ТҮСІНІК
Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы А.Бектің «Арпалыс» романының заңды
жалғасы болып табылады. 1942 жылы басталған А.Бектің «Арпалыс» романының бірінші
және екінші бөлімі жазылып, қалған бөлімдері аяқталмай қалды. Б.Момышұлы 1945
жылдан 1956 жылға дейін «Арпалыс» романының шығуын тағатсыз күтті. Бірақ роман
ары қарай жазылмағаннан кейін амалсыздан өзі қолына қалам алып «Москва үшін
шайқас» деген атпен жалғастырып жаза бастады.
Мәскеудегі «Известия» секілді ірі басылымдар «Москва үшін шайқас» романының
алғашқы бөлімін қуанышпен басты. Осы кезде«Арпалыс» романын жалғастыру керек
екені есіне түскен А.Бек қолда бар деректерін дайындап отырып, «Арпалыстың» үшінші
бөлімін жазып «Знамя» журналына апарған кезде, оның бас редакторы Бектің
қолжазбасын өзіне қайтарып тұрып:
— Бұл романды Б.Момышұлының өзі жалғастырып жатыр, — дегенді айтады.
Алайда, «Арпалыс» романының бірінші және екінші бөлімі «Знамя» журналында
жарияланғаннан кейін А.Бек пен Б.Момышұлының абыройлары асқақтап бүкіл әлемге
танылды. А.Бек осыған масаттанды ма, әлде басқа да жағдайлары болды ма, романның
244
жалғасын ұзақ уақыт жазбады. Бұл жағдай Б.Момышұлының ашу ызасын қоздырып
романды өзі жалғастыруды жөн көрді.
Сөйтіп, «Москва үшін шайқас» деген атпен жаңа роман дүниеге келді Бұл роман стильдік
жағынан да, басқа да теориялық жағынан да «Арпалыс» романымен сарындас болып
келеді. Екі романды қатар қойып оқыған оқырман екеуінің егіз қозыдай бірдей екендігіне
көздері жегіп, «Арпалыстың» да, «Москва үшін шайқастың» да авторлары бір адам
Б.Момышұлы деп қабылдады.
Айта кететін бір жағдай Б.Момышұлы мен А.Бектің арасындағы болған келісім шарттың
бұзылуында осындай жағдайлар бар. А.Бектің романын өзі жазған жоқ, оны
Б.Момышұлының айтуы бойынша жазып шықты.Бұл жағдай жөнінде 1943жылы КСРО
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ мәжіліс залындағы өткен Тихонов басқарған комиссияның
қорытындысы, сондай – ақ 1944жылы 10 қаңтарда өткен жазушы Лейтес басқарған
мәжілістер осының толық айғағы болып табылады.
1956 жылы «Москва үшін шайқастың» қолжазбасын шпор сол кезде Мәскеудегі
Ломоносов атындағы университеттің журналистка факультетінде оқып жүрген жас
қаламгер Шерхан Мұртазаға редакциялауға тапсырады. 1958 жылдары романның алғашқы
бөлімдері жарық көрді.
Б.Момышұлының бүл туындысы қазақ әдебиетінде соғыс тақырыбына жазылған алғашқы
үлкен шығарма болып есептелінеді. Жоғарыдағы айтылған архивтік деректерді
республикалық орталық мұрағаттан және Мәскеу қалалық мұрағатынан табуға болады.
Мұхамеджан Кәтімхан
Бауыржантану ғылыми-зерттеу жетекші ғылыми қызметкері
Достарыңызбен бөлісу: |