Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет19/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
 
 


129 
ТЫҚСЫРУ ШЕҢГЕЛІНДЕ 
Бұл түн күндегіден тыныш өткендей болды. Армия штабынан генерал Панфилов Горюны 
жаққа механизацияланған бригада келетіндігін хабарлады. Маған уақытша сол 
бригаданың командиріне бағынуға бұйрық берілді. 
Горюны арқылы моторланған толық екі батальон, 12 машинасы бар бір танк батальоны 
өтті. Танктердің біреуі ауыр «КВ» танкісі. Олар Горюны мен Матрениноның арасындағы 
орманға кірді. Келсем, бәрі жайбарақат демалып жатыр. Мен бұған қатты таңырқадым. 
Командирінің орынбасары орта бойлы, қара торы, үшкір мұрынды подполковник екен. 
Жағдаймен, бригаданың не үшін келгенін мүлде білмейтін боп шықты. Бар болғаны 
бригада командирі мен штаб начальнигінің Армия штабына кеткенін айтты.
Не де болса, солар біліп келмек. Оған осы маңға жегіп жайғаса бер деген бұйрық қана 
беріліпті. 
— Командир келгеннен кейін не істейтінін айтар, қажет болса сізді де шақыртар, әзірше 
бара беріңіз өзіңізге, жолдас аға лейтенант, — деді ол маған. 
Мен штабқа келгенде Рахимов немістердің ту сыртқа шығып, дивизияның басқа 
бөлімдерімен соғысып жатқандығын, жан - жақпен байланыстың үзілгендігін айтты. 
Барлаушылардың айтуына қарағанда біздің айналамыздағы деревнялардың барлығын 
немістер алып қойыпты. Кей жерлерде болған қарсылықтарды баса-көктей жаншып, 
біздің әскерлердің негізгі бөлек жатқан жаңа шепке қарай жылжып бет алыпты. Енді 
солармен соғысып жатқан көрінеді. Жау біздің екі жағымыздан орала айналып өткен. 
Бозжанов пен Краев жағдайға байланысты дереу жаңа шепке орналасты. Беталыстары енді 
шығыс және солтүстік - шығыс жақ. 
Күндізгі сағат 12-ге дейін Горюнының түбінде және Матренинода қоршауда қалған бізді 
неміс барсың ба, жоқсың ба демеді, елемей қойды. 
Әскери атағы да үлкен, оның үстіне полк штабынан келген офицер бір септігі тиер деп 
Толстуновты әлгі бригадаға жібердік. Ол бұлқан-талқан боп ашуланып қайтты. Бригада 
командирінің орынбасары оған да маған айтқанын айтыпты. 
Бригада өздеріне тамақ әзірлеп, нағашысының үйіне қонаққа келіп жатқандай жайғасқан 
көрінеді. Жаудың жан-жақты айналып, ілгері өтіп кеткенімен, неше күн бойы қасарысып, 
енді міне қоршауда қалған бізбен әлгі орынбасардың шаруасы жоққа ұқсайды. Бригадада 
военторгтың азық-түлік тиеген автобусы бар екен. Толстунов содан неше күн бойы 
қалжыраған адамдарға біраз зат сатуды өтінген тілегін әлгі подполковник құлағына да 
қыстырмапты. 
Толстуновтың әбден құса болғандығы сонша, тіптен тұтығып кетіпті. 
— 
Жолдас комбат, мен сенің аға адъютантың емеспін ғой, — деді ол айқайлап. — 
Мұндай адамдарға ендігәрі мені жіберуші болма. Анау подполковнигің соғысу үшін емес, 
мына орманның ішіне демалу үшін келген қу... 
— 
Сен оның өзіне тура солай деп айттың ба? 
— 
Айтайын деп едім, бірақ... 
— 
Е, онда маған неге айғайлайсың. Ол Кирсанов емес, Курганов емес. Командирі 
келсін, сонан кейін сөйлесейік... 


130 
— 
Гәп сонда боп түр ғой, оның командирі келмейді, ал подполковник келмейтін 
адамды күтіп, өз тарапынан ешбір әрекет жасағысы келмейді. 
Күндізгі сағат екіге қарай немістер бізге көңіл аударайын деді. Неге екені белгісіз 
башняларын қызыл матамен орап тастаған бірнеше танктері келеді. Рахимовты бригада 
командирінің орынбасары подполковникке жібердім. Толстунов Краевқа кетті. Мен 
Бозжановтың бақылау пунктінде тұрмын. Немістер аса коп емес. Бес-алты танк, екі 
ротадай жаяу әскер. Біздің зеңбірекшілер алдында келе жатқан екі танкті дәл атып 
тоқтатты. Сөйткенше болған жоқ, олардың снарядынан біздің бір орудия расчетымен быт-
шыт болды. Жауынгерлер пулеметтен, мылтықтан оқ атып танктердің артында келе 
жатқан жаяу әскерлерін жер қаптырды.
Міне, қазір бригададан кемінде бір батальон шыға келеді, немістерді быт-шытын 
шығарып, кейін қуып тастайды деп күтіп отырмын. Бірақ, жүгіріп жеткен Рахимов ентігіп: 
— 
Түк те көмек күтпей-ақ қойыңыз, подполковник әлі ойланып болған жоқпын деп 
отыр. 
Рахимов Краевка кетті, мен штабқа келдім. Подполковникке телефон соғып едім. Ол «Мен 
әлі шешім қабылдай қойған жоқпын, әзірге өздерің соғыса тұрыңдар, жағдай кейін қандай 
болар екен, көрерміз» деді. Түкке түсінсем бұйырмасын, подполковникке әлде бригаданы 
мезгілсіз соғысқа салмайын дей ме, болмаса сасқалақтан, не істерін білмей отыр ма? 
Соншама күш өз қолымда болар ма еді, — деп зығырданым қайнады. Лаж жоқ. 
«Кісідегінің кілті аспанда» деген осы. 
Тұңғиық ойға шомып отырмын. Қанша уақыт өткенін де білмеймін, бір уақытта штаб 
планшетін қолтығына қыса сала Степанов мені есікке қарай сүйреді. Біздің шығар 
жерімізде көлденеңдеп немістің танкісі тұр. Басымызды сұғып қарап едік, бір неміс 
башяның қақпағын ашын жатыр. Оның басы ғана көрінеді. Степанов атып кем жіберді. 
Әлгі неміс суға сүңгігендей жып берін қайта жоқ болды. Өзіміз тұрған үйдің бұрышынан 
өте бергенімізде, менің артымда келе жатқан Курбатов танктің ішіне граната лақтырып 
жіберді. Бір уақытта гүрс еткен дауыс естілді. 
— 
Тағы да граната бар ма? — деп сұрадым мен Курбатовтан. 
— 
Енді біреуі бар. 
— 
Таста оны башняға. 
Курбатов мысықша жылжып, үйдің қабырғасымен жабысып кетіп барады. Бір кезде 
бұрыштан бұрылып жоқ болды. Оның басы қайта көрінгенде, тағы да гүрс еткен дауыс 
естілді. Апай - топай сыртқа жүгіріп шықтық. Темір жол төмпешігінің жанына келсек, 
Рахимов, Краев, Хасенов түр екен. 
Сөйтсек, неміс танкісі бізге басқа жақтан келіпті. Таң атқалы қаңғырып бос қалған үйлерді 
танкімен таптап жүрген неміс экипажы бүл үйде біздің батальонның басқару пунктінің 
бар екенін қайдан білсін. Білсе ғой... Осы үйді қалқалап тұрып, бір бұзылған жерін жөндеп 
алуды ойлағанға ұқсайды. Білсе ғой... зеңбіректен бір-екі снаряд жіберіп, біраз оқ атса 
болды, бітіп жатырмыз. Танктен ешбір дыбыс жоқ. Осыдан 20 минут бұрын өлердей 
қорқып қашқан үйге қайта оралдық. Келсек, аспазшы Жан Файзиев ыңылдап өзбекше 
өлең айтып, үлкен бұхар пышағымен ұсақтап ет турап отыр. Оны алғаш көрген Степанов: 
— 
Джан, сен мұнда неғып отырсың? — Файзиев орысша жақсы сөйлей алмайтын. 
Атып тұрып, сіресіп қатып қалды: 


131 
— 
Я, товарищ командир, обед делаед, обед хороши, мостава буйдет. 
— 
Сен бүл арада қалай к алып қойдың? 
— 
Я сидит работает, вдруг стрелает, все бижал. Я ножик забывал, абратна бижал. 
Надо ножик, мясо, рис возми. Я взял, бижал. Тут танк стоял. Большой бзрыб полушился. 
Я бижал назад, карават лижит. Я все лижит, нишево нету. Вставал пошел, танк стаял, окно 
смотрит все командыр идет, я сидимся работаем, обед мостава буйдет. 
Джан осы сөздердің өзін қиналып ұзақ уақыт айтты. Рахимов кіріп келгенде ол қолын 
кеудесіне қусырып, өзбекше отыра қалды Да: „ 
— 
Ва, акажан! Бұлар немэ деп тұрыпты ю? 
— 
Санға не болди ишләй бэр аухатлариңни! 
— 
Хұп, акажан! 
Рахимовты Жан піріңдей санаушы еді. Біздің ешқайсымыз өзбек тілін білмейтінбіз. Ал, 
Рахимов өзбекше судай ағып түр, әсіресе, бүл халықтың тамақтарының аттарын, оны 
жасаудың жолдарын бүге-шігесіне дейін білетін еді. 
Жанмен ол тек өзбек тілінде ғана сөйлесетін, «түз салу, бұрыштау», «ет турау» жөніндегі 
нұсқауларды тек өзбек тілінде ғана беретін. Біз Жан әзірлеген тамақты жер-көкке 
сыйғызбай мақтайтынбыз. Ал, Рахимов одан әрдайым бірдеңе тауып отыратын. Жан 
қажетті заттардың бәрінің сайма-сай еместігін айтып, оның алдында ақталғысы келуші 
еді. Ұрыс жоқ кезде Рахимов қазанның қасында қақиып Жанның басқан - тұрғанының 
бәрін қалт жібермеуші еді. Кейде өзі от жағып отыратын. Ал, Жан терлеп-тепшіп оның 
айтқандарын шып - шырғасын шығармай орындап жүреді. 
Біздің қазақтарда еркектердің көбі қазан-ошаққа араласуға арланады. Оны әйелдің 
жұмысы деп есептейді. Әйелдердің өзі де соған үйреніп кеткен. Елде жүргенде бір күні 
менің қазан - ошаққа үйірлеу бір жолдасым тезірек тамақ ішкісі келген соң, ықыласымен 
көмектесейін - ақ деп асханаға барса «бүл үйде қатын мен бе, сен бе» деп әйелі оны қуып 
шығыпты, «кім шақырды сені мұнда, өзім - ақ жайғастырам» деп ұрсыпты. Әлгі 
«байғұстың» ұялғанынан сөлпиіп қайтып келгені әлі есімде. Ал, Рахимов бізде мүлде 
басқаша еді. Кәдімгі тәжірибелі аспазшыдай тамақтың барлық жайын білетін. Бозжанов 
оған біздің батальонның «байсалды бәйбішесі» деп қалжыңдайтын. «Мен қыз болсам 
өлсем де Хабиға бармас едім», «Егер Хаби Хаби болмай, Хабиба болса, мен қалың малға 
тоқсан түйе салсам да үйленер едім» деп те күлетіні бар-ды. Шынына келсек, ондай өнері 
бар оз жолдасымызды мысқылдау, әрине, дұрыс емес еді. 
Күндізгі сағат екіге қарай немістер Горюныға шабуылды қайта бастады. Неміс 
батальонының қимылын артиллериясымен танктері қолдады. Ұрыс екі сағатқа созылды. 
Жау бізді барған сайын қысып келеді. Толстунов әлгі бригаданың штабынан тағы да 
көңілсіз оралды. Подполковник «әзірге тыңдай тұрыңдар, күн батып қалды ғой, мен кешке 
қарай шешім қабылдаймын» депті. 
Біздің қанға боялып жатқанымыз мынау. Аса ұзаққа шыдай алмайтынымыз белгілі. Жау 
тағы бір-екі рет шүйіліп берсе, Горюныға қарай тайып отыруға мәжбүрміз. Мұны 
қабырғама батса да, Толстунов пен Рахимовқа айттым. Толстунов жаны түршігіп артқа 
қарады да: 
—Рас,халіміз нашарлап барады. Мен тағы да барып келейінші, — деді. 


132 
— 
Барыңыз, айтыңыз. Біз енді бір сағаттан артыққа, әрі кеткенде бір жарым сағаттан 
артық шыдай алмаймыз. Ол ең болмаса сақтанып өзін-өзі қорғасын. 
Толстунов тағы кетті. Орман жиегіне жақын деревняның шетінен немістің танктері және 
әскерлер көрінді. 
— 
Жолдас комбат, — деді Бозжанов сыбырлап маған, — көріп тұрсыз ба? 
— 
Көріп тұрмын. 
— 
Не істейміз? 
— 
Әзірге үндемеңдер. Шабуылға шыққан кезде сен оң жағынан, Краев сол жағынан 
оқпен қапсыра шабақтаңдар. 
Кенеттен артиллерия бұрқыратып берді. Гүрс-гүрс жарылып әр-әр жерден қара құйын 
көтерілді. Немістер Горюныға сұқсырдай қадалып, үсті-үстіне ұрып жатыр. Көп атқан 
жоқ, бірақ есті шығарып жіберді. Снарядтардың түтіні басылмастан шиқылдап, ауық-ауық 
от алып, моторлары гүрілдеп танктер жылжып берді. Тас жолдың бойымен шабуыл жасап 
келеді. Болат тасбақалар зеңбіректерінен жалын құсып, пулеметтерінен оқ нөсерлетіп 
апшыны қуырды. Олар қаз-қатар тізіліп, ақырын жылжып келеді. Өздеріне өздері сенімді 
маңғаздана, алдында қандай күш болса да утюгтей басып өтетін кейіппен қозғалып келеді. 
Біздің танкке оқ ататын екі орудиямыз аузын ашып та үлгермеді, олардың снарядпен 
үндерін өшірді. Бүл жолы жаудың жаяу әскері танктердің артына ілескен жоқ, олар 
әрменірек қалды. 
— 
Яғни, жау ең алдымен бізді біраз танктердің болат бауырымен утюгтеп алғысы 
келген екен. Ал, содан кейін... 
— 
Ол дұрыс шешкен, — деген арт жақтан Толстуновтың үнін естідім, — ал сен қалай 
шештің, — деп сұрады ол менен жалт бұрылғанда. 
— 
Горюныны тастап, орманға қарай шегіну керек. 
— 
Онда неғып тұрсың? 
— 
Рахимов! Краев пен Бозжановқа айт, орманға қарай шегініп, бекінсін сонда. Тас 
жолдан Горюныға жаудың жаяу әскерін өткізбесін деп бұйырыңыз. Ал, мен ана бригадаға 
барам, — дедім де жүріп кеттім. Көңілсізбін. Біз ақырын жүріп келеміз. Үн жоқ, тым - 
тырыспыз. Сыртқа еш сыр шығармай ауыр қайғыда жүретін аналар сияқты командир де 
соғыста оз қайғысын сыртқа шығара алмай тұншығады. 
— 
Жолдас комбат, сен аса қайғырма, — деді жұмсақ даусымен Толстунов. — Жігіттер 
ешнәрсе аяған жоқ қой. Тырысып - ақ жатыр, қайтсін енді. 
— 
Бүгін он сегізі ме өзі? 
—Жоқ, он тоғызы. Батальон генералдың бұйрығын орындады. Тас жолды екі тәулікке 
жуық ұстады. 
...Орман шетіне орналасқан бригадаға жете бергенімізде ашаңдау келген капитан 
байбалам салып, айқайлап жүр екен. «Бекініңдер, машинаны оталдырыңдар, тездетіңдер!» 
Экипаждар машиналарына қарай тұра - тұра жүгірді. Бірақ от алдырып болған соң тағы да 
нұсқау күтіп қарап түр. Горюньшың шетіне неміс танктері жылжып жетіп қалды, тұра 
қалды да бірнеше снарядты бригада орналасқан орман жаққа атып-атып жіберді. 


133 
Снарядтың бір жарықшағы безек қағып жүрген капитанды сол қолынан жарақаттандырды. 
Машинадан машинаға безектеп жүрген капитан: «Бекініңдер! Мен жаралымын» деп 
айғайлайды. Біреулерді балағаттап та жүр. Біздің жақтың КВ-сы оқ ата тұра алға 
ұмтылды. Оның дәл тиген снарядынан Горюнының шет жағына тоқтаған неміс танкісі лап 
етіп жана бастады. KB бар екпінімен артына бауырынан астына кесек бұрқыратып, ілгері 
қарай зымырап барады. Горюнының шеткі бір үйінен өтіп, көрінбей кетті. Бірақ КВ-ның 
соңынан еш машина ермеді. 
— 
Жолдас капитан, бірнеше машина жіберсеңізші, КВ-ға көмектессін, — деді 
Толстунов. 
— 
Маған қорғану керек деп бұйырылған, қарсы шабуылға шық деген жоқ, — деді 
капитан. 
— 
Әй, мына жүгенсіз кепсен иттің баласын - ай, э... (Жаңағы танкке айтып түр). 
KB қайта бар пәрменімен зытып келеді. Неміс снаряды КВ- ның башнясына қиғаш тиді де, 
жарқ етін рикошеттеді — тайып ұшты. 
Бозжановтың айтуына қарағанда әлгі батыл KB бір үйді паналап тұрып, немістің торт 
танкісін жайратыпты да, қайта зытыпты. 
Біз бригаданың ін табына келсек подполковник жиналыс өткізіп жатыр екен. Мен 
подполковниктен қарсы шабуылға шығып, Горюнының алуды сұрадым. Біздің екі 
ротаның жау танкісінің шабуылынан бөлініп жолдың екі жағында қалғандығын айттым. 
Бірақ олардың тас жолға оқ атып, жаудың жаяу әскерін жібермей бөліп тастағандығы да 
баяндалды. 
— 
Қарсы шабуылға шығып асығудың қажеті жоқ, — деді подполковник алдында 
жаюлы жатқан картаға қарап. — Мен әлі шешім қабылдаған жоқпын... 
— 
Менің танкім деревняға шабуыл жасап барып еді, онда ешкім де жоқ екен, — деді 
подполковниктің сөзін бөліп капитан. — Бұлар деревняны тастап кетіпті. 
Жынымның келгені сонша, әлгі капитанға әйтеуір аузыма түскен қатты сөздерді айттым. 
— Аға лейтенант күні бойы соғыстан қажыған соң ашынып түр ғой, — деп подполковник 
маған басу айтқандай болды. — Ал, капитан болса соғыста жараланды, — деп оның да 
көңілін жыкпады. 
— 
Капитан сіздің түңғыш «батырыңыз» деме тұңғыш «құрбаныңыз да», — деді 
Толстунов ызалана. — Оны наградаға ұсынуыңызға болады, жолдас подполковник. 
Толстуновтың бұл сөзін естігендер шыдай алмай күліп жіберді. Капитан не дерін білмей 
сасып қалды. 
— 
Сіздер бара беріңіздер. Мен мына жиналысты бітіремін. Содан кейін шешім 
қабылдаймын, шақырармын, —деп бұйырды подполковник. 
Біз күттік. Күн батып барады. Горюныдан орманға, орманнан Горюныға қарай атыс. Бірақ 
бүл атыс қаншаға созылар дейсің. Қараңғымен бірге саябырсыр. 
Екі сағаттан кейін мені бригаданың штабына шақырып байланысшы келді. Түн ішінде 
сүрініп, жығылып бес адам келе жатырмыз: мен, Толстунов, Рахимов және екі 
байланысшы жауынгер. Біз штабқа кіргенде электр лампысының жарығы көзімізді 
ұялтты. Келгендігімізді баяндағаннан кейін подполковник орнынан тұрып, екі қолымен 
столдың екі жағынан сүйеніп картаға қарады да, былай деп бастады. 


134 
— 
Менің бұйрығымды тыңдаңдар! — Барлық командирлер орнынан тұрды. — 
Отырып тыңдаңдар, — деді подполковник картадан көзін айырмай. Командирлер отырды. 
— Горюныны үш жағынан шабуылдап алдымыздағы жауды жойып, Горюныны алуға 
бекіндім. Н. батальоны — дегенде — сол батальонның командирі ұзын бойлы, ашаң жүзді 
майор орнынан тұрды. — Машинасыз тас жолдың аржағына өтіп, орман ішінен шабуылға 
шығатын мына жерден орын әзірлеп, — деп сұқ қолымен картаны шұқыды. Майор өз 
командирінің бұйрығын қалай болса солай тыңдап тұр. — Үш қызыл ракетамен белгі 
берілсін. Сол белгі бойынша ең алдымен Н батальоны шабуылға шығып, мына аймақты 
алсын, — деп картаны тағы нұсқады. Мен орнымнан тұрдым, үн қатпадым. — Ол үш ақ 
ракетамен белгі берсін. Содан кейін танк батальоны шабуылға шығып, деревняның қалған 
жағын алсын. Ал, Н. мотобатальоны менің резервімде болсын. — Бұл сөзді айтқан кезде 
тапалтақ капитан орнынан тұрды. Горюныны алғаннан кейін мен тағы да қосымша шешім 
қабылдаймын. 
— 
Н. мотобаталъонының командирі бұйрықты қайталаңыз. — Майор орнынан тұрып 
подполковниктің айтқанын сөзбе-сөз қайталады. Маған кезек келгенде орнымнан тұрдым 
да: 
— 
Мен сіздің бұйрығыңызды түсінген жоқпын, жолдас подполковник. Сондықтан 
оны қайталамай өз ойымды айтуға рұқсат етіңіз. 
— 
Айтыңыз. 
— 
Менің батальоным бұған дейін ұзақ соғысып, әбден қалжыраған болатын. Бір рота 
тас жолдың ар жағында, екі рота бер жағында. Мен адамдарды таңға қарай ғана жинай 
аламын. Осыны ескеруіңізді сұраймын, жолдас подполковник. Менің ойымша Горюныға 
ең алдымен танк батальонының кіргені дұрыс болар еді. 
— 
Талқылап жатудың қажеті жоқ! — деп подполковник қызарақтап қоя берді. — Мен 
айттым, болды. 
—Кешіріңіз! —деп Толстунов сөзге араласты.—Менполктың өкілі ретінде сөйлегім 
келеді, мені мұнда біздің генерал жіберді. Батальон екі тәулік бойы қиян-кескі ұрыстан 
әбден қалжырады. Не істемексіз енді оны? Сіз қайта бұл батальонның ес жинауына 
көмектесіңіз. Егер сіз бүл тілегімізді орындамасаңыз мен қазір бұл жерден кетемін, 
армияның әскери советіне дейін баяндауға мұқтаж болам. 
Мен бұрынды-соңды Толстуновтың дәл сондағыдай өжет - тілігін көрген емеспін. 
Подполковник қысылып қалды, әлгі жерде тұрған әскери адамдар «үндемей жүретін 
жуастың» жаңағыдай сөзіне еріксіз таңырқады. 
— 
Жақсы!... Сіз батальонның орнына барасыз, — деді подполковник тапалтақ 
капитанға. 
— 
Баруға әзірміз, — деп ол бұйрықты құптады. 
...Таңғы сағат 5-ке қарай мені бригада штабына қайта шақыртты. 
— 
Әлгі шекарашы майор бізді тақыр жерге отырғызды, — деді подполковник 
басыңқы, қынжылған үнмен. — Батальонды алып кетіпті. Қоршауда қалдық. Мен 
қоршаудан жеке-жеке, бөлініп - бөлініп шығуға бел байладым. Сізге де, жолдас аға 
лейтенант, өз құрамдарыңызға жетуді ұсынамын. 


135 
Қоршаудан жеке-жеке, бөлініп - бөлініп шығу сол кезде Қызыл Армияның кейбір 
командирлері үшін бір салт болған еді. Немістер ішке кіргеннен бері олар шегінудің осы 
бір түрін қолданып келеді. Мұндай шегіністі кімнің заңдандырып, кімнің бекіткенін 
білмеймін. Шын мәнінде жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шегіну өте ыңғайсыз еді. Бастары 
қосылмастан ыдырап босуды 
— 
тұрымтай тұсымен, балапан басымен де теңгеруге болады. Галицкий, Доватор 
жаудың сонау түкпірінен дивизияны да ұйымдасқан түрде бастап, қамауды бұзып шықты. 
Галидкий де, Доватор да аспаннан түскен ғажап адамдар емес-ті. Бар болғаны оз тізгінін 
өзі берік ұстай білген беделді командирлер еді. Оның ешқайсысы да қоршаудан жеке-
жеке, бөлініп-бөлініп шығуды қолданған жоқ. 
Кейбіреулер «мен пәлен деревняны тастап шықтым», «мен шегіндім» дейді. Ешкім 
ешуақытта өздігінен шегініп, өздігінен тастап шықпайды. Жау солай етуге мәжбүр етеді. 
Сондықтан да ең дұрысы «мен бергім келмеп еді, бірақ жау ырқыма қоймады 
— 
қуып шықты» деген дұрыс. Бос сылтау не керек. 
Рахимов біздің жауынгерлерді Матрениноның маңына шоғырландыруға кетті. Мен 
Толстунов екеуміз бір ашық алаңқы жерде қарап тұрмыз. 
Шеті ойылмаған тың бригада барлық техниканы тастап, жауға қарсы бір оқ атпастан 1941 
жылдың 20 ноябрінің ертесінде, дәрменсіз подполковниктің бұйрығымен көз алдымызда 
қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шықпақ болып ағаш - ағашты паналап тарап кетті. 
Тізгінді босатып, әскери ұйымшылдықты әлсіретсең кейбір адамдар табан астында 
бұзылады. Көз алдымызда бір топ адам аспазшыны таяқтап, военторгтің магазині 
автобустағыны тонап, төбелес шығарып, өздеріне керектісін алды да кетіп отырды. 
— 
«Бір нәрсеге керек боларсың» деп Рахимов Степановты жіберген екен. Жаңағы 
жағдайды өз көзімен көргендігіне Степанов булығып кемсеңдеп тұр. 
— 
Ей, саған не болды? — деп оған зекірді Толстунов. — Мұнда жылауға келіп пе ең, 
шығарма әрі, жоқ сұмдықты. 
— 
Ұят қой, тіпті мыналары, жолдас аға политрук, — деді Степанов көзінің жасын 
сүртіп, бірақ әлі ызаға булыққан күйі. 
Біз Матрениноға кеттік. Жолда келе жатып өткен 20 октябрьде біздің батальонның бұдан 
бұрын жау тылынан қалай жарып өткені есіме түсті. Біз бір совхоздың іргесінде тұрдық. 
Түнгі ұзақ жүрістен және таңертеңгі ұрыстан кейін орман ішінде жауынгерлерге біраз 
тыныстауға, тамақтануға рұқсат берілді. Бұдан кейін қайта жүру керек, тағы да соғысу 
керек. 
Солдатты жақсылап киіндір, жақсылап тойғыз. Егер ол шаршаса екі сағат демалыс бер де, 
қайтадан отқа сал. Орыс солдаты міне сонда шаршамайды да, күймейді де, қайта ол 
шыныға түседі. Отаны үшін бұрынғыдан да құшырлана күреседі. Егер солдатты күтсең 
жеңіске жеткенің. Майданда солдат қара жүмысшы сияқты қарыны тоқ болса, дүниені 
қопарады. Солдатты сыйлау керек. Miнe, сонда одан ұялмай, жасқанбай талап ете аласың. 
Ол бәрін де орындай алады. 
Сонымен біз совхоздың іргесінде орманда жорықтағы демалыста тұрмыз. Маған Борисов 
жүгіріп келді де, орманның ішінде генералы бар бір тон адам келді, — деді. Мен 
батальонның тамақ әзірлейтін жеріне келдім. Егде тартқан генералды және бір топ адамды 
көрдім. Генералдың үстінде шинель, басында пилотка, жуан таяққа сүйеніп түр екен. 


136 
Оның қасында жас полковой комиссары, бірнеше офицерлер және көнетоз киінген екі-үш 
азамат бар. Генералға әскери ізет көрсеттім. 
— 
Менің фамилиям Старков. Мына кісі дивизия комиссары. Ал, ана қалғандары 
дивизия штабының командирлері. 
Мен Борисовке стол жабдықтауға бұйрық бердім. 
— 
Стол жабдықтап қайтесіңдер? Сол столда жасайтын дүниелеріңді қолымызға 
ұстатыңдар, біз жылжи берейік, — деді генерал. 
Борисов берілген тапсырманы орындағанға дейін генерал менен біраз жайларды сұрады. 
Біздің осы арада, жаудың тылында екі тәулік бойы жүргенімізді білді. 
— 
Бұдан былай да батальон болып мына көліктеріңізбен, пушкаларыңызбен 
жылжығалы отырсыздар ма? 
— 
Бәріміз топтана, бытырамай шығуға бел байлап отырмыз, жолдас генерал, қажет 
болған кезде соғысып, жарып шықсақ па деген ойымыз да бар. 
-— Дұрыс істегелі отыр екенсіздер, — деді комиссар... — Біз бүкіл дивизияны тоздырып 
жібердік. Міне, көрдіңіз бе, енді өзіміз де бишара болып келе жатырмыз. 
Борисов әлгілерге бір килограмнан ақ нан, 200-300 грамнан суық ет берді. 
— 
Біз үшін мыналарыңыз тым мол сыйлық, — деді генерал, азық-түліктерді алып 
жатып. Адамдар аш екен, тарпа бас салып жей бастады. 
Борисов екі қорап махорка алып келгенде генерал: 
— 
Өздерің мырзасыңдар ғой, жақсылық қылсаң жарыта деген, бізге газет және бір 
қорап сіріңке беріңдер ендеше... — Олар сыйымызға алғыс айтты да, орман арасымен 
жүріп кетті. 
Мен сол сәтте комиссардың «біз бүкіл бір дивизияны тоздырып жібердік» деген сөзін 
түсінбеп едім. Енді, міне, көз алдымызда бір оқ атпаған бүкіл бір бригада «жеке-жеке, 
бөлініп-бөлініп» кеткеннен кейін ғана, ол сөздің мәнін түсіндім. 
Жаудың қатты соққысына тап болған әскери бөлімдер мен құрамдардың қоршаудан 
ұйымдасып шығып, жаңа шепке орналасып,өздерінің беделді командирлерінің 
басқаруымен қайта ұрыс жүргізгендері аз болған жоқ. Міне, олар құрметтеуге, сыйлауға 
тұратындар. Соғыстың ауыртпалығын сол табанды құрамдар мен бөлімдер көп көтерді. 
Олар соңғы адамы мен соңғы оғы қалғанша жаудың жолын бөгеді. 
Егер де жағдайға байланысты қамалын бұзып шыға алмаған, бірақ оған қатты қарсылық 
көрсетіп қансыратқан, майдан даласында намыспен соғысып ерлікпен құрбан болған 
әскери бөлімдер де аз болған жоқ. Ондай бөлімдер жаудың жүрегін шайлықтырды, әрбір 
солдаты жау солдатының екі - үшеуін ала кетті. 
Генерал Панфиловтың бір майорға айтқан сөзі әлі есімде. Сол майор генералға: «Жау 
талқандаған батальонның командирімін» дегенде, Панфилов: «Бүкіл батальон құрып 
кетіп, оның командирі тірі қалды дегенге кім сенеді», — деп еді. Майор оған: «Бүкіл полк, 
бүкіл дивизия талқандалды, олар қоршауға түсіп қалды, содан кейін жеке-жеке, бөлініп-
бөлініп шығуға рұқсат берілді», — деді. «Одан да солай деңіз, жау талқандаған жоқ
өзімізді өзіміз тараттық, тоздырып қоя бердік демейсіз бе. Қандай да болмасын 


137 
талқандалған заттың сынығы қалады, ал, талқандалған дивизияның ең болмаса сынығы 
қайда? Сіздің дивизияны, құрметтім, талқандаған жоқ, өздерің бытыратып қоя бердіңдер. 
Біздің көз алдымызда жеке-жеке бөлініп, бет-бетімен кеткен әлгі бригада да міне тап 
сондай болды. Подполковник орманның бір жерінде оққа ұшыпты. Ал, штабқа «бригада 
Горюнының түбінде соғыста быт-шыты шықты» деп хабарлапты. Мұны мен 1955 жылдың 
аяғында бір әңгімеде полковник Сезеновтан естідім. Ол кезде Калинин қаласында тұратын 
едім. 
Бригаданың қалай талқандалғанын Сезеновқа айтқанымда ол біраз ойланып отырды да, 
мырс етіп күлді. 
— 
Солдат пен офицер жөнінде «хабарсыз кетті» деп жазуға болады. Ал, бригада 
жөнінде не деу керек. «Соғыста құрбан болды, быт-шыты шықты» дейді ғой, генералға да 
жан керек емес пе. 
1941 жылдың күзінде болған бірқатар осындай қайғылы жәйттер осы өзінде, соғыстың 
біткеніне едәуір уақыт өтсе де қабырғам қайысты, 45- ке келген екі полковник едәуір 
қайғырдық. 
— 
Жау Москва түбіне дейін қатты тықсырды, біздің ұйымсыздығымызды 
пайдаланды, — деді біраз үнсіздіктен кейін полковник. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет