Баяндама тақырыбы: Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациялау технологиясы Орындаған: Құрақ л алшабай Ұ Тобы: хт-19-5к1


Эмбриотрансплантациядағы аталықтар мен донор аналықтарды таңдау



бет2/7
Дата21.09.2022
өлшемі50,03 Kb.
#39719
1   2   3   4   5   6   7
Эмбриотрансплантациядағы аталықтар мен донор аналықтарды таңдау.
Мал шаруашылығындағы донор мен аталықтарға талап жоғары. Себебі, дәл осы жануарлардан ғана генотипі бойынша аса бағалы эмбриондар алынады. Осындай эмбриондарды пайдалану биотехнологияда аса маңызды, себебі клеткалық манипуляция in vitro былай етуге мүмкіндік береді:
а) Экстракорпораль ұрықтандырғанда – қалаған жыныстағы жануар алуға;

  1. b) Биокопирования арқылы- клонданған жануар алуға;

с) Трансгеноз арқылы – биохимиялық және зоотехниялық параметрлері оңай ,жануарларғы тән емес жануарлар алуға;

  1. d) Трансплантация кезінде – жеделдеткен түрде аса бағалы генотипті жануарларды көбейтуге;

е) Криоконсервация арқылы – гаметалар мен эмбриондар банкін жасауға;

  1. f) Жануарлар экспорты мен импорты кезінде – гаметалар мен эмбриондар деңгейінде алмасуға.Айтылған артықшылықтар бастапқы жұмыс этапының – донорлар мен аталықтар таңдаудың аса маңызды екенін аңғартады. Сондықтанда сұрыптаудың негізгі критерийлерінен биологиялық (түр, тұқым, жасы), физиологиялық (денсаулығы, көбейгіштігі) және зоотехниялық (өнімділігі) жануар ерекшеліктері саналады.Демек, бәсекеге қаблетті жануарлар репродукциясы биотехнология әдістері таңдап алған аиалықтар мен донор-аналықтар мынадай қасиеттерге ие болғанда ғана болуы мүмкін. Генотипті өте бағалы – ұрпақтарының сапасы бойынша тексерілген, зоотехниялық талаптар бойынша элита – рекорд класстарына жататын. Физиологиялық денсаулығы өте жақсы, инфекциялық ауруларға резистенттілігі жоғары, сонымен бірге көбею қасиеттері де тамаша.

Бір жануар тұқымына (таза өсіру кезінде).
Физиологиялық жетілген.
Жануарлар эмбриондарын трансплантациялау 
Эмбриондар трансплантациясы биотехнологиясы деп мына жұмыстарды жүргізуді айтады: Донорлар, аталықтар, реципиенттер таңдап алу. Таңдау кезінде негізгі крителийлерге мыналар жатады: биологиялық (жасы), физиологиялық (денсаулығы мен көбею қасиеттері), зоотехниялық (өнімділігі) ерекшеліктері.
Аналықтарды жұптау: енесі-донор мен енесі-реципиенттер. Аналықтарды жұптау кезінде қойылатын негізгі талаптар физиологиялық көрсеткіштер. Ол дегеніміз донорлар мен реципиенттердің күйге бір уақытта келуі.
Донорларды ұрықтандыру. Суперовуляцияланған донорларды ұрықтандыру кезінде олардың организмі организмі гормональ қаныққандығын еске алуымыз керек. Ондай қаныққандық келесі физиологиялық қайта құрулармен сипатталады:
1) күйге келу уақыты ұзарады;
2) овуляцияланған фолликулдар саны артады;
фолликулдар пісіп жетілуге кететін уақыт қысқарады.Сондықтанда, суперовуляцияланған донорларды ұрықтандыру кезінде мына талаптарды орындау қажет: 1) аталықтармен шағылыстырған кезде оның саны 1-ден 2-3-ке дейін көбейту қажет; 2) шағылысу интервалы 10-12 сағат болуға тиіс; 3) қолдан ұрықтандырған жағдайда спермадоза мөлшерін көбейту керек.
Эмбриондар трансплантациясына мына үш процедурадан тұрады :
Донорлар жыныс жолынан эмбриондар жуып алу.
in vitro жағдайында эмбриондарды бағалап, таңдап алу
Биологиялық толыққанды эмбриондарды реципиенттер жыныс органдарына алмастыру.
Жынысына қарай транспланттардың өсуі мен дамуын қадағалау. Бұл процесті бақылау тобындағы солармен тұтас (сверстниками) трансплантаттармен салыстыра зерттеу. Осылайша, эмбриондар трансплантациясы – бұл бір көбейтудің биотехнологиялық әдісі болып табылады. Онда донорлардан максимум толыққанды эмбриондар алып, оны реципиенттердің жыныс органдарына салып, максимум трансплантат алу.Эмбриондар трансплантациясы әдісін ойлап табуға аналықтардың мына қасиеттері себеп болды:
1.Аналық жұмыртқалықтарында өте мол ооциттердің қорының болуы.

  1. Эмбриондардың имплантациядан алдын еркін дамуы. Соның арқасында оларды еркін бір орнынан екінші орынға алмастыруға болатындығы.

  2. репродукция органдарының морфологиялық құрылысы. Соның арқасында олардағы эмбриондарды жуып алуға болатындығы.

Бұл донор – анықтан эмбриондарды реципиент-аналықтарға тасмалдау әдісі. Мал шаруашылығындағы трансплантацияның мақсаты – аса жоғары генотипті аналықтың генетикалық резервін пайдалану. Эмбриондар трансплантациясы әдісінің арқасында аналықтардың көбею мүмкіндігі артты. Себебі олардың жұмыртқалығында жұмыртқа клеткасының қоры мол. Осы үлкен генетикалық потенциальды пайдалану жөнінде эксперементтер жүргізілді. Ол жас эмбриондар генетикалық құндылығы төмен аналықтардың жыныс жолына трансплантациялау жұмыстары жүргізілді.Бұл технология мынаған қол жеткізді:
1). Бір аналықтан алынатын ұрпақ санын күрт көбейтеді;
2). Организмді гаметалара не эмбрион түрінде тасымалдауға және ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді;
3). Гаметаларалар мен эмбриондарды сұрыптау арқылы қалаған жыныста және жағымды физиологиялық – биохимиялық қасиетпен алуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған технологияны орындау үшін белгілі бір іс-шаралар коплексін атқару керек. Бәрі орындалғанда эмбриондар трансплантациясы жүзеге асады. Барлық көбейту технологиясы мына жұмыстар сатысынан тұрады: донорларды, аталықтарды және рецепиенттерді сұрыптау, донорлар суперовуляциясы және донорлар мен рецепиенттер арасындағы жыныс циклын синхронизациялау, донорлары ұрықтарндыру (табиғи ұрықтандыру, қолдан ұрықтандыру), эмбриондарды жуу, алынған эмбриондарды бағалау, эмбриондарды рецепиенттер гениталийіне трансплантациялау. Мал шаруашылығандағы биотехнологияның бір әдісі болып табылады, ол жануар репродукциялық жүйесінің физиологиялық ресурстарынан мүмкіншілігін көбейтуге және оны бағалы генотипті эмбриондарды трансплантациялау арқылы көбейтуге бағытталған.Мал шаруашылығындағы эмбрионженерия, эмбриокультура және эмбриотрансплантация әдістері кешені жануарлардың селекциялық, немесе генетикалық резервін арттыруын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет