Әдістемелік материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Мәтін:
А-4 форматты қағаз;
пішіні – кітап түрінде;
шеттері: жоғары, төмен, оң жағы, сол жағы – 2 см.;
бет нөмері араб санымен белгіленеді, беттің төменгі жағына ортасына орналасады; мұқаба жалпы белгілеуге кіреді;
қаріп – Times New Roman;
азат жолдан басталады;
жол арасындағы интервал біреу;
сөздерді тасымалдауға болмайды;
компьютермен терудің негізгі ережелерін сақтау керек.
Мәтін бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Оларға реттік номер беріледі, араб санымен белгіленеді. Бөлім атауларын мәтінде тақырыпшалармен рәсімдейді. Бөлім атауы бас әріптермен теріледі, 14 қаріппен, қаралау әріппен ерекшеленеді, ортаға орналасады. Негізгі мәтін тақырыпшадан бос жол арқылы бөлініп тұрады. Бөлімше атауы азат жолдан басталады. Тақырыпша соңында нүкте қойылмайды. Тақырыпша с\астын сызуға болмайды. Әрбір бөлімді жаңа беттен бастау ұсынылады.
Мазмұнында тізбектеліп бөлімдердің, бөлімшелердің тақырыптары беріледі, материал басталатын беттің номері көрсетіледі.
Иллюстрациялар «Сурет» сөзімен белгіленеді және бөлім шегінде номерленеді.
Иллюстрация номері бөлім номерінен және иллюстрацияның реттік номерлерінен тұруы тиіс, нүктемен бөлінеді.
Қосымша жұмыстың ең соңында, мәтінде айтылу тәртібімен орналасады. Әр қосымша жаңа беттен басталады. «Қосымша» атауы жолдың ортасына орналасады және реті алфавиттің бас әрпімен белгіленеді. Мысалы,«Қосымша А».
Басылымды жариялауға дайындау тәртібі және реті
Оқу құралының, әдістемелік нұсқаулар қолжазбасының басылымға дайындалған сараптамасы сектордың, бөлімнің мәжілісінде қаралудан басталады. Әрі қарай жұмыс мәжіліс хаттамасының көшірмесімен бірге директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарына ішкі пікір алуға жібереді. Сыртқы пікір екеуден кем болмауы қажет: ұжымдық және жеке.
Әдістемелік нұсқаулар тек ішкі пікірді алады: директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары немесе оқу-ісі жөніндегі орынбасары және осы бағыт бойынша әдіскер. Оң пікір алған жұмыс ұйымның әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланады, шешім қабылданады және мәжіліс хаттамасының көшірмесі рәсімделеді.