Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
ҚИЫН ЖАҒДАЙ, ЖЫЛЫ ХАТ 
Аспанда алақандай бұлт жоқ. Қап-қараңғы. Үй ішінде чемодандар, портфельдер, 
планшеттер, автоматтар, дүрбілер, компастар, телефон аппараттары жатыр. Бұл 
Матренино мен 151,0 биіктігінен Борисов пен Рахимов әкелген олжалары — трофеялар. 
Бірнеше майшам жағылған жеркепеде кезекші телефонистер отыр. Біздің аспазшымыз 
Жан Файзиев тамақ жасап жүр. Синченко мен Курбатов әкелінген олжаларды іріктеп 
отыр. Командирлерден жалғыз мен ғана. Қалғандары түнде істелетін шаруаларды реттеуге 
кеткен. 
Күндіз біз көп едік. Бір рота капровтықтар, саперлер, артиллеристер. Авиация да біраз 
көмектесті. Горюны — тас жолдағы ең бір мықты бекініс еді. Оны күні бойғы қиян-кескі 
ұрыста біз де байқадық, жау да байқады. Ал, қазір жалғыз қалғандаймыз. Шынын айтсақ, 
күшті қарудан танкіге қарсы оқ ататын б пушка ғана, содан кейінгісі жаяу әскерлер. 
Басқалары дивизияның негізгі күшіне қарай ауысты. Мен картаны ашып қойып қарап
ақпар жазып отырмын. Күні бойғы соғысты қысқа тұжырымды етіп жазбай, ұзақ баяндап 
жібергеніме өзіме - өзім наразымын. Әдетте жоғарыға жазғанда командир ең соңында 
бөлек бір тармақ етіп, енді не істейтінін баяндайды да, үлкен командирге қояр тілегін 
жазады. 
«Менің шешімім...» деп жаңа жолды бастадым да, әрі қарай жаза алмай отырып қалдым. 
Өйткені не істейтінімді өзім де айқын елестетіп отырған жоқпын. 
«Менімше Горюны мен Матрениноны шама келгенше қорғау. Ол үшін 151,0 биіктігін 
тастап, Горюнының гарнизонын екінші ротамен күшейтіп, Матренинода қорғанып жатқан 
бірінші ротаға екі қалқанды пулемет жіберу...». «Сізден сұрайтыным» деп жаңа жолды 
бастадым. Осы cәттe кіріп келген Толстуновқа мен жазғанымды толық оқып бердім. 
«Берік бекініс жасау», «күшейту» деген сездерді біртүрлі ызалана оқыдым. Адам 
қажығанда шамадан тыс нәрсеге осылай келеді. Толстунов: 
— 
Несі бар, дұрыс жазылған. Басқа қандай әңгіме болуы мүмкін, — деді. Оның бұл 
сөздерін естімегенсіп, ары қарай оқи бердім де, «Сізден сұрайтыныма» келгенде тоқтадым 
да қалдым. 
— 
Иә, нені сұрағың келіп еді? 
— 
Meн «Сізден сұрайтыным...» деп жаза бергенімде сен келіп қалдың. 


128 
— 
Мен саған бөгет болдым ба, сонда? 
— 
Осындай жағдайда не сұрайсың, Федор Дмитриевич? 
— 
Дұрыс айтасың, ештеңе сұрама. Бізді мұнда жалғыз тастау генералға да оңай тиіп 
отыр дейсің бе! 
...Хаби Рахимов, Бозжанов, Борисов, Степановтар келді. Олар түнде істелетін шаруаларын 
жайғастырып болғандықтарын айтты. 
— 
Байқаңдар, жігіттер, — деді Толстунов даусын қатаңырақ шығарып, — 
жауынгерлер ұйықтап қалып жүрмесін. Күні бойы әбден қалжырады ғой олар.
— 
Барлығы да ескерілді, жолдас аға политрук, — деді Бозжанов. — Мысалы менің 
ротамда бес адамнан бір топ құрылды. Яғни бір адам бес адам үшін жауап береді. Ал, бес 
адам бір адам үшін жауап береді. Біреуі тік түрегеп, айналаға қарап тұрса, екіншісі жерде 
отырып оны қарап отырады. Қалғаны бір - екі сағат ұйықтайды да, одан кейін түрегеп 
тұрады. Оның орнына екіншісі тынығады. 
Рахимовты Синченко мен Курбатовтың олжа дүниелерді реттеуі қанағаттандырмады. Ол 
өзіне тән ұқыптылықпен барлық документтерді алды да, әдемілеп қаттады. Документтер 
мен олжа дүниелер дивизия штабына жіберілді. 
Түн ортасында мені Рахимов оятты. I — Сізге полковник Серебряковтан хат келді, — деді 
ол. Ұмарланған дәптер бетінде қызыл қарындашпен жазылған біздің дивизияның штаб 
бастығы полковник Серебряковтың мынадай сездерін оқыды: 
«Жолдас Момышұлы! Генерал да, біздің барлығымыз да сіздің жұмыстарыңызға 
ризамыз...» 
Осы бір хаттың алғашқы жолдары әлі күнге дейін есімде. Одан әрі полковник қай полктың 
қай жерде екенін, не істеп жатқанын жазыпты. Генерал қолбасшыға кетіпті. Бізге рахмет 
айтып, алдағы уақытта абыройлы бола беруге тілек білдірген көрінеді. 
Майдан өмірінен осы бір әңгімені жазып отырған сәтте қазір қаза болған Иван 
Ивановичтің — қарт орыс полковнигінің, ұстазымның сол хатының қолымда жоқтығына 
қатты өкінем. Бұл хат бізге берілген тұңғыш награда еді. Сондықтан да аса ыстық 
көрінеді. Хат жүрегіңді жылытып жіберетін шын ықыласты хат еді. Әкімдіктің ешбір 
нышаны жоқ, бұйрық сипатты ресми де жазылмаған. Қарапайым дос жүрегінен шыққан 
ыстық сөзі еді. Бұл хатты әскери билетіммен бірге сақтап, 1942 жылдың июль айының 
аяғына дейін ұстадым. Москва түбінде болған талай ұрыстарда өзіммен бірге алып 
жүрдім. Холм ауданындағы Васильево деревнясында Талғар полкының бір жылдығын 
тойлағанда ол хатты автордың өзіне, полктың «көгілдір» клубында салтанатты 
жиналысында тапсырған едім. Онда менің әскери атағым майор болатын. 
1942 жылдың 31 июлінде біз полктың құрылғандығына жылға толуына арналған 
салтанатты жиналыс өткіздік. Жиналысты қысқаша сөз сөйлеп, мен аштым. Осы жиында 
полковник Серебряковтың хатын түңғыш рет көпшілік алдында оқып, өзіне тапсырдым. 
«Қорыққан да, қуанған да бірдей» деген емес пе, алғашқыда Иван Иванович біраз 
абыржып қалды да, хатты ұзақ сақтап қайта өзіне тапсырғаныма қатты қуанды. Кейіннен 
бұл хат дивизия штабының оперативті бөлімінің ісіне тігіліп қойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет