Құндылық - әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті. Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес. Әр адамның таным-түсінігіне, көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ. Қоғамда "рухани құндылықтар", "материалдық құндылықтар", "мәңгілік құндылықтар" сынды ұғымдар қалыптасқан. Иә, бұл жеке-дара құндылықтардың жалпы атауы болғанымен, жалпы құндылық түгелдей жалқы адамға тән бола бермейді. Мысалы, рухани құндылықты құрайтын махаббат, иман, адамгершілік,т.б. сынды жеке-жеке құндылықтардың барлығы да бір адамға тиесілі болмауы мүмкін.
«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасының білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
ҚР БҒМ 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауы құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарында оқушы жастардың бойында
• Қазақстандық патриотизм
• азаматтық сана-сезім
• толеранттылық
• жалпы және құқықтық мәдениет
• салауатты өмір салты
• шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру
• өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру
• бос уақытын тиімді қамтамасыз ету бойынша даму сатыларының көрінісі күтіледі.
Қандай міндеттері бар?
1) Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, тұлғаны патриотизмге, Отанына адал қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Тұлғалық қасиеттерді дамыту; бәсекеге қабілеттілікті, сын тұрғысынан ойлауды және функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өздігінен шешу қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау;
3) Білім алушыларды еңбекқорлыққа жетелей отырып, бойында өзін-өзі тану, өз-өзіне баға беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен даму, әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтену дағдыларын қалыптастыру;
4) Білім алушылардың да, ұжымның да табыстылығын және денсаулығы мен жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін, мектептің эмоционалды ахуалын жақсарту, білім беру ортасын дамыту;
5) Оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың қатысу рөлін арттыру;
Бағдарламаның басым бағыттары:
1. Қазақстандық Патриотизм
Мақсаты: Мемлекетке, туған жерге, өзінің мәдени ортасына сүйіспеншілігін қалыптастыру. Жас буынның бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсауға, жерін, тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |