ТАҢ АТЫП, КЕШ БАТҚАНДА
...Жауын саябырсып барып түн ортасында тоқтаған. Батыстан жел соғып бұлттарды қуып
барады. Таң бозарып атып келеді. Далада бүкірейе иығын ықтай жүгіріп жүрген бірнеше
адамдарды алыстан көрдім. Олар байланысшылар болулары керек. Түнгі суық жер бетін
қатыра алмапты.
Әр шұңқырда шеті кілегейлене қаймақтала түсіп кеткен жауынның суы қақтана қата
бастапты. Жауын үстінен жел өңменімнен өтіп, түн ұйқысын қырық бөле қалғыған
қажыған азаматтар тобына лайды сыпылдата басып келемін.
Бір топтың қасына келіп көргеніме сенер - сенбесімді білмей тұрмын: қазылған саяз ордың
түбіне қалыңдап төселген сабанның үстінде жауынгерлер ұйықтап жатыр. Әрқайсысының
қасында құрал-саймандары окоп жағасында сүйеулі тұр. Біреудің екі қолын жеңіне тығып,
құлақшынын бетіне қаптап, иығын қомтықтап, екі бүктеле тізесін құшақтап жатқанын
көріп: «Мына жатыс қазекеңнің жатысына ұқсайды» деп ойладым да, басқа топқа барсам,
олар да жаңағыдай ұйықтап жатыр. Одан басқа топқа қарай бет ала бергенімде алдымнан
аяғын нақ-нақ басып лейтенант қарсы шығып, қалт тұра қалып:
.— Жолдас аға лейтенант, екінші рота бекініс шебінде, орналасуда. Рота бойынша кезекші
лейтенант Брудный, — деп баяндады ол қарлыққан даусымен.
—
Рота командирі қайда?
—
Төменде, пулеметтерді тазалаушылардың қасында.
40
Брудный қара торы, орта бойлы, мөлдір көзді, қыр мұрынды келген сымбатты жас жігіт.
Бұл жолы көзі құр сүлдедей кіртиіп, ерні көгеріп, сағы сынған, жасыған. Олай болуының
екі себебі бар болатын: біріншіден, түн - күн бойы дамылсыз жорық пен соғыс азабы кімді
қажытпасын; екіншіден, бұрын тасалаңдап әлі еркелігі басылмаған, бірақ та өте пысық,
ширақ жас лейтенант бұдан бір жеті бұрын тосқауылда взводымен тұрып жау
бастырмалатып келе жатқанда рұқсатсыз позициясын тастап шегінгендіктен, мен оған
қатты кейіп «сен сияқты ұшқалақтардың маған керегі жоқ, қайда барсаң онда бар» деп
орнынан алып батальоннан қуып жіберген болатынмын.Кейіннен генерал Панфилов «Я
вам рекомендую обелить Трудного перед товарищами» — деп менің шешіміме наразылық
білдірген, ал Толстунов болса оны наградға тапсырғын деп,—«Ол қаймықса арпалыса -
айқаса қаймықты, тырым-тырақай болып дегбірлене қашқан емес» — деген болатын. Мен
осы уақытқа дейін екеуінің айтқанын орындамай келдім. Брудный болса штаб тарапында
бос жүрген. Содан бері екеуміз жолыққан сайын, әлгі жағдай ойымызға түсіп бір-бірімізге
салқын қарайтынбыз. Бұл жолы да Брудный бұрынғыдай сырын аша сөйлемей, тек устав
бойынша бағынып, салқын баяндап, солғын мүлгіп тұрды.
—
Сізді кім кезекші етіп тағайындап еді?
—
Лейтейнант Рахимов жұмсады, — деді ол. Көзін мүлгіте қарап, қапаланған түрі
өзгеріп кетті. «Осы уақытқа дейін кешірмейсіз, осы уақытқа дейін сенбейсіз бе?» —деген
сұрақ бой пішінінде тұр. Мен де төмен қарадым. «Ең алғашында Брудный кінәлі еді, ал
енді оның алдында сіз айыптысыз. Сіз оған қаталдық істедіңіз», — деп еді генерал сөзінің
аяғында. Екеумізде де үн жоқ. Біраз тұрдық.
—
Ал, Брудный, — дедім мен оның бетіне тіке қарап, — анау маяның түбінде үшінші
ротаның бір жарым взвод жауынгерлері жатыр. Барып соларға командир болыңыз.
Бекіністі осындағыдай ұйымдастырыңыз дегенімде лейтенант қуанып жымыңдай күліп:
—
Есть, товарищ комбат! — ден қалт тұра қалды.
—
Мен Краевтар келгенше осында сіздің орныңызға кезекші бола тұрайын.
—
Рұқсат болса мен тез барайын, жолдас комбат, — деп реңі кіріп, жадырай сұрады
ол.
—
Барыңыз, жолыңыз сәтті болғай.
Брудный екі қолын сілтеп, адымын кере басып, ентелей жөнелді. Біраздан кейін қадамы
қысқарып, иығы қомдалып, басын шұлғып төмен қарағандай болды. Маған ол қолымен
көзін сүрткендей көрінді.
—
Брудный! — деп айқайладым мен. Ол шұғыл тұра қалып маған қарай бұрылды.
Мен жұдырығымды көрсетіп:
—
Не сметь плакать! — деп зекірдім.
—
Есть не плакать! — деп жауап қатты да маяға қарай жүгіре жөнелді. Мен оның
даусынан, жүгірісінен қуаныш сезімін байқағандай болдым. Оның соңынан қарап
тұрғанымда көзім мұнарланып, жүгіріп бара жатқан лейтенант пен шөп маясы
сағымдалып, бұлдырап кетті. Көзімнің жасын бір сығып алып, басқа взводтың
позициясына қарай жүріп кеттім.
***
41
Келген взводта да жауынгерлер ұйықтап жатыр екен. Ешқайсысын оятпастан ротаның оң
қанатына жете бергенімде бес-алты жауынгердің қоржаңдап бекініс істеп жатқанының
үстінен шықтым...Мені көре салып тапалтақ бойлы, қой көз,істік мұрын, бет-аузын
қылтиған жирен сақал мұрт түгі басқан ефрейтор Остап Блоха жүгіріп келіп қалт тұра
қалып не істеп жатқандарын баяндады. Блоха ауыр пулемет "«Максимның» атушысы еді.
Пулемет окопына сабан төсеп қойыпты.
—
Мыналарың окоп емес, әп-әдемі ұяға ұқсайды ғой, — дегенімде Блоха жымия күліп
мақтанып:
—
Тағы да осы сияқты екі-үш окоптар істемекпіз, жолдас комбат, — деді.
—
Ал, пулеметтерің қайда, ерім?
—
Пулеметтердің барлығын тазалап әлі бабына келтіре алмай жатырмыз. Командир
мен политрук екеуі де төменде соның әуресімен жүр.
—
Онда мына істеп жатқан ұяларың тек ұйқы үшін болып шықты ғой.
—
Жоқ, жолдас комбат, бір сағаттан кейін пулеметтер бабына келеді... — дей
бергенде, сайдан бір нәрсені арқалап келе жатқан төрт-бес адам көрінді.
—
Әне! Пулемет алып келеді, — деді жұлып алғандай бір жауынгер.
Взвод командирі жас лейтенант Беляковке ерген жауынгерлер плащ-палаткаға ораған
пулеметтің «мүшелерін» алып келіп жерге қойды.
—Мүлде қажыдық, жолдас комбат,—деді күрсініп, лейтенант, — түн бойы әуреленіп, бір-
ақ пулеметті түзеттік. Бұдан былай пулеметке шық тигізбей, бір жерден бір жерге
қозғалғанда жөргектегі баладай орап жүруге тұра келер.
Жауынгерлер біз әңгімелесіп тұрғанда пулеметті қалыптастырып окопқа орналастырды
да, әрқайсысы оз орындарына орналасқанда Блоха:
—
Пулемет атуға дайын, — деп баяндады.
—
Оқта! — деп мен команда бердім. Сары оқтар тізілген кендір лентаның сүйір жез
ұшы жыланша сумаңдап оқтаушының қолынан пулеметтің көмейіне енді... Блоха
тұтқаның құлағын жұдырығымен нұқып - нұқып, шаппаны ерсілі-қарсылы сілтеді...
—
Разряжай!.. — Лента пулеметтен шығарылды.
—
Заряжай!..
—
Разряжай!.. — деп екі-үш рет қайталап істеткенімде, Беляков:
«Апырм - ау! Бізге сенбей тұрсыз ба?» дегендей маған қарады.
—
Заряжай!
—
Готово! —деді Блоха.
—Тремя коротким и очередями огонь! - деп команда бергенімде Блоха тұтқаны мықтап
ұстап қос бармағымен шаппаны басты.
—
Тра-та-та, тра-та-га, тра-га-та! — деп пулемет безілдей жөнелді.
42
—Стой! Проверить установки,—деп бұйырдым.Жауынгерлер тексеріп болып баяндады.
—
Блоха! Дайте одну длинную очередь, — дедім мен атқышқа. Ол құжырлана тағы
басты.
Тррр-трата-трарратата — дей жөнелді пулемет. Атқыш қос қолмен тұтқадан айрылар
емес, пулеметте Блоха безгек тартқандай қалшылдай, дірілдеп жатыр.
—
Стой! Разряжай!
Пулеметіміз бабында екеніне көзіміз жетті. Азанда айналаны жаңғырта пулемет сарынын
шығардық. «Біз қыр басындамыз», «Біз босып кеткен жоқпыз», «Біз ұрысқа дайынбыз», —
деп хабарладық дұшпанды да, досты да.
Біздің батальон үшін 1941 жылдың 27 октябрінің таңы осылайша атты.
* * *
Беляковқа даярлық жұмыстарын қалай ұйымдастыру жағын айтып болып жүріп бара
жатқанымда ол күмілжіп:
—
Егер де ұрыс басталса не етеміз, жолдас комбат? — деп сұрады.
—
Жақында ұрыс бастала қоймас.
—
Неге олай ойлайсыз?
—
Біз де, дұшпан да әлі есін жинап ала қойғаны жоқ. Басталса үш-төрт сағаттан кейін
басталар.
Онда бізге біраз істеуге уақыт бар көрінеді ғой.
Бақылаушылар қойғандағы, тезден жатып ұйықтаңыздар.
—
Ұйықтай алмаймын, жолдас комбат.
—
Бұйырып етілгенде, ұйықтай алмаймын деген де сөз бола ма екен. Вам приказано
спать!
—
Өзіңіз қашан демалмақсыз, жолдас комбат?
—
Мен түн бойы ұйықтадым... Түнгі сәтсіздіктің барлығы менің ұйқымның салдары,
жолдас лейтенант. — Одан соң Беляковқа оқушыға да мәлім жағдайларды айтып бердім.
Лейтенант мені өзеннің жағасына дейін шығарып салды.
***
Өткен түнде арнасына сыймай тау өзеніндей құтырып жатқан Лама жынынан айрылған
бақсыдай моп - монтай иреңдеп жылжып жай ағып жатыр. Россияның топырақтары бос
келеді — кішкене жауын жауса оның ой-қырында тайғанақтамай жүре алмайсың.Келте
бұйрық, нөсер жауын, қараңғы түн, белуардан батпақ, қажыған қол сағымды сындырып
жабықтырып, жасытып үміт үзіліп, белім кесіліп қала жаздапты — тәлтіректей қырдан
ойға тайғанай басып келемін. Бір айналдырғанды—шыр айналдырады дегендейін. ауыр
түн бастан өтті-кетті, ал енді күндіз қандай халде болар екенбіз?
Ауыр бір түн өтті бастан,
43
Құйды нөсер аямастан,
Өңменіңнен жел өтті.
Сұға ағып,
Оқты қағып,
Бірнеше жас қыршын кетті.
Ішім күйді, көңілім мұңды
Тәлтіректеп тайғанап,
Қырдан ойға мен келем.
Қорегім жоқ, күні-түні тыным алмай,
Қарны ашып сапта тұрған
Жауынгерге не берем?
***
Біздің штаб кешегі племхоздың үйіне орналасқан екен. Алдында тұрған жауынгерлер
менімен сәлемдесіп жол берді. Алдыңғы бөлмеге кіріп келсем жерге төселген плащ-
палатканың үстінде шашылып жатқан пулеметтің темірлері, мүйіште үйіліп жатқан
шүберек, кендір түбіті, мақта. Бозжанов пен Краев екеуі жеңдері шынтақтарына дейін
түрілген, саусақтары сарғылт бурыл май, тазартып болған бір пулеметті құрастырып, бір
жерінің қиюын келістіре алмай тұрғанының үстінен шықтым.
—
Жауынгерлерге үйретпей, енді өздерің қара терге түсіп тұр екенсіздер ғой, —
дегенімде, екеуі де бастарын көтеріп орындарыңнан ұшып тұрды. Жалқаулық түбі —
қорлық деген осы болады. Сендердің мына істеп жатқандарың, менің атқосшым
Синченконың орнына мен ат ерттеп, ер-тұрман тазартып жатқанмен тең.
—
Жолдас комбат, түн бойы...
—
Тарт тіліңді! Өз обалың өзіңе. Үйрете білмесең, жұмсай білмесең бұдан былай да
көрген күнің осы болады. Кто будет командовать ротой? Лейтенант Краев или ефрейтор
Блоха?..
—
Жолдас комбат, өте тығыз бір істің кезінде келдіңіз, — деп екінші бөлмеден
Рахимов мені шақырды.
Рахимов өте ұқыпты жігіттің бірі еді. Ол карта бойынша білген деректерін маған
баяндады.
—
Көріп тұрсыз, жолдас комбат, көршілерімізден бізбен иін тіресіп қолтықтасып
тұрған ешкім жоқ. Жер жағдайы шалғай, арамыз ашықта, алыста. Оң жақтағы көршімізден
арамыздың қашықтығы екі километрдей, сол жақтағы көршімізбен бір жарым километр.
Біздің сыбағамыз да нормадан екі есе мол. Жан-жағымызды қалайша қамтамасыз
етпекпіз?
—
Пулеметтер мен зеңбіректердің... тағы керек кезінде Филимоновтың ротасын
жұмсармыз... Қой, көзбен көріп тұрып жер жағдайын байқап шешелік мәселені. Шақыр
командирлерді рекогносцировкаға барып алдымен жер танып алалық.
44
***
Тимковская гораның дәл қыр төбесіндегі бір шөп маясын тасалай топтанып тұрмыз. Ауа
райы ашық. Аспан бұлтсыз. Айналаның барлығы көз жеткенше айқын көрінеді. Алыстан
қарауытып Рюховское, Спасс-Рюховское, ойда Тимково, батыста кеше азанда, түнде
көшесінен біз өткен көк күмбезді шіркеу бар Волоколамск қаласын көзбен шолып тұрмыз.
Алыстан самолеттер сарыны естілді. Теріскей жақтан қатарын тізген тырнадай аспанда
бомбардировщиктер көрінді. Олардың үстін ала қаршығадай зымырап истребительдер
ұшып жүр. Бәрінің бет алысы Волоколамск... Гүрілдеп, зуылдап біздің үстімізден өтіп
барады. Қалаға жақындай бергенде самолеттер маңайында бұрқ-бұрқ етіп сеңсең терідей
он бес-жиырма көк бұйра бұлттар пайда болды. Ол біздің аспанға атқыш (зенитка)
зеңбіректердің оқтарының жарылған орны. Самолеттер қайқия өрлеп барып, қала мен
станцияның үстінен төмен қарай түйіліп барып бомбаларын тастап, қайтадан өрлей ұшып
теріскейге бұрылып кетіп жатыр... Дабыл қаққандай тарс-тұрс сарын, құйындай аспанға
шапшыған қара түтін. Ол ірі бомбалардың жарылып, қала үйлерінің күлін көкке ұшырып
ойран салғаны... Бомбардировщиктердің соңынан іле жер бауырлап қалбалақтай ұшып
(орысша — бреющий полет), оқ жаудырып, майда бомбалар тастап штурмовиктердің
бірнеше топтары бірінің соңынан бірі үшеулеп, алтаулап, тоғыздан қатарланып зуылдап
өтіп жатты. Самолеттердің ойранының түтіні басылмай-ақ ізбе-із алыстан күн күркіреп,
найзағай атқандай қатты сарын естіледі: артиллерия сұрапыл дабылы басталды. Қала
үстінде мыңдаған снарядтар мен миналар ұшып, ысқыра келіп жауды. Жер күңіреніп
кетті. Қала талқандалып, қою қара түтін қаптап, үйлер өртене бастады.
—
Демек, жолдас комбат, дұшпан барлық күшін қалаға салмақ болды ғой, — деді
Рахимов.
—
Әніки, танктер келеді, — деді Бозжанов. — Апырмай мына ит біздің кісілерге
тыныс алдырар емес қой. А! Қайтеді, ей осы?!
Ойдағы Тимково тарапынан өрлеп, тасбақаша жер бауырлай өрмелеп келе жатқан танктер,
оның соңынан машинаға мінген жаяу әскерлер еріп келеді, ал артиллерия болса
атқылауын тоқтатар емес, құйындата төмпештеп жатыр. Атыс саябырси келгенде танктер
қаланың шетіне жетті.
—
Ал енді көшеде қоян-қолтық басталды. Қала үшін ұрыс кешке дейін созылуы да
мүмкін, — деді Рахимов. — Не істе демексіз, жолдас комбат?
—
Көретіндеріңді көрдіңдер ғой. Біздің тұрған шебіміз қаладағы соғысып жатқан
біздің күштердің оң қанаты. Біз берік болсақ дұшпанның оларды бұл жақтан орағытып
алмауына себеп боламыз. Кешікпей-ақ біздің де кезегіміз келер. Барыңыздар
орындарыңызға. Дайындалып сақ болыңыздар, — деп тараттым командирлерді.
Бір сағаттан кейін немістердің бірнеше тобы біз жаққа қарай бұрылды. Танктері жоқ, жаяу
әскерлері ғана.
—
Ал енді біздің кезек басталды, жолдас комбат.
—
Негізгі күшінің сол қанатын қамтамасыз еткелі істеп жатқан қимылы ғой.
—
Оншама көп көрінбейді ғой.
—
Осыған төтеп берсек те жарар.
45
Қаланың тарапынан қызу - қырғын соғыстың дүбірі естіледі. Оған қарағанда арпалыс -
айқас көше сайын екендігі байқалады. Біздің күштер оңайлықпен бере қояр емес. Біздің
алдыңғы мақсатымыз — қалада белуардан қан кешіп соғысып жатқан күшімізді жаудың аз
тобына болса да оң жақтағы өкпе тұстан соқтырмау. Қайтсе де соған жарап берсек, оларға
көрсеткен жәрдеміміз сол болмақ.
—
Филимоновты сол жаққа шағарыңыз. Ашық аралықтарға бітеу болсын. Барлық
пулеметтер мен зеңбіректер де сол жаққа нысанасын бұрып дайын тұрсын. Жау қырдан
ылдилап ойға түскенше атушы болмаңыздар. Неғұрлым жақындағанын күтелік, — деп
жұмсадым штабтағы командирлер мен байланысшы хабармандарды.
Филимонов бастаған топ взвод взводымен қозғалып жаңа шепке бара жатыр. Кейбір
пулеметтер мен зеңбіректердің позицияларын өзгертуге кірісті. Немістер біздің жақтан
бұл маневрді көріп біраз кідіріп тоқталды. Екі жақтан да атыс жоқ. Біраздан соң жаудың
тағы бір тобының қарасы көрінді.
Мыналары неғып доғарылып қалды десем, соңынан осыншама күш күтіп жатыр екен ғой,
— деді қасымдағы Бозжанов.
Бұлардың ойы бір тобымен бізді солға түріп тастап, екінші тобы қаладағылардың оң
бүйірінен соқпақ қой, — деді Рахимов.
Ойы солай болар, әйтпесе тоқтамас еді. Ал енді біз де қарап жатпалық; Краев пен
Брудныйдың алдында ешкім көрінбейді, екеуі де сайдың аржағындағы орманға қарай
біртіндеп шегінуді бастасын. Сол қырдан ойпаңды да, қаланың шетін де атқылау қолайлы
болар, - деп бұйырдым Рахимовке.
...Күтпеген жерден оң жаққа көрші полктың командирі ІІІехтман комиссары Корсаковпен
бірге келді. Шехтман таза киінген, орта бойлы, қасқа бас, қоңқы мұрын, сопақ бет
подполковник. Корсаков болса сұңғақ бойлы, жасыл көзді, ат жақты келген, мінезі
ауырлау батальон комиссары.
Оларға мен қысқаша жағдайды айтып, өзімнің тұрақталған шешімімді баяндадым.
—
Ашықтан-ашық жерде, дұшпанның көз алдында ойыңызды қалайша іске
асырмақсыз? Оған дұшпан көне қояр ма екен, — деді Корсаков.
—
Біз де оныкіне көнбейміз. Ашық жерде жасырынбақ ойнамақ емеспіз. Бір ротаның
оғын бір рота қалқан тұтып, анау тұрған орманды төбеге жетсек, бастырмалатып атып
немісті қаланың шетіне жолатпаймыз.
—
Меніңше комбаттың шешімі дұрыс, — деп қоштады мені Шехтман.
— Бірақ та бір қозғалғаннан кейін тоқтай алмай жүрмесеңіздер!деп комиссар
күдіктенгенін айтып тұрғанда бірнеше оқ зуылдап қасымыздан өте шықты. Оқтың біреуі
Шехтманның алдындағы кесекке тиді.
—
Барлығы түсінікті ғой. Ал жүріңіз, комиссар, біз кетейік,деді Шехтман сөзін
аяқтатпай.
—
Көрші болғаннан кейін, арамызды анық - қанықтап алалық та, — деді комиссар. —
Анықтайтын несі бар, тәйір - ай. Жүріңіз, бізді күтіп отырған болар. Жүріңіз, — деп
Шехтман жүріп кетті.
Олар көп ұзамай-ақ немістер бізді артиллерия, минометпен атқылай бастады. Қарқыны
оншама күшті емес — көп болса бір - екі-үш-ақ батарея сиректеп атқылап тұр. «Неғып көп
46
кідірді десем, артиллериямен бізді біраз төмпештеп алып тиіспек екен ғой. Қаладағы
күштен саған күрделі жәрдем бола қоймас жуырақта» деп ойладым.
Филимоновтың тобы, біздің бірнеше пулеметтер мен зеңбіректер жауға оқ жұмсады.
Ентелеп келе жатқан жау қатарлары жата қалды. Мен тастан қаланған сарайдың ығында
тұрмын. Краев пен Брудныйдың топтары взвод - взводтан араларын қашық ұстай аңдалап
Тимково қырынан өзен бойына ылдилап келеді. Өзенге жете бергенде оларды немістер
атқылай бастады. Олар жата қалды. «Жатпастан, тоқталмастан, судан, шосседен өтіп жаңа
позициясына орналассын» деген бұйрықпен байланысшылар жүгіріп кетті. Бiраз
дағдарыстан кейін, барлығы орындарынан тұрып бытырай анталап тез жүріп келеді.
Мен тұрған сарайдың қатарынан өте бергенде бір бөлімшенің алды - артынан бірнеше
миналар бұрқ ете жарылды. Жауынгерлер жүгірді.
—
Эй! Не бежать! И не ложиться! — деп айқайладым мен.
—
Неге олай дедіңіз? — деді қасымдағы Бозжанов таңданып.
—
Немістер де, Филимоновтың тобы да мыналар қашып бара жатыр деп ойлап
қалмасын, — деп жауап қатты оған Рахимов.
—
Хаби, сен осылармен бірге жаңа позицияға бара бергін. Келісім бойынша бекініс
ұйымдастыр. Мен Филимоновпен бірге барамын. — Рахимов жүгіріп Краевты қуып жетіп,
екеуі топ арасында, дұшпанның атысы астында жаңа позицияға қарай жүріп барады.
Кейбір жауынгерлерге оқ, әйтпесе снаряд пен минаның жаңқалары дарып, оларды екеулеп
жолдастары сүйемелдеп, әйтпесе көтеріп барады...
—
Мен сіздің қасыңызда болайын, жолдас комбат, — деді Бозжанов.
—
Қалсаң қалғын.
Дұшпан артиллериямен Филимоновтың тобын біраз төмпештеп алды да, орындарынан
тұрып тізбектеле анталап келеді. Оларды Филимоновтың тобы барлық қаруларымен
атқылады. Біреуі құлап, біреуі жығылып, біреулері сүрініп қатарлары сиректегеніне
қарамастан, немістер ентелеп келе жатыр. Біздің жақтан атыс күшейе бастады.
Немістер тоқтап жата қалды, қараңызшы! — деді Бозжанов.
Жүгір Филимоновқа. Енді немістерге Краев пен Брудный жаңа позициядан оқ атқанша бас
көтерткізбесін.
Бозжанов жүгіріп кетті.
Қыр басынан жаудың бір пулеметі біздің шегініп бара жатқан топтардың үстіне оқ
жаудырды. Біз жақтан бір зеңбірек бастырмалата ата бастады. Жау пулеметінің үні өшті.
Алыстан естілген дүбір сарынына қарағанда қалада әлі де қырғын соғыс жүріп жатқанға
ұқсайды.
Бозжанов жүгіріп қайтыл келіп:
—
Филимонов ше... шегінуге рұқсат сұрайды, — деді ентігіп:
—
Шақыр оның өзін мұнда!
Бозжанов сарайдың мүйішіне барып қолын бұлғақтатып Бірнеше белгілер көрсетті.
Байқауымша екеуі бұрыннан алыстан қалай тілдесу жөнінен келісіп қоюлары керек.
47
Филимонов орнынан тұра салып бізге қарай ытқи жүгірді. Рота бастырмалатып атқылап
жатыр.
—
Сіздің бұйрығыңыз бойынша, — деп Филимонов демін ала алмай сөйледі.
—
Қазірше барлығы да ойдағыдай болып жатқан көрінеді, Ефим Ефимович, — дедім
мен оған. — Сіздерге тағы да біраз шыдап беруге тұра келер.
Краев, Брудный топтары кеткен тараптан атыс басталды, үш - төрт зеңбіректің снарядтары
жау тобының қатарында бұрқылдай жарылды.
—
Опырмай, аралары тіптен жақын еді, өздеріміздің оқтарымыз өздеріміздің
адамдарға тиіп жүрмесе игі еді, — деді Бозжанов.
Менің атқосшым Синченко екі атты жетектеп келіп маған көзімен «ана жақтан атыс
басталды ғой, енді не қып тұрсыз?» дегендей қарады.
—
Сен шапқын Рахимовқа, — дедім мен оған, — атысты барлық құралдардан үдетсін.
Жирен қасқаны да жетектей кеткін, мен жаяу барамын.
—
Ал, Ефим Ефимович, біртелеп взвод - взводтан шегінуді ұйымдастырыңыз. Бір
взвод жаңа позицияға жеткенше екеуі орнынан қозғалмай атқылап жатсын. Шегінгендер
ата бастағанда екіншісін орнынан қозғаңыз. Өзіңіз ең соңғы взводпен бірге шегініңіз. Біз
Бозжанов екеуміз болсақ осы жерде тұрамыз, сіздердің соңыңыздан ілесерміз.
—
Түсінікті, жолдас комбат.
Атыстан атыс, шегіну, бір-біріне көмектесу сияқты ұрыс әбігерлігі үстірмелете қызу
жағдайда. Филимоновтың взводтары қаймыға арпалысып шегініп барады. Ефим
Ефимовичтің өзі соңғы взводтың арасында қолын әрі-бері сілтеп бірдеңе деп айқайлап
барады. Олар шосседен өтті.
—
Енді біз мұнда не қып тұрмыз, жолдас комбат?
—
Дүрбімен қарашы, қаланың шетінде кімдер көрінеді?
—
Ойбай, қараңызшы, жолдас комбат, ана қалбалақтап жүгіргендер немістер ғой.
Қарасам қаланың шеткі үйлерін паналап жүрген немістер екені рас екен.
—
Демек, Волоколамскіні жау алыпты ғой. Ал, жүргін, енді кету кезегі біздікі.
***
... Бізге шабуыл жасаған жау, бізді қумастан қалаға қарай бұрылды.
... Батальон қырдағы орманның ішінде жиналып отыр. Соларға жақындай бергенде
Бозжанов:
—
Сізге бір сыр айтсам ұрыспайсыз ба? — деді.
—
Кейін болмаса әзір ұрыспаймын.
—
Жоқ, онда айтпаймын.
—
Ұрыспаймын, айта қойғын. Не айтайын деп едің?
48
—
Мен финдермен соғысқа қатысқандардың біреуімін. Сол соғыста біздің көп
командирлерден бекерден - бекерге айырылған жағдайларымыз болды. Меніңше сіз бүгін
орынсыздан орынсыз басыңызды қатерге тіктіңіз. Вы сегодня бравировали.
—
Қалайынша?
—
Ал, Краев пен Брудныйға ілеспегеніңіз дұрыс - ақ болсын. Филимоновтың соңынан
жүру деген батальон командиріне келіспейтін - ақ қылық.
Әй, сен маған ақыл айтатын менің әкембісің, әлде ағамбысың?
Тұра тұрыңыз, ақсақал, жаңа ғана ұрыспаймын деп уәде беpiп едіңіз ғой, — деді ол
күлімсіреп.
—
Ендеше айта бергін.
Жаман айтпай, жақсы жоқ дегендейін, жаңағы жерде бір қаңғыған оққа ұшсаңыз...
Мыналар сіздің төбеңізді көргеннен кейін сізді күтіп топтана жиналып отыр. Егер де
жазатайым болғандай болса, батальоннның басын қосу оңайға түспес еді. Жай жауынгер
командир бар жерде қауіп аз деп ойлайды. Ол менің басымнан өткен тәжірибе.
Командирдің кетуі мен өлімі қиын жағдайда істі теріске айналдырып кетуі де мүмкін...
жауынгер командирге ерік беріп оның соңынан ереді...
Жауынгер қашқанда да, қуғанда да көзімен командирді... іздейді. Оның төбесін медет
көреді... Ор жағалаған бірде болмаса бірде құлайды... Сақтанған сақталады деген емес пе.
Мен Бозжановқа жауап қатқаным жоқ, бірақ та оның сөзі мені көп ойға салды. «Мынаның
сөзі ойланатын нәрсе екен» дедім де қойдым ішімнен.
Біз орман ішінде отырмыз. Жаудың бір тобы біз тастап кеткен рабочий мен племхозға
келіп тоқтады. Оның да діңкесі құрыған білем — біздің соңымызға түскен жоқ. Соғыс
дабылының сарынына, самолеттердің беталысына қарағанда қала алынып, оның көршілес
қыстақтарының маңында қызу ұрыс жүріп жатқанға ұқсайды.
Рахимовтың айтуы бойынша, Шехтман полкының бізбен көршілес батальоны жақын
арада орман ішінде жиналып түскі тамаққа дайындалып жатқанға ұқсайды. Олардың төрт
түлігі сай көрінеді. Бізде ішерге ас, тартарға темекі де жоқ. Жауынгерлер мүлгіп
ағаштарға сүйеніп отыр.
—
Енді не етпекпіз, жолдас комбат, — деп сұрады Рахимов.
—
Тағы да баяғыша өзіміздің дивизияға қарай тартып, үйірімізге қосылу керек.
—
Жарақаттанғандарды қайтеміз?
—
Оларды Бықи қыстағына жөнелту керек. Онда Шехтман полкының дәрігерлік
пункті болуға тиісті.
—
Мына қала арқылы жіберген жарақаттанғандар өте алды ма екен? Ай, тәңірім - ай,
солар өте алмады - ау, неге десеңіз оларды ертіп кеткен кісілердің бірде-бірі әлі қайта
оралған жоқ, — деді Киреев күрсініп.
—
Киреев, сіз жарақаттардың қасына барып комбаттың айтқанын орындаңыз, — деді
оған Рахимов қамыққан дауыспен. Киреев үн қатпай тұрып кетті. Біздер үндемей біраз
отырдық.
49
—
Бәлкім дұшпан қаланы алғанша олар өтіп те кеткен болар, а? — деді өзіне-өзі төмен
қарап жер шұқылап отырған Бозжанов. Содан кейін маған қарап — лейтенант Беляков пен
Аалы Жиенішбаев қатты жарақаттанғандардың ішінде еді, — деді. Мен үн қатпадым.
Краев тықыршып отыра алмастан орнынан тұрып кетті... Синченко маған бір пачка
«Беломор» мен екі бөлек сухари ұсынды.
—
Қалғаны осы ма?
—
Қоржын түбінде қалғаны осы-ақ, жолдас комбат. — Алғандарымды қолыма біраз
ұстап отырдым да, алаңға қарай лақтырып тастадым. — Встать! Строиться! — деп
команда бердім. Роталар сапқа тұрды.
—
Шагом марш! — деп артыма бұрылмастан сап алдына түсіп жүріп кеттім.
—Жолдас комбат, ешкім бұрылмады,—деді қуанған дауыспен мені қуып жетіп Бозжанов.
—
Не айтып келесің тағы да?
—
Әлгі папирос пен сухарларға ешкім бұрылмады.
—
Сен соларды қарауылдап қалып па едің?
—
Жоқ. Қатарда келе жатып көзімнің қырын сала жүрдім...
Бозжановтың бұл хабары менің ойымды орнына салғандай болды. Біздің қызыл әскердің
мықты белағаш тіреуі адамгершілік сезім билеген тәртіп. Тәртіпсіз ер болмайды. Ер
жүректі жауынгерлердің басын біріктіріп, бірін мың үшін, мыңын бір үшін тар -
қысылтаяң соғыс жағдайында отқа да, суға да, аштыққа да, соғыстың қауіпті жағдайына
да, жорықтың қиыншылықтарына да әдеттендіре алмайсың, бірақ та борышын атқару
үшін оған көнеді. «Тапшылыққа көне білген жоқшылыққа да көнеді» деген рас екен-ау
деп ойладым.
Оларды көндіретін күш — тәртіптілік. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра»
дегендейін, кейінгі аз күндердің ішінде біз көпті көрдік, талай қиыншылықтарды бастан
өткіздік, батальонның тобы бұзылған жоқ. Жауынгерлер шыдамдылық, табандылық
көрсетті. Мен олардың командирімін.
Мен жаңағы Бозжанов айтқан кішкентай, сырттан қарағанда болар-болмас фактіге өте
қуандым, тыныққандай бойыма күш пайда болды, аяғым жеңілдеді, сенімім бұрынғыдан
да нығайды, бойым сергектеніп, адымым ұзарғандай болды.
Достарыңызбен бөлісу: |