Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет40/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

70-тапсырма: «Поляр жарқырауы» 
Поляр жарқырауы– табиғаттағы әдемі құбылыстардың бірі. Оны алғаш 
болып М.В. Ломоносов зерттей бастаған. Ол бұл құбылысқа ауадағы электр 
разрядтары себеп болады деген болжам жасаған. 
Оның болжамын тәжірибелер растады. 
Поляр жарқырауы – атмосфераның жоғарғы, өте сирек кездесетін 
қабаттарының (әдетте) 80-1000 км-ге дейінгі биіктіктегі электр жарығы. Бұл 
жарқыл Күннен келетін жылдам қозғалатын электрлік зарядталған 
бөлшектердің (электрондар мен протондардың) әсерінен пайда болады. Күн 
желінің Жердің магнит өрісімен өзара әрекеттесуі Жердің геомагниттік 
полюстерін қоршап тұрған аймақтарында зарядталған бөлшектердің 
концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Дәл осы аймақтарда поляр 
жарқырауының ең үлкен белсенділігі байқалады. Жылдам электрондар мен 
протондардың
оттек пен азот атомдарымен соқтығысуы атомдардың 
қозуына әкеледі. Артық энергияны бөлу арқылы оттегі атомдары спектрдің 
жасыл және қызыл аймақтарында, азот молекулаларында – күлгін аймақта 
түрлі-түсті сәуле береді. Осы сәулелердің өзара үйлесімі поляр шұғыласына 
әдемі, жиі өзгеретін түс береді. Мұндай процестер атмосфераның тек 
жоғары қабытында болады. Өйткені, біріншіден, төменгі тығыз қабаттарда 
атомдар мен ауа молекулаларының бір-бірімен соқтығысуы Күн 
бөлшектерінен қабылдаған энергияны олардан алады, екіншіден, ғарыш 
бөлшектерінің өзі Жер атмосферасының терең қабатына ене алмайды.


54 
Поляр шұғыласы Күннің белсенділігі өте жоғары болған жылдарда, сондай-
ақ Күндегі қуатты жарқыл мен оның басқа түрлерінің пайда болуы кезінде 
жиі пайда болады. Өйткені осы кезде поляр шұғыласының туындауына 
себеп болатын күн желінің қарқыны күшейеді. 
 
Сұрақ:
Поляр шұғыласы көрінетін Күн жүйесіндегі жалғыз планета – Жер 
деп тұжырымдауға бола ма?
Жауабы: 1.Жер – поляр шұғыласы көрінетін Күн жүйесіндегі жалғыз 
планета деп тұжырымдауға болмайды.
2.Егер басқа планеталарда да магнит өрісі мен атмосфера болса, онда поляр 
шұғыласы болуы әбден мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет