Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет108/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   139
Байланысты:
asz

Ғылымилық принципі-негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апаттылық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдаланылуы тиіс.
Байланыстылық принципі-негізінен, табиғаттағы тірі және ӛлі табиғат пен орта (топырақ, ауа,су, ӛсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екені тәжірибелер мен мысалдар арқылы беріледі.
Тепе-теңдік принципі-табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы тепе-теңдіктің сақталмауы. Олардағы бір құрауыштың ӛзгеруі табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына апарып соғады.
Қызығушылық принципі-оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен формалары оқушылардың бойында еліміздің сұлу табиғатына деген қызығушылығын оятып, туған ӛлкесін, оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.
Ҥздіксіздік принципі-оқушылардың білім қорын, ой-ӛрісін балабақшада сәби кезінен бастап, бастауып сынып, одан жоғары сыныптарға кӛтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту. Жоғары сыныптарда экологиялық жағдайларға ӛз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу.
Интеграциялау принципі-экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, география, химия, математика, физика және т.б) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану және т.б) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге кӛтеру. Кӛпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.
Кӛрнекілік принципі-оқушыларға экологиялық білім беруде оқу процесінде кӛрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, кеппешӛптер, жинақтамалар (коллекция) бейнекӛріністер, биоиндикаторлар мен табиғаттағы бақылаулар (экологиялық соқпақ) нәтижесін пайдалану.
Қабылдаушылық принципі-негізінен, мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, жатық әрі түсінікті тілмен беруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет