Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет17/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БАЙЛАП 
Матреннно станцнясы жай қарапайым станциялардың бірі. Жанында Матренино деген 
қыстақ бар. Сондықтан да станция осылай аталған болу керек. Темір жол деревняның 
едәуір жерін шеңберлей орап өтеді. 
Немістер Матрениноға әлсін - әлсін дамылсыз миномет пен артиллериядан оқ жаудырғалы 
бес сағат болды. Станцияда не бар, не жоғын білуге барлаушылары әлденеше рет 
ұмтылды. 
Гүрсілдетіп атып-атып алады да тына қалады. Одан кейін мылтық, пулеметтер 
тырылдайды. Қайтадан артиллерия боздап қоя береді. 
— 
Филимонов! Не боп жатыр сенде? 
— 
Ұрып жатыр, жолдас комбат, — деген трубкадан Филимоповтың үні естіледі. — 
Артиллериямен де, минометпен де өкіртіп төмпештеп жатыр. Бірнеше рет баса-көктеп 
кеткісі келді. 
— 
Танкісі көп пе? Жаяу әскерлері қанша? 
— 
Танкілері жоқ. Жаяу әскері екі взвод, ары кеткенде бір ротадай болу керек. 
Орманға кеп түйісіп жатыр, жолдас комбат. 
— 
Ал, сен не істемексің? 


118 
— Лaп қойған кезде алдынан оқпен қарсы алмақпыз... Басқа не істей аламыз, жолдас 
комбат. 
Лейтенант Филимонов Ефим Ефимович менен бес-алты жас үлкен адам. Бұрын атты 
әскерде болған. Ертеден келе жатқан командирлердің бірі. Осы соғыстан екі-үш жыл 
бұрын армия қатарынан босатылған екен. Мамандығы жоқ адам қызметте болған 
жерлерінде аса сүйкімді болмай біраз қудаланыпты, «қолынан іс келмейді» атанып, біраз 
зәбір көргенге ұқсайды. Армия қатарына қайта оралғанда сол сәтсіздіктерден едәуір 
қажып, жасыған көрінеді. Біздің батальонға келгенде мүлде жүдеу болатын.Сондықтан ба 
әйтеуір өзінен жасы кіші, тәжірибесі аз адамдармен қатар кіші командир болып жүргенін 
намыстанатын еді. «Талай жыл әскер қатарында болған бұрынғы эскадрон командирін 
неге көтермелейді» деп ойлайтын болса керек. «Егер әскер қатарынан ерте шығарып 
жібермегенде осы күні капитан, тіпті майор да болатын едім, қайтетін едім». Нағыз 
психолог болса, одан осындай кейіпті де аңғара алмадым. Мүмкін Филимонов кезінде 
жақсы кавалерист болған шығар. Оншама көзім жетпейді. Бірақ, менің аңғаруымша ол 
өкпешіл офицер еді. Ал, көкірегін көтергенде ешкімге дес бермейтін. Сырттай тәртіпті 
болғансып, бәрін тыңдағансып, орындағансып тұрғанымен осы бір адамның ішкі дүниесі 
ренішке толып тұратын. Кейбір шала сауатты тайыз ойлайтын, бірақ, өзін коп істедім, көп 
еңбек сіңірдім, мені ешкім елемей жүр, бекер ренжітеді дейтін адамдар болады ғой. 
Филимонов тура сондай адам еді. Өз кемшілігін көрмей, құр өрекпиді. 
Егер полкты басқарыңыз десе, оның басқара ала ма, жоқ па, онымен шаруа жоқ, бірақ оған 
барудан бас тартпайтынына кейін кәміл сендім. 
Адамның оз кемшілігін өзі мойындап, өзіне-өзі сол кемшілікті жоюға батылының баруы, 
өзінің дұрыс еместігіне көзінің жетуі қиын нәрсе. Ал, біреуді мойындату, өзінің дұрыс 
еместігіне көзін жеткізу одан да қиын. 
Сонымен Филимонов екеуміздің арамызда алғаш кездескен сағаттан бастап-ақ 
психологиялық күрес басталады. Ол мені өзінше мойындағысы келмейді, маған бағынуды 
қаламайды. Ал, мен болсам, онымен ресми сөйлесемін. Басқа командирлермен 
қалжыңдасып қоятын кездер де болды. Екінші ротаның командирі, бұрынғы бухгалтер 
Севрюковпен әңгіме ылғи солай болушы еді. 
— 
Иә, (Зеврюшка, баланс жасадың ба? Ол тікесінен тік тұрып, екі езуі екі құлағына 
кетіп жауап беретінді. 
— 
Балансқа келмей жатыр, жолдас комбат, иә болмаса, «баланс жасалды», «дәлме-дәл 
шықты» — дейтін. Севрюков бухгалтерия терминдерін — «актив», «пассив», «дебет», 
«кредит», «очет береміз», «есептен шығарамыз» деген сөздерді жиі қолданушы еді. 
Ал, Ефим Филимонов өзіне де, өзгеге де риза емес. Менің оған жай тілмен айтып 
түсіндірмедім деген ойым айтарлықтай табысты болмады. Ол қарсы сөз қатып, орынсыз 
дауға далбай шығаруды өзінше намыс қорғау ретінде қолданғысы келді. Басқа 
командирлер мен саяси қызметкерлерді мұның бүл ауруы бұзбасын деп мен көпшілік 
арасында онымен «лейтенант Филимонов, коп сөзге үйір болмаңыз», «сізбен сөйлесіп 
тұрған начальник, орныңыздан тұрыңыз!» «лейтенант Филимонов, бұйрықты 
қайталаңыз!» деп сөйлесетін болдым. Ол ызадан булығып қызарып кететін еді. Бірақ, 
әскери тәртіптің аты тәртіп, үндемей өкпелі кейіппен қолын шекесіне қойып, бұрылып 
жүре беретін. Бұйрықты көңілсіз қайталайтын. 
Неде болса оны біраз тәртіпке шақырғым келді. Оның ротасы жауынгерлік әзірлік 
жүргізіп жатқан маңға келіп, сағаттап жүретінмін. Оңаша шақырып алып бірнеше 
сұрақтар қоямын. «устав бойынша мынау қалай болуға тиіс?» Шатасқан жерінен ұстап 


119 
алып «сіз уставты оқымағансыз, сондықтан оны білмейсіз, сіз адамдарды арандатасыз!» 
дейтінмін. 
Марштар да оны саптың ең басына қолына топографиялық карта немесе схема беріп 
жіберемін. Белгілі бағыттан ауып барып жатса, (ол ұдайы шатасатын) шауып келіп 
тоқтатамын да қайтадан схемаға қараттырамын, картаны дұрыс ажырата білуге 
үйретемін... 
Тактикалық әзірліктер кезінде ең алдымен сөзді соған беремін. 
Қойылған міндетті, қандай шешім қабылдауды жағдайдың қандай екенін айту керек. Бірақ 
ол осы үш нәрсені айыра алмайтын еді. Салған жерден шатысқан шешім қабылдайды. 
«Мен былай еткім келеді» дей бергенде-ақ Краев, Севрюков, Попов, Бозжанов, тағы басқа 
командирлер Филимоновты мазақтап, сықылықтап күлетін-ді. 
Оқушыларға мұның бәрі «байғұс» Филимоновты қорлау, мазақтау сияқты болып көрінуі 
мүмкін. Олай емес, құрметті оқушым. Адамға солдат, я офицер болу — жалпы әскери 
қызмет ойыншық емес. Армия соғыс үшін, соғысу үшін жаралған. Соғыстан қатал 
ешнәрсе жоқ. Сондықтан бүл арадағы қаталдық — үйрету, кемшілігін мойындату, сөйтіп 
адамды түзету. 
Соғыста «ей, тоқтай тұрыңдар, атпаңдар» деуге болмайды. Онда адамды адам аңдиды. 
Адамды адам атады. Армия үшін «кеңпейілді қамқорлар» емес, қатал командир керек. 
Қадірмен ата-ана баласын «оқыт, үйрет» деп тапсырғанда содан азамат тәрбиелеп шығара 
алатын ұстаз қандай болса, командир де сондай болу керек. Командир қан төгіс үстіндегі 
ұстаз. Қаталдық сондықтан да ол үшін айуандық емес, ұстаздық. 
Адамның бәрі бірдей болмайды. Біріне сөз айтудың өзі де жеткілікті болса, екіншісіне 
түсіндіру керек, үшіншісінде желкелеп істеудің өзі сабақ. Бозжанов, Краев, Рахимов, 
Севрюков, Степанов, Борисов, Танков сияқты жауынгер достарға «Мынау неге 
орындалмаған» деген сөздің өзі қатаң сөгістен арман батушы еді. Ал, Ефим Филимонов 
«неге» деп сұрақ қойсаң, «олай болған себебі» деп ақтала бастайды. Сондықтан да мен 
оған ешуақытта «неге» сұрамайтын болдым. «Мен не айтсам, солай етіп орындаңыз. 
Орындалғандығы жөнінде келіп айтыңыз» деп бұйырамын. 
Бір күні түсте полк бойынша жазылған бұйрықты әкеп тапсырды. Сол түні батальонның 
ат қорасындағы күзетшінің ұйықтап қалғаны үшін сөгіс жариялапты, маған. Таң-тамаша 
болдым. Батальон бойынша кезекші үшінші ротаның политругі ұзыншұбар татар жігіті 
Еникеев еді. Бүкіл наряд осы ротадан болатын. Еникеев ертеңмен келіп бүгінгі кезекте 
оқыс ешнәрсе бола қойған жоқ деп кеткен. Ал, мына бұйрықта айтылып отырғаны не? Аң-
таңмын. Батальон бойынша кезекші Еникеев. 
Қарауылдағылар соның қоластында. Бірнәрсе болса, ең алдымен маған айтуы керек қой. 
Батальон командирі емеспін бе. Ұйықтап қалған жауынгерді жазаға тарту қажет. 
Отделение командирі, помкомвзвод, взвод командирі, рота старшинасы, рота командирі, 
рота политругі, штаб және батальон бойынша кезекші бар. Міне, маған дейінгінің өзінде 
қаншама әкім. Мен болсам солардың бәрінің командирі, жаза беру менің міндетім. Ай 
жоқ, шай жоқ, көктен түскенді бірден батальон командирінің өзіне сөгісті сарт дегізген. 
Түк түсінсем бұйырмасын... 
Сөйтсек Еникеев таңертең маған ештеңе деместен болған жайды барып айтыпты. Бұл 
әрекетінің астары кейін белгілі болды. Осылар политрукті неге кезекшілікке жібереді деп 
намыстанып, мені — партия қатарында жоқ командирді өзінше ығытып алғысы келген 
екен. 


120 
Мен полк командирі майор Елинге барып, жіберген бұйрықтарына таң-тамаша екенімді 
айттым. 
— 
Маған алып келді, қолымды қоя салдым әйтеуір, бұйрықты комиссардың өзі жазды 
ғой онда, — деді саусақтарымен столды тықылдатып. 
— 
Олай болса, жолдас майор, уставта көрсетілген правомды маған да пайдалануға 
рұқсат етіңіз, батальон командирімін, қарамағымдағы адамдарды мен де жөнге салып 
көрейін. 
— 
Сіздің правоңызға ешкім қол сұқпайды, еркіңіз білсін. 
Мен штабқа қайтып келдім. Рахимов сағат 5-ке мәжіліске 
шақырып жатқанын айтты. Мен үшінші ротаның командирі Василий Попов пен политрук 
Еникеевті шақырып алдым. Еникеевті кезекшіліктен босатып, оның орнына Поповты 
қойдым. Взвод командиріне жаза қолдануға, ал ұйықтап қалған командирге сол 
отделениенің командирінің жаза қолдануына бұйрық бердім. Отделение командирі өз 
жауынгеріне қандай жаза қолдануды өзі таңдасын, онда ешкімнің шаруасы болмасын. 
Попов сасып қалды, «жарайды, жолдас комбат...» деп бұйрықты қайталады. Ал, Еникеев 
құп-қу болып кетті. Оның бетінің шұбары бұрынғыдан да тереңдей түскендей. Мен 
Рахимовқа кезекшінің және батальон командирінің праволары жөніндегі уставтың 
тармақтарын әлгілердің көзінше дауыстап оқуға бұйырдым. 
— 
Міне, жолдас политрук Еникеев, — мен сізді Қызыл Армия уставына сүйеніп 
кезекшілікке жібердім және босатып отырмын. Өз міндетіңізге жауапсыз қарағандығыңыз 
үшін кезектен тыс екі наряд беремін. 
— 
Жолдас комбат, сұрақ қоюға рұқсат етіңізші. 
— 
Сұрамай-ақ қойыңыз. Қайталаңыз бұйрықты! 
— 
Кезектен тыс екі наряд алуға әзірмін. 
— 
Барыңыз, полк комиссарына осындай жаза берді деп айтыңыз. 
Сағат 14.30. Полк штабынан байланысшы жауынгер жүгіртіп келеді. «Сағат 17-ге 
шақырылған кеңес болмайтын болды. Әлгі жауынгер кеткеннен кейін Рахимов ішек-сілесі 
қатып күлді. 
— 
Не болды саған. 
— 
Түк те болған жоқ, жолдас комбат, — деді күлкісін баса алмай. Мәжілісті 
болдырмаған олар емес, сіз ғой. 
— 
Мен болдырмағаны қалай? 
— 
Түсінбейтін түгі де жоқ. Бүгінгі «төтенше жағдайды» бетке ұстап біздің 
батальонды — Сізді біраз умаждап алғысы келген адамдар болғанға ұқсайды. 
— 
Оны сен қайдан естідің? 
— 
Толстунов келіп, мені, Бозжановты шақырып алды. 
— 
Е...е. Полкте бізге қыдиғысы келетіндер бар десеңші. Қай бір жақсылық дейсің. 
— 
Солай болуы керек... 


121 
Келесі күннен бастан Толстунов біздің батальонға жиі келетін болды. Штабта, асханада, 
қызыл әскерлердің жиналысында, офицерлердің жиналысында ұдайы болып жүрді. 
Кетерінде маған келеді де жайлап қана: 
— 
Меніңше әзірге жаман емеспіз, — дейді де ар жағын күлімсірей күмілжіп қана, — 
мына бір арасы ғана (ол көбінесе мына бір «мәселе» дейтін) сәл болыңқырамай тұр, сіз 
қалай қарайсыз, — дейтін. 
Толстунов полктың бізге арнайы жіберген бақылаушысы екенін бәріміз де білдік. Мұны 
жасап отырған полк комиссары. Комиссардың төтенше қадалуы шынымды айтайын маған 
аса ұнаған жоқ. Мен де бәрін тура устав бойынша жүргіздім. 
«Адал» командир Филимоновты «қорлап» жүр деген хабар генералға жетіпті. Бір күні 
Талғар станциясының бір шетінде батальон жауынгерлік әзірлікте жүр еді. Ойда жоқта бір 
жеңіл машина зу етіп жетіп келді. Машинадан генерал түсті, қасында полк комиссары. 
Генерал әскери әзірліктің жоспарын сұрады. Бір абыройы Рахимов екеуміз түні бойы 
ұйықтамастан оны жасап қойған едік. Хабибулланың әдемі жазуымен өрнектелген 
картаны жайып салдық. Генерал біздің жоспарды мұқият қарап шықты да, бірнеше 
сұрақтар қойды. 
— 
Кім жасады жоспарды? 
— 
Лейтенант Рахимов екеуміз, — дедім мен. 
— 
Жоспарды полк командирі мен комиссар бекітті ме? — деп генерал түсін суыққа 
салды. 
— 
Полк командирі аптасына бір рет келеді. Осы жолы мына біз әзірлеген тақырыпта 
сабақ өткізбек. Батальонды оған дейін өзіміз жаттықтырып қояйық деген едік. 
—Полк командирі алдында ұялып қалмауыңызды ойлағаныңыз дұрыс. Бізге де ұнайды ол, 
— деп қулана сөйледі. Полк комиссарына қарады да, — сіздердің барлық 
батальондарыңыз осылай әзірлене ме. 
— 
Ол жағына мен аса жетік емеспін, жолдас генерал! — Осылай дерін десе де 
Логвиненко өз сөзінен өзі қатты қосылып, қызарып кетті. 
Генерал мырс етіп күлді, бірақ ешнәрсе деген жоқ . 
Батальонды әзірлік жүргізетін жерге апарыңыз, — деп бұйырды маған. Даярлықтарыңыз 
қандай екен, көрейік. 
— 
Сіздердің жоспарларыңызға аса түсіне қоймадым - ау деймін. Кәне, бірінші рота 
мен екінші ротаның орнын ауыстырып көріңдерші. Роталар орнын ауыстырып 
көріңдерші. Роталар орнын ауыстырып жатқанда генерал қарандашпен біздің схеманы 
сызғылап, бағытты және роталар алдындағы міндетті өзгертті. 
— 
Жігіттер шылым тарта тұрсын, — деді ол маған қып-қызыл шимай болған схеманы 
ұсынып. Мына мен сызған жобамен үйретіңіз жұртты. Логвиненко екеуміз батальонды 
аралап келейік...
Генерал біраздан кейін кайтып оралды. Рота командирлері мен политруктерін шақырып 
алды да олардың көзінше полк командирінің орнына өзі батальон алдындағы 
«жауынгерлік» міндетті түсіндіре бастады. Алға қойған міндетті айтып, жағдайды көрсет, 
шешім қабылда деп бұйрық берді маған. Мен сасқалақтап қалдым, аузымнан сөзім түсіп, 


122 
ешнәрсе айта алмадым білем. «Дұрыстап адам сияқты түсіндір, тіпті өлі жанның миына 
қонатын болсын». Мен онан сайын састым. Бір уақытта өзімді өзім қолға алып, бой 
жидым да, сөйлей бастадым. 
Жас баланы тәйтейлеген анадай менің әрбір сөзімді «так,так..» деп құптап тұрды. Бұл мені 
жігерлендірді. Дұрыс сөйлей бастадым. «Адамша, командирше» сөйледім... Генерал менің 
шешімімді құп көрді. Одан әрі рота командирлерін тыңдады. Филимонов шу дегеннен-ақ 
шатасты. Ал, Севрюков пен Краев тақылдатып бәрін айтып шықты, өздерінің кім екенін 
танытты. 
Жасалған жоспар бойынша жауынгерлер «соғысқа» шықты. Генерал жоспар бойынша 
команда берді. «Соғыс» аяқталды. Жұртқа демалыс берілді. 
Батальон жиналды. Ең алдымен генерал жауынгерлер алдында жалпы әңгіме айтып, 
кейбір жекелеген кемшіліктерді көрсетті де, өзінің сөзін «бүгін өздеріңді жақсы 
көрсетіңдер, ал ертең бұдан да жақсы, бүрсігүні тіптен жақсы боласыңдар деген 
сенімдемін. Жақсы үйренсеңдер, жақсы білесіңдер соғыста қиналмайсыңдар». Мен ол 
кісілерді машинаға дейін шығарып салдым. Генерал Логвиненкоға ажырая қарады да: 
— 
Бірінші ротаның командиріне айта барыңыз. Беталды арызданғанша батальон 
командирінен үйренсін. Арызданбасын, — деді. 
Логвиненко көзін жыпылықтатып, не істерін білмей қалды. Сыр білдірмеуге тырысты. 
Талай шытырманға себепкер болған Филимонов соғысқа кіргенде барлық өкпесін ұмытты, 
кеуде көтеруі де басылып, майдан үстінде, қатал сын кезеңінде шыңдала бастады. 
Филимоновқа телефон соққаннан кейін біз біраз басқа әңгімеге кеттік. Мұны оқушылар да 
ескерсін деп әдейі айтып отырмын. Телефонда оның «жолдас комбат, егер олар лап 
қойса... отпен қарсы аламыз... одан басқа не істеуге болады» деген сөзін ұмыта қойған жоқ 
шығарсыздар. 
— 
Сонымен Ефим Ефимович! Жаудың не ойы бар? — деп сұрадым мен одан. 
— 
Орманның ішіне бекер жиналып жатпаған болу керек. Кешікпей шабуылға 
шығатын шығар. 
— 
Жау шабуылын бір сағатқа кешіктірсек қайтеді? 
— 
Бір сағатқа кешіктіргені қалай, жолдас комбат? 
— 
Олармен алдымен Кургановты сөйлестіріп алсақ. 
— 
Түсіндім, жолдас комбат, түсіндім... 
Филимоновпен сөйлесіп болғаннан кейін Рахимовты подполковник Кургановқа, Бозжанов 
пен Андреевті Матрениноға, Филимоновқа жібердім. 
Матрениноның қарсы алдындағы тоғайдың шетінде шоғырланған жау әскерлері екі дүркін 
атыс астына алынды. Атыс екі сағаттан кейін толастай қалды. Бірақ бүл өте мазасыз толас 
еді. Күн мүлгіген орман үстінен сәл-ақ көтеріңкі. Жаңа ғана болған қым-қиғаш атыстың 
артынан қардың беті шешек шыққан адамның бетіндей шұп - шұбар боп қалған. 
Соғыста уақыттың қалай өткенін білмей қаласың дейді. Бұл пікірмен өз басым келісе 
алмаймын. Шыдамыңды құртып, қас қылғандай уақыттың қамырдай созылатыны соғыс 
кезі. Әсіресе, қорғанып жатқан кезде өте қиын болады. Күші басым жау қай жағыңнан 


123 
соғарын білмей тыпыршып тұрған кездегі мазасызданудан жаман не бар дейсіз. Көп 
күтсең күн батпайды дегендейін, күн ұясына кіргісі келмей қасақана тұрып алғандай 
болады. 
1941 жылы немістер де, біз де түнде оңдырып соғыса қоймайтынбыз. «Түнгі қимылдар», 
«түнгі айқас» дегендердің жоспары штабта ғана жасалып, басшыларға айтылып жатады, 
ал шын мәнінде дәл сол жоспарда көрсетілгендей жарытымды қимыл бола қоймайтын. 
Түнде ұрысқа шығыңдар деген бұйрық алса да, немістер аттап баспайтын. Бізге де қарсы 
шабуылға шығуға бұйрық болатын... Түн негізінен күшті жинақтауға, орын ауыстыруға 
пайдаланылатын. 
Екі жаққа да түн сәл де болса ес жинап, тыныс алу мерзімі. Қараңғылықтың түсуін асыға 
күтуіміз де сондықтан еді. 
Я жау шабуылға шықпайды, я күн батпай қойды. Міне, біздің мазамызды кетірген осы 
жай. 
Бір сәтте аспан жарылып кеткендей күңіренген гүрсіл басталды. Сағатыма қарап тұрмын. 
5 минут өтті... 10 минут... 
— 
Филимоновпен жалғастырыңдар... Ефимушка, тірімісің, не боп жатыр? 
— 
Әзір тірімін, жолдас комбат. Естіп тұрған боларсыз, иттің балалары тағы да жынын 
құсты ғой. 
— 
Матрениноға келіп, түнейін деген ғой. 
— 
Біз, жолдас комбат, онысына көне қоймаспыз, 
— 
Көп сөзді қой! Тыңдап ал, алдымен. 
— 
Тыңдап тұрмын. 
—Жау атысты тоқтатысымен ұрыссыз - талассыз Матрениноны тастап шық. 
— 
Немене, немене дейсіз? Филимонов аяқ астынан қате естігендей абыржып қалды. 
Ұрыссыз тастап шығыңдар дейсіз бе, о не дегеніңіз, жолдас комбат? 
— 
Құлағым қағыс естіді деп тұрсың ба? Жау атысты саябырлатысымен жаралыларды 
алыңдар да бытырап көпірге қарай қашыңдар? Көпір жанында тоқтаңдар. Бүткіл рота 
болып қашыңдар. Матрениноны жауға беріңдер. 
— 
Тоқта, комбат, деп Толстунов менің иығымнан бар күшімен тартып қалды. — Сен 
ақылыңнан адасқаннан саусың ба? Не істеп тұрсың, не дедің? 
— 
Жұлқыламаңыз, Федор Дмитриевич. Менің де қолым бар. 
— 
Кешір, Бауыржан, байқамай қалыппын. Бірақ түсіндіріп айтшы өзің, Матрениноны 
ұрыссыз жау қолына таста дегенің не? Генералдың бұйрығы бар емес пе? 
— 
Сіз, Федор Дмитриевич, түсініңіз мені. Әйтеуір соңғы оқ қалғанша атыса беру әмсе 
абырой бермейді. Құр өлу оның аты. Онсыз да бүгін қанша адамнан айрылдық. Генерал 
бұйырды дейсіз, генерал адамдарды сақтай да біліңдер деген жоқ па еді. 
— 
Бірақ қашып сақтаңдар деген жоқ қой. 


124 
—Мен қашуды жөн көріп тұрмын. Немістер Матрениноны құр қол алмақ. Солардың 
ойынша - ақ болсын, біз деревняны ұрыссыз береміз де, орман ішінен атқылап сазайын 
тартқызамыз. 
— 
Ал, қашқан адамдар көпір түбіне сен бұйырғандай тоқтай алмаса, немістер өкшелеп 
қуа берсе қайтесің. — Осы сөзді айтқанда Толстуновтың өңі қашып кетті. 
— 
Мұның да дұрыс екен. Ол жаққа өзім барайын. Сіз осында менің орнымда, 
Танковтың орнында қалыңыз. «Күл болмаса бүл болсын», бұйрықты қайта өзгертпеймін. 
Рахимов, Синченко үшеуміз Матрениноға шаптық. Орманнан шыға келгенімде бүткіл 
ротаның тым-тырақай болып деревнядан қашып келе жатқанын көрдік. Қашып бара 
жатқандармен шаруасы жоқ, Андреев ештеңе білмейтін адамдарша алшаң-алшаң басып 
асықпай келе жатыр. 
Менің зәрем ұшып кетті. Адамдар шынында да үрейлене қашып келеді. Ең соңында 
Филимонов пен Бозжанов. Үріккен бұзаудай Бозжанов айналасына жалтақ-жалтақ 
қарайды да, аттаған сайын сүрінеді. 
Біз көпір жанында аттан түстік. 
Спортшы - альпинист Рахимов қашып келе жатқан адамдарға «тоқтаңдар» деп айқай 
салып алдынан жүгіріп шықты. Мен әдейі көпір үстінде ары-бері жүрдім де қойдым. 
Алғашында алды - артына қарамайтындай болып көрінген, зәресі ұшқан бұл топ 100 
қадамдай асып барып тоқтады. 
— 
Ақсақал, сіз осындасыз ба? — деді Бозжанов ентігіп. Бар ашуы бетіне шыққан. — 
Бүйтіп қашқаннан да өлген артық, — деді ол. 
— 
Мүмкін батальонды басқаруды қолыңа аларсың? 
— 
Жоқ, олай дегенім емес, жолдас аға лейтенант, құдай сақтасын, — деді ол 
сасқалақтап. 
— 
Бар ендеше, ана жұрттың есін жиюға Филимоновқа көмектес. 
Бозжанов көпірдің астына зып берді. Андреев келді. — Жолдас аға лейтенант, — өкпелі 
кейіппен гүжілдеп, — бұ қалай болды өзі? Неміс қуған жоқ, ал біз қашамыз. А? 
— 
Сіздің міндетіңіз сөз таластыру емес, айтқан бұйрықты орында, жолдас Андреев. 
— 
Бұйрықты орындауға әзірмін, мол денесін лықсыта қарсы алдыма сылқиып тұра 
қалды. — Кетуге рұқсат етіңіз. 
— 
Осында қалыңыз! 
— 
Қалуға әзірмін. Қасыңыздамын. 
...Немістер атуды тоқтатты. Сапқа рота - рота болып тұрды да, үш танкты алға салып 
Матрениноға қарай бет түзеді. Еңселері жоғары, кәдімгідей масаттанып келеді. «Орыстар 
бір қашса артына қарамайды» деп ойлаған болу керек. 
— 
Андреев, немістер қанша адам көрінеді? Бинокльмен Андреев ұзақ қарады. 
Немістер саппен деревняға жақындап қалды. 
— 
60-70 адамнан торт колонна, барлығы 240-280 шамасы. Егер танкішілерді және 
олардың машинадағыларын қосса 300- 400 болып қалар. 


125 
— 
Соғыста саны кеміген батальон десеңші. 
— 
Солай болу керек. Бұларды деревняға жібермесе де болатын еді, жолдас ата 
лейтенант, — деп Андреев күрсінді. 
«Иә, жібермесе де болатын еді» деп келістім мен ішімнен. Немістер деревняға кірді. Үйді-
үйге тарап жатыр. Экипаждар танктен шығып, люктерін ашық тастап, үйге кірді. 
Тауықтарды, шошқалардың торайларын қуып жүрген жалғыз - жалғыз солдаттар көрінеді. 
— 
Немістердің беймаралдығы сонша, тіпті күзетші де қоймады, — деп гүрілдеді 
Андреев. — Кәдімгі қайнына қонаққа келгендей - ақ. 
Мен командирлерді шақырып алдым. Темір жолдың бойында жатырмыз. 
— 
Немістер дұрыстап бір демалайын деген болу керек,—деді Рахимов. 
— 
Олар дем алмай кім дем алады енді. — Бұл сөзді Филимонов кекете айтты. 
Бозжановтың, Андреевтің, Рахимовтың, Филимоновтың сөздері менің жанымды жеп 
барады. Олар, сірә, маған іштей риза болмау керек. Матрениноны тастап шығыңдар 
дегенім жақпағаны - ау деймін. Жағдайды қалай оңдауға болады. Осы мәселелерді ойлап 
отырмын. Орман ішіне барып, орнығып демалып жатқан немістерге тамсанып қарап тұра 
беру керек пе, жоқ, олай етуге болмайды. 
— 
Филимонов, қанша адам бар сізде? 
— 
120, жолдас комбат.
— 
Адамдарды қырықтан үш топқа бөліңіз. Матрениноны бір мезгілде үш жақтан 
шабуылдаймыз. Немістерді қуып шығу қажет. Кешкі тамақты Матренинода ішіп, сонда 
түнейміз. Ол топтардың командирі етіп сізді, Бозжановты, Рахимовты тағайындаймын. 
Шабуылды өзім басқарамын... 
Деревняны үш жақтан қоршауға алып біздің жауынгерлер мылтықтарын кезеніп, ентелеп 
бара жатты. Үнсіз, аяғымызды нық басып келеміз. Бір уақытта темір жол бойындағы 
төмпешіктің үстінен қалқанды пулемет тырылдап қоя берді. Жауынгерлер уралап жүгіре 
атып, тұра ұмтылды. Немістер үйді-үйден атып-атып шықты. Не істерін білмей 
сасқалақтап, бет-бетімен қаша жөнелді. Тым жайланып, бейғамдықтың сазайын тартты. 
Офицерлерінің айқайын да тыңдамай, тоз-тоз болып барады. Біздің жауынгерлер 
деревнияға кірісімен күрт жігерленіп кетті. Немістің тым-тырақай болып қашуы оларға 
рух берді. Кейбір жауынгерлердің жауды қууға қызыққаны соншама, тіпті деревнядан 
өтіп, қыр соңынан қалмай, өкшелеп темір жолға дейін барды. 
4- Мынау бір ғажап іс болды, жолдас аға лейтенант, — деді қуанған Андреев. — Осы 
кетіп бара жатқанында артынан 50 шақты снарядты зулатар ма еді, шіркін. 
Подполковник Курганов біздің қолқамызды орындады. Андреев немістер тығылған 
орманды мықтап снарядтармен бұрқылдата төмпештеп алды. 
Филимоновқа осы арада бекінуге бұйрық беріп, біз Горюныға қайттық. 
Толстунов екі езуі екі құлағына жеткен, біздің алдымыздан жайраң қағып шықты. 
«Жарайсыңдар, қырандарым», — деп бәріміздің қолымызды қысты. Содан кейін ол 
генералдың маған қатты ашуланғанын айтты. Матрениноны ұрыссыз тастағаныма 
ашуланыпты. Толстуновтың қайтадан қарсы шабуылға шығады деген сөзіне «тым 
білімпаз болып кеткен екенсіңдер, қашқан әскер қайтып шұғыл қарсы шабуылға шыға 


126 
алушы ма еді» депті. Сәтті шабуыл жөнінде Толстунов телефон соққаннан кейін генерал: 
«Ол әншейін болған сәттілік, авантюра! Батальон командиріне айтыңыз, әмсе көз 
жұмбайға салына беруге болмайды. Мен оның бұл қылығын әлі жақсы дей алмаймын» 
депті. Генералдың реніші бәріміздің де қабырғамызға батты. Күрт көңілсіздік басты. 
— Апыр-ай, сендерге бекер айтқан екенмін, — деп қынжылды Толстунов. — Генералдыкі 
дұрыс. Жағдай қиын да болуы мүмкін еді, — дедім мен. 
Толстунов күлді де, менің иығымнан қақты. 
— 
Өтер іс өтті, енді алдағыны ойлайық. Не істейміз, кәне, айтшы өзің. Егер өз 
басыңды азсынсаң, менің басымды қоса тіккін құрбандыққа. 
— 
Қайсысын, алдымен алғашқысын ба, соңғысын ба? — деп сұрады Бозжанов. 
Толстунов сасып қалғансып: 
— 
Алғашқысы, әрине, — деді. 
Бәріміз ду күлдік. 
Бозжановқа лейтенант Танковтың ротасын басқаруды тапсырдым. 
Рахимов 151,0 биіктікке Краевқа кетті. Ал, Борисовты көлік алып Матренинодан 
документтерді, олжаларды алып келуге Филимоновқа жібердім. 
Подполковник Георгий Федорович Курганов келді. Барлығымыз орнымыздан тұрдық. 
—Иә, жігіттер, халдерің қалай? деді орындыққа отыра беріп. — Менің жұмыс күнім 
аяқталуға жақын. Ымырт жабылғанша ғана аялдармын. 
— 
Сен өзің тым тәуекелшіл адам екенсің. Байқа қызбалыққа ырық бере берме. Сен 
үшін генерал мені де келістірді... 
Біздің әңгімемізді телефонның сылдыры бөліп кетті. 
— 
Жолдас комбат, мен мұнда әзір асқа мәзір болдым, — деді Рахимов. 
— 
Дұрыстап айтшы, немене дейсің? 
— 
Мен келгенше өздері де бәрін әзірлеп қойыпты. 
— 
Ей, ол не дегенің? 
— 
Краевтың жауынгерлері барлық документтерді алыпты, екі танк, үш машина — 
біреуі жеңіл, біреуі штаб машинасын қолға түсіріпті. 
— 
Жау қайда? 
— 
Адасып келген бір батальонның штабы болуы керек. 
— 
Батальонның өзі қайда? 
— 
Осы маңда, орман ішінде қаңғырып жүр-ау деймін. 
— 
Барлық документтерді алыңдар, танктер мен машиналарды гранатамен бүлдіріңдер. 
Қараңғы түсісімен Краевтың барлық шаруасымен осында келіңдер. 


127 
— 
Жарайды, жолдас комбат. 
Мен трубканы қойысымен Толстунов тағы да: 
— 
Сен немене, төбені де ұрыссыз тастап кетейін деп тұрсың ба? — деді. 
—Ұрыссыз емес, ұрыспен. Естімедің ғой. 
Рахимов екеуміздің не сөйлескеніміздің қысқаша мазмұнын подполковникке дивизия 
штабына бара салысымен генералға жеткізіңіз деп айтып бердім. 
— 
Горюныдағы гарнизон күні бойғы арпалыс ұрыста төрттен бір бөлігі шығындалды. 
Гарнизонды күшейту үшін 151,0 биіктіктен Краевтың ротасын шақырып алып отырмын, 
— дедім. 
—Бар күшті енді жинақтап ұстаймын дегеніңіз,мына жағдайда дұрыс шешім, — деп 
подполковник бізбен қош айтысып, жүріп кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет