Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы сараптамалық кеңес туралы ереже орал 2021 «бекітемін»



бет1/37
Дата18.03.2023
өлшемі90,13 Kb.
#75372
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ- 2021


Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
Білім беруді дамыту орталығы
САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ

Орал - 2021




«БЕКІТЕМІН»

Облыстық білім басқармасының басшысы

Мыңбаева А.А.

бұйрық № 83

«01» ақпан 2021


Сараптамалық кеңес туралы ереже


1. Жалпы ережелер


1.1. Ереже:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына;
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына;
4. Оқу-әдістемелік кешен мен оқу бағдарламасын сараптау мен дайындауға қойылған дидактикалық талаптарға сәйкес әзірленді.
1.2. Сараптамалық кеңес (бұдан әрі – СК)инновациялық педагогикалық тәжірибеге сараптама жүргізу үшін орта білім беру саласындағы Облыстық оқу-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі – БҚОББББДО) жанынан құрылады.
1.3. Инновациялық педагогикалық тәжірибе сараптамасы – бұл педагогикалық кадрлардың практикалық жұмысының нәтижелерін кешенді бағалау.
1.4. СК мүшелері бағыттар бойынша педагогикалық кадрлардың практикалық жұмыс тәжірибесінің тәуелсіз сараптамасын жүзеге асырады.
1.5. СК отырысы тоқсанда кемінде 1 рет өткізіледі, шешім хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға Сараптамалық кеңестің төрайымы мен жауапты хатшысы қол қояды. Сараптамалық қорытындыға Сараптамалық кеңес мүшелері мен сарапшы қол қояды. СК шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен (70%-дан астам) қабылданады. СК шешімі отырыста оның толық құрамының кемінде 60% болған жағдайда жарамды деп есептеледі.
2. СК мақсаты мен міндеттері
2.1. Қазақстандық мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдарын сараптау.
2.2. СК міндеттері:
2.2.1. Мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдары бойынша сараптамалық қорытынды дайындау.
2.2.2. Педагогикалық бастаманың жаңашылдық дәрежесін Қазақстан Республикасында білім беруде практикалық маңызы мен орындылығын анықтау тұрғысынан зерделеу.
2.2.3. Инновациялық қызметтің аралық және соңғы нәтижелерінің сараптамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет