Импринтинг (алғашО. Хейнротпен К. Лоренц сипаттаған, ағылшынның imprint–із қалдыру, кӛргенді есте сақтау) дегеніміз–жануар ӛмірінің алғашқы минуттары немесе сағаттарында ұмытылмайтындай «жазылып, еске сақталынып қалуға» әкелетін тума ерекшеліктердің қосылуымен шартталған құбылыс
Ҥйрету–жаңа тәжірибені меңгеру немесе жаңаға дағдылану, Провотворовтың анықтамасы бойынша үйрету-жануарлардың белгілі бір сыртқы әсерлерді қабылдау қабілеті:
Оқыту–белгілі бір нәтижеге жеткізетін үрдіс(процесс).
Габитуация(үйренужәнебейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тітіркендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы.
Айдия-кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесінің бұзылуы).
Сенсибилизация–тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдар мен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы.
Биологиялық (ритмдер) ырғақтар немесе био-ритм-космостық уақыт пен организмнің ішкі тұрақтылығы, ішкі ритмінің сәйкестеліп келетін ырғақтық қозғалыстардың әрекеті.