Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

ПОДПОЛКОВНИК КУРГАНОВ 
Олар кетіп біз қалдық. Штаб бастығы Рахимов өте пысық жігіт еді. Оны жақсы 
көргендіктен үлкеніміз еркелетіп Хаби кішіміз сыйлап Хабеке дейтінбіз. 
Хабидің өзіне етене болып кеткен серіктері бар-ды. Бірі — бұрын радиотехник болып 
істеген, қазір біздің байланысшылар взводының командирі, әдепті, тұнық көзді, сұңғақ 
бойлы, кертпеш мұрындау кіші лейтенант Леонид Степанов. 
Екіншісі — бұрын кооператив қызметінде болған, қазір біздің шаруашылықты — азық-
түлік, оқ - жарақ, ат арбаларымызды тап - тұйнақтай етіп жайғастыратын қызыл шырайлы, 
тапал бойлы, көкшіл көзді, жұқа ерінді жиырма бестен жаңа ғана асқан кіші лейтенант 
Василий Борисов. 
Екеуі де Хабидің айтқандарын бұлжытпай орындап, аяқтарынан тік тұратын. Рахимовтың 
Степанов пен Борисовтей сенімді көмекшілері болғандықтан олардың шаруасына көп 
араласа қоймайтын едім. «Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма» дегендейін, 
жігіттердің өздері-ақ, бәрін тындырып жүрсе, беталды кимелеп нем бар. 
Рахимов мені ешуақытта жалғызсыратқан емес. «Шаршадыңыз ғой, демалсаңызшы, өзіңіз 
жүгіре бергенше бізді жұмсасаңызшы...» деп шырқ үйірілетін. Бірақ мұны 
жағымпаздықпен сияқты емес, нағыз адамдық қамқорлықпен, менің туған інімдей кішілік 
ізеттікпен жасаушы еді. Өзінің қолы тимей жұмыс болып қалса, қарамағындағы 
жігіттерге: «Сен комбаттың қасында болғын, мүмкін керек болып қаларсың» деп 
тапсырып кету оның әдеті еді. 
Бүл жолы менің қасыма Степановты жіберіпті... 
Капров пен Мүхамедияровты қол алысып қоштасып шығарып салдық та, Степанов 
екеуміз штабқа қайтып келдік. Келе сала генералмен сөйлестім, Капровтың Горюныдан 
полктың негізгі күшімен аман-есен аттанғанын хабарладым. Генерал телефонмен бірқатар 
нәрсеге жон сілтеп, ақылын айтты. Сөздің соңында «Ал ерім, тоқтам солай болсын, 
жағдай түсінікті ғой», — деді де трубканы қоймастан: «Есіңізде болсын, жолдас 
Момышұлы, Капровтың қалған адамдарын мен сіздің қарамағыңызға уақытша ғана 
қалдырып отырмын, тапсырманы орындағаннан кейін Капровтың өзіне қайтарыңыз, 
қайырғанда түп-түгел қайырыңыз. Оларды жасау - жасқауыма, ұңғыл - тұңғылыма тығам 
деп жүрмеңіз. Онда ренжимін сізге, есіңізде болсын» деген соңғы сөзі нық естілді. — 
Олар өз міндетін орындаса мен сізді алдамаймын, сеніңіз, жолдас генерал. 
— 
Дұрыс, солай келіселік. Ұмытып барады екенмін, әлгі Георгий Федорович сізге 
келді ме? 
Жауап бергенімше болған жоқ, байланыс үзілді де қалды. Ызамның келгені соншама, 
қолымдағы телефонның трубкасын лақтырып жіберіп, қасымдағы Степановқа айғай 
саппын. 
— 
Бұ не деген тірлік?! 
— 
Ғапу етіңіз, жолдас комбат, снарядтың қаңғырған бір жаңқышағы үзігі кеткен 
болар. Дұшпан тағы да зеңбіректен атқылай бастады ғой. Амал қанша... 


100 
— 
Егер бес минутта телефон қайта сөйлемесе, мен Рахимов екеуіңді де... —дей 
бергенімде сөзімді аяқтатпай біреу иығымнан тартты. 
Жалт қарасам подполковник Курганов тесіле қарап тұр екен. Жүзінде талай ұйқысыз 
түндердің табы. Өзі қара қатпа еді, оның үстіне тотығып, тіптен қарайып кетіпті. 
— 
Айғайлаудың орны бар, жолдас аға лейтенант! Телефонның тұтқасын лақтырып, 
көз алдыңыздағының бәрі асамын, шабамын деп жазықсыздан құр ұрса бермес болар, 
жолдас аға лейтенант! Ашуыңмен емес, ақылыңмен билеген жөн болар! 
Менің де сол тұрғандағы ұсқыным адам күлерлік болу керек, подполковник бетіме қарап 
езу тартты да, жұмсара сөйледі. 
— 
Отырыңыз, жолдас аға лейтенант! Соғысқа командирдің сабырлы болғаны жақсы. 
Қызбалыққа салынып, күйіп-піссеңіз сабырдан тез айрыласыз, бекем шешім, сергек 
байлау табуға болмай қалады. Өйткеннен кейін командир алды-артын қамтымаған ақылды 
бұйрық бере алмайды. 
Бүл сөздерімен подполковник мені қатты ұялтты. Қазақтың «сабыр түбі сары алтын, 
сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген мақалы есіме түсті. Мен бұл 
мақалды орысшаға аударғанымда Георгий Федорович қарқ-қарқ күлді де: 
— 
Халық дана деген осы ғой, — деп біраз ойланып қалды. 
— 
Қарамағыңыздағы адамдардан байланыстың үздіксіз болуын талап еткеніңіз дұрыс. 
Үздіксіз байланыс керек. Үзілсе тез түзелуі керек. Бірақ та снарядтың қаңғырған 
жаңқашағы сіздің бұйрыққа бағына ма, ол телефонный; сымы тұрған адамның өзін де 
өлтіріп кетеді ғой. Соғыста жазатайым көп кездеседі. 
— 
Генерал сізді сұрап еді, жолдас подполковник. 
— 
Taп сол кезде үзілді ме? 
— 
Иә! Тап сол кезде. Генералдың сізге нендей тапсырма бергісі келгенін ести алмай 
қалдым. Үзілді де кетті. 
— 
Оқасы жоқ, жігіттер қазір байланысты түзер, сосын қайта хабарласармыз... Діңкем 
құрып, қалжырап отырмын. Бар болса маған бір кесе шай алдырыңызшы. 
Мен далаға шығып қайтып келсем, Курганов телефонмен сөйлесіп отыр екен. 
— 
Әзірге бәрі орынша... Жоқ, немістер әлі көрінбейді... Олардың да сілесі қатқанға 
ұқсайды... Мүмкін күш жаңартып, орын ауыстырып жатқан болар. Егер олай етіп жатса, 
түс қайта атой салуы мүмкін... Біздің оқ-дәріміз аздау. Иә, мен тиісті бұйрықты бердім. 
Олар қазір Момышұлының ту сыртында орналасып жатыр... Солай еткеніңіз дұрыс болар 
еді. Бұл жаққа кемінде бір мыңы керек... Оның қандайларын Марков біледі... Жарайды, 
білгенімді аямаспын... Иә, біздер біраз әңгімелестік... Қолдан келсе соз жоқ орындаймыз 
ғой... Сау болыңыз... 
Подполковник сөйлеп болып трубканы телефониске бере бергенде, Сннченко тамақ алып 
жетіп келді. Ет араластыра қуырылған картошка. Оның артынан бір қолына көк шәйнек, 
бір қолына жарты стакан арақ ұстап Степанов жетті. 
Подполковник ашығып қалған екен, алдындағы асқа бүркітше шүйілді. Арақты көрер 
емес. 


101 
-—Мынаны жұтып жіберсеңіз болмай ма, асты сосын жесеңіз, 
— 
дедім мен. 
— 
Жай уақыт болса, бұл шіркіннің екеу - үшеуін де тастап жіберер едім. Өзім 
шаршап, қалжырап адаммын, оның үстіне аш қарынға түссе ұйқыңды келтіріп, 
маужыратып мазаңды алады. Сондықтан ішпей-ақ қояйын, — деп стаканды дастарқанның 
шетіне ысырды да, Синченкоға: — шәйіңді құя бер, қарағым, 
— 
деп кесесін ұсынды.
Біраздан кейін маңдайынан шып-шып тер шықты. Оны орамалымен сүртті де, Степанов 
пен Синченкоға рахмет айтып, маған бұрылды: 
— 
Ал, енді іске кіріселік, жолдас аға лейтенант, — жаңа ғана тұтатқан темекісін екі-
үш құмарта сорды, — генерал жаңа сізге біраз жайды айтуға бұйырды. Картаңызды 
әкеліңіз! 
Мен үлкендігі дастарқандай картаны әкеп алдына жайдым. Көзімен бір шолып өтті де, кей 
жеріне шүйіліп қарай қалды. Сірә, біраз белгілер дәл түсірілмеген болу керек, 
жақтырмағандай қабағын шытты. Карта таратуға келгенде алдына жан салмайтын 
тәжірибелі командирдің бірі еді. Алдындағы қағазға қарап-ақ осы маңның ұңғыл-
шұңғылының бәрін көріп отыр. Күміс сырын зергер, кілем сырын тоқушы біледі деген 
емес пе. Курганов та өзінің сырына қанық адам. Ол отыр, мен оның алдында тікемнен тік 
тұрмын. 
— 
Отырыңыз, отырып аспай-саспай сөйлесейік, — деді. Түрлі түсті қарындаштармен 
картаға белгілер соғып, сызғылай бастады. Сүйрік саусақтары сып - сып етеді. Күші 
басым жау мен біздің дивизияның өткен үш күнгі айқасын баяндайтын белгілер тасқа 
таңба басқамдай сайрап шыға келді. Көріп тұрмын, мен де оқып ұғып тұрмын... 
Подполковник қарындашын қойды да, орындыққа шалқая беріп нығая отырды да: 
— 
Генералдың айт дегенін картаңызға түсірдім. Келіңіз, екеулеп, енді егжей-тегжейді 
талдап көрейік. Бермен, жақынырақ отырыңыз. 
Сөйтті де картадағы майдан шебін сұқ саусағымен бір нұсқап: 
— 
Жай таласып жүріп жау біздің қорғаныс шебіміздің Н. және жарып, итермелей 4-5 
километр ішке кірді. К. Ц. Д. У. Ж. Ф. шептеріне жетті. Осы арада дұшпан шабуылы 
тойтарыла тоқтатылды. Үш күн бойы арпалыста жеткен жері осы. Бірақ одан әрі ішке 
кіріп, ілгерілей алмады. Бүл төңіректе тың күші байқалмайды. Қазіргі халімен ол 
шабуылға шыға алмас. Күш жинақтап, орын ауыстырып топтану үшін кемінде 6-8 сагат 
уақыт керек. Яғни ендігі шабуылды 12-00-ден ерте бастай алмайды деген сөз. Жау 
соққысын қай маңнан күтуге болады. Меніңше
олар күшті Ядрово, Горюны, Покровское бағытына төгер. Ал, қосалқы шабуылды 
Дубосеково, 151,0 биіктігі, Матрешино, Рождественское, Шишкино, Гусеново тұстарына 
жасар. Мен осылай болар-ау деп болжаймын, жолдас аға лейтенант. 
Мұнан әрі подполковник біздің жағдайымызға талдау жасады. Дивизияның полктары 
біртіндеп – біртіндеп алдыңғы шептен кейін қарай жылжып жатыр. Өзінің артиллерия 
полкы Капров полкының кейін шегінуіне қалқан болып көмектесуде. Оқ-дәрі тапшы, 
генерал алдыңғы шепке мыңнан аса снаряд жеткізіп бермекші, екі дивизион Горюны 
маңына шығарылды, олар темір жол будкасының сол жағындағы орманға орналаспақ. 


102 
— 
Жау негізгі күшін Ядрово, Горюны, Покровское тас жолының бағытына, бойына 
төгуде. Біздің саперлер де қамсыз емес. Бірнеше тосқауылдар мен бөгеттер жасалынып, 
жолға ағаштар құлатылып, миналар көмілді. Бүл жұмысты Капровтан қалған бөлімшелер 
істеп бітірмек. Капровтың адамдары және менің полкым жау біздер жасаған тосқауылға, 
миналы алаңға келгенше сіздерге көмектеседі. Жау тосқауылға келгеннен кейін екі-үш 
дүркін оқ жаудырамын да, сіздердің өздеріңізді қалқалап, дивизияның негізгі күштеріне 
қарай шегінемін. Маған берілген бұйрық осындай. Ал, генерал сіз өзі еркін қимылдасын, 
пәлендей деп оның ісіне араласушы болма деді. Яғни біз сізбен алғашқы кезде ғана келісіп 
отырып бір-бірімізге көмектесе қимыл жасаймыз... 
Подполковник генералдың айтқанын, өзінің ақыл-кеңесін баяндап болғаннан кейін оз 
қосына кетті. Мен Рахимовты, Бозжановты, Танков пен Степановты шақырып алдым. 
Барлық жай-жағдайды түсіндіріп, картадан тосқауылдар мен миналар көмілген алаңды 
көрсеттім де, бұйрық бердім: 
—Степанов! Сіз дереу байланыс сымын тарту қамына кірісіңіз. Бозжанов! Сіз 
Филимоновқа менің бұйрығымды жеткізіңіз. Лейтенант Бурнаевскийдің взводы Л. маңына 
барып, тосқауыл мен мина көмілген алаңды қорғайтындай болып бекінсін. Ал, сіз, Танков 
жолдас, екі взвод пен станковой пулеметті алыңыз да Н. және Т. маңына бекініңіз. 
— 
Жолдас комбат, сонда Горюныны тастап кеткеніміз бе? — деп таңырқай сұрады. 
— 
Жоқ, тастамаймыз. Жауды ең алдымен тосқауылдар мен миналар көмілген алаң 
маңында қарсы аламыз да, содан кейін Горюныға қайта келіп бекінеміз. Бізге 
Кургановтың екі дивизионы көмектеспек. Біздің үш взвод—бір рота, капровшылар екі 
ротадай. Оеының бәрін қосқанда бір батальон емес пе? Алдымызда берік тосқауылдар мен 
мина көмілген алаң бар. Кешке дейін жауды ілгері аттап бастырмай біраз әурелеуге 
болады. Егер подполковник Кургановтың екі дивизионымен көмектесем деген уәдесі 
болмағанда біз жауды Горюныда отырып-ақ тосып алатын едік. Оның үстіне генерал 
мыңға жуық снаряд жібермек болыпты. 
— 
Онда дұрыс екен, — деп Бозжанов жайылып сала берді. — Тоқайласып көрейік. 
— 
Орманды паналамастан, жауынгерлерді взвод - взводымен сап құрып темір жол 
будкасының бер жағындағы тас жолмен ертіп осы жерден өтіңдер. 
— 
Онда, өзімізді көрсетіп қоямыз ғой, — деді Танков. 
— 
Осы маңда күш бар екенін көрсін. Біз мұнда жасырынбақ ойнағалы қалғанымыз 
жоқ. Бозжанов ешнәрсе түсінбегендей: 
— 
Онда не болғаны... — деп таңырқады. 
— 
Не болғаны дейтін не бар, тас жол оған даңғыл жол емес, зымырап өте шыға 
алмайтынын білсін... 
— 
Енді ғана түсіндім! — деп Бозжанов мәз боп күлді. — Немістер енді я айналып 
өтуді, немесе тура қарсы маңдайдан баса-көктеп ұрудың қамын ойлайды. 
Рахимов «неменеге мәз боп тұрсың» дегендей Бозжановқа ажырая бір қарады. 
— 
Хаби, сен Гусеновага тез жет те, бәрін генералға баянда. Ал, жолдастар, 
сұрақтарың жоқ болса, іске кірісіңдер. 
Рахимов схемасыз қарыс аттап баспайтын офицерді. Басқа командирлер жөн-жөнімен 
бұйрықты орындауға кеткенде Рахимов отыра қалып схема сызуға кірісті. 


103 
— 
Схеманың керегі не? Ана картада бәрі көрсетілген ғой, ал да жүре бер. 
—Жолдас комбат, шынымды айтсам сіздің шешіміңізді анық - қанығына жетіп түсіне 
алмай қалдым. Генералға бәрін жеткізу үшін егжей-тегжейіне дейін біліп алу керек қой. 
Өзім қағазға түсіріп қарамасам болар емес. 
— 
Е... онда сыза бергін. 
Синченко Рахимовқа аттың әзір тұрғанын хабарлады. Рахимов өзі сызған схемаға қарап 
тұрып, барлығын дәлме-дәл айтып берді. 
—Генералға тура осылай баяндаңыз. Генерал капровшыларды коп кідіртпей жібер деген. 
Егер тосқауылдар мен мина көмілген алаңды бөгет ете ұстап, жауды біраз әурелеп, 
алдыңғы қарқын басып алғымыз келгенін мақұлдаса, капровшьшарды қараңғы түскенше 
қайтармайтынымызды айт. 
Хаби қағаздарын жинап шығып кетті. Борисов кіріп келді. Ол біраз үндемей тұрды да: 
— 
Жолдас комбат, жұрттың бәрі кетіп жатыр, біз не істейміз, — деп күмілжіді. 
— 
Бәрі кетіп жатыр дейсіз бе? 
—Танков өз адамдарын әкетіп барады. Бозжанов Матрениноға шауып кетті. Рахимов та 
бір жаққа кетіп барады. 
— 
Олар кетсе кете берсін, ал біз осында қаламыз. Мұнда Танковтың бір взводы, 
байланысшылар взводының жартысына жуығы, медпункт және сіздің взводыңыз қалады. 
Мұның бәрі сіздің көзіңізге көрінбей ме? Самсаған үлкен бір қол емес пе. 
Борисов жымиып күлді. 
— 
Мен сізді алғашқы шешіміңізді өзгертті ме екен деп қалып едім. 
— 
Борисов! Біз бүл жерден ешқайда кетпейміз. Кеткендер де алысқа қанша ұзай қояр 
деп едің. Тізгін менің қолымда. Азық - түлік, киім, оқ-дәрі, тағы басқа дүние жиһаздың 
бәрі сіздің қолда, сонда олар қайда барады. Біраз шайқасып бой жазғаннан кейін осында 
қайтып келеді. 
— 
Жолдас комбат, адамдарды қалай тамақтандырамыз, — деп күле сұрады, менің 
әзілдей сөйлегеніме көңілденген Борисов. 
— 
Бұл мәселені рота старшиналарымен ақылдасып өзіңіз шешіңіз. Дәрігерлік 
пункттің, асханалардың жұмысы титтей де кідіріп қалмасын. Өзіңіз қадағалаңыз. Ең әуелі 
капровшыларды тамақтандырыңыздар. Старшиналарын шақырып алып, керегінің бәрін 
беріңіздер... 
Телефон зың ете қалды. 
— 
Күніне сан қилы шешім қабылдап жүрген сіз бе, жолдас Момышұлы? 
— 
Шешімді өзгертейін деп өзгерткен жоқпын, жағдай солай болды, жолдас генерал. 
Неміс Капровты өкшелеп қумай, тоқтап қалды. Шебін ауыстырып, күшін жинақтап 
жатыр. Біздің қарап отырғанымыз жөн болар ма? 
— 
Сізге бүл ойды салған Георгий Федорович - ау! 
— 
Иә, жолдас генерал, ол кісі біраз маған кеңес берді. 


104 
— 
Егер Курганов екеуіңіздің ойлағаныңыздай болса мақұлдаймын. 
— 
Құп, жолдас генерал! Біз жауапкерміз. 
— 
Жарайды! Meн сіздерге біраз жәрдемдесермін, аспаннан да көмектесуді сұрайын. 
Ал, сіз жолдас Момышұлы, тым қызыл тұмсыққа дейін салынып жүрмеңіз. 
Генералдың соңғы сөзі маған қатты батты. Горюныдағы жұрттың жартысынан көбін 
орнынан қозғап, ілгері жіберіп қойғанымды аса ойланып істелген шаруа демесе керек. 
Ашып айтпаса да жақтырмай қалды-ау деймін. «Ойлағандарыңдай болса... мақұлдаймын 
дегені не дегені. Адамдар барар жеріне барып қойды, бекінді, енді қайта қайырып 
әурелемейін» дегені болу керек. Әсіл ойлар иығыма бір тонна жүк артып қойғандай зілдей 
басып, қатты қапаландырды. 
Қасымда да ешкім жоқ. Жалғызбын. Өз ашуыма өзім булығып, құсаланып отырмын. 
Бұрын осындай әрі-сәрі кезінде жолдастардың біреуі болмаса біреуі медеу боп көрінетін. 
Әсіресе, полктың саяси нұсқаушысы Федор Дмитриевич Толстунов өз алдына бір төбе еді. 
Алатауды жайлаған, қырғыз елінің арасында өскен орыс жігіті. Кейде екеуміз қырғызша 
сөйлесіп, қалжыңдасып, тіпті ұрысып та қалатын едік. 
Жібектен жұмсақ байсалды мінез жауынгерлерге де ұнайтын. Биязы, ақылшы, тіпті 
қысылтаяң кезде қатар тұра қалып бірге оқ ататын. 
Батальондағы кейбір ақаулы істер жөнінде менімен әңгімелескенде қорқытпай-ақ, 
үркітпей-ақ, ақырын, шынайы жолдастай сөйлесетін. Сөздері ылғи «сіз қалай ойлайсыз, 
жолдас комбат» деп келуші еді. Егер әлдекім кимелеп, жол - жөнекей қосанжарлап, 
болмаса «комбат айтты ғой, саған не жоқ? Комбаттың бұйрығын бұлжытпай орындауға 
міндеттіміз» деп тұратын... Міне, сондай досты көрмегелі жарты айдан асты. Дәл қазір 
керек боп отырғанын көрдің бе. Амал не, жоқ қасымда, жоқ бұл маңда... 
Өстіп ой ұйығына белшемнен кіріп отырғанымда Рахимов жетіп келді. Орнымнан қалай 
ұшып тұрғанымды да білмеймін. 
— 
Хаби, генерал не деді? — деппін. 
— 
Өзіңізбен сөйлесті ғой, жолдас комбат! — деп планшетін жайлап аша бастады ол. 
— 
Саған не деді? 
Рахимов картаны стол үстіне қойды да: 
— 
Сізге ұрысты, жолдас комбат! Негізгі позицияны жалаңаштап ілгері кетіп 
қалғансыздар деді. Бәрін бүлдірген әлгі подполковник Курганов осы... 
— 
Ол сонда барып қалып па? 
— 
Менен бұрын барыпты. Генерал оның да көкесін көзіне көрсеткен болу керек. 
Менің көзімше: «Георгий Федорович, сіз де батальон үшін жауап бересіз» деді. 
Генералдың бұл сөзі менің шымбайыма қатты батты, жолдас комбат. Тағат тауып тұра 
алмадым: «Өлсек те, жолдас генерал, тапсырманы орындаймыз» деп лақ еткізгенім бар 
емес пе. «Өлмеу керек, тапсырманы орындау керек, аз шығынмен күшті сақтау керек, 
алдымызда әлі талай асулар бар» деді генерал. Содан кейін схемаға қарап тұрды да, «іс 
жүзінде қалай болатынын кім білсін, жалпы ойларың жаман емес екен» деп жұмсара 
сөйледі. Сонымен сіздің шешім мақұлданды. Енді соны орындау керек. 
Мақұлдануы мақұлданды ғой. Бірақ жау қалай қарар екен оған. 


105 
ДАБЫЛ 
Кенеттен жер солқылдап, гүрсілдеген дауыс естілді. Айнала күңіреніп кетті. Біз отырған 
ағаш үйдің сылақтары түсіп, босағалары сықырлай бастады, терезенің көздері сыңғыр етіп 
сынып жатыр. 
— 
Бұл не, Хабибулла? 
— 
Бомбалап жатыр той, жолдас комбат. 
Сыртқа шықтық. Неміс самолеттерінің гүрілі естіледі. Қанаттары күн сәулесіне 
шағылысып, тізіліп ұшып барады. Орала бұрылып алып құлдилай жөнеледі де, оқ төгеді, 
бомба астыңғы жатқан түйенің құмалағындай ытқып түсіп жатыр. Жарылады да, 
төңірегіне от бүркіп, шыңқылдап, гүрсілдеп құлақ тұндырады. Бір кезде Шишкино 
маңындағы орман үстінен үштен топталып истребительдер ытқып - ытқып шыға келді. 
— 
Біздікі!!! 
— 
Жігіттер, біздің қырандар! 
— 
Салыңдар ойранды, сұңқарларым! — деген қуанышты дауыстар ордан да, үйден де 
естіледі. Біздің истребительдер орманнан зымырап шығып көкке тік өрлеп көтерілді. 
Дұшпан бомбардировщиктерінің үстінен қонжия шүйіліп кеп оқ төкті. 
Бомбардировщик әр қолбақтан сасып жан-жаққа тым - тырақай қашты. Бомбаларды 
беталды тастап барады. Біздің истребительдер үйрек қуып тұйғындай соңынан қалар емес. 
Бір бомбардировщик қалбалақтап барып, бір жағына қарай ауды да, сол қанатын астына 
ала қисая құлдилай жөнелді де, әп - сәтте тұмсығымен жер қауып тоңқалай құлады. Қою 
қара түтін аспанға будақтала көтерілді. 
Тағы самолеттердің гүрілі естілді. Дос па, дұшпан ба деп күмәндана мойнымызды созып 
аспанға қарасақ өзіміздің бомбардировщиктер екен. Олар үш-үштен, алты-алтыдан 
топтанып Шишкино, Матренино, біз тұрған орынының үстінен ұшып өтіп барады. 
Рождественское, Ядрово мен Дубосековоға жеткенде құйыла дәлдеп гүрсілдетіп бомба 
тастай бастады. Тастап - тастап оңтүстік шығыс жаққа қарай аспанды сүзе өрлей ұшып, 
тайып берді. Бомбардировщиктердің соңынан оқ себелеп штурмовиктер өтті... Осының 
бәрі 3-4 минуттың ішінде болған оқиға. 
— 
Жау ат жалын тартқанша алдын ала бір мылжалап алайық деген екен ғой, — деді 
сабырлы Рахимов. 
— 
Айналып кетейіндер, өшімізді бір алды - ау! Бірер сағат «Тұрымтай тұсымен, 
балапан басымен» болар, — деді Бозжанов. 
Екі көзіміз төрт болып бірнеше сағат бойы жау қимылын күтудеміз. 
— 
Бізге де кезек келген шығар, жолдас аға лейтенант, — деді подполковник Курганов 
аттан түсе беріп... 
Аузын жиғанша болған жоқ, дәл осы сөзді күтіп тұрғандай алыстан артиллерия гүрсілдеп 
зікір салды. Аспанда мың албасты қосылып боздағандай снарядтар ысқырып, зуылдап, 
ыңылдап жақындап келеді. Біз секіріп-секіріп траншеяға түсіп бұға қалдық. Жан-жақ 
гүрсілдеп, тарсылдап, ың-жың болды да кетті. Жер солқылдап, көкке қою қара құйыңдар 
көтерілді. Үстімізден қар аралас тоңған кесек атқылап, топырақ борап бас көтертер емес. 


106 
— 
Дәл соғуын көрдің бе имансыздардың, — деп Курганов орнынан тұрып үстін қаға 
бастап еді, ордың ернеуіне таяу жерге түсіп, жарылған снарядтың ауа екпіні оны 
қалпақтай ұшырды. 
— 
Жау дәл көздеп атып жатқан жоқ, құр жобалап ұрып тұр. Мынау сол қаңғыған 
снарядтардың бір жолғы дүркіні болу керек, 
— 
деп қайта тұрып үстін қақты да, — дәл көздейтіндей бүл маңға олардың 
барлаушылары жете алған жоқ, — деді подполковник. 
«Бір жолғы қаңғып келген оғы мынау болса, тағы бес дүркін қаңғып осылай төмпештесе 
бұғатын адам қалмас» деп айта жаздадым да, подполковниктің тік мінезінен сескеніп үн 
қатпадым. Талай үйлер шытырлай жанып, өртеніп жатыр. 
Көшемен жүріп келе жатырмыз. Борисов бір топ адаммен снаряд түскен үйлердегі өртті 
сөндіруге кірісті. 
— 
Жарақаттанғандар коп пе? — деп сұрадым мен. 
— 
Торт адам жеңіл жарақаттаныпты. 
— 
Мына шұңқырларды қазып алғанымыз абырой бопты. Бас сауғалар панаға жарап 
түр. Қыстақ тұрғындарын көшіріп жібергеніміз мұндай жақсы болар ма, — деді Рахимов. 
— 
Ал, мен зеңбіректердің қасына барайын. Біздің бақылау - шылар жаңағы оқ құсқан 
маңды байқап қалған болса ондағы батареялардың үнін өшіру керек шығар, — деп 
Курганов біздің қасымыздан кетті. 
...Жау шабуылға шықты. Біздің жігіттер оқ нөсерімен оларды қарсы алды. Орман іші 
бытырлап атылған мылтық, безілдеген пулемет үнімен күңіреніп кетті. Қарақұрым боп 
лап қойған немістерді жан-жақтан бүріп әкеп, жер құштырды да, біздің әскерлер екінші 
шепке шегінді. Бас көтере алмай қалған немістердің жаяу әскерлерін бір рота танктер 
қуып жетті де, бізді мылжалап ұра бастады, шыдатпай, астан - кестеңімізді шығарып 
барады. Оқ бүркіп келе жатқан түсі суық болат танктерді көргенде «қап, еш болмаса екі-
үш зеңбіректі алдыға қойдырмаған екенмін» деп бармағымды тістедім. 
Немістер күні бұрын әзірленген тосқауыл мен мина көмілген алаңға келіп тірелді. Аяғына 
тұсау түскендей кібіртіктеп жылжи алмай қалды. Дәл астынан мина жарылған екі танк 
оңқаласа шоңқиып тұрып қалды. Жаяулар тырмысып - тырбанып алға ұмтылады. Осы сәт 
Кургановтың он шақты зеңбіректері дыбыс шығарды. 
Дәл ұрды. Жау мүлде кідіріп қалды. Бірақ ұрыс әлі тынар емес. Өлексесін сүйретіп 
ұмтылған жау екі шепті басып өтті, біздің артымызда бір-ақ шеп бар. 
Подполковник Курганов атысты үдетіп, немістер тағы да жер қапқан сәтте: 
— 
Жау ес жиғанша Горюны мен Матрениноға қарай тездеп шегініңдер, — деген 
бұйрық бердім... 
AAA 
Шегініп, екі тосқауыл шебін қалдырдық. Одан кейінгі ну орманнан да өту оңай емес, біраз 
кедергі болуға жарайды. Саперлер жолдың орманнан шыға берістегі екі жиегіне екі үлкен 
фугас көміп кетті. Жанына снаряд, мина түссе болды, бітіп жатыр. Жауға кедергі болар 
деген екінші медетіміз сол екі фугас. Дұшпан жуыр маңда бойын жия алмады. Діңкесі 


107 
құрып, өкшелей қууға дәрмені болмай қалды-ау деймін. Біздің адамдар сол бетімен 
Горюны мен Матрениноға келіп бекінді. 
Горюныға келсем штабта Толстунов пен Рахимов шай ішіп отыр екен. 
— 
Федор Дмитриевич, сізді де көретін күн болады екен ғой. Бірақ той тарқағанда 
келгеніңізге жол болсын,—дедім. Толстунов шырт ете қалды: 
— 
Жолдас комбат, сіз осы кекетіп сөйлеуіңізді қашан қоясыз? 
— 
Сізді генерал телефонға шақырады. Мен көрші бөлмеге кеттім. 
— 
Сіз орын алмастыруға кірісті дей ме? 
— 
Иә, жолдас генерал! 
— 
Түгел шегініп үлгере алар ма екенсіңдер? — Үлгердік, жолдас генерал. Алдымызда 
екі тосқауыл бар. Курганов аянып жатқан жоқ. Бекініп те үлгереміз. 
— 
Онда, дұрыс екен. Толстунов сізде ме? 
— 
Осында, жаңа екеуміз тіктесіп қалдық. 
— 
Оқасы жоқ, ренжімесеңдер болғаны. Ол сізге өте қажып барды. Шырт ете қалғаны 
да сондықтан болар. Сізге ол біраз жайларды айтып берер. 
Қажыға келген адамды орынсыз кекеткеніме өзімнен - өзім ұялып келе жатыр едім, 
Толстунов жымиып алдымнан шықты. 
— 
Кел, жөндеп амандасайық, Бауыржан, — деді. Кінэлі кейіцпен: 
— 
Амансың ба, Федя, — деп оған қолымды бердім. 
AAA 
Толстунов мені жалпы жағдаймен таныстырып, генералдың тапсырмаларын айтты. 
Дұшпанның салмағы біздің сол жақтағы көршіде. Елиннің полкі қиын жағдайда қалды. 
Жау оны қақ жарып өтіп, ту сыртынан шығып кеткен, штабқа кеп тиісті. Командир 
адамдарынан адасып қалыпты, штаб бастығы ауыр жаралы, тоз - тоз болған әскерлерді 
полк комиссары әрең жинап, түнделетіп отырып дивизияның негізгі күшіне әкеп қосты. 
— 
Қатты шаршап, ұйқыдан қалжыраған адам мас кісіше теңселіп, аяғын баса алмайды 
екен. Титтей аялдасақ болды, жауынгерлердің жартысынан көбі отырған жерлерінде «қор 
етіп» ұйықтап кетеді. Бірін оятып, екіншісіне барғаныңда, алғашқы оятқаның қайтадан 
ұйықтап қалады. Әбден титықтадық. Қозғалта алмасына көзі жеткен комиссар 
командирлер мен саяси жетекшілерді шақырып алды да:
— 
Жігіттер, қармен бет-ауыздарыңды ысқылап жіберіңдерші, — деді. Біз оның 
айтқанын істедік. — Ал енді бойларың сергіп, ұйқыларың сәл де болса ашылған болар. 
Мен өзім де кешелі - берлі сөйтіп келе жатырмын. Жерге отырмаңдар. Отырсаңдар 
бойларың ауырлап, ұйқы басады. Сөйтіп тұрғанның өзінде жауынгерлердің көбі ұйықтап 
қалды. «Болмайды екен, біраз демалсын, сақ болыңдар» деп таратты. Комиссар екеуміз 
жусап жатқан қолды екі-үш рет аралап шықтық. Суыққа қарамастан отырған - отырған 
жерімде бүк түсіп ұйықтап жатыр. Бір жарым сағаттай уақыт өткен соң біреулері 
қозғалып, біреулері тоңған қолын жеңіне тығып, біреулері етегімен тізесін бүркеп тіріле 
бастайын деді. «Жан кіре бастады. Енді бұларды оятуға болады» деп бұйырды комиссар. 
Таң ата Шишкиноға келіп, оз тобымызға қосылдық. Ал, енді генералдың айтқаны «бүгін 


108 
ме ертең шыдап берсін, әсіресе, тас жолдың бойындағы Горюныны қолдан шығармай 
мықты ұстасын деді. 
Осы кезде Рахимов келді. 
— 
Жұрт орын-орнына жайғасып, бекіне бастады деп баяндады. 
— 
Капровшыларды подполковник Кургановтың қарамағына жіберіңіз!.. Біраз 
демалсын. Ілер неміс бізді тықсыра қалғандай болса артиллериялық позицияны қорғайтын 
болады. Қараңғы түсісімен артиллеристермен бірге кетеді. Әңгімеге Толстунов араласты. 
— 
Генерал оларды дереу қайыру керек деп бұйырып еді ғой! — деді ол. 
— 
Менің ойымды ұқпай тұрсың ғой, нем істер бізге өте жақын, егер автоматтылардың 
бір ротасы ту сыртымызға шыға қалса артиллеристерді быт-шыт қылмай ма? 
— 
Иә, солайы солай-ау, — деп келісе кетті Толстунов. Рахимов менің шешімімді 
құптағандай болды да: 
— 
Мен оларды өзім ертіп барайын, жолдас комбат, — деп шығып кетті. 
Курганов телефон соқты. 
— 
Сіз капровшыларды шынымен маған бергелі отырсыз ба? 
— 
Иә, шынымен, жолдас подполковник. Егер әлдеқандай жағдай боп, жау артымызға 
шыға қалса, сізді қорғауға менің мұршам келмейді. 
— 
Рақмет, достым, мен сізді ұғып тұрмын. Менің бақылау - шыларым рота, взвод 
командирлерімен бірлесе отырып, жау жақты торуда. Қай жерге оқ атуды, қай жерге ненің 
қажет екенін бірінен соң бірі хабарлап түр. Қысылмаңдар. Иван Васильевич тағы да 
«қиярлар» жіберіпті. 
Подполковник Курганов полк командирлерінің ішіндегі ең бір жинақы, әділ де қатал, 
табанды командир еді. Біз кіші офицерлер одан сескенетінбіз. Бірақ, әділдігі үшін 
сыйлайтын да едік. Оның «рақмет, достым» деген сөзін естігенде, шынын айтайын төбем 
көкке жеткендей болып қалдым. Әсіресе, оның «қысылмаңдар» деген сөзі үлкен медеу 
болды,' 
— 
«Қияр» келді, «қиярлар» болады, — деп мен трубканы кезекші телефониске беріп 
жатып айқайлап жіберіппін. Бозжанов пен Толстунов «мұны бірдеңе ұрып кетті ме» 
дегендей маған таңдана қарады. 
— 
Қайдағы «қиярлар», неғылған «қияр», жолдас комбат? 
— 
Иван Васильевич жіберіпті. 
—1• Иван Васильевич жіберіпті дейді, қай Иван Васильевич? 
—Генерал Панфилов бізге көптеген снарядтар жіберіпті, соны айтып тұрмын. Енді 
Горюны алдына от шашып, тосқауылдаймыз. Енді тұмсығын сұғып көрсін. 
Аң-таң болып тұрған Бозжановқа: 
— 
Дереу маған Танковты, Рахимовты, Степановты шақырып кел, — дедім. 


109 
...Толстунов лейтенант Танковты жетік білмейтін еді. Бір сөзімде оны «астаналық 
лейтенант» деп атағаным бар-ды. Мен Толстуновка Танков туралы қысқа ғана айттым. 
Бүгін ұрыс шебінде онымен қалай танысқанымыз да баяндалды. Ұрыс шебіндегі 
Танковтың бүл күні көрсеткен қайрағын айтпауға дәтім шыдамады. 
...Рахимов, Танков, Степанов және Борисов келді. 
— 
Степанов! Дереу өзіңдегі және артиллеристердегі байланыс жабдығын тексер. 
Барлық бақылау пункттерімен байланыс жаса! 
— 
Орындауға әзірмін, жолдас комбат! 
— 
Барыңыз, іске кірісіңіз! 
— 
Борисов, сізде көлік қанша? 
— 
Жиырма, жолдас комбат. 
—- Он арбаға жақсы аттарды жек те, үстіне шөп, сабан сал. Жаралыларды алып кетуге 
дайын тұрсын. 
— 
Құп болады, жолдас комбат, бәрі де орындалады. 
—- Барыңыз, орындаңыз! 
— 
Лейтенант Танков! 
Басқа офицерлер сияқты ол да қарсы алдымда тіп-тіке тұрып қалды. 
— 
Сіздің ротаңыз Горюныдағы гарнизонның негізгі күші. Горюны үшін ең алдымен 
сіз жауап бересіз. Біз сізге бөгет жасамаймыз. Штаб темір жол будкасына қарай көшеді. 
Менің бақылау пунктім орнында қалады. Сіздің барлық бақылау пункттеріңізге 
артиллеристсрдің бақылаушылары келіп қосылады. Ақылдасып, қай жерге зеңбірек оғын 
ату керектігін подполковник Кургановқа мегзеп отырыңдар. Қараңғы түскенше снарядтар 
жеткілікті. Горюнының төңірегіндегі барлық күшті сіздің қарамағыңызға бағындырдым. 
Именбей, жалтақтамай мықты командирше басқарын, қимыл жасаңыз. 
— 
Құп болады, жолдас комбат! деп жауап қатып, Танков бір күмілжіп тұрып: — тек 
сізден кеңес сұрап отыруға рұқсат етіңіз, — деді. 
— 
Ақылдан да, зекіруден де кенде болмассыз, жолдас лейтенант, — деп мен үшін 
Толстунов күле жауап берді. 
Танков кетті. Оған ілесе Бозжанов та шықты. Мұны көріп қалған Толстунов: 
— 
Шыдай алмады білем, бірінші ақылшының өзі кетті ғой, — деді. 
Осы сәтте Курганов өзінің барлық зеңбіректерінен немісті атқылай бастаған еді, ал 
немістер Горюныны төмпештеп жатыр. 
— 
Бұл ненің шарапаты болар екен? 
— 
Артиллерияның әдеттегі әні той, — деп жауап берді сабырлы Рахимов. — Аттаныс 
алдында айылын тартып жатқан болар. 
Біз тұрған үйге тақау келіп бірнеше снарядтар жарылды. Жер сілкініп, үй төбесінен 
сылақтар түсіп жатыр. 


110 
— 
Оңай жау көрінбейді. Мынасы ойыншық емес қой, — деп Толстунов үйдің төбесіне 
қарады. 
— 
Құдайдың салғанын көрерміз. 
— 
Одан кейін үшеуміз картадан НЗО және ИЗО учаскелерін белгіледік. Рахимов 
біздің ойымызды айтуға Кургановқа кетті. 
Біз Толстунов екеуміз көшеге шықтық. Үйлер бірінен соң бірі жанып жатыр. Жанған 
үйдің бәріндегі өртті сөндіреміз деп Борисов және бірнеше жауынгерлер аласұрып жүгіріп 
жүр. 
— 
Борисов! Кетіңдер, бұл арадан, — дегенімде, ол жанып жатқан үйлерді қолымен 
көрсетіп, «мыналарды қайтеміз» дегендей аңырайып тұрып қалды. 
— 
Жана берсін! Кетіңдер, дереу бұл арадан. Бәрің де орманға барыңдар. 
Олар орманға қарай жөнелді. Біз бақылау пунктіне бара жатырмыз. 
— 
Тұрғын халықты алдын ала көшіріп жібергеніміз жақсы болды-ау, — деді 
Толстунов. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет