Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет106/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   139

Мақсаты:


Экология ғылымының зерттеу объектісі-адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау, т.б. Ең бастысы, биосфера тіршілігінің тұрақтылығын сақтау үшін "адам-қоғам-табиғат" арасындағы үйлесімділікті, ізгілікті, біртұтастықты үйлестіру болып табылады. Ол үшін адамзаттың санасына, ой-ӛрісіне, танымдылық кӛзқарасына-қоршаған орта мен қоғам және болашақ ұрпақтары үшін қажеттілікті сезіндіру керек. Яғни бұрыннан қалыптасқан табиғатқа деген тұрпайы түсініктен арыла отырып, экологиялық білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың қоршаған ортаға деген парасатты жауапкешілігін арттыру.

Міндеті:


  • табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жеке адамның жауапкершілігін күшейту;

  • қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесімділікті сәйкестендіру;

  • антропогендік ӛзгерістер мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;

  • экологиялық жағдайларға мән беру және экологиялық проблемаларды шешу

жолдарын іздестіру;

  • адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығын сақтау;

  • табиғат қорғаудың экологиялық негіздерін білу;

  • экологиялық білім, әдеп, сана мен мәдениетті қалыптастыру.

  • анықтамалық, ғылыми әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен, интернетпен жұмыс жасап еркін ақпарат кӛздерін пайдалана білуге баулу.

Экология – тірі ағзалардың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Экологиялық біліммен қаруланған оқушы ӛзінің туған жерінің тазалығын, байлықтарын сақтап, тірі ағзаны қорғауға үйренеді. Экологиялық білімді ұрпақ, жеке тұлға қалыптасады.
Пәнаралық байланыс: биология, география, химия, медицина, физика, математика, валеология, тарих және т.б.
Жұмысты ұйымдатыру формалары: дәріс беру, зертханалық жұмыстар орындау, экскурсия ұйымдастыру, пікір алмасу, әңгімелесу, болжамдар жинақтап талдау, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет