Баяндама тақырыбы: Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациялау технологиясы Орындаған: Құрақ л алшабай Ұ Тобы: хт-19-5к1



бет6/7
Дата21.09.2022
өлшемі50,03 Kb.
#39719
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ХТ-19-5к1 БӨҰП Құрақ Л,Алшабай Ұ

Эмбриондар алмастыру
Эмбриондар алмастыру репродуктивті аналық-реципиент трактына жүргізіледі. Оның екі әдісі бар: хирургиялық (зертханалық жануарлар, қой, шошқа) және хирургиялық емес (сиыр). Алмастыру кезінде істелетін жұмыстар тәртібі әдістемедегімен бірдей:
Эмбриондар алмастырудың қарапайым схемасы: а) жұмыртқа жолының воронкасына алмастырудың хирургиялық әдісі; в) жатыр мүйізіне алмастырудың хирургиялық емес әдісі эмбриондар жуу кестесінде көрсетілген. Айырмашылығы кестедегі 5 пункт, жуу деген жерде эмбриондар алмастыру болады.
Реципиенттерге эмбриондар алмастырғанда оны жұмыртқалықтың ипсилатераль жағына жасау керек (шошқаларда бұл факторды есепке алмаса да болады, себебі олардың эмбриондары миграцияға қабілетті). Ипсилатераль жағы дегеніміз жұмыртқалықтың овуляция болған жағы.
Эмбриондарды хирургиялық жолмен алмастырғанда олардың даму сатысына орай, жұмыртқа жолына, жатыр мүйзіне, денесіне алмастырса, ал хирургиялық емес әдіс бойынша-жатыр мүйзіне не денесіне алмастырады. Мұндай алмастыру мына тәртіпте жүргізіледі: алдымен жұмыртқалықта сары дене бар-жоғына қарап жұмыртқа жолының, не жатыр мүйізінің ипсилатераль жағы анықталып алады, соңынан барып эмбрион сол жаққа алмастырылады. Хирургиялық әдіс кезінде эмбриондарды жұмыртқа жолына воронка арқылы немесе жатыр мүйіз түйреп ендіреді. Эмбриондар алмастыруға арнайы иілгіш тифлон катетер қолданылады. Катетердің екінші ұшында көлемі 1-5 мл-ік шприц орнатылады.
Хирургиялық емес әдіс кезінде эмбриондар алмастыру келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: алдымен реципиент жатырына көмірқышқыл газ үріледі, кейін эмбрионы бар пайетаны Касса катетеріне орналастырады. Одан әрі ректаль қолмен бақылап отырып, жатыр мойны арқылы жатыр мүйіз ішіне жатыр мүйзі ішінен жатыр денесінен 5-7 см тереңдікке ендіреді. Осыдан соңкатетер штогын басып, пайете ішіндегісін эмбриондармен бірге жатыр мүйзіне салып жібереді. Пайетені толтыру схемасы мынадай – 1 – қоректік орта; 2- ауа, 3-эмбриондары бар қоректік орта, 4-пайета тығыны.
Хирургиялық емес әдіс кезінде сары дененің алғашқы даму сатыларында эмбрион алмастырумен байланысты манипуляцияларды жүргізуге болмайды. Себебі, сары дене даму кезінде болатын рогестереонның жоғарғы концнетрация жатыр еттері жиырылуын төмендетеді. Ол әрине эмбриондардың тасымалдау кезіндегі жатыр мүйзіне жабысуына оң әсер етеді.
Хирургиялық емес жолмен эмбриондар алмастырғанда қолдан ұрықтандыруға пайдаланылатын аспаптар сияқты аспаптар пайдаланылады: пайетаға қоректік ортаны сорғызып алады (1,0-1,5 см), кейін ауа көпіргішін (0,5 см), одан әрі микроскоппен қарай отырып негізгі керекті эмбрионы бар қоректік ортасы сорғызылады (2-3 см), осыдан соң тағы да аздап ауа сорғызылады (0,5 см), соңынан қайтадан қоректік орта (1-1,5 см). Катетерді жатыр мүйзіне енгізген кезде механикалық тітіркеніс болдырмау мақсатында барынша абай болу керек.Шектен тыс баяу да,жылдам да болуға тиіс емес.
Теория бойынша алмастырылған эмбриондар 100 % имплантациялып, трансплантаттар тууға тиіс. Іс жүзінде эмбриондардың реципиент жыныс жолдарында өліп қалуларына байланысты ол көрсеткіш төмен болады.
Трансплантацияның оңды болуы негізінен, донор, эмбрион, реципиент арасындағы физиолгиялық, биохимиялық және иммунологиялық әерлесуге байланысты. Эмбрионның реципиент жыныс жолында өліп кетуі олардың біздер білмейтін эмбрион мен реципиент арасындағы физиолгия-биохмиялық үйлесімсіздік себеп болады. Сондықтан да эмбриондардың жақсы имплантациясы болуы үшін мына факторларды еске алу керек:
Эмбриондардың хромосомалық анатомиялары. Кing W. (1985) бойынша жуып аланған эмбриондардың тең жарымының хромосомалық аномалиялары болады екен. Донорларды осы қасиет бойынша сұраптау имплантациядан алдыңғы эмбриондар өлімін қысқартады. Одан басқа хромосомалық аномалиялар пайда болуына in vitro жағдайында эмбриондармен жүргізілетін әртүрлі манипуляциялар әсер етеді.
Имплантация кезіндегі эбриона трофобласт сигналының бәсендігі (трофиялық экто- и эндодерма). Тіршілікке қабілетті эмбриондар реципиент жатырына жыныс циклының сары дене фазасын ұзартып, буаздық сары денесіне айналдыруға сигнал береді.
Шарана мен плацента шығаратын буаздық белоктары ене қанының сары суында болып буаздықтың жалғасуын талап етеді.
Осыларға байланысты реципиент организмінде имунологиялық қайта құрулар жүреді. Эндокрин факторлары. Біз білетіндей, буаздық гармональ қайта құрулар арқылы жүзеге асады. Ол өз кезегінде жатырдың кілегей қабықтарының секреттың секреттік қасиеттері мен құрылымын өзгертеді (прогестерон, эстрогены). Аса маңызды роль атқаратын бұл жерде прогестерон гормоны. Сондықтан кейінгі даму сатыларындағы эмбриондар алмастыру жатырға жүргізіледі (морула, бластоциста) (хирургиялық емес әдісі). Осы даму сатысында жатыр прогестеронның арқасында одан ерте даму сатыларымен салыстырғанда (зигота -16-бластомер) имплантацияға аз ба, көп бе дайын болады.
Эмбриондар бекитін жеріндегі жатырдың тамырлар реакциясы. Осы кезеңде жатыр мен жұмыртқалықта қысқа мерзімді қан айналымы күшейе түседі. Бұл жатыр артерияларының жиырылу активтілігін бәсеңдетеді. Ол осы имплантация кезінде керекті эмбрионды жатырдың, басқаша организмнің біліп ,эмбриондарды реципиентке алмастыра отырып мына төмендегі тәртіпті сақтау қажет:
Донор реципиент бірінші кезекте синхронды күйге келуі тиіс. Осы шарт сақталғанда ғана реципиент жатыры дамуы мен алмастырылып отырған эмбриондар дамуы арасындағы синхрондылық, үйлесімділік сақталады. Кестеде орташа алынған сиыр мен қой мәліметтері эмбриондарды имплантациядан алдыңғы дамуын көрсетеді. Сондықтанда, эмбрион алмастырғанда «биологиялық нұсқауларға» құлақ асқан жөн, ол бірінші кезекте алмастырудың оң болуына себеп болады.Бірақта суперовуляцияланған донорлар организмінің гормональ статусы жоғары болатынын, нәтижесінде эмбриондарға арналған «биологиялық сағаттар» «үдемелі қарқында» жүретінін ескеруіміз керек. Осы үдемелі қарқын ғылыми деректерге сүйенсек 3-6 %-ті құрайды екен…
Трансплантацияға тек биологиялық толыққанды эмбриондар пайдаланылуға тиіс. Трансплантация кезінде эмбриондарды жұмыртқа жолы мен жатыр мүйізінің тек ипсилатераль жағына отырғызады.
Трансплантацияланатын эмбриондар саны жануар түріне байланысты. Жалқы туатын жануарларға екі (сирек 3), ал көп туатын жануарларға бір «патенциаль орынға» 1,5 -2 эмбрионнан отырғызады. Мал шаруашылығыда «енелік эффекті» пайдалану мақсатында тұқымаралық эмбриондар (барлақ уақытта емес) алмастыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет