Баяндама Тақырыбы: Спорт психологиясының негіздері Оқытушы: Караева Тілеужамал Наршақызы Студент: Сансызбай Абзал фос 22-7 1: Психологияның жалпы негіздері


Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата20.10.2023
өлшемі223,78 Kb.
#119922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3.Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық. 
Бұл процестің негізгі мақсаты-спортшының психологиялық дайындығын 
Жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы 
жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын 
жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен 
жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы 
пстхологиялық дайындық деп аталады, ал нақты бір жарысқа тікелей 
дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады. 


 
Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында 
дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету 
мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларға 
деген қажеттілік жалпы психологиялық дайындықты бір жүйенің жоғтығынан 
туындайды және де олар өткізілген жұмыстарды нақтылайды. Психикалық 
жай-күйлер корекциялық бағдарламасы алдын-ала және нақты психологиялық 
дайындықтың біріктірілген іс-шараларының қысқартылған нұсқаларын 
білдіреді. 
Бірақ, жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру-бұл 
дайыедықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың 
мақсаты нақты қойылады. Ол-спортшы бойында жаттығу немесе жарыстың 
табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау 
болып табылады. Актуальды психологиялық жай-күй жаттығудың жемістілігі 
мен сапасын анықтайды, бірақ, ол келесі дәріс-сабақта болмауы мүмкін. Ол іс-
әрекет уақытша іске асатын фонды айқындайды. Енді осы жай-күй созылмалы, 
бір қалыпты болуы үшін оның негізіне спортшының іс-әрекет процесіне, осы 
процесс шарттарына, өз-өзіне, жүктемелерге және т.б. деген қарым-қатынасы 
жатқызылуы тиіс. 
Қалыпты жағдайға түсе отырып, актуальды жай-күй негізге айналады және іс-
әрекеттің едәуір ұзақ мерзімге созылатын өзіне тән нақтылықпен 
ерекшеленетін психикалық білімділік сияқты жеке тұлға қасиеттерін 
анықтайды. Мысалы, бір спортшы жаттықтырушы тапсырмасын үнемі сапалы 
әрі жемісті орындайды, ал екінші мұнй анда-санда істейді. Біріншісінің 
жұмысқа қабілеттілігі жаттығу процесіне деген шын көңілмен қарым-
қатынасынан көрінеді, ал екіншісі-бүгінгі көңіл-күймен байланысты болады. 
Сондықтан осындай психикалық жай-күй сайын әрбір жаттығу, сабақ 
барысында психологиялық-педагогикалық әсер етулерін жиынтығын қолдана 
отырып, қалыртастыру қөажет. Сөйтіп, психологиялық дайындық-бұл 
психикалық жай-күй негізге айналғанша, одан кейін жеке тұлға қасиеті 
болғанша реттелетін күрделі процесс. Осы аталған процестің орталық 
мақсаты-психологтар, ата-аналар, жаттықтырушылардың әсерінен, яғни 
тәрбиелеу ьарысында және өзін-өзі іштей ұйымдастыру мен жұмылдыру, яғни 
спортшының өзін-өзі тәрбилеу процесінде болатын спорттық мінез-құлық 
негізін құрайтын тиісті қарым-қатынастарды қалыптастыру мен пысықтау 
болып табылады. 
Спортшының психологиялық дайындығында негізгі психологиялық 
құбылыстардың үш тобын: процестер, жай-күйлермен қасиеттерді жетілдіру 
негізінде психика дамуының классикалық жалпы кестесі айқын көрініс 
табады. Тәрбиелену мен өзін-өзі тәрбиелеу барысында психикалық жай-
күйлер мен процестердің өзгерулері болып тұрады. Осы айтылғандардың бәрі 
спортшының психологиялық дайындығының мақсаты-спорттық жарыс пен 


жаттығудың табыстылығын білдіреді. Жеке тұлғак қасиеттерін қалыптастыру 
мен жетілдіру болып табылатындығы дәлелдейді. 
Дамудың осындай күрделі процесі спорттық іс-әрекеттің әртүрлі 
жағдайларында спортшының мінез-құлқы мен жай-күйін басқару арқылы іске 
асады. Психологиялық жай-күйді басқару мен жеке тұлға қасиеттерін 
тәрбиелеу іс-әрекет пен оның нәтижесі ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. 
Жақсы ұйымдастырылған және жеткілікті ұзақ психологиялық дайындық, 
спортшыны басқару қажеттілігінің одан әрі азаюына әкелуде. Өзін-өзі 
басқаруды, өзін-өзі реттеуді жетілдіру жүйесі спортшының жеке тұлғасының 
маңызды мінездемесі ретінде оған жаттығу кезінде де, жарыстар кезінде де көп 
байқала бермейтін резервті мүмкіндік. 
Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері. 
Спортшының тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін 
мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың 
тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады. 
Тәсілдік дайындықтың психологиялық ерекшеліктері мен мәнін түсіну үшін 
мынадай ұғымдарға түсінік беру керек: тәсіл, мақсатқа жету; 
Тәсіл-бұл жарыс жағдайына орай әдістік амалдарды қолдану құралдарының 
жиынтығы. Қызу жарыс кезінде спортшы немесе бүкіл команда тәсілінде 
белгілі бір өзгермелі қимыл сызығы көрінеді. Мысалы, семсерлесуші 
қарсыласының финттеріне назар аудармастан тұрған жерінде қатып қалуы 
мүмкін. Бұл оның жарысты жалғастырус үшін өз ойлары туралыч 
қарсыласында қате пікірлер тудыру тәсілі. 
Сонымен, тәсілдік іс-әрекет жарысч басында спортшы алдындағы шешімдер 
жиынтығынан құралады. Бұдан келіп тәсілдік дайындықтың белгілі бір 
жағдайларда алға қойылған мақсаттарды білдіретіндігін көреміз. Екі жағдайда 
да спортшының мақсапттары әр түрлі. Мысалы, ойын кезінде өз қарсыласынан 
құтылу, оған тосқауыл жасау шабылдаушыч позицияға шығу керек болады. 
Осы мақсаттарға орай, ол жеке өзі, арнайы шешімдер қабылдауы керек. Жарыс 
кезіндегі спортшы қимылы мақсаттарды шешудің үзіліссіз шешімдер-күрделі 
реакциялар арасындағыч спортшының тәсілдік ойлауының бірден-бір 
ерекшелігі. 
Тәлілдік ойлау барысында спортшы мақсаты мен шешу құралы арасында 
байланысты орнатуға тырысады. Бұл жерде оқиғалар барысын алдын-ала 
түсіне білуі жағдайлардың мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала байқау ерекше 
орын алады. Қандай да бір шешім қабылдау кезінде спортшы қарсыласының 
әлсіз және күшті жақтарын тез анықтап, ескерттуді, жарыс өтіп жатқан 
жағдайларды, сыртқы факторлардыч тез анықтауды үйрену тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет