Кәдімгі рентген суретінде дененің жұмсақ бӛліктерін нашар кӛрсетеді, сондықтан одан мидың бӛліктерін кӛре алмайсың.
Рентгенге түсірілген суреттен кӛрінетін зат рентгендік-контрастілік бояғыш деп аталады; оны қантамырларының ішін және мидың айналасындағысын кӛру үшін қанға енгізуге болады. Осындай жолмен миға қан құйылу (инсульт) кезінде болатын қан тамырларының бітелуін табуға болады.
Компьютерлік томографтар және магниттік-резонанстық сканерлер (129-бетті қараңыз) ми қарыншалары деп аталатын сұйықтыққа толы қуыстарды да кӛрсете отырып, мидың кӛрінісін дәл нақтылықпен береді.
Позитрондық эмиссиондық томограф мидың түрлі бӛліктері қуатты қалай тез қолданатынын, осылайша кӛп «ойлайтынын» кӛрсетеді.
Әрекетшіл ми туралы таңғажайып фактілер
Орташа алғанда ми 1,4 кг салмақты құрайды және бастың жоғарғы жағын алып жатады.
Ерлердің миы әйелдерге қарағанда кӛбірек, ӛйткені ерлер әйелдерден ірілеу болып келеді.
Дегенмен дене мӛлшерімен салыстырғанда, әйелдің миы ерлерге қарағанда сәл артығырақ.
Бас сүйектегі миды үш жұқа жарғақша – ми қабықтары қоршаған. Олар жұлын сұйықтығын қамтиды. Ми ӛзін соққылар мен шайқалудан сақтайтын осы сұйықтықта қалқып жүреді.
Тері, шаш және тырнақ
Әдетте бастағы шаш аптасына 3,5 мм-ге ұзарады.
Орта есеппен алғанда, адамның басында 100 000-нан 120 000-ға дейін шаш болады.
Бүкіл денеде саны 20 миллионға дейін жететін ӛзге де түктер болады.
Әрбір кірпік 1-2 ай ғана ӛмір сүреді де, түсіп қалады, сонан кейін ол фолликулдан жаңа кірпік ӛсіп шығады.
Әдетте тырнақ аптасына 2,5 мм-ге ӛседі.
Кӛбірек қимылдайтын қолдың тырнақтары жылдамырақ ӛседі. Егер сіз солақай болсаңыз, сол қолыңыздың тырнақтары оң қолдікіне қарағанда тез ӛседі.
Тырнақтар қыс мезгіліне қарағанда, жазда тез ӛседі. Қолдың тырнақтары аяқтың тырнақтарынан жылдам ӛседі Сҥйектер туралы таңғажайып фактілер Біздің денеміздің кӛп бӛліктерінің үштен бірі судан тұрады, ал сүйектер тек бестен бір бӛлігін ғана құрайды.
Бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14-і бет және 8-і бас ми сүйегі. Ең ұсақ сүйектер – құлақтағы ұсақ үш сүйек.
Ең ұзын сүйек – бүкіл дененің тӛрттен бір бӛлігін құрайтын сан сүйегі.
Ең жалпақ сүйек – жамбас сүйек.
Кӛптеген адамдарда 12 жұп қабырға бар, тек 500 адамның бірінде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады.
Күніне бір қорап темекі шегетін адам жылына жарты кесе шайыр ішкен адаммен пара-пар.
Адам - барлық жаратылыс ішіндегі түзу сызық сыза алатын жалғыз сүтқоректі.
Адамның ӛмір бойы ӛсірген шашы шамамен 725 шақырым болады.
Сары шаштылардың сақалы қарашаштыларға қарағанда тез
ӛседі.
Күлген адамның 17 бұлшықеті жұмыс жасайды.
Адам ӛкпесінің жалпы ауданы 100 шаршы метр.
Адам ДНҚ-сындашамамен 80 000 ген болады.
Адам баласы әрбір саусағын ӛмір бойында 25 миллион рет
бүгеді.
Адам жүрегінің кӛлемі ӛзінің жұдырығындай болады. Ересектердің жүрегінің салмағы шамамен 220—260 грамм болады.
Адам ағзасында бар-жоғы 4 минерал болады: апатит, арагонит, кальцит және кристобалит.
Адам миының тәулігіне шығарған электр импульстері, әлемдегі барлық телефондардың шығаратын импульстерінен асып түседі.
Адам бойында ӛмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келі болады.
Адам миында әрбір секунд сайын 100 000 реакция ӛтеді.
Адам туылғанда тізесіндегі кесесі болмайды (чашка), ол 2-6 жас аралығында пайда болады.
Адамның ӛкпесінің жалпы ауданы, теннис алаңының ауданы мен шамалас.
Кеңістік пен уақытты қабылдай алмау синдромы, ресми тҥрде "Алиса ғажайыптар әлемінде" (Алиса в стране чудес) аталады.
Адамның ас ішегінің ұзындығы тірі кезінде 2,5 метр болса, жантапсырғанда 6 метрге ұзарады.
Адамның оң жақ ӛкпесіне сыятын ауа, сол жақ ӛкпеге сыятын ауадан біршама кӛп.