75
—
Жолдас комбат, құрғырдың ішінде болғанда қызулықпен сезбей, дабылын алыстан
естігенде кәдімгідей дене түршігеді екен, — деді.
—
Ой, жігітім - ау, сен не деп малтаңды езіп тұрсың, егер сендей тіс қаққан
көкжалдың денесі түршіксе,
басқалардың халі қандай болмақ, — деді оған қасымдағы
Бозжанов қалжыңдап.
—
Ай, жолдас политрук - ай, — деді ол арсалаңдап, — бір сөзге келтірмей кей
уақытта қайырып тастайсың - ау. Мені көкжал десеңіз, мен сізді арыстан дер едім, жолдас
политрук...
—Жарайды, ерім. Көкек
өз атын өзі шақырады дегендей, екеуің де біріңді-бірің мақтап
алдыңдар. Біздің кезек бүгін-ертең келеді. Қайсың көкжал, қайсың арыстан екеніңді сонда
көрсетерсіздер, — дегеніме екеуі де мәз болғандай қарқ-қарқ күлді.
Алдағы төбешіктің қасына шықтық. Бақылап тұрмыз. Соғыс дабылы саябырлар емес.
Мұхит толқынындай өрге шапшиды. Сарыны өктемдеп барады.
Біраздан соң тықыршып, тыныш тұрмайтын қызба денелі Бозжанов маған:
—
Ақсақал! Бұл жерде неғып тұрмыз? — деді.
—
Алдағымен тілдесіп тұрмыз, — дедім мен оған қарамастан.
—
Мына сарынның сырын байқағалы тұрсыз ба? — деді ол тағы да.
—
Тыныш тұрғын! — деп бұрылмастан зекірдім.
—
Ия, ойыңызды бөлмей-ақ қойдым енді, — деді ол өкпелі дауыспен.
Рахимов болса манадан бері тіс жармай тұр. Оған қарасам, ол ауыр ойға шомған тәрізді.
Екі көзі алда. Алдағы орман жиегінде бірнеше жерден бұрқ етіп, қарақұрым шоқыланып,
бес-алты құйын аспанға көтеріледі. Оның артынан лезде дабыл қаққандай тарс-тұрс етіп
жаңағы жерді қопара көтерілген снарядтардың жарылған дауыстары естіледі.
—
Әне, көрдіңіз бе? Енді ол құлашын алдағылардан асырып бізге қарай сілтеді,— деді
Бозжанов.
—
Енді алдағыларға шабуылын кешікпей-ақ бастайды,—деді Рахимов.
—
Апыр-ай, әлгі илеуден кейін, естерін жинап қарсы
алуға мұршалары келмей
қалмаса игі еді, — деп Бозжанов тыпыршиды.
—
Хабибулла, сен барып телефонмен алда не болып жатқанын білші, — деп мен
Рахимовты штабқа жұмсадым. Ол шұғыл бұрылып кетіп бара жатқанда: — егер алда
шабуыл басталса, дайындық туралы
тиісті бұйрықтарды бере бер,— дедім оған.
—
Жарайды, жолдас комбат. — Ол бұрылып: — сізге қалай хабарлайын? — деп
сұрады.
—
Біз кешікпей-ақ қайтармыз.
—
Ойпырмай, ақсақал, алда ойран соғыс болып жатыр-ау, ә, — деді Бозжанов.
—
Оның ойы бізді бомбалап - бомбалап, есімізден тандырып, үстімізден аттап, алға
жөнелмек қой, — деп оған алдыңғы күнгі генералдың ой-пікірлерін айттым.
76
—
Жарықтық, біздің генерал өте зерек кісі ғой, — деді Бозжанов әңгіменің аяғында.
— Дұшпанмен тілдескендей тапа ойының үстінен шыққанын қараңызшы...—Генералдың
болжауы дұрыс шықса, енді ауыр салмақ бізге түспек. Ол не бүгін кешке, не ертең азанда,
— дедім оған мен келе жатып.
—
Ол кісінің біздің батальонға сенемін дегені, бұйрықтың барып тұрған зілдейі екен,
ауыры екен, — деді ол біраз ойланып.
—
Ия, солай, Жолтай, ауыр жүкті нар көтереді. Бізді сынар сағат алда, қашық емес.
Ал, енді сен жігіттерге барып, барлық жағдайды оларға түсіндіріп айтқын.
—
Жарайды,
жолдас комбат, — деп ол оң жақтағы орға бұрылып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: