Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет112/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   139
сарамандық сабақ. Ӛздері тұратын жердегі құрлық және су экожүйелерін анықтап, олардың құрылымы мен құрауыштарын салыстыра отырып, кесте құрастыру. Олардың табиғаттағы рӛлін анықтау.

  • сарамандық сабақ. Жергілікті жердегі паразиттік тіршілік ететін ағзалардың ӛкілдерін анықтап, кесте толтыру.

    ІІІ. Жасыл ӛсімдіктер әлемі және оларды қорғау (5 сағат)


    Орман-халық байлығы. Орманның түрлері. Орманның пайдасы. Тоғайлар мен жайылымдар туралы түсініктер. Орманды қорғау және ӛрт проблемалары.
    Ӛсімдіктердің кӛптүрлілігі. Бір жылдық және кӛп жылдық ӛсімдіктерді ажырату. Сирек кездесетін және дәрілік ӛсімдіктерді қорғау. "Қызыл кітаптың" табиғат қорғаудағы рӛлі.
    Орман мен ӛсімдіктерді қорғау жолдары. Ортаның ластануына байланысты ӛсімдіктердің тіршілігіндегі ӛзгерістер. Лас су ӛсімдіктері. Ӛсімдіктер бірлестіктері.

    ІV. Жануарлар дҥниесі және оларды қорғау (6 сағат)


    Жануарлар дүниесінің кӛптүрлілігі. Жануарлар тіршілігіндегі ғажайыптар. Алып жануарлар. Олардың адам ӛміріндегі маңызы. Түз тағылары. Аң мен құсқа жасалатын қаскерліктер. Аң мен құстардың сиреп немесе біржола құрып кету себептері. "Киелі" құстар туралы.
    Құстар әлемі туралы. Біз білетін және білмейтін құстар. Құстарға ұя салу қажеттігі. Қазақстандағы қорықтар. Олардың маңызы.
    Жәндіктер. Жәндіктерді қорғаудың маңызы.
    3сарамандық сабақ. Қазақстанның "Қызыл кітабымен" танысып, білетін және жергілікті жерде кездесетін аң мен құстардың ӛкілдері туралы мәлімет жинау. (мұғалімнің кӛмегімен)
    4 сарамандық сабақ. Қазақстанның "Қызыл кітабын" пайдалана отырып, білетін ӛсімдіктердің түрлері туралы мәлімет жинау.

    V. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері (6 сағат)


    Қоршаған орта және адам. Адамның табиғатқа әсері. Адамның тікелей іс-әрекетінен болатын ластанулар.
    Адамның атмосфера ауасына әсері. Ластану жолдары.
    Адамның су ресурстарына әсері. Ластану жолдары. Тұрмыстық шайынды сулар.
    Адамның топырақтың ластануына жол беруі. Ластану түрлері.
    Қаладағы шу. Шудың адамға әсері және қорғану жолдары. Тұрмыстық химиялық заттар. Олардың пайдасы мен зияны. Тұрмыстық, косметикалық заттарды пайдалану және сақтану жолдары.
    Азық-түлік сапасы. Азық-түліктегі зиянды химиялық заттар. Улану түрлері. Сусындар сапасы. Түрлі түсті бояғыш заттар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   139




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет