1. әдіске (тәжірибеге) қажеттілік - бұдан арғы әрекеттерге кедергі келтіретін актуалды (шын) күдіктің болуынан туады;
2. мұндай актуалды күдік түйінді (проблемалық) жағдайды, нақты шаралар арқылы шешуді қажет ететін нақты өмірлік жағдайды тудырады;
3. түйінді жағдайды шешу көбіне шешім мен әрекеттердегі баламаны (альтернативаны) таңдаумен байланысты;
4. ғылыми әдістің мақсаты - түйінді жағдайды шешілген жағдайға айналдыру;
5. ғылыми әдістің әрекеті түйінді жағдайдың түрленуі кезінде іске асады;
6. демек, түйінді жағдайды шешілген жағдайға айналдырудағы нақты шаралар ғылыми әдіс болып табылады.
Дж. Дьюи түйінді жағдайды шешілген жағдайға айналдыруда мынадай нақты қадамдарды атайды:
кедергіні (анық түсіндірмесі жоқ мазасыздықты) қиналысты сезіну, ол сезімнің себебін, түйінін айқындау қажет;
сезімдер айқындалып, сөз түрінде анық айтылған соң белгісіз жағдай мәселелі жағдайға айналады; бұл кезенде түпкі мақсатты белгілеу, ол жолдағы болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын-алу қажет;
түйінді жағдайды жойып, мәселені шешуге әкелетін болжамдар жасау;
гипотезаны сыни тұрғыдан талдау; қойылған мақсаттың әрбір кезеңіндегі гипотеза әрекетін теориялық модельдеу;
соңғы шешім қабылдау; гипотезаның ақиқаттығын не жалғандығын тәжірибе түрінде тексеру.