Баяндама тақырыбы: Көру қабілеті бұзылған балаларды оқу – тәрбие



Pdf көрінісі
Дата08.10.2024
өлшемі230,31 Kb.
#147227
Байланысты:
Мажитова Нургу



Баяндама тақырыбы: Көру қабілеті бұзылған балаларды оқу – тәрбие 
үдерісінде (процесіндегі) коррекциялық пәндердің алатын орны 
Мажитова Нургул Куанаевна, II санатты коррекциялық пәндер мұғалімі. 
БҚО. Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-
интернаты. Орал қаласы.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі балаларды 
әлеуметтік бейімдеумен айналысатын тәжірибеден өткен көптеген мекемелер үшін 
«ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми 
іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл жерде ерекше сұранысты 
қажет ететін тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің алғашқы сатыларының аспектілері 
қызығушылық тудырады.
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген 
сайын оларды әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Мұндай ілгерілеу 
процестері мүгедек балаларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау 
қажеттілігімен сипатталады. Бұл процестер төңірегінде арнайы білім беру саласының 
мамандары үшін де мүмкіндігі шектеулі тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу, оны қоғамға 
араластыруда жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бала дамуындағы психофизикалық 
дамудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды да жан-жақты 
дамыту мен қалыптастыру, оларға мүмкіндігінше дұрыс тәрбие берудің қажеттілігі 
ғылыми түрде дәлелденген. 
Дамуында кемшілігі бар балалар категориясындағы көру қабілетінен айырылған
балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік жеке ерекшеліктерін ескерсек, олардың 
бойындағы кемшіліктерді компенсациялауда есту қызметі арқылы, сипап сезу , дәм сезу, 
иіс сезу арқылы кеңістікті бағдарлау қабілеті қалыптасып, сезіне алу мүмкіндіктері туады. 
Көру қабілеті бұзылған балалардың ішкі дүниесінде заттың кейіпін құрауда, затты 
қашықтықтан қабылдауға мүмкіндік беретін естудің орны маңызды. Дыбысты қашықтан 
қабыдай алу - ерекше құндылық. Есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты 
санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды.Есту анализаторларының қызметі көру 
анализаторларының орнын басады. Жалпы алғанда, соқырлар үшін есту қабілетінің 
маңызы ерекше. Ол заттардың өзара қатынасынан шыққан дыбысты белгі ретінде алдын 
ала пайдалануға мүмкіндік береді. Дыбыс затқа байланысты және қимылға байланысты 
белгіге айналғанда көру қабілеті бұзылғандардың әлеуметтік ортадағы ісі дәл, анық 
болады. Дыбысты қашықтықтан қабылдау кеңістікті бағдарлауға, уақыттың қатысын 
анықтауға мүмкіндік береді және жаңа заттың пайда болғаны туралы, қозғалысты іс-
әрекеттің өзгергені туралы алдын-ала белгі береді. Көретін жандарға қарағанда көру 
қабілеті бұзылғандардың өмірінде және іс-әрекетінде естудің маңызы өте жоғары. Дауыс 
ырғағы интонациясына, қатты немесе жәй сөйлеуіне қарап, соқырлар адамдарды тани 
алады, оның көңіл-күйің, мінезін, қоршаған ортаға көзқарасын, адамның психикалық хал-
ақуалын анық біледі. Тифлопсихология тарихында Д.Дидро, Клейн, Н.Дюфо 
«Соқырлардың есту қабілетінің артуы, жоғалған көру қабілетінің өтемі болып табылады» 
- деп атап көрсеткен. Күнделікті тәжірибемізде көріп жүргендей есту арқылы кеңістікті 
бағдарлау соқырлардың дыбысты, шуды, дыбыс шығарып тұрған жерді, дыбыс 
толқындарының бағытын ажырата білуді талап етеді. Сондықтан да түрлі іс-әрекетті 


орындау барысында есту қабілетін жиі пайдаланатындардың есту сезімталдығы арта 
түседі. Жалпы психологияда сезінудің, қабылдаудың, елестетудің үш түрі бар: тілдік, 
музыкалық және шу. 
Көру қабілеті бұзылған балалардың дамыған фонематикалық есту, көретіндер 
секілді, сауаттылықты меңгерудің негізгі көзі болып табылады. Сауаттылық сөздің 
дыбыстық құрамын елестету мен музыкалық ырғақты есту, тек оқыту үрдісінде ғана 
қалыптасады. 
Ұлы ойшыл Аристотельдің былай дегені белгілі: «Ырғақ пен әуенде әрқашан өмір 
шындығы болады. Онда адамдардың қаһары мен көркемділігі, ерлігі мен байсалдығы 
және оларға тән барлық қайшылықтар, сонымен бірге адамдардың мінез-құлықтары да 
бейнеленеді. Мұны әдетте өз тәжірибемізден де байқауымызға болады. Біз ырғақ пен 
әуенді тыңдағанымызда көңіл – күйіміз өзгеріп сала береді». 
Көру қабілеті бұзылған тұлғалардың музыкаға әуестену, әннің ырғағын ұшқыр 
сезіммен қабылдау қабілеттері жақсы қалыптасқан. 
Коррекциялық пәндер арқылы балалардың қозғалыс кемшіліктерін түзетуге, 
кеңістікте бағдарлай білуге, олардың бойында қимыл икемділігі мен музыкалық сезім 
ырғағын қалыптастыруға мүмкіндік туғызамыз. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін 
шешуде түрлі театралдық іс-әрекеттер, ертегі хикаялар, арнайы этюдтар, би жаттығулар,
музыкалық ойындар ойнау, ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыканың ырғағына сай 
үйлесімді қимылдар жасау, балалардың музыка жанрын ажырата білуге, шығармашылық 
тәртібінің жаңа үлгілерін меңгеруге және оларды табиғи өмірлік жағдайларын өзгертуіне 
себеп болады. Арнайы мектептегі коррекциялық пәндер арқылы оқушыларды тәрбиелеуде 
мұғалімнің алдына музыкалық түрлі іс-әрекеттердің көмегімен оқушының сезімін ояту, 
музыканың жұмбақ сырын сезім арқылы саналы түсінуге дағдыландыру, түрлі 
тапсырмаларды орындау қабілетін қалыптастыру міндеттері тұрады. Аталған міндеттерді 
шешуде әрбір баланың психологиясын, психикалық процестерін (қабылдау, зейін, есте 
сақтау, ойлау, сезу, түйсік, сөйлеу, қабілет) жасқа сай дамуы мен қалыптасу 
ерекшеліктерін анық білу қажет. Көру қабілеті төмен бала психикасының дамуына 
қажетті жағдай туғыза отырып, баланың эмоциялық-танымдық қабілеттерін дамыту мен 
қалыптастыруда жоғарыда атап өткен психикалық процестерден басқа, музыкалық 
ырғақтық сезіну қабілетінің мүмкіндіктерін, ортада қол-қимыл қозғалысындағы 
үйлесімділікті, дәлдікті, дене мен қолдың қозғалысқа түсуіндегі анықтықты қалыптастыру 
ұйымдастырылып отырады. Балаларға сабақ сапалы да әсерлі болу үшін алуан түрлі 
тақырыптар алынып, тақырыпқа сай әдіс-тәсілдер қолданылып, өзгертіліп отырады.
Тақырыбы: «Күзгі әуендер», «Көктем келбеті», «Ертегілер әлемі», «Ою-өрнек 
сыры». Табиғаттың сұлу көрінісін, әсем әуенін, құбылысын балалар ортада сазды әуен 
ырғағымен қимыл-қозғалыстарын мәнерлі көрсетіп, табиғат туралы өлең-сөздің 
мағынасын ашып, музыкалық-дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы 
ритмикалық 
суреттемені, 
қағыс 
жаттығуларды 
орындап, 
айналаға 
деген 
сүйіспеншіліктерін, көңіл-күйлерін сабақ үрдісінде игеріп, көрсетіп жатады.
Музыкалық іс-әрекеттер барысында: 
-
психикалық процестер дамиды: есту, есте сақтау қабілеті, зейіні, қабылдауы, елестету 
қабілеті, ойлау операциялары ынталанады; 
-
көру, есту анализаторлары тілдік-қимылдық кинестетикалық қимылдары дамиды; 
-
сөздік қоры, тілдің сауаттылығы, дыбысты дұрыс айтуы, сөйлеу дағдылары, тілдің 
әуендік-интонациялық жағы, тілдің мәнерлілігі белсене түседі және артады; 
-
ұсақ маторикасы, координациясы, қимылдардың ауысуы, мақсаттылығы артады; 
-
эмоционалдық-еркіндік саласы дамиды; 
-
ұжымдық сезімі, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімі, адамгершілік қасиеттері, 
тәжірибесі қалыптасады; 
-
шығармашылық және ізденіс белсенділігі артады; 
-
қарым-қатынас іс-әрекеті эмоционалдық және әлеуметтік бейімділігі дамиды; 


Эстетикалық тәрбие өнер құралдары, яғни музыкада – дыбыс, суретте – бояу, 
әдебиетте сөз арқылы көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын кеңейтіп, 
өмірдегі шындық пен әсемдікті сезіну қабілетінің дамуына ықпал жасайды. 
Эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының 
өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрын сезінген, көрген, білген эстетикалық 
өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың шығармашылығы күн 
санап кеңйе түседі. Сонымен қатар эстетикалық рухани-тәрбиенің ішінде өнерге үлкен 
зейін аударып оны қоғам дамуымен тығыз байланыста қарастырады. Педагог 
Л.Выготскийдің сөзімен айтқанда, «Балалар шығармашылығының құндылығын 
нәтижиден емес, процестің өзінен көру қажет». Мүмкіндігі шектеулі балалардың 
шығармашылығына ұқыптылықпен қарап, шығармашылыққа деген ұмтылыстарына шек 
қоймай, оларды шеберлікпен бағдарлай отырып,балалардың табиғи қабілеттерін жүйелі 
әрі дәйекті зерттеп, арнаулы жаттығуларды, әдістерді қолдана отырып толықтыра, 
арттыра түсуіміз қажет.
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан 
халқына арналған жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу 
керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға көмек 
көрсетілуі тиіс, бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. «Өнерлі өрге 
жүзер» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өнер қашан да қамқорлықты және асқан 
жауапкершілікпен жанашырлықты қажет етеді.
Ендеше, мүмкіндігі шектеулі балаларды мейілінше шығармашылық жолға жетелеп,
жан-жақты дамып кемелденуіне жағдай жасап, таным-талғамдық қызығуын жетілдіріп, 
өмірге икемделген, қабілетті, қоғамға пайдалы, жоғарғы сатылы тұлғаларды тәрбиелеу, 
басты мақсат болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет