. Алғаш рет ол антикалық дәуірдін соңғы кезеңіндегі христиандардың -өздерін мәжусилікті ұстанатындардан (аntigui - ескілерден, көнелерден) ажырату үшін қолданылды. Ал тарихи бетбұрыс идеясы аса өзекті болған Қайта Өрлеу кезінде "модернді ғасыр'' ұғымы Ф.Петрарка, Дж.Вазаридің еңбектерінде кездеседі. Толық мағынадамодерн ұғымы Жаңа Заманмен теңестіріліп, жаңаевропалық мәдениеттің синониміне айналды: дәл осы кезеңде индустриалды қоғамның қазіргі заманғы типі қалыптасты. Модерн ұғымының қолданысы мұнымен шектеліп қоймай, "модерн" - белгілі нақты тарихи дәуірді ғана емес, қоғам мен мәдениеттің түпкі мақсаты ретінде ұмтылатын, қалайтын образын да бейнеледі(мысалы, Ағартушылық дәуір идеологиясы).