Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет17/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139
Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының ғажайып фактілері.
Мақсаты: Адам ағзасындағы мүшелер жүйесінің ерекше фактілерінен мысалдар келтіру, себептерін білуге ұмтылу;

Бҧлшық ет және қозғалыс туралы таңғажайып фактілер


Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бӛлігіне дейінгі мӛлшерді құрайды.
Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшықеттер салмағына қатынасы артық болады.
Ең үлкен бұлшық ет – бӛксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде аяқты артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.
Ең кіші бұлшық ет – құлақтың түпкі жағында орналасқан кӛлемі «1» санының мӛлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.

Есінеу туралы


Адам біршама уақыт тыныштықта болса және үстіртін ғана тыныс алған болса, организмге кӛбірек оттег қажет болатындықтан, есіней бастайды. Есінеу қосымша терең тыныс алуды тудырады.
Есінеу кезінде миға қан барып, жақ пен беттің бұлшық еттері қимылдап, адамды сергітеді.
Кей адамдар есінеген кезде ауыздарын ӛте үлкен ашады, сондықтан қатты есінегенде олардың жақтары жылжиды да, ауыздарын жаба алмай қалады.

Ӛкпе және тыныс алу туралы таңғажайып фактілер


Біз демалғанда немесе ұйықтағанда, тек 3-4 секундта бір рет тыныс аламыз.
Дене жүктемесі шамадан тыс болғанда тыныс алу секундына бір ретке дейін жиілейді.
Терең тыныстағанда ӛкпеге 2-3 литр ауа барады.
Қалыпты тыныс алғанда бір минут ішінде ӛкпе 10 литрдей ауаны, ал қатты тыныс алғанда 150 литрден астам ауаны айдайды.
Демді сыртқа қаншалықты мӛлшерде шығарғанымызға қарамастан, ӛкпеміз де жарты литрдей ауа қалады.
Тыныс алуды тежеп ұстағаннан кейін, адамның терең тыныс алуына оттегінің жетіспеушілігі емес, қанда еріген кӛмірқышқыл газының жетіспеушілігі мәжбүр етеді.

Сезімдер жайлы тамаша мәліметтер


Тілдің дәм сезу бүртіктері негізгі тӛрт дәм – тәтті, тұзды, қышқыл және ащыны ғана ажыратады.
Керісінше, мұрын 10 000-нан астам алуан түрлі иісті ажыратады.
Тамақтану кезінде тіл дәмдерді ажыратқанда, мұрын да ауыздың артқы жағынан мұрын қуысына келген иісті сезеді.
Біздің тамақтың дәмді дейтініміз – тек дәмдер ғана емес, түрлі иістерді сезіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет