Оларды ғылыми тілде қазба түрдегі неонтроптарнемесе кӛпшілікке арналған әдебиеттерде кроманьонадамдарыдеп те атайды. Ӛйткені бұл
кезеңнің адамдарының қаңқа қалдықтары ең алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылған. Кроманьон адамдары бұдан 50– 30 мың жыл бұрын ӛмір сүрген. Бұл кезеңде ӛмір сүрген адамдардың мекен - жайлары Қазақстанның да кӛптеген жерлерінен табылды. Неоантроптардың бойының ұзындығы 170 – 180 см, 30 – 40 жыл ӛмір сүрген. Бас сүйегіндегі ми сауытының кӛлемі шамамен 1400 – 1600 см
. Алдыңғы ми сыңарларының самай және маңдай бӛлімдері ӛте жақсы дамыған. Неоантроптар ӛздеріне баспана салып, сонда тұрған. Олар, негізінен,етті тағамдарлы кӛбірек пайдаланған. Аң аулау үшін тастан, сүйектен әр түрлі құралдар жасай білген. Ӛздері тұратын үңгірлердің қабырғаларына әр түрлі бояулармен, кейде тастармен қашап та, суреттер салған. Бұл кезеңде қолӛнердің түрлі салалары да дамыған. Қыштан ыдыс жасауды білген. Кроманьон адамдары алғаш рет кейбір жануарларды қолға үйрете бастаған және егіншілікке де алғаш қадам жасаған. Тайпа, ру болып ӛмір сүру салты қалыптасқан. Айналасындағы табиғи туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу, т. б. сияқты нанымдарға ерекше кӛңіл бӛлген. Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам пайда болды. Неоантроптардың эволюциясында тәрбиелеу, үйрету және тәжірибе жалғастыруға басты кӛңіл бӛлген. Олар кӛбінесе ӛздерінің ептілігі, батылдылығы және тапқырлығы арқылы жаңа ӛмір сүру салтына кӛшкен. Ұрпақтарына деген қамқорлық, қарттарды қадірлеу және олармен санасу дәстүрі басым болған. Тайпа, ру және отбасы үшін күресе білу мен ӛзінің келешегін ойлау басты мақсат болып саналған. Қазіргі адамның пайда болуы, дамуы және қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған ӛте күрделі құбылыс. Орыс ғалымы Я. Я. Рогинскийдің (1895 – 1986 ж.ж) пікірі бойынша адам эволюциясында мынадай басты морфологиялық ӛзгерістер болған. Біріншеден, адам қол, аяқ және тұлға сүйектерінің ӛзгеру арқылы тік жүріп тіршілік етіуге кӛшкен. Екіншіден, миының құрылысы күрделеніп, дамыған және оның кӛлемі де ұлғайған. Үшіншіден, адамның жақ сүйектері кішірейіп, сӛйлеу қабілеті пайда болған. Адамның пайда болуында еңбектің алатын орнын ғұлама ғалым әл – Фараби бабамыз да орынды бағалаған. Ол адамдыңжер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына кӛтерілгендігін, адам еңбек құралдарын жасап, оларды қажетіне жарата білгендігін атап кӛрсеткен. ―Адам еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға кӛтерілген. Адам мен еңбек бірінен – бірі бӛлінбейді. Еңбек адамды хайуанаттар әлемінен бӛліп алып жоғары кӛтереді, оның дене және рухани жағынан ӛсуіне мүмкіндік туғызады‖, - деп маңызды тұжырым жасаған,