Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет16/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
«Үндістан» деп аталады. Бұл бөлімде Захир ад-дин Мұхаммед өзінің 
Үндістанда қалай билікке жеткені туралы баяндайды. Осындай алып 
елді өзіне қаратқанда, Бабыр, Ауғанстандағы сияқты, Үндістанның 
бытыраңқылығын шебер пайдалана білді. Осы жөнінде белгілі ғалым 
Ә.Дербісәлиев мынадай деректер келтіреді және Бабыр әулеті мен 
қазақтың атақты тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің арасындағы 
байланысқа көңіл бөледі.
«Хайдар мырза жанына жұбаныш бола алмаған Тибет пен 
Бадахшаннан 1536 жылы Үндістандағы Лахорға келгенде бөлесі 
Бабырдың қайтыс болғанына 6 жыл толған еді. Әкесінің жылы өтпей-ақ 
балалары тақ үшін таласты бастаған боатын. Сол себепті де оларға 
әкесінің қиян-кескі соғыспен жеңіп алған иеліктерінен айырылу қаупі 
бірте-бірте күшейе түсті. Бабыр Үндістанды әрине оп-оңай басып алған 
жоқ. Ол мұндағы саяси бытыраңқылық, шонжарлық алауыздықты жақсы 
пайдаланды. Сөйткен Бабыр 1526 жылы Панипат түбінде Үндістанның 
басы бірікпеген сұлтандары мен әкімдерін қирата жеңіп, Дели 
сұлтандығын жойған еді. Үндістанда ол содан төрт жыл билік құрды. 
1530 жылы қайтыс болған соң әкесі тағы үлкен ұлы Нәсір ад-Дин 
Һұмаюнге тиді. Ол Бабырдан қалған иелікті кеңейтуге тырысып, өзге 
жерлерді басып алмақ болады. Бабыр мемлекетінің әуелгі астанасы 
Лахорға Хайдар мырза осындай жағдайда келді. Оны өзара алауыздықта 
болса да, Һұмаюн мен Камран мырза жақсы қарсы алды. Бабырдың 
бұлардан басқа Асқар мырза, Мырза Хиндал (1519-1551) атты тағы да 
екі ұлы болған. Олар да тақ үшін таласта бір-біріне ешқандай аяушылық 
жасамады. Мысалы, Һұмаюн Бихар мен Бенгалия әміршісі, ауған текті 
Шерханмен (?-1545) күресіп жатқанда Камран қалайда ағасының көзін 
жойып, әке тағына ие болу әрекетін жасады. Хайдар мырза Лахорда 
жүргенде аға-іні арасындағы осындай таластардың талайын көрді» [98].
Осының бәрі Бабыр қайтыс болғаннан кейін болған оқиғалар еді. 
Керісінше, көзінің тірісінде Захир ад-дин негізін өзі қалаған Ұлы 
Моғолдар империясын қуатты мемлекетке айналдыруға бар күшін 
салды. Кейін Һұмаюнның баласы Акбар билік жүргізген уақытта бұл 
мемлекет гүлденіп, өркендеді. Жоғарыда аталып өткендей, Моғол 


112 
империясы тұсында үнділік мәдениет ренессанстық кейіпке ие болды. 
Мәдени гүлденуге себепші болған бір факторға Бабырдың өзінің 
өнерпаздығы жатады.
«Бабырнамада» сол замандағы Орталық Азия мен Хорасан, 
Ауғанстан мен Үндістандағы атақты өнер адамдарына әділ сипаттама 
беріледі. Әлішер Науаиді Захир ад-диннің өзіне ұстаз санағаны туралы 
жоғарыда тоқталып өттік. Бабыр басқа да өнер қайраткерлеріне үлкен 
ілтипат білдіреді:
«Әлішер бек сияқты ғылым мен өнер адамына қамқорлық жасап
жанашырлық еткен пенде бұрын-соңды болды ма, болмады ма, ол жағы 
белгісіз. 
Ол Бектің ілтипаты арқасында аса дарынды Ұстаз Құл Мұхаммед, 
Шейх Найыншы мен Құсайын Үдешілер* музыкалық аспаптарда ойнап, 
дүйім ел-жұртқа танылып, даңққа бөленді. Бекзат ұстаз бен Шаһ 
Мұзаффар да Әлішер бектің қамқорлығымен, сүйемелдеуімен даңқты, 
әйгілі адамдар болды. Әлішер бек салғызғандай пайдалы көп ғимаратты 
салғызу ілуде біреудің ғана болмаса, ешкімнің де қолынан келмеген 
болар» [87]. 
Суретшілердің арасында Бабыр атақты Бекзаттың өнеріне ерекше 
тәнті болғаны туралы жазады.
Жалпы алғанда, Захир ад-дин Бабырдың шығармашылығы толассыз 
мол дүние. Оны Жаңа заманға аяқ басқан түркі халықтары мәдениетінің 
энциклопедиясы деп бағалауға болады. «Бабырнамаға» арналған бұл 
мақаламызды оны зерттеуге және қазақ тілінде сөйлетуге үлкен үлес 
қосқан Байұзақ Қожабекұлының мына қорытындысымен аяқтағымыз 
келеді:
«Бабырдың шоқтық мұрасы – Бабырнама тағлымды тарихымызды 
ертеңгі болашаққа да ұластыратын дүние. Оның Шығыс зерттеуші-
лерінің назарынан тыс қалмауының шын сыры да сонда жатыр. Мұның 
жарқын айғағы ретінде – ЮНЕСКО-нің тарапынан 1980 жылы француз 
тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылымына халықаралық 
конкурс жариялаңғанын тілге тиек етсек жарар. ЮНЕСКО бұған ынталы 
елдердің (Орталық Азия, Ауғанстан, Үндістан) ғылымда-рының 
қатысуымен арнаулы комиссия құрды» [87, 19].


113 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет