СК-ның жауапты хатшысы __________________________ ТАӘ Әдістемелік нұсқау – қандай да болмасын тақырыпты зерттеудің, сабақ және іс-шара өткізудің тәртібін, логикасы мен ерекшелігін айқындайтын әдістемелік материал түрі. Әдістемелік нұсқауда жүзеге асатын іс-шараның сабақтастығына ғана емес (әдістемелік жұмыстағы секілді), жағымды тәжірибе негізінде туындаған бір немесе бірнеше жекеше әдістемені дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді. Әдістемелік ұсыныстардың міндеті – іс-әрекеттің (оның ішінде іс-шараның) нақты бір түріне қолдануға болатын тәсіл үлгілерін, ерекше тиімді нұсқасын насихаттау. Әдістемелік ұсыныстарда міндетті түрде бір немесе бірнеше нақты іс-шараны ұйымдастыру және өткізу туралы ұсынылып отырған әдістемені іс жүзінде сипаттайтын нұсқау беріледі.
Ұйымдастыру мәселелерін шешу жөніндегі әдістемелік нұсқау. Оның үлгі болатын нұсқаулары: қалай жасартуға болады, қиындық тудыруы мүмкін қандай жайттарды ерекше назарда ұстау қажет, техникалық және т.б. қандай құралдары пайдаланған жөн және т.б. мәселелер бойынша кеңесіп шешу. Ұсыныстар нәтижесінің келешегін болжайды: қандай міндеттерді шешуге көмегі тиеді, қатысушыларға қандай нақты әсер етеді, неге үйретеді. Мұнда біліктілігін пысықтайтын, қалаыптасқан дағдысын дамытатын басқа да жұмыс түрлері қысқаша тізбектеліп беріледі. Әдістемелік нұсқауда берілген тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі,осы жұмысты дайындау барысында пайдаланған әдебиеттер тізімі, сондай-ақ автордың аты, тегі, әкесінің аты, жазылған мерзімі; білім ұйымының Әдістемелік кеңесі, мамандар тобы және т.б. берген ішікі сараптама көрсетіледі.
Әдістемелік ұсыным – әдістемелік өнімнің кешенді түрі, жекелеген бұқаралық іс-шараларды, әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізуді жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды, сценарий, баяндама, көрме және т.б. жоспарларын қамтиды. Ұсынылған материалдың теориялық идеясы мен практикалық мүмкіндіктерін толықтай жақсы түсінуге септігін тигізеді.
Әдістемелік құрал – әдістемелік материалдың кешенді түрі, ол қандай да болмасын оқыту курсының немесе балаларға қосымша білім беру бағытының айрықша ерекшелігі мен әдісін, мәнін көрсететін жүйеленген материалды қамтиды. Әдістемелік құрал, ережеге сәйкес, теориялық материалдан өзге иллюстрация, сызба, диаграмма, сурет, сондай-ақ берілген тақырыпқа сай жасалған құжаттар үлгісі түрінде кеңейтілген дидактикалық материалды да көрсетеді.
Білім беру бағдарламасы – педагогтің қызмет мақсатымен, шартымен, ресурстық жабдықталуымен, арнайы мазмұнымен, әдістерімен және технологиясымен кепілдендірілген оң нәтижеге жететін тұжырымдамасын айқындайтын нормативтік құжат. Бұл – білім алушының жеке білім алу бағыты, одан өте келе ол, бағдарламаны әзірлеген педагог болжағандай, тәрбиеліліктің, білімділіктің қандай да болмасын бір деңгейіне көтеріледі.