«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығы»кмм мектеп кітапханасының 2022-2023 оқу жылындағы ЖҮргізген жұмыс есебі



бет1/2
Дата01.07.2023
өлшемі1,82 Mb.
#103901
түріОқулық
  1   2
Байланысты:
кітапхана жумысы есеп 22-23 ж


«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназия
мектепке дейінгі шағын орталығы»КММ
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ 2022-2023 оқу жылындағы ЖҮРГІЗГЕН ЖҰМЫС ЕСЕБІ
Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары оқулықпен 100 % қамтылды. Сонымен қатар, кітапханаға жасөспірімдерге арналған ертегілер, көркем әдебиет кітаптары алынды.
Мектеп кітапханасының жалпы қоры - 31332
Мектеп оқулықтары-22155
Көркем әдебиет-8994
Электронды оқулықтар-183
Әдістеме-29
Қазақ тіліндегі кітаптар саны-9865
Орыс тіліндегі кітаптар саны-10790
Басқа тілдегі кітаптар саны-1500
Оқырмандар саны-1660
Кітапханаға оқырмандардың келу саны-14940
Кітап беру саны-29880
Кітапханашылар саны-2
Мектеп кітапханасында 2022-2023 оқу жылында жоспар бойынша өткізілген іс-шаралар:

  1. «Кітап тарих шежіре» оқушыларды оқулықпен қамтамассыз ету ұйымдастырылды

  2. Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан, кітап көрмесі-барлық оқырмандар үшін қойылды.Оқырмандарды Отан сүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында қойылған кітап көрмесі қыркүйек айы қойылып,оқырмандарға таныстырылды.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін насихаттау-«Ардағым ана тілім-дана тілім» тақырыбында кітап көрмесі.

  4. А.Байтұрсыновтың 150 -жылдығына кітап көрмесі және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Әлдибековамен бірлесе отырып 7-сыныптармен дөңгелек үстел өткізілді.

  5. «Қазақтың аққан жұлдыздары» атты кітап көрмесі. Оқырмандарды Ч.Уалихановтың өмірі мен еңбектерімен танысып, кітап көрмесіне 8-сынып оқушылары қатысты және Ч.Уалихановтың еңбектері жайлы өз ойларын білдірді.

  6. «Ел рәміздері-елдігімнің реңі теңдігімнің тірегі» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.

  7. «Елтаңба, ту, әнұран жайлы оқырмандарға мағлумат беріліп, еліміздің рәміздерін құрметтеу, насихаттау, қадырлеу туралы айтылды. Көрмеге 9-10 сынып оқушылары қатысып, өз ойларын білдірді.

  8. «Тіл жанашыры» кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Оқырмандарға ана тілінің құндылығы мен маңыздылығын түсіндіріп, тілімізді, тіл жанашырларын насихаттай отырып, қазақ тіліне деген құрметті арттыру.

  9. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы оқырмандарға видеоролик арқылы таныстырылды. М.Мақатаевтың бұл поэмасын білмейтін оқырман кемде-кем. Оқырмандарға табиғатты аялау, әр жан-жануарлар мен құстарды қадірлеу, оларға зиян келтірмеуге баулу.




  1. «Оқуға құштар мектеп» жобасы мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен толтыру мәселесі көтеріліп отыр. ЗООМ платформасымен өткізілген бұл вебинарда өткізілген іс-шаралар мен слайд жұмыстары көрсетілді. Педагогтардың оқу мәдениетін арттыру бағыты бойынша «Оқуға құштар ұстаз» эстафетасы, ата-аналардың оқу мәдениетін арттыру мақсатында «Оқұға құштар ата-ана» эстафетасы, білім алушылардың оқу мәдениетін арттыру мақсатында «Оқуға құштар оқушы» челленджі ұйымдастырылды. Аудандық вебинарға 35 мектеп кітапханашылары қатысып, өз ойларын білдіріп, сұрақ қойып жақсы деген баға берді. Аудан әдіскері А. Таирова вебинарды қорытындылады.

  2. «Оқуға құштар мектеп»жобасы бойынша іс-жоспары жасалынып, іс-шаралар өткізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген іс-шаралар:

«Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» бейне-жазба, жас мамандармен.
«Менің Қазақстаным» челлендж, 5-11 сынып оқушыларымен.
«Сенің кітаптағы әлемің» кітап көрмесі.
«Тәуелсіздік тұғырым» жыр шашу.
«Кітап оқы-рухани бай бол» кітап оқып жарысу.
«Келіңдер кітап оқимыз!» кітап алмасу іс-шарасы.
«Төрелік басы Төле би» дөңгелек үстел.
«Мектептің электрондық кітапханасы» мектептің электронды оқулықтарымен таныстыру.
«Бір отбасы-бір кітап» челлендж.

11. Тәуелсідік елдігімнің бастауы» іс-шарасының жоспары бекітіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.



  1. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 22 қазан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-ші отырысында ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Осы жоба аясында «Каникулда кітап оқимыз» атты республикалық жоба ұйымдастырылды. Жобаға мектептің 2-11 сынып оқушылары қатысты. Ұлы Абай «Танымның бар тамшысы кітапта-оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа» деген. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жаңғырып дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге шығармалардағы жағымды кейіпкерлердің мінезін бойға сіңіруге көмектеседі. Оқырмандардың кітап оқуға құштарлығын ояту мақсатында «Каникулда кітап оқимыз» марафоны ұйымдастырылды. Марфонға мектебімізден 2 а, 2ә, 2б, 2в, 4а, 4ә,4б,4в, 5б, 5в.,8д сынып оқушылары қатысып, өздерінің каникулда оқыған кітаптарын видеоролик арқылы түсіндірді. Видеороликтар мектебіміздің Фейсбук парақшасына салынды. «Каникулда кітап оқимыз» республикалық жоба аясында жоспар жасалынып, Г.Х.Андерсен таңдаулы ертегілері 2-сыныптармен, Ы.Алтынсариннің өлеңдері 3,4-сыныптармен, Менің атым Қожа әңгімесі- 5,6-сыныптармен, Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романы 7,8-сыныптармен, Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап» романы 9,10,11-сыныптармен «Білім шыңы.kz» сайтымен жұмыс.

  2. А.Байтұрсыновтың 150-жылдығына «Әдебиет сөз өнері» атты танымдық әңгіме және кітап көрмесіне 5-6-7 сынып оқушылары қатысты. Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы әліппенің атасы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиетанушы, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсыновтың өмірі және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету. Сонымен бірге «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға А.Байтурсынұлының кітаптары кітап көрмесіне қойылды. Оқырмандарға кітап көрмесінен қысқаша мағлумат берілді.

  3. 4 «а», 4 «ә» сынып жетекшілері Қазбекова Қымбат және Боласхан Магулсімнің оқушыларымен «Тапқыр болсаң-тауып көр» атты жұмбақ жарыс өтті. Оқырмандардың ойлау қабілетін, шығармашылық-танымдық қабілетін дамыту. Тапқырлыққа адалдыққа тәрбиелеу, өз ойларын әдеби тілде жеткізуге баулу, ой жүйріктерін дамыту.

  4. «Ел тірегі Президент» әңгіме- сағат. 1-желтоқсан Президент күнінің маңызын түсіндіріп, Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың өмір баянымен таныстыра отырып, еңбек жолына да тоқталып өттік. Сонымен қатар «Елбасы күні-Елдікке құрмет» атты кітап көрмесі мен Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарымен таныстырып өттік.

  5. «Тұғыры биік тұлға» атты танымдық әңгіме- сағат 2-сыныптар арасында өтті.Оқырмандарға Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беріліп, ол кісінің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Сонымен қатар «Елбасы күні-Елдікке құрмет» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары қойылды.

  6. Мерейтой иелері З.Шашкин.Ж.Сайн. 110 –жыл.Нұршайдықов -110 жыл,З.Қабдолов 95 жыл.Д.Исабеков 80 жылдық, М.Төлебаев 105 -жыл ,Х.Талғаровметейтой иелеріне арнап Кітап көрмелері ұймдастырылды.







  1. 5-сынып оқушыларымен «Туған жер табиғаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандарды Отан, туған жер, табиғат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерін және табиғатты сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждаһандықпен сақтау қамқор болу басты міндеттің бірі екендігін түсіндіру.




  1. Рухани адамгершілік жағынан оқып, тәрбиеге көп көңіл бөлгендігі туралы айтылды.

  2. М.Мақатаевтың туған күні қарсаңында «Есіңе мені алғайсың!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Бұл шараның мақсаты М.Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Оқырмандарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнеге толған ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.





  1. 2023 жылңы 20-наурыз күні мектеп кітапханасында 6-сынып оқушыларына «Халқы мықтының-салты мықты» кітап көрмесі-ұсыныс-дайджест көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беріп, наурыз мейрамының ерекшеліктерін айта отырып, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүрді дамыту, ата-бабамыздан қалған ырым-тыйымдарды насихаттау.



  1. «Мен бақытты баламын-таудай биік талабым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3-сынып оқушылары қатысты. Көрмеге оқырмандардың буынына қарай ертегілер мен балалар әдебиетінің жасөспірімдерге арналған шығармалары қойылып, таныстырылды.



  1. 2023 жылғы 05 мамыр күні 8 – 11 сынып оқушыларымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларды Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, үлкенді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, отанына патриот болуға тәрбиелеу.






  1. 2023 жылғы 30 мамыр күні «Азалы жылдар жаңғырығы» тақырыбында оқырмандармен көрме-шолу өтті. Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру. Оқушылардың бойына Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту.Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет