Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы сараптамалық кеңес туралы ереже орал 2021 «бекітемін»


Сараптамалық кеңестің негізгі принциптері, жұмыс әдістері және қызмет нысандары



бет2/37
Дата18.03.2023
өлшемі90,13 Kb.
#75372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ- 2021

3. Сараптамалық кеңестің негізгі принциптері, жұмыс әдістері және қызмет нысандары
3.1. Принциптері:
3.1.1 .Объективтілік;
3.1.2. Жариялылық, ашықтық;
3.1.3. Алқалық;
3.1.4. Ұтқырлық және орындаушылық.
3.2. Әдістері:
3.2.1. Сараптау;
3.2.2. Талдау;
3.2.3. Әңгімелесу, сұхбаттасу;
3.2.4. Жіктеу;
3.2.5. Салыстыру;
3.2.6. Жалпылау;
3.2.7. Үйлесімдеу;
3.2.8. Жүйелеу;
3.2.9. Пікір білдіру.
3.3. Сараптама нысандары
3.3.1. Қазақстандық мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдары;
3.3.2. Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау материалдары.
4. СК құрамы
4.1. СК 31 адамнан тұратын БҚО ББ,ББДО мүшелерінің қатарынан, сондай-ақ ғалым-педагогтарды, практик-мұғалімдерді, өзінің білім саласында беделді мамандарды тарта отырып құрылады.
4.2. СК жұмысына басшылық жасайды – БҚО ББ төрайымы.
Кеңестің құрамына төрайым, төрайымның орынбасары, жауапты хатшы, кеңес мүшелері кіреді.
4.3. Сараптамалық кеңестің құрамы БҚО ББ шешімімен бекітіледі. БҚО ББ мүшелері Кеңес мүшесінің төрайымын, төрайымның орынбасарын және СК хатшысын сайлайды.
5. Сараптамалық кеңес мүшелерінің міндеттері
5.1. Төрайым мен төрайымның орынбасары сараптамалық кеңестің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, сараптама рәсімін және сараптамалық кеңестің жалпы жұмыс тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сараптау кеңесін БҚОББ төрайымы немесе төрайымның орынбасары басқарады. Сараптамалық кеңестің құрамына төрайымның орынбасары, жауапты хатшы, кеңес мүшелері кіреді.Төрайым, төрайым орынбасары бір мезгілде болмаған жағдайда СК-тің отырысы өткізілмейді.
5.2. Сараптамалық кеңес мүшелері мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдарымен танысады және материалдардың сәйкестік дәрежесі туралы сараптамалық қорытынды дайындайды. Сараптамалық кеңес мүшелері сараптамалық кеңестің жұмыс отырысында педагог материалдарымен танысады. Рецензиялардың объективтілігін бағалайды, келіп түскен материалдар бойынша сұрақтар тізімін қалыптастырады және СК хатшысына береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет