56
—
Болды енді, әзілің жетті. Ісіңді жөндеп басқар. ...Сағат он бір... Сағат он екі... Біздің
алдымызда жаудың бірде-бір солдатының қарасы көрінбейді.
—
Осы аш отырғанда адам мүлдем зеріккіш келеді екен, — деген Бозжановтың
даусын күркенің сыртынан естідім. — Егер де мен үлкен орында командир болсам, қарап
отырмас едім. Тіптен тіке Волоколамскіге тартып, қаланың бір шетін басып алып отырар
едім. Кейіннен құдай басқа салғанын көре жатар едік, — деді ол оны мақұлдап отырған
біреуге.
Бозжанов! Бермен келгін!
Ләпбай, жолдас комбат! — деп қысыла - қымтыла Жалмұхаммед кіріп келді.
Мұнда не қып сандалып жүрсің?
Мана махорка алғалы келіп едік... Мен осында аздап кідіріп... жігіттермен сөзге
айналыңқырап қалыппын.
Алғы шепке барғын да, ротаңды жинап жаңағы сөзіңді солардың алдында оттағын.
Жоқ, жолдас комбат... Тек әшейін...
—
Бар ротаңа!
* * *
Сағат бірден аса бергенде Шехтманның полкының комиссары Корсаков келді.
Комиссардың түрі солғын. Мен оған барлық жағдайды қысқаша баяндадым.
—
Жүріңіз, алға барып көрелік, — деді комиссар менің сөзімнің аяғын тыңдап болып.
Жолда келе жатып Корсаков маған жалпы жағдайды айтты. — Капров пен Елиннің
полктарына кешелі бері ауыр салмақ түсті. Әсіресе, Капров полкында. Обалына не керек,
жауынгерлер табан тіресе жаудың басым күшімен айқасуда. Естіп тұрсыз ғой — олар
қазір де ауыр халде соғысып жатыр.
Алғы шепті аралап жүргенде, жауынгерлермен сәлемдескені болмаса комиссар үн қатқан
жоқ, тек жан-жаққа көз салып аяңдап жүріп отырды. Менімен қоштасып тұрып
аттанардың алдында Корсаков былай деді:
—
Аш халыққа мен не дейін? Өздеріңіз де сөйлескен боларсыздар. Сіздер үшін
қолымнан келгенімді істеуге тырыстым, штаб кухняларынан етін сіздерге жібергізіп,
сорпасын оларға қалдырдым. Екі тәуліктен бері азық-түлікті жөнді уақытылы ала алмай
жатырмыз.
Комиссар көрші батальонға қарай кетіп бара жатқанында, оның артынан қарап тұрып
Рахимов:
—
Бұл полкта бізге жаны ашыр үш адам бар: Булатов, Иванов, Корсаков, - деді.
—
И это очень хорошо, Хаби, — дедім оған мен.
Достарыңызбен бөлісу: