Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы сараптамалық кеңес туралы ереже орал 2021 «бекітемін»


Сараптамалық кеңес мүшесін мерзімінен бұрын шығару туралы мәселені



бет4/37
Дата18.03.2023
өлшемі90,13 Kb.
#75372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ- 2021

5.5. Сараптамалық кеңес мүшесін мерзімінен бұрын шығару туралы мәселені Сараптамалық кеңес мүшесі жұмыс рәсімдерін жүйелі түрде бұзған, өз функцияларын орындамаған, біліксіз көрінген, «мүдделер қақтығысы» жағдайында объективтілік болмаған кезде Сараптамалық кеңестің төрайымы қоя алады (сарапшы материалдарды сараптамаға ұсынған білім беру ұйымы басшысының ғылыми жетекшісі не тең авторы болып табылады).
6. Сараптамалық кеңестің жұмыс тәртібі
6.1. Материалдар. Сараптамалық кеңестің отырысына дейін бір ай бұрын білім бөлімдерінің бірінші басшыларының өтініші бойынша қағаз жүзінде және электрондық нұсқада 2 данада қабылданады. Барлық парақтар нөмірленуі тиіс. Ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдар тіркелмейді және қайтарылуы тиіс.
Материалдар төмендегідей сараптамаға қабылданады:
- білім бөлімдерінің ұсынымдары;
- облыстық оқу-әдістемелік кеңестердің ұсынымдары;
- мектеп мұғалімдерінің, ЖОО ғалымдарының, білім бөлімдерінің мамандарының (әдіскерлерінің) оң пікірлері.
Инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша жадынама қоса беріледі (3-қосымша).
СК теріс шешіміне апелляцияны педагог шешім шыққан күннен бастап 1 (бір) ай ішінде еркін түрде береді. Аппеляция берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Комиссия құрамына тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) маман енгізіледі. Рецензенттер, тең авторлар, жұмыс ұсынылған өңір бөлімдерінің қызметкерлері комиссия мүшелері бола алмайды.
6.2.Сараптамалық кеңестің жұмыс тәртібі:
6.2.1. Бірінші кезең – тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде бағыттар бойынша педагогикалық кадрлардың практикалық жұмысының материалдарына сараптама жүргізіледі. Бірінші кезеңнің қорытындысы сараптамалық қорытынды болып табылады.Бірінші кезеңнің нәтижесі - сарапшының пікірі. Жұмыс қабылдау жылына 4 (төрт) рет ақпан, сәуір, тамыз, қазан айлары жүргізіледі.
Екінші кезең – қорытынды шығару бойынша СК жұмыс отырысы. Екінші кезеңнің қорытындысы хаттамамен ресімделген отырыстың шешімі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет