ІІ
Қоңыр күз батып, басталған шақ-ты қара күз,
Қап, қанар ұстап мақтада жүрген бала — біз.
Бригадирдің қабағын аңдып, ол кетсе,
Мақтаны тастап, асыр сап ойын саламыз.
Күз билік берген айдауыл-желден жеңіліп,
Жапырақ біткен жер құшып жатты, төгіліп.
Қамба-ғұмырдың қазынасына қол салған
Сұр тышқан-уақыт астық-күндерді кеміріп.
Мезгілі өтсе болады барлық сән құрбан,
Бұлттарды жинап, жынойнақ көкте салдырған.
Кәрі қыз-сары күз көп жылады ма, әйтеуір,
Біздің ел сол жыл көз ашпай қойды жаңбырдан.
Ағасы өліп, бастаған алға көшін мұң,
Қара күз — менің көңілі еді досымның.
Қара бұлт — сол күз қабағы еді қарттардың,
Ал жаңбыр — сол күз көз жасы еді жесірдің.
Ал жұрт па? Жұрттың көңілі сол сәт сабын-ды,
Екі бөлінді, пікір де екі жарылды.
Табынбайға сот болатын күні Қоңыратта,
Бар ауыл түгел қалаға қарай ағылды.
268
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Басталды сот та, тыңдауда ел-жұрт даурықпай,
Аңырай берген қозысы өлген саулықтай.
Кемпірін тыйып қабағыменен, тұрды да:
— Судья, балам, сөзім бар, — деді Жаумытбай.
Жаумытбай — өлген Меңдібай ердің әкесі,
«Бетің бар...» демей бетке айтар жалғыз «қатесі».
Тамағын кенеп, айнала шолып шықты да,
Сөйлеп бір кетті барша елдің сыйлы Жәкесі:
— Ақ ісіме әрбір жаратқан ием жақ болып,
Жүрген бір жан ем ырысым толып, бақ қонып.
Құдай ісі де... осылай болды, қайтейін,
Ажалын іздеп барыпты балам... тапты оны.
Қан жұтып әбден жылап тұрса да жүрегім,
Айтпасам мұны қиянат болар, білемін.
Мына баланың түк жазығы жоқ, ол үшін
Қолыңнан келсе, босатып жібер, тілегім.
... Тоқтатпай көзін бұзылған жұртқа сабындай,
Бұрылды Жәкең, қалпынан тіп-тік жаңылмай.
«Апыр-ай, Жауке, өлтіріп кетсең жақсы еді!» —
Сылқ етіп жерге отыра кетті Табынбай...
ІІІ
Дүниеден мынау не дүр мен өткен не сері,
Жинаған қазір Жаумытбай шал да төсегін.
Жиын-тойлардың көркі болып жүр бүгінде,
Дуалы ауыздан шыққан әңгіме кешегі.
Құдайым кем қып жаратса да туыс-бауырдан,
Құламай небір борандар мен дауылға.
269
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Бес жылға жуық кесігін өтеп келгесін,
Табынбай көшіп кеткен-ді біздің ауылдан.
«Ірілік енді айналып өтер ұлтыңды!»
— Мүмкін емес! — деп жүрегім талай бұлқынды.
Пендені көріп мал үшін жанды жазғырған,
Жаумытбай қартты сағына берем біртүрлі...
2001 жыл.
270
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
АЛТЫНКӨПІРЛІКТЕР
АЛТЫНКӨПІРЛІКТЕР
АЛТЫНКӨПІРЛІКТЕР
АЛТЫНКӨПІРЛІКТЕР
АЛТЫНКӨПІРЛІКТЕР
Еліміз тәуелсіздік алар тұста да, алғаннан кейін де біраз
уақытқа дейін мына заман аласапыран күйге түсіп, түрлі
саяси-әлеуметтік сапырылыстарды басынан өткерді. Талай-
талай күрмеуі тас түйін дағдарыстар мен ауыр да азапты
күйзелістерді көріп үлгердік. Міне, сол кезеңдерде көбіміз,
соның ішінде, өзіміз де бармыз, әдебиетіміз тоқырауға
ұшырап тұр деп алқынып айтып та жаттық, жарыса жазып та
жаттық. Бұл сөздің шындығы да бар еді. Әдебиеттің ауыр
артиллериясы болып саналатын проза жанры, әсіресе, жаңа
заманды бейнелейтін роман, хикаяттар дүниеге келе
қоймады. Аспан жерге түсіп, жер аспанға шығып кеткендей
аласапыран заманның түр-түсін, мінез-құлқын танып-білу, оны
көркем қорытудан өткізіп, сомдап, мүсіндеу үшін ол
кезеңдерден берірек алып кететін уақыт алшақтығы қажет
болатын. Солай болып шықты да. Қазір ел үшін талмауыр
тұс болған сол бір қиын кезеңдерді сипаттап, суреттей алатын
роман, хикаяттар жазылып, жариялана да бастады.
Мен өзім өлең жазатын адам болғандықтан, әрине,
алдымен бақылайтыным да, бірден көз салатыным да поэзия
жанры ғой. Мен, сөз жоқ, күнделікті баспасөз арқылы
поэзияның сол жылдары да, онан кейін де бірде-бір үзіліп
қалмай, үздіксіз жұмыс істеп жатқанын көріп те, біліп те
отырдым.
Бірақ несін жасырып, жаба тоқимын, әдебиетке тоқырау
келді деп толассыз айтылып жатқан көпшілік хорға қосылып
кеткен өзім де біраз уақыт сол ойдың шырмауында қалған
болатынмын. Поэзия тінінің үзілмегенін біле тұра, дүдәмал
271
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
күй кешкенімді бүгін енді жасыра алмаймын. Дүдәмалдың
аты — дүдәмал. Онда күдік те, үміт те болады. Әрі тарт та,
бері тарт сол бір күйде біршама уақыт жүрдім де, ақыры не
күдігімді, не үмітімді бекітейін деген ниетпен алдымен
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, сонан кейін жаңа
ғасырдың о жақ, бұ жағында әдебиетке келген жастардың
шығармаларын мұқият оқып-білуге кірістім. Сөйтсем, бірден
айтайын, поэзияда түк те тоқырау болмаған екен. Өскен,
өркенін жайған. Жаңа өріске шыққан. Яғни басты айып
өзімізде жатқан болып шықты. Жастар поэзиясын өз кезеңінде
оқып жарытпағанбыз, дер кезінде бағасын бермегенбіз.
Менің бұл көлемді мақалам «Алтынкөпірліктер» деп
аталады. Неге «Алтынкөпірліктер?» Енді соған келейік.
Бірден айтайын, «Алтынкөпірліктер» атауын мен ойлап
тапқам жоқ. Бұл сөз — Маралтайдың сөзі. Ол өз толқынының
әдебиетке келу кезеңін осылай атаған. Яғни ол толқын сол
бір сапырылысы да, алыс-жұлысы да көп, бүкіл ел тауқыметті,
таршылық заманды басынан өткеріп жатқан тұста, көп ақын-
жазушыларымыз не істерін білмей абдырап, дағдарып,
қаламы мен қағазынан көз жазып қалғандай болған кезеңде
ұлы Мәртебелі поэзияның кешегі жағалауын ертеңге, яғни
бүгінгі жағалауға қосқан көпір міндетін атқарды. Шын мәнінде
алтын көпір бола білді.
Мен алтынкөпірліктер поэзиясын Маралтай
Райымбекұлы, Әмірхан Балқыбек, Жарас Сәрсек, Бауыржан
Бабажанұлы, Нұржан Қуантайұлы, Батырболат Айболатұлы,
Әлібек Шегебай, Бақыт Беделханұлы, Дәурен Берікқожаұлы,
Бақытжан Алдияр, Алмас Темірбай, Танакөз Толқынқызы,
Айнұр Әбдірасылқызы және сырттан өз еліне енді оралып
жатқан Ұларбек Дәлей, Тоқтарәлі Таңжарық, Нұрбәтима
Байтұрсын, Отар Шауқан шығармалары арқылы танып-білгім
келді.
Әрине, жастар поэзиясы осы аты аталған жастармен
ғана шектеліп қалмайтынын, Құдайға шүкір, мен жақсы білем.
Олар әлдеқайда көп. Тағы да олардың ішінде мен әңгіме
272
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
еткелі отырған жастардан қарым-қуаты да, талант-дарыны
да бір де кем соқпайтын ақындардың бар екеніне, тіпті де,
шүбә келтірмеймін. Бірақ бәрін қамтуға бір адамның
мүмкіндігі жетпейді ғой. Оның үстіне, өзім сырттай қадірлейтін
кейбір жастардың жыр жинақтары қолыма түсе қоймады.
Сондықтан мен ағамыздың қаламына біз неге ілікпедік деп
өкпе-наз айтатын іні, қарындастарым табылып жатса, олардан
алдын ала ғафу өтінем.
Бұл жерде оқырман қауымның есіне сала кетер бір
нәрсе, алтынкөпірліктер өздерін жастармыз деп санамайды.
Олардың олай деуі дұрыс та. Өйткені олардың алды бүгін-
ертең қырық жасқа кіргелі отыр. Бірақ мен үшін олар —
жастар. Ол үшін менің қадірлі інілерім мен қарындастарым
сөге қоймас.
Сонымен...
«КІРПІГІНЕ ҚАН ҚАТЫП
«КІРПІГІНЕ ҚАН ҚАТЫП
«КІРПІГІНЕ ҚАН ҚАТЫП
«КІРПІГІНЕ ҚАН ҚАТЫП
«КІРПІГІНЕ ҚАН ҚАТЫП
ҚОҒАМЫҢ ТҰР»
ҚОҒАМЫҢ ТҰР»
ҚОҒАМЫҢ ТҰР»
ҚОҒАМЫҢ ТҰР»
ҚОҒАМЫҢ ТҰР»
Бауыржан Бабажанұлы барынша қарапайым жазады,
шешен жазады, бір сөзбен айтқанда, қазақы ақын. Табиғаты
қазақы. Бізде қазақы жазуды, қазіргі заман құбылысынан
кеш қалып қойғандай, уақыт көшіне ілесе алмай қалғандай,
көне стиль, ескі сүрлеуді шиырлап жүрген сияқты көретіндер
бар. Бауыржан туралы олай ойлау күнә. Ол, тіпті де, заман
құбылыстарынан да, уақыт көшінен де сырт қалған ақын
емес. Қазақы көрінейін деп өлең жолдарына қаптаған
архаизмдерді арқалатып та қоймайды.
Оның ерекшелігі сонда — қандай бір күрделі ұғымды
да қазақ жанына жақын етіп қорыта білетіндігінде. Ол сөз
іздеп, оны жамап-жасқап жатпайды, сөздің өзі табиғи түрде
құйылып жатады. Яғни қазақы стихиялық мінез. Қай өлеңін
оқысаңыз да, одан көкірек сарайыңды ашып жіберетін
даланың аңқылдаған желі есіп, нөсерден кейінгі жусанның
273
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
кермек иісі бұрқырап қоя береді. Оның өлеңдеріндегі мұндай
қазақи жайдары мінез ұлттық тақырыптарды жазғанда ғана
емес, мүлде басқа тақырыптарды жырлағанда да, атап
айтқанда, «Ескендірдің мүйізі», «Сүлейменнің жүзігінде» де
анық көзге ұрып тұрады. Мәселен, сол «Сүлейменнің жүзігін»
алайықшы. Бұл өлеңде Бауыржан жұрттың бәріне белгілі
оқиғаны хабарлы сөйлемдермен баяндап жатпайды. Одан
осы заманға сай философиялық мән-мағына іздейді. Іздегенде
де нақты әрекет арқылы, яғни Сүлейменнің жүзігін қолына
киіп алып сөйлейді.
Қайран басым болған кезде бір әлек
Жалғай алмай көп ойлардың үзігін,
Пайғамбардан қалған маған мұра деп
Тақтым қолға Сүлейменнің жүзігін.
Содан кейін күндер кештім қызықты ең,
Құшағы ыстық Бақтың ауылын мекендеп.
Сәуле түсіп, жазу шықты жүзіктен:
«Байқа, бала, бұл күндер де өтер», — деп.
Тақырыпты қазақша қорыту, яғни қазақ ұғымына жақын,
қазақ ұғымына сіңімді етіп беру деген осы. Әйтпесе
Сүлейменнің жүзігіндегі мәтінде «байқа, бала» деген тіркес
жоқ қой. «Байқа, бала, бұл күндер де өтер» деген тіркес қазақ
үшін әлдеқайда салмақты, әлдеқайда ұғынықты.
Әрине, Бақыт дегеніңіз де баянсыз. Ол да тас төбеңде
бұлбұлдай тамылжытып сайрап, тотықұстай мың құбылып
тұрады да, күндердің күнінде басыңа бір саңғып ұшып кетеді.
Аттан түстім, түстім дұшпан торына,
Азап шектім, ит өмірден түңілдім.
Далбасалап қарап едім қолыма,
Бұл күннің де өтетінін ұғындым.
Әлбетте, Бауыржанды қинайтыны өз басының халі емес.
Оны қинайтын жайт, көкіректері аяққаптай-аяққаптай боп,
кеуделеріне нан пісіп, ысқырықтарымен жер жарып, жеті
қабат таралғыны қатар үзіп жіберердей боп шіреніп, көздерін
274
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
шел басқан асып-тасқандар. Соларды көріп тұрған
Бауыржан:
Соңына ерген көп итіне үргізіп
Енді тізе батырмас деп мына елге,
Тым болмаса түссе көктен бір жүзік
Кигізер ем, шіркін, ана біреуге... — дейді. Өлең бітті.
Бірақ оқырманды толғандыратын, толқытатын толғақты ой
қалды. Жалғанды жалпағынан басып жүрген сол шіренген
шіркіндердің қолдарына сенің де Сүлейменнің жүзігін кигізгің
келіп кетеді.
Жалпы, Бауыржан сөзді аса қасиетті ұғым, яғни
дүниенің алтын діңгегі, асыл қағидасы деп біледі. Ол
ертеректе жазылған «Сөз» деген өлеңіне киелі кітаптағы «әуелі
сөз болған» деген тіркесті эпиграф етіп алуының өзі содан
болса керек.
Мақсат басқа, өзге арман
Болмысым да... көнерді...
...Атамыздан сөз қалған,
Не қалдырам мен енді?
Сап, сап, көңілім — бозжорғам,
Жоқ нәрсеге налыма.
«Ең әуелі Сөз болған!»,
Сөз болады соңы да!
Рас қой. Адамды шыр етіп жерге түскеннен әуелі сөз
күтіп алады, соңғы сапарға аттанарда сөз шығарып салады.
Сондықтан да сөз қадірін білу деген сөз — өз қадіріңді білу
деген сөз. Өз қадіріңді асқақтатам десең, онда сен сөз қадірін
асқақтат. Өйткені мына дүние сөзбен ғана өлшенеді, сөзбен
ғана бағасын алады. Өмірдің алағай да бұлағай аласапыран
тіршілігіне де, адам жанының жықпыл-жықпыл түкпірлеріне
де қоғамда болып жатқан ақ түтек, қара құйынды құбылыстары
мен сапырырыстарына да тек сөз арқылы үңіле аласың.
Несін айтасың, қазір біздің күніміз қашанғыдай «қасқыр
байлап ұстағандай қорада» болып тұр ғой. Ылғи бір бітпейтін
275
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
де қоймайтын арбасумен, аңдысумен күн кешіп келеміз.
Содан барып сан соғып опынасың, тіпті, омақаса құлап, бір
жақ қабырғаң опырылып құлағандай боласың. Олай болмаса
ақын:
Мен, мен едім, мен едім,
Тауға айналдым, төбе едім.
Егеменді ел болдым,
Енді мәңгі жайқалады желегім
... деп едім.
Бірақ, бірақ азат, дарқан еліме
Тілім керек болмады.
Ділім керек болмады.
Дәл осылай кете берсе, түбінде
Менің дағы болар ма екен керегім?! — демес еді ғой.
Дәл қазір бәріміздің жанымызды жеп, етімізді езіп, сүйегімізді
кеміріп жатқан сұрақ осы ғой. «Мен, мен едім, мен едім»
деп жүрген мына елдің керегі бар ма өзі?! Әй, қайдам...
Өйткені «Қазақты алдау» дейтұғын бір ойын бар. Қазақстан
дейтін мемлекетімде»... сол ойыннан «ойынымыз осылып»
кетпесе игі еді...
Ел мен жер тағдырын ойлаумен қабаржып жүретіндіктен
бе, жоқ әлде о бастағы табиғи болмыс-бітімінен бе,
Бауыржанның ең бір жақсы көретін мезгілі — Күз. Күзді мол
жырлапты. Тіпті, ол күзді адам кейпінде енгізіп, оны шәлкес
мінезді, долы, дүлей қимылды Құдағай ретінде қабылдайды.
Сәлем бердік, төрге шық, Күз-құдағай,
Құрметіміз қалған ба сізге ұнамай?
Қабағыңнан қаймығып, кетті шығып,
Қыз мінезді Жаз дейтін біздің ағай.
Даңғырлатып бұлт-нөкер шелектерін,
Желіктірер анау жел желөкпені.
Әжеміздің өрмегін күрт үзіпсіз,
Сәл сабыр ет, құдағай, о неткенің?
276
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Біздің әрбір ісіміз күнә сынды
Өршелене жаясың құлашыңды.
Жекжат жөнін білмейтін ел емеспіз,
Ақылға кеп, бер енді бір ашуды.
Қайың шашын жұлыпсыз обалдағы-ай,
... Бұрын қалай келгенбіз абайламай.
Біз еңкейген сайын сіз шалқаясыз,
Мінезіңіз, апыр-ай, қалай-қалай?
Бұл өлеңге түсінік беріп жатудың өзі артық. Сурет —
өлең. Образ — өлең. Ешқандай талқылап, таратып жатпай-
ақ бәрі ап-айқын. Бұл өлеңнің тағы бір көзге ұрып тұрған
ерекшелігі — барынша қазақы мінезінде, яғни қазақы
орындалуында. Сол үшін де әдейі келтірдім. Бауыржанның
сөзден өзімізге етене таныс сурет сала білетін шеберлігіне
тәнті болғандықтан. Әйтпесе Абайдың «Қыс» өлеңінен бастап
жыл мезгілдерін адам кейпіне келтіріп суреттейтін өлеңдер,
Құдайға шүкір, жетіп артылады.
Негізінен, Бауыржан күзді өзімнің көңіл-күйімнің ауа
райы, жан құбылыстарымның климаты деп біледі.
Мөлдір бұлттан пәренжі жамылды Ай да,
Шаршады ғой… аспан сәл дамылдай ма?
“Жылама енді, сүрткін, — деп, — көз жасыңды”
Ақыл айтар күзге ешкім табылмай ма?
Мен-ақ ақыл айтар ем, түсін бірақ…
Біреу алып кеткендей күшімді нақ.
Айқайлаймын, дауысым шығар емес,
Тұр өйткені менің де ішім жылап.
Көңілдің көп бояуы оңар шерден,
Бізге-дағы көп адам болар сенген.
Сол сенімнен шығайық, жылама, Күз,
…Алдыменен сен тоқта, содан соң Мен.
277
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
«Көңілінің көп бояуы шерден оңып» кеткен
Бауыржанның ішін қанжылататын жағдаяттар көп болып тұр.
Тым көп. Өйткені «шындығыңыз бүгінде тұлдыры жоқ тұл
жетім». Өйткені ол «мыстан-өмір қолынан көземенен қайғы
ішкен». Өйткені ол:
Даңғазаның буына маң дала мас,
Жапырақсыз қурады арман-ағаш.
Кірпігіне қан қатып қоғамың тұр,
Үміт күткен ұрпағың ол жалаңаш.
Арманымен қондырған айға өлеңін,
Адалдықтың әр кезде байрағы едің.
Етік сатып ертеңің базарда жүр,
Енді күнің не болар, қайран елім? — деген етін езіп,
сүйегін үгітіп жіберетін ауыр сұрақтың астында жүр. Қай
жағына қараса да еңсесін басып, жан-жүрегін талап, сезім
талшықтарын отап жіберетін көріністерді көре-көре, көңілі
әбден қайтқан ақын «бақытсыздық пен ақында бар ма екен
әлде үндестік» деген зіл батпан тұжырымға келеді.
Мен бұл мақаламды Бауыржанның өз өлеңімен
аяқтағым келіп тұр. Өйткені ол өлең көбіміздің қазіргі көңіл-
күйіміздің ең керекті пернесін дәл басып, шер-мұңымыздың
шегін дер кезінде қағып жіберетін жұп-жұмыр қалпында, аяқ-
қолы балғадай боп туа салған өлең екен.
Жүрегімді билегенде нала-мұң,
Хал-жайымды сұрай берме, қарағым.
Құлай, құлай таусылған бар амалым,
Күрсінуден күлге айналған жанарым,
Лаулай алмай бықсып жатқан шаламын.
Қарашаның бұлты сынды түнерген,
Қара көзден қан ағызып күлем мен.
Жанарында қайғы жусап, мұң өрген
Қара түннің үрпінен мен жыр емгем.
278
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Содан болар көңілдің көп кетеуі,
Менің жаным — көңілсіздік мекені.
Қиялымның қанталаған жанары,
Арманымның жасқа толған етегі.
Көкірегімде күрсінгенде шерлі өлең,
Сәби-мұңды бесігімде тербеп ем...
Өз сезімін өзі өлтіріп жерлеген,
Қанды қолды қатыгезбін мен деген,
Хал-жайымды сұрай берме сен менен.
Темірхан МЕДЕТБЕК,
ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері.
«Жұлдыз», №1, қаңтар, 2008.
279
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
1-БӨЛІМ
ҚАМЫРЫҚ
Қызкүткен ........................................................................ 6
Көктем ............................................................................. 8
Көктем. Өлең .................................................................. 9
Қыз-Көктем ...................................................................... 11
Қазақ ............................................................................... 13
Түс................................................................................... 15
Үстем тап ........................................................................ 17
Ескендірдің мүйізі .......................................................... 19
Сүлейменнің жүзігі .......................................................... 21
Сапар .............................................................................. 23
Ақын ағаның әңгімесі ...................................................... 25
Бүгінгінің ақыны .............................................................. 27
Юра. 1 мамыр ................................................................. 29
Біржан шайырдың өлеңі ................................................. 32
Желтоқсан ....................................................................... 34
Ойын ............................................................................... 35
Бір ағамыз айтыпты... ..................................................... 37
Терісаққан ....................................................................... 39
280
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Исаның жасы .................................................................. 41
Күбірткі ............................................................................ 43
Өтірік ............................................................................... 44
Қамырық ......................................................................... 46
Қарқыл ............................................................................ 48
Қазақстан ........................................................................ 50
Ой .................................................................................... 51
Жиналыс ......................................................................... 52
Роль ................................................................................ 53
Этнографиялық өлең ....................................................... 55
Сүю ................................................................................. 56
Ғасыр басындағы көңіл-күй ............................................ 58
Әншейiн өлең .................................................................. 61
Жаяу Мұсаға ................................................................... 63
Қар жауған күн ............................................................... 65
Жаңа жыл түні ................................................................. 66
Өліара ............................................................................. 68
Қамшы құдіреті ............................................................... 70
2-БӨЛІМ
ТӘҢІРІМЕ БІР УӘДЕ БЕРІП ЕМ...
Сөз .................................................................................. 76
Уәде ................................................................................ 78
Қиямет-қайым ................................................................. 80
Қонақ ............................................................................... 82
Сұлу ................................................................................ 84
Қызыл алма. Әйел .......................................................... 86
Менiң ағаларым .............................................................. 88
281
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Қырт өлең ........................................................................ 90
Қазақ айтады .................................................................. 92
Айқай .............................................................................. 93
Ақ пен қара ..................................................................... 95
Дінсіз өлең ...................................................................... 97
Бейуақ ............................................................................. 99
Ән .................................................................................... 101
Күз. Көңіл-күй ................................................................. 103
Күз. Ауыл ........................................................................ 105
Құдағай ........................................................................... 107
Күз. Шындық ................................................................... 109
«Күз кірді...» ................................................................... 110
Толғақ .............................................................................. 111
Адасқақ ........................................................................... 113
Шындық туралы бір өлең ................................................ 116
«Сазға отырған сананы...» .............................................. 118
«Өзегімді от өртеп...» ..................................................... 120
Ақын монологы ............................................................... 121
Жанайқай ........................................................................ 123
«Аспанға жазған арманын...» ......................................... 125
2004 жыл. Қыс. Ақтөбе ................................................... 126
Әулет .............................................................................. 127
Қырықтағы күбір .............................................................. 129
Альбомдағы өлеңдер..................................................... 131
«Жастықтың бір есімі...» ................................................. 133
«Беу, көңіл...» ................................................................. 134
Ақыл ................................................................................ 136
Ғазалдар ......................................................................... 137
282
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Қиял ................................................................................ 139
Аспан мен жердің арасы ................................................ 140
Жалған ............................................................................ 142
Жазмыш .......................................................................... 143
Өмірзая ........................................................................... 145
Өң мен түстің арасы ....................................................... 147
Дерт ................................................................................. 149
Запыран .......................................................................... 151
Қорқыт жыры ................................................................... 153
3-БӨЛІМ
БІЗДІҢ АУЫЛ СҰРАСАҢ...
Төлеген Айбергеновке .................................................... 156
«Біздің ауыл сұрасаң...» ................................................ 161
Ауылға хат ...................................................................... 162
Түс. Әму ......................................................................... 165
Сағыныш ......................................................................... 167
Қайрақ ............................................................................. 169
Жаз .................................................................................. 171
Алғашқы мұғалім ............................................................ 173
Сурет ............................................................................... 176
Әйел ................................................................................ 178
Шалдың баласы .............................................................. 180
Салиха ............................................................................ 183
Біздің ауылдың драмасы ............................................... 187
Сенім ............................................................................... 189
Ақ тазы ............................................................................ 190
Өмір ................................................................................ 192
283
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Шүкір ............................................................................... 194
Саясат. Бақыт шал. Мен ................................................ 196
«Ғарышкер» .................................................................... 198
Мұсылман ....................................................................... 200
Үндемес .......................................................................... 203
Кермек ............................................................................ 205
Сары жапырақ ................................................................. 207
Іңкәр ................................................................................ 209
«Бесқаладан ағылып көш келеді...» .............................. 211
4-БӨЛІМ
АРҒЫ ЖАҒЫ ЕДІЛДІҢ БЕРГІ ЖАҒЫ...
Қара өлең ........................................................................ 214
«Күрсінісің — тамұқ ед...» .............................................. 216
Аңсар .............................................................................. 218
Сағыныш ......................................................................... 220
Хат ................................................................................... 221
«Көріп тұрып...» ............................................................. 223
Ақ жауын ......................................................................... 224
Ғашық ............................................................................. 225
«Мойындағым келмей сүйетінімді...» ............................. 227
Сұрақ .............................................................................. 229
«Қаңқу сөз салмай...»..................................................... 230
«Сән күлсе де...» ............................................................ 231
«Жүрекке жақын ап қалғаным-ау...» .............................. 233
«Алдымнан қызыл түлкі...» ............................................. 234
Қар қызымен қоштасу..................................................... 235
«Қызыл түлкі...» .............................................................. 236
284
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
Жазу ................................................................................ 237
Кездесу ........................................................................... 238
Әңгіме ............................................................................. 239
«Ақтөбеге құстар қайтып оралды...» .............................. 240
Дауыс .............................................................................. 241
«Сағындым деп...» ......................................................... 242
«Тәп-тәтті қылығымен ұнаған қыз...» .............................. 243
Қыз бен мұрын ................................................................ 245
Қара бұлт ........................................................................ 247
5-БӨЛІМ
ПОЭМАЛАР
Ниетқабыл ....................................................................... 250
Жаумытбай ...................................................................... 263
Алтынкөпірліктер ............................................................. 270
285
Н
Н
Н
Н
НИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
ИЕТҚАБЫЛ
Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ
НИЕТҚАБЫЛ
НИЕТҚАБЫЛ
НИЕТҚАБЫЛ
НИЕТҚАБЫЛ
НИЕТҚАБЫЛ
Беттеуші-дизайнері
Сәтжан Дәрібай
Офсетті басылыс.
Баспа табағы 15
Достарыңызбен бөлісу: |