Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет39/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

67-тапсырма
Неліктен: 
 
А. Келе жатқан көлікке жақын жерден оның алдын кесіп өтуге болмайды.
В. Қашып келе жатқан адам қуғыншыдан құтылу үшін оны ұстап алуға 
жақын қалған мезетте қайсыбір жағына қарай шұғыл қозғалыс жасайды.
С. Егер қозғалып келе жатқан қайық кенеттен тоқтай қалса, онда оның 
үстіндегі адамның тұрған қалпын сақтап қалуы қиындау болады.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. 
68-тапсырма «Доптар» 
Балалар баскетбол ойнауға жиналды. Ілияс доп әкелді. Бағдат допты қолға 
алып көріп, оны үрлеу керегін айтты. «Неге? Оның онсыз да серпілісі 
жақсы» – деп таңқалды Ілияс. Бағдат кәсіби ойыншылар ойнайтын 
доптардың серпіліс стандарттары бар екенін айтты. Мәселен, егер 
доп 180 см биіктен еркін түссе, оның беткі серпілісі 120 см немесе 140 см-
ден аз болмау керек. 
Сұрақ:
Баскетбол немесе футбол добы өзі түскен биіктікке дейін секіре ала ма? 
Жауапқа 
«Мүмкін»
немесе 
«Мүмкін емес»
деп жазып, шешіміңізді 
түсіндіріңіз. 
Доптың механикалық (кинетикалық) энергиясының бір бөлігі доп еденге 
тигенде немесе ауа кедергісін жеңу үшін жұмыс жасағанда (ішкі энергияға 
айналады) түрленетінін білдіретін 
«Мүмкін емес»
жауабы таңдалып, 
түсініктеме беріледі. 
69-тапсырма:
«
Электромагниттер» 
1820 жылы француз ғалымы Франсуа Араго темір үгіндісін ток сымымен 
тартудың әсерін көрсетті. Дәл сол жылы оның отандасы, ғалым Андре Мари 
Ампер электр тогы бар спираль табиғи магниттік қасиетке ие екенін 
дәлелдеді. Электромагниттің өзін бірінші болып ағылшын өнертапқышы 
Уильям Стерджен ойлап тапты. 1825 жылы 4 мамырда британдық қолөнер 
қоғамының отырысында ағылшын ғалымы өзінің электромагнитінің 
жұмысын таныстырды. Бұл ұзындығы 30 см, диаметрі 1,3 см болатын таға 
тәрізді иілгіш темір таяқша еді. Оның бір қабатына химиялық ток көзіне 


53 
қосылған мыс сым оралған. Стердженнің электромагниті өзінен 1,5 есе ауыр 
жүкті ұстап тұрды. 
Бүгінде электромагниттер өндіріс пен өмірдің бірнеше саласында 
қолданылады. Олар күнделікті тұтынатын құралдардың көбінде, мысалы 
электрұстараларда, электромагнитттік тұтқаларда, құлаққаптарда және т.б. 
кездеседі. 
Электромагниттер – электр машиналарының, көптеген өндірістік 
автоматика құрылғысының, әртүрлі электротехникалық қондырғыларын 
бақылау және
қорғау
жабдықтарының, медициналық аппараттардың 
ажырамас бөлігі. 
Сұрақ:
Саят магнитті катушка жасады. Оны тексерген соң мынадай 
шешімге келді: 
1.
Ток күші бар катушканың магниттік қасиеттері оның айналу санына 
байланысты. 
2.
Қуат көзі катушкаға қосылған кезде магниттік қасиеттерге ие болады. 
3.
Электр тогының бағытын катушка арқылы өзгерткенде магнит полюстерінің 
орны өзгеріссіз қалады. 
4.
Катушка арқылы өтетін электр тогы төмендегенде оның магниттік әсері 
артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет