Бауыржан бабажанұЛЫ



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата27.01.2017
өлшемі2 Mb.
#2788
  1   2   3   4   5   6   7

Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Өл
Өл
Өл
Өл
Өлеңдер,
еңдер,
еңдер,
еңдер,
еңдер,
балладалар,  поэмалар
балладалар,  поэмалар
балладалар,  поэмалар
балладалар,  поэмалар
балладалар,  поэмалар
Алматы - 2014
Алматы - 2014
Алматы - 2014
Алматы - 2014
Алматы - 2014

2
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ББК
Б
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ. «Ниетқабыл». Алматы, -285 бет
Бауыржан  Бабажанұлының  жаңа  жинағына  негізінен
соңғы жылдары жазған жырлары мен баллада-поэмалары еніп
отыр.  Өзекжарды  өлеңдерден  өмірдегінің  бәріне  өзін
жауаптыдай сезінетін беймаза ақын жанын ел, жер, тіл, дін,
ұлт  тағдыры,  ұрпақ  қамы  шынайы  толғантатыны  сезіледі.
Жинақтағы туындыларға Жаратушы – адам – табиғат
– қоғам арасындағы жарасым мен жаңсақтыққа толы күрделі
қарым-қатынасты  сан  қырынан  саралай  суреттейтін
бедерлі тіл мен бейнелі ой тән.
Б——————————
                         ББК
ІSBN .....................
Б

3
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
...Асылы, өлең туралы айтудың да, жазудың да қажеті
жоқ.
Өлеңді  түйсіну,  сезіну...  һәм  кеудеңе,  жүрегіңе  сіңіру
ғана  керек.
Әрине,  нағыз  өлеңді.
Нағыз ақынды да солай.
Өлең  үшін,  ақын  үшін  емес.
Өзің  үшін.
Нағыз  өлең,  нағыз  ақын  өзіңді  байытады,  өзіңнің
кеудеңді  кеңейтеді,  өзіңнің  жоғыңды  түгендейді,  ұмытқан
асылыңды бәлкім, жоғалтқан ардақтыңды өзіңе табыстырады,
жүдеген рухыңды серпілтіп, бәлкім, қарайған көңіліңді қайта
ағартады, пенделік нәтіңді — әдепкі Адами болмысыңа қайта
көшіреді.
Ал  өзгесі – нағыз  өлеңнен  өзгесі! — кезінде  өлеңмен
тілдесу  көрінген  қойшысының  қолынан  келетіндей  болған
қазақтың  айтуына  сайсақ, «атасы  арзан  жел  сөз»  болып
шығады.
Жел сөздің де зияны аса жоқ — нағыз өлеңге жібі түзу
тыңдарман,  оқырман  дайындайды.  Тек...  тобыр  үшін  ғана
емес, «әдеби билік» үшін де  «жел сөздің», тобырлық сананы
әлдилерлік  қана  шамасы  бар  өлеңшінің  қадірлірек  бола
беретіні бар. Мұны түсінуге болады: ойы, түйсігі мен түсінігі
қортықтар  үшін  өзінің  қолы  сәл  жетпей  тұрғанның  бәрі  —
ақын, «почти пайғамбар»...
Бұған  опынудың  қажеті  жоқ — нағыз  өлең,  нағыз
ақындар — болашақтың, тіпті, мәңгіліктің де қазынасы болып
қала береді. Адам, адамзат өз табиғатынан танып, адасып,

4
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
азып кетпесе — солай!..
«Әдебиетте ұлылар да мәңгі қалмайды, олар тек едәуір
уақытқа  кідіреді»  депті  бір  дана.  Сол  «кідіру»  қолынан
келгендер — нағыздар.  Олар,  кемі  өз  тұсын,  өз  дәуірін
байытады.  Сүлеймен,  Нұх,  Мұса,  Иса,  Мұхаммедтерге
таңдай қаққызып, бас шайқатқан ұлыларды кім біледі қазір?!
Демек,  нағыз  өлең  өз  қауымына  қызмет  етеді.
Пайғамбарлыққа пара-пар қызмет. Не, соның маңайы.
Бауыржанның мына жинағы туралы да негізгі айтарым
—  мұны  тек  түйсіну,  сезіну  керек.  Оған  қоса,  осындағы
өлеңдердің  қазақы  жүректерге — адаса  жаздап,  қазығына
қайта оралғандай кейіпте отырған қазақы халықтың жүрегіне
көбірек сіңгенін тілер едім. Себебі...
Себеп көп. Ал бастысы — Бауыржан қазақ өлеңіне өзінің
ерекше  болмыс-бітімімен,  өз  үні-өрнегімен  келген,  түйсік-
түсінігі түгел оқырман қапысыз таныған ақын. Тез оңар әсіре
қызылдың қызығына беріліп, арзанға ұрынуды білмеген ақын.
Сөз  байғұсты  шебер  құрап,  жаттанды  сезімдерді  құрғақ
айтқыштыққа орап ұсынып жүрген желөкпелердің қатарында
Бауыржан жоқ. Оның өлеңінде қасаңси бастаған сезімдерді
жібітіп,  көзіңе  жас  әкелетін  күш  бар.  Ал  бұл — көрінген
өлеңшіге бұйырарлық қасиет емес.
Бауыржанның өлеңдерінің басты әсері — оны осы қазір
ғана өзің жазғандай күй кешесің. Бұл — нағыз ақындықтың
басты критерийі.
...Жазбау  керек  еді  осыны.  Көп  мықтының  ең  озық
өлеңдерін  өз  қазынамша  тұтынып,  өзегіме,  діліме  сіңіріп
алған  мені  өлеңмен  таңдандыру  қиын  еді.  Осы  әдемі,
шынайы,  көркем,  анайыдай  арзан  емес,  асылдай  астарлы
өлеңдерден тұратын жыр кітабына қуандым. Сол себепті ғана
бірер  сөз  жаздым.
Асылы, өлеңді оқу керек!..
Өз басым, әлемде теңдесі жоқ қазақы Өлеңнің ұрпақтан
ұрпаққа  ұласып  келе  жатқан  асыл  қазынасының
Бауыржанның  өлеңдерімен  көркейе,  байи  түскеніне  бек
сендім.
Мейірхан  АҚДӘУЛЕТҰЛЫ.

5
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ҚАМЫРЫҚ
ҚАМЫРЫҚ
ҚАМЫРЫҚ
ҚАМЫРЫҚ
ҚАМЫРЫҚ
І  БӨЛІМ
І  БӨЛІМ
І  БӨЛІМ
І  БӨЛІМ
І  БӨЛІМ

6
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
ҚЫЗКҮТКЕН
ҚЫЗКҮТКЕН
ҚЫЗКҮТКЕН
ҚЫЗКҮТКЕН
ҚЫЗКҮТКЕН
Бір қыз бар Ақтөбеде, аты — Көктем,
Қалқамның көркем еді нәті неткен!
Бірақ та  әкесінің түсі суық,
Қыс деген — аты да өктем, заты да өктем.
Аузынан шыққан сөзі, сірә, балдай,
Жігіт ем  қай қызға да ұнағандай.
Далада тұрмын, міне, діңкем құрып,
Еркемді үйден сыртқа шығара алмай.
«Бұл кім, әй?
Бұлай тұрған жарамайды».
Барақ-Жел  айнала үріп, абалайды.
Боз бұлттың жабығынан сығалаған,
Сұлу Ай күліп,  мені табалайды.
Ойлар кеп бірі мәнсіз, бірі мәнді,
Көңілім көкке қарап ұлыған-ды.
...Түшкіріп, қақырынып-түкірініп,
Қырсық шал жатпай, ұзақ жүріп алды.
Кеудемді тағы күдік кескіледі:
«Ай, осы қашан маған ес кіреді».
Кетейін десем, сол сәт
Қалқатайдың
Сыңғыры шолпысының естіледі.

7
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
...Барақ-Желдің үні өшті абалаған,
Қырсық шал да қисайды... (Шамалағам).
«Шығады ол. Әні-міне кеп қалады...»
Жүрегім алдамайды!
Сенем оған...

8
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
КӨКТЕМ
КӨКТЕМ
КӨКТЕМ
КӨКТЕМ
КӨКТЕМ
Салтанаты жарасып бұла көктем,
Ақ қайыңдар иіліп тұр әдеппен.
Жынды Желді жібердім, тілін тауып,
Қалқатайдың қал-жайын сұра деп мен.
Сарт еткізіп ауланың ергенегін,
Апыл-ғұпыл жөнелді ол «Мен дегенің...»
Алаңғасар мінезі бар демесең,
Нәті жақсы жігіт қой Жел дегенің.
Бір-біріне қызығып таңдай қаққан,
Құс оралып көліне шалғай жақтан.
Азан-қазан. Көл әлі алаңдаулы
Қай құс екен кешігіп келмей жатқан?
Бұлт артына Күн сұлу кеп тығылып...
Тентек жаңбыр салып-ақ кетті бүлік.
Су-су болған бір топ қыз сыңғырласа
Қозғалақтар көрші шал, жөткірініп...
Шартылдаса аспан жақ сең жүргендей,
Ниетінен бұлттардың шөл гүлдердей.
Марқаясың, мәз болып, мына өмірде
Күз дегеннің барына сенгің келмей.

9
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
КӨКТЕМ.  ӨЛЕҢ
КӨКТЕМ.  ӨЛЕҢ
КӨКТЕМ.  ӨЛЕҢ
КӨКТЕМ.  ӨЛЕҢ
КӨКТЕМ.  ӨЛЕҢ
Көктемнің айтты жайын бар,
Тізбегін құстар бұзбай кеп.
Бүр жарды кенет қайыңдар,
Бойжеткен биыл қыздай боп.
Жан-дүниең қайтіп түлемес,
Сүюдің балын татқанда ой.
Өріктің гүлі гүл емес,
Көктем-қыз жазған хаттар ғой...
Сезімге, бұл сәт, кім ие,
Беймаза бір күй тапты ойлы ұл.
Тал ғана  емес, дүние,
Көңілдер гүлдер шақ қой — бұл!
Аруға, анау,  арна жыр,
Болмайды ол, сірә, кетәрі.
Жүрегі оның дәл қазір —
Бәйшешектердің отаны.
Жұпарын шашып бау-бақ та,
Дүркірер кез ғой, дүркірер,
Жөнеліп жатыр жан-жаққа,
Ақсүйек іздеп күлкілер...
Табады дүр сөз тілерде ел:
«Көктемнің аты — Ізгі үміт!»

10
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
«Махаббат!» — дейді біреулер,
«Бақыт!» — дер біреу үздігіп.
Бақыттың аты-затына,
Сенбейтін жанмен дос емен.
...Көктемнің жазған хатына,
Жауабым менің – осы өлең!

11
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ҚЫЗ-КӨКТЕМ
ҚЫЗ-КӨКТЕМ
ҚЫЗ-КӨКТЕМ
ҚЫЗ-КӨКТЕМ
ҚЫЗ-КӨКТЕМ
Ішіп ап мас болғандай жігіт қымыз,
Ақтөбенің көктемі — қылықты қыз!
Қылықты қыз үйден тез шыға қоймас,
Мұны қалай, жігітім, ұмыттыңыз...
Кейде түсіп кете ме,  күдігі алға,
Әйтеуір,  себеп тауып құбыларға.
Бірнеше күн қабағын ашпай қойса,
Амал қанша,  қызға тән қылық — ол да.
Естілгенде түздің де, құздың да әні,
Көңілдегі ери ме мұздың бәрі?
Әп-сәтте жылап қалар...
(Ештеңе етпес,
Жыласа,  тазарады қыздың жаны).
Күнге айналып, алқызыл гүлге айналып,
Көңілі бір-ақ сәтте бүрлей қалып.
Бірдеңені іздейді аласұрып,
Нені іздейді, өзі де білмейді анық...
Бір ашу алқымымда  тұншығады,
Сезсе ару  одан әрі қырсығады...
Білерім, қыз мінезі — өткінші бұлт,
Бұлттан кейін күлімдеп Күн шығады.

12
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
...Қос жанары жарқырап шамдай жақұт,
Жүзіне шыққан алау қанды ойнатып.
Үздіктірген, уыздай Көктем-Ару,
Құшағыңа енген сәт қандай бақыт!

13
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ
Жазығы не менің жазған басымның,
Қазақ, сені көргім келсе күнгейден.
...Нар ұлдарың айбарыңды асырды
Кезек-кезек олжа салып, Сиднейде.
Тұрсын ағам* үлкен махаббатпенен,
— Осы жер, — деп — жіберетін шын демеп.
Мұхтарханды тартты шапалақпенен
— Жи есіңді, ҚАЗАҚ ЕМЕССІҢ БЕ?! — деп.
— Алып ұрғын!
Басылсын, — деп — мына дау
Хас балуанын шығарарда ортаға.
Дәл осылай тартқан, шіркін, шығар-ау
Атам қазақ қамшыменен арқадан.
Шаршаңқы ұлды тани алмай жұрт та аң-таң,
Күш құйылып, қалғандай бір тыныстап.
Әлгі сөзден дүр сілкініп, Мұхтархан
Саидовты** қуып тықты бұрышқа.
«ҚАЗАҚСЫҢ — СЕН!»
Қуатты сөз керемет,
*Тұрсынғали Еділов — Сидней олимпиадасына барған
бокс құрамасының бас бапкері.
** Саидов — өзбек боксшысы.

14
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Армандарың аспан жаққа жиі ұшсын.
Қазақ болып тудың, артық не керек,
Сен де, ендеше, жеңілмеуге тиіссің!
...Жанды көрсем, борға айналған шыдамы
Қиындықтан болып әбден үргедек.
Шапалақпен тартқым келіп тұрады
Жи есіңді, ҚАЗАҚ ЕМЕССІҢ БЕ?! — деп.

15
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ТҮС
ТҮС
ТҮС
ТҮС
ТҮС
— Өлең керек! — дейді өкімет түсімде,
Уай, неғылған ғажап бұл!
Барлық ақын бір-бір патша пішінде
Төбелері тимей көкке аз-ақ тұр.
— Осы қазір өліп кетсем арман жоқ,
Көзіме анық көрінгенде төңірек.
Жер бетінде мұндай Билік болған жоқ, —
дейді бірі еңіреп.
— Бұл өкімет  қалды неге бізді елеп,
Бір бармағы ішінде қап тұратын.
Қандай Өлең керек еді сізге?! — деп
Топ ішінен сұрап қалды бір ақын.
— Жалған жырдан басымдағы бақ қайтар,
Тәтті сөзбен бірге өткізер айласын.
“Хан емессің, қасқырсың!..” деп бетке айтар
Махамбеттей хас ақындар қайдасың?!
Жауап осы!
Болмас енді жиі дау,
Көрдім күліп, жадыраған ағаны.
Әй, дегенмен, бәріне ұнау қиын-ау,
Кей ақынның түйіліпті қабағы…

16
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Сөздің құнын қара түгіл, хан білмек,
Арманың не, парасатқа бай елім?!
— Тұр, шайыңды іш,
жұмысыңнан қалдың, — деп
Иығымнан жұлқылайды әйелім.
Қап, кешірек неге атпады мына ақ таң,
Әйелдің де оятқышын…
                                    ой, Алла-ай.
Тәтті түстен арылдым мен, жұмақтан
Хауаға еріп шығып кеткен Адамдай.
Бірақ ойым жамандықты қуады,
Әлгі түсім өңге айналар секілді.
Жорытпақ ем, жан жоқ аузы дуалы,
Сосын іште қалдыруға бекіндім…
Ай, ақыным, неге сонша тістендің,
Ішінде қап жүрсің бе көп егестің?
Шаршап жүрсең, сен де осындай түс көргін,
Сәл ертерек оятпасын тек ешкім…

17
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ҮСТЕМ  ТАП
ҮСТЕМ  ТАП
ҮСТЕМ  ТАП
ҮСТЕМ  ТАП
ҮСТЕМ  ТАП
Уақытты тоқтататын амал бар ма?
Бермеген ондай құзыр жаралғанға.
Үстем тап дейтұғын бір топ болыпты
Біз білмейтін бағзы бір замандарда.
Өзі айтар шешімін де, кесігін де
Жат оған мейірім де, кешірім де.
Мың-мыңнан жылқы айдаған байлар болған
Топ-топтан жалшы ұстаған есігінде.
Ал оның ұлы қандай паң, көрікті
Сөзі үстем, жүрген жері лаң болыпты.
Ол таңдап жүйрік мінсе, қасқа кедей
Мінер ат, ішер асқа зар болыпты.
Сыймай бір жатпағасын мал — қораға
Кедейдің жолын тағдыр оңғара ма?
Ол жүрсе үйлене алмай, бай-бағландар
Қос-қостан қатын апты.
(Оңбаған, ә!)
Таппаған қара халық сенер қоғам,
(Өмірге қайғы ішем деп келер ме адам).
...Е, болса, сондай заман болған шығар
Бұл мыстан-тарихыңда не болмаған.

18
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
— Не заман ол?
Шет жағасын көрсең, деймін  —
Айтшы, ата, бәрін ашып берсең, деймін.
Әйтпесе, жұртта ес жоқ, шулайды кеп:
— Үстем тап тірілді! — деп...
Мен сенбеймін.
Мырза көрсе қуанар кезде... бұлар,
Ішінде құдайдан шын безгені бар.
Жұмыс жоқ...
тамағы тоқ,
іш пысқасын
Осы жұрт тек әйтеуір сөзге құмар.
Ел үшін шыбын жанын қинап жүрген
Қиындықтан айылын жимай... күлген,
Шекпендінің бәрі әйбат. Дәл соларды
«Үстем тап» деуге тіпті қимаймын мен.
Масайған той тарқарда әндей соңы
Тобырдың болушы ма еді мәнді өлшемі.
Бәрі жақсы олардың...
тек мына жұрт:
— Үстем тап тірілді! — деп...
— Әй, қойшы оны...

19
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ЕСКЕНДІРДІҢ  МҮЙІЗІ
ЕСКЕНДІРДІҢ  МҮЙІЗІ
ЕСКЕНДІРДІҢ  МҮЙІЗІ
ЕСКЕНДІРДІҢ  МҮЙІЗІ
ЕСКЕНДІРДІҢ  МҮЙІЗІ
Мазасыз ой тап болды неге маған,
Тыныштығын күйттеген өлең аман...
Шекпен киіп жайланып, үнсіз қалды,
— Ел мұңы — менің мұңым! — деген ағам.
Жә, жарайды, тек сол ма үнсіз қалған,
Көкірегіңмен не пайда Күн сызғаннан.
Мен де үнсізбін. Тек шекпен кигенім жоқ,
әуел бастан ондайға қырсыз болғам.
Құрдым-уақыт көп күнді өтті де ұрлап,
Өзегімді ащы ойлар кетті қырнап.
Құдыққа кеп мұң шақтым:
«Ескендірдің
мүйізі бар басында», — деп сыбырлап.
Ақиреттен үмітсіз  пенделердей,
Басын тықты топ қарға көңге өлердей.
Алтын сандық үстінде ел тарықты,
Мысалы, теңіз кешіп шөлдегендей.
Кес-кестеген алдымнан «құтты» шың көп,
Жанарына жанымның шық түсірмек.
Түбін тесіп сандықтың бал жалаған,
Қақты арқамнан қысық көз «мықтысың» деп.

20
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
— Шошқа аунап кеткендей көлшігіне,
Құты қашқан қалпымды көрші міне! —
Құдыққа кеп... жақындап бара алмадым,
Айналыпты ол біреудің меншігіне.
Айқайладым (қалайша жайлап айтам,
Жұлдыз мініп, дәм бітсе Айға қайтам):
— Ескендірдің басында мүйізі ба-ар!
...Жо-жоқ, мүйіз жоқ онда, ойнап айтам.

21
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
СҮЛЕЙМЕННІҢ  ЖҮЗІГІ
СҮЛЕЙМЕННІҢ  ЖҮЗІГІ
СҮЛЕЙМЕННІҢ  ЖҮЗІГІ
СҮЛЕЙМЕННІҢ  ЖҮЗІГІ
СҮЛЕЙМЕННІҢ  ЖҮЗІГІ
Қайран басым болған кезде бір әлек,
Жалғай алмай көп ойлардың үзігін.
Пайғамбардан қалған маған мұра деп
Тақтым қолға Сүлейменнің жүзігін.
Содан кейін күндер кештім қызықты ең,
Құшағы ыстық Бақтың аулын мекендеп.
Сәуле түсіп, жазу шықты жүзіктен:
«Байқа, бала, бұл күндер де өтер»,- деп.
Аттан түстім, түстім дұшпан торына,
Азап шектім, ит-өмірден түңілдім.
Далбасалап қарап  едім қолыма,
Бұл күннің де өтетінін ұғындым.
Кісі ақын жеп, біршама елді жылатқан,
Бір ағама жүрген жері — хан жайлау.
Сыйлар едім жүзігімді, бірақ та,
Сиыр  қосып берсем де ол алмайды-ау.
Деп: — Мыналар қалмай алсын мына айдан,
Тізім жасап жүргендерге сөз бұзып.
Пошта пұлын төлеп маған Құдайдан
Посылкамен келсе осындай көп жүзік.
Ащы ақиқат түстес болар өліммен,
Қарап жүр деп, бағың менен сорыңа.

22
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Тізімменен үлестірер едім мен,
Һәм «алдым» деп, қол қойғызып соңына.
Соңына ерген көп итіне үргізіп,
Енді тізе батырмас деп, мына елге.
Тым болмаса, түссе көктен бір жүзік,
Кигізер ем, шіркін, анабіреуге...

23
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
САПАР
САПАР
САПАР
САПАР
САПАР
Әуелде мен өзіме сенем деп ем...
Алайда бас білмейді өлең деген.
Аулынан  баяғының бір шығарды,
Салт мініп сол шіркінге  жөнелген ем.
Құс үркіп, дүбірімнен жылан қашып,
Көзімде қараңғы мен нұр арбасып.
Қиқулап  ел шетіне іліккенде,
Тұр екен айналаны тұман басып.
Кеп жеттім сәскеде ме, бесінде ме,
Тоқтатқан, ай, мынау ел көшін неге?
Жұрттың бәрі жынды су ішіп апты,
(Абай жазған  әлгі аңыз есіңде ме?).
Жұрт көрсін, төрге озайық, өлеңім, ал,
Құймақұлақ мен ем ғой  көнені ұғар.
...Алдында ас, жынды суы... өлеңі бар,
Қонақты елемейді-ей неге бұлар?!
... су құйған кәрлен кесе келдіңіз бе?
Тартайық (не амал бар енді бізде?...).
Қарасам, анау да ұлы, мынау да ұлы,
Кіл мықты тұратын ел көрдіңіз бе?!
Ай, дәурен, айхай дәурен, бұла  дәурен,
Басыңнан өтпейтіндей мына дәурен.

24
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан  БАБАЖАНҰЛЫ
Бірін-бірін жарыса мақтайтұғын,
Осы елде, сірә, өлгенше тұрам-ау мен.
Бас тартар түскен елдің ғұрпынан кім...
Әйтсе де басымды бір сілкіп алдым.
(Тұмшалап жан-жағыңды көрсетпейтін,
Ғажабы бар екен ғой бұл тұманның).
Алады бір бозбала  зорға демін,
—Біз, — дейді, — заманында... болмақ ерің!
Мына тұман ашылса не болады-ей,
...Ай, бірақ, не шаруам бар онда менің?..
Сөз ағып... ел-жұрт үшін қам жегендей,
Содан соң тағы да той... ән дегендей.
... Ауылға қайтар уақыт болып қапты-ау,
Бізде де қатын-бала бар дегендей.
Бағзының елін көріп, ертеңі — күз...
Аяқталды бұл — сапар-ертегіміз.
...Өлеңім, көрмегейміз тертені біз.
Сеніммен  өрге жүзіп бара жатқан,
Біз деген бақытты елдің желкеніміз!

25
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
АҚЫН  АҒАНЫҢ  ӘҢГІМЕСІ
АҚЫН  АҒАНЫҢ  ӘҢГІМЕСІ
АҚЫН  АҒАНЫҢ  ӘҢГІМЕСІ
АҚЫН  АҒАНЫҢ  ӘҢГІМЕСІ
АҚЫН  АҒАНЫҢ  ӘҢГІМЕСІ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет