Батыс философиясы Қазіргі заманғы философияның жалпы сипаты және бағыттары


Модернистік өнердің дүниетанымдық негізі



бет66/86
Дата31.12.2021
өлшемі474,66 Kb.
#21198
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86

  Модернистік өнердің дүниетанымдық негізі «Бейнелеу және сұңғақ (мүсіндік) өнерлері нақты заттар мен кұбылыстарды шыншылдықпен дәл бейнелеуге тиіс» деген пікірді алдымен Гоген және Мунк, ал 20 ғасырдың басында фовизм, экспрессионизм, кубизм бағыттары толық жоққа шығарды. Әсіресе кубизм соншалықты радикалды болды және басқа ағымдардың (абстракционизм, т.б.) дамуына ықпал етті. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған дадаизм -өнердің мәні мен мағынасына күмән келтірді. Мұндай күмандану нәтижесінде өнер және өнер туындыларындағы орындалуды емес, идеяны (!) басты орынға қойған концептуалды өнер туды. Модернизм өнер тарихында бірінші болып өнердің барлық сфераларын қамтитын, діни, философиялық және өнертанушылық идеялардың синтезіне ұмтылды. Мысалы: (Р.Вагнер, С.Дягилев) мистика, христиандық және оккультивизм синтезінен біртұтас өнер туындатуға ұмтылыс. Модернизмнің өнер теориясына өз тәртібін ендіру талпылыстарына қарамай, дәстүрлі бейнелеу өнері өзінің позицияларын сақтап қалды және бастапқыдағыдай орталық мәселе адам болып қала берді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет