыт  шамасында  Шам,  Ақтас,  Аюлының  алабында 
қоныстанған  Ойық,  Тілік,  Жалайыр,  Сыйқым,  Шымырлардың  ауылдарынан 
атқа  қонған  төрт  жүздік  жасақпен  толығады.  Оларға  кіші  жүздің  әйгілі  Әсет 
батырдың үлкен бір қосыны келіп қосылады. 
Қазақ  жасақтары  жауды  Қаратау  сыртындағы  Көкжонның  шыға 
берісіндегі  Сарытау  бөктерінде  қарсы  алады.  Бұл  кезде  жусанда  жотаны 
бөктерлеп,  қара  бұлттай  жөңкілген  жаудың  ішінен  үш  атты  бөлініп  шығып 
қазақ жасағының алдына келіп тоқтайды: 


 
96 
-Қазақтың Тоғанас батыры қатын болмаса жекпе-жекке шықсын болмаса, 
ажал іздеген біреуін шығарсын! – деп Хорен ханның құзырын жеткізеді. 
Бұл  сөзді  естіген  жас  батыр  Есіркеп  өр  тұлғасына  үйлескен  қаракөк 
арғымаққа  мініп  қалмақ  батырына  қарсы  шабады.  Жекпе-жекке  шыққан  қос 
батыр  аттарын  тебініп  бір-біріне  қарсы  шабады.  Ара  қашықтық  арқан  бойы 
қалғанда Есіркеп:  «Қайт, қайт!»  деген сұрапыл дауыс шығарады, аралық есік 
пен  төрдей  қалғанда  зәрені  алатын  сұмдық  даусы  және  қайталанады.  Бұл 
дауысқа қалмақтың аты тайқып ойқастап шыға келеді. Қара қалмақ ат басын 
шаужайлап  найзасын  нықтай  бергенде  Есіркеп  шапшаң  сүңгісін  жаудың  ту 
сыртынан сілтеп үлгереді. Көк желкеден қадалған көк сүңгіден қалмақ өкіріп 
барып  аттан  құлайды.  Бұл  алты  күнге  созылған  аламан  айқастың  басы  ғана 
болатын. 
Жасақ  саны  қалмақтардан  аз  қазақтар  ұрыстың  бесінші  күні  Шаян 
шатқалымен  ылдиға  қарай  шегінеді.  Есет  пен  Есіркеп  батыр  бастаған  қазақ 
жасақтарының  қалған  шағын  тобы  хан  ордасының  жарлығымен  үш  мың 
жасағын  бастап  жауға  қарсы  аттанған  Сіргелі  Елшібек  пен  Шегір  Ақпан 
батырдың  қолына  қосылады.  Қаратау  қазақтары  бастан  кешкен  бұл  қанды 
қырғын 1718-ші ит жылының көктемінде болған еді. 
Жоңғар  басқыншыларына  қарсы  ыза-кегі  қайнаған  халық  сан-саладан 
күш  біріктіріп  қазақ  қолы  қуаттанып,  ақтық  айқастарға  дайындала  бастады. 
Осы  шешуші  шайқастарды  басқару  Ордабасы  жиынында  қазақ  қолының  бас 
сардары Әбілқайыр ханға жүктеледі 
Бұл  оқиғалар  тарихи  кітаптарда  былай  баяндалады:  «Қазақтың  орталық 
ордасы  Ташенттен  шартарапқа  жөнелтілген  дабылмен  көтерілген  Сіргелі 
Тоғанас,  Елшібек,  Есіркетің,  Сиқым,  әкелі-балалы  Қарабатыр,  Шінеттің, 
Шымыр  Қойгелді,  Қожықтың,  Шақшам  Өрікбай,  Жойылмыстың  Жаныс 
Өтеген,  Сеңкіба  мен  Сәменнің,  Шапырашты  Наурызбай,  әкелі-балалы  Сатай 
мен  Бөлектің,  Ошақты  Саңырық  батырлар  бастаған  қазақ  жасақтары 
Қаратаудағы теріскей, күнгей саласы, Сыр бойымен мезетті жер – Сарысудың 
төменгі саласы – Телікөл бағытына ағылды. 
Бұл  кез  күн  батыс  тараптағы  құм  дала  көкжиегін  тұтас  көмкеріп 
Әбілқайыр  мен  Есет  батыр  бастаған  кіші  жүздің  қалың  қолы  келіп  жетті. 
Осымен бір мезгілде Сарысу бойын жағалап Жетіқоңыр  – Бесқұлақ жолымен 
Қаракеңгір,  Ұлытау,  Арқа  жағынан  Қаз  дауысты  Қазыбек  пен  Қаракерей 
Қабанбай  бәсеңтин  Малайсары  бастаған  Орта  жүздің  ығай  мен  сығайлары 
ағылып келе жатты»... (Е.Тұрысов. «Тұлпардың ізі», Алматы 2004. 165 бет). 
Есіркеп батырдың аңыздан-аңызға тараған ерлігінің бірі атақты Буланты 
шайқасында орын алған. Тарихта аты қалған бұл шайқас әуелгіде екі жақтың 
батырларының  жекпе-жегімен  басталады.  Жекпе-жектің  бесінші  күні 
қалмақтар  тарапынан  түйедей  зор  тұлғалы  Донық  ал,  қазақтар  жағынан 
Есіркеп батыр шығады. Сіргелі Есіркеп батыр жекпе-жекте қалмақтың Донық 
батырын  жай  оғындай  жарқ  еткен  шапшаң  қимылмен  тау  құлағандай  етіп 
аттан төңкеріп тастайды. Жекпе-жек бітер бітпес екі жақ бір-біріне лап қояды.  
Бұлантыда  қырғынға  ұшыраған  ойраттар  ойсырай  жеңіліп  шеріктері 
теріскей  мен  шығыс  бағытқа  жөңкіле  қашады.  Теріскейге  шегінген 


 
97 
қалмақтарды жоюға Қабанбай батырдың екі түмен жасағы аттанады. Шығысқа 
шегінген  қалмақтарды  Қанжығалы  Бөгенбай,  Ошақты  Саңырық  батыр  мен 
Шапырашты  Наурызбай  батырдың  қос  түмен  жасағы  аттанады.  Бұл  тарихта 
«Қарасиыр», «Айран төгілген» - дейтін майдан болған жерлерді кейін қазақтар 
«Қалмақ қырылған» деп атап кеткен. 
Есіркеп батырдың түр-тұлғасы: тумысынан бойы биік, шымыр денелі, қол 
сығымы  қайыздан  су  шығарғандай  қуатты,  өткір  қос  жанарлы,  ер  мүсінді 
болған  көрінеді.  Әсіресе  оның  аса  зор,  құлақ  тұндырар  дауысы  болғандығы 
айтылады.  Есіркеп  жау  састырар  бұл  қасиетін  жекпе-жекке  шыққанда  жиі 
пайдаланған деседі.  
Жалпы  алғанда  XVIII  ғасырдың  басы  Әз  Тәукенің  тұсында  басталып 
кейінірек  Абылайдың  ақ  туының  астында  жоңғарларға  қарсы  азаттық 
жорықтарды жеңіспен аяқтаған Есіркеп сынды батырлардың тарихтан алатын 
орны ерекше. Бір өкініштісі біз Есіркеп батырдың жалынды өмірін қай жерде, 
қалай аяқталғаны, қай жерде жерленгені туралы ештеңе білмейміз. Ол туралы 
ешқандай дерек жоқ. 
Елім  деп  мұз  төсеніп  жер  жастанған  Есіркеп  батыр  сияқты  ерлердің 
есімдері  ел  санасынан  өшпей,  сырлы  шежіредей  ұрпақтан-ұрпаққа  ұласып, 
тәлімді тарихымыздан, ел есінен өшпек емес. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет